1
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.И. Сəтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті
О.А.Байқоныров атындағы Тау-кен институты
«Маркшейдерлік іс және геодезия» кафедрасы
КАРТОГРАФИЯ
пәні бойынша
СТУДЕНТТЕРДІҢ ПӘНДІК ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
(5В071100 – Геодезия жəне картография мамандығына)
Алматы 2011
2
ҚҰРАСТЫРҒАН: аға оқытушы Ш.А.Жантуева. (5В071100 – Геодезия және
картография мамандығына) Картография пәнінің оқу-әдістемелік кешені.
Алматы: Қ.И. Сәтбаев атындағы КазҰТУ, 2011. – С.1– 114.
Андатпа. Картография пəнінің Оқу-әдістемелік кешені 5В071100 –
Геодезия жəне картография мамандығының студенттеріне әр түрлі
масштабтарда топографиялық және тематикалық карталарды құруда
практикалық жұмыстарды орындауда, өзіндік курсын орындауда, сонымен
қатар пәннің теориялық бөлімін оқуға үлкен көмек көрсетеді
.
ОӘК ҚР ГОСО мазмұнына, квалификациялық сипаттамасымен, типтік
және 5В071100 – Геодезия жəне картография мамандығының оқу жұмыс
планына сәйкес орындалған және “Картография” пәнінің негізгі мазмұнын
ашып көрсетеді, бұл тұрғыда студенттердің пәнді және оқу траекториясын
таңдауға жеңіл болады.
Оқу-әдістемелік кешені пәннің оқу бағларламасынан (Syllabus), дәрістің
қысқа конспектісі, әдістемелік материалдары, студенттердің өзіндік жұмыстары
үшін оқу-практикалық материалы, қажетті әдебиет тізімі, глоссаридан тұрады.
Текстік және бақылау сұрақтары курс бойынша студенттердің өзіндік
білімдерін бақылауға арналған.
ОӘК студенттердің өэ білім және творчествалық талаптарын,
студенттердің өзіндік жұмыстарын және аудиториялық және аудиториядан тыс
уақыттарындағы ұйымдастыру жұмыстарына деген талпынысқа жориды.
Рецензент
к.т.н., доцент С.В.Турсбеков
Ó Қ.И.Сəтбаев атындағы КазҰТУ, 2011
3
1 Пəннің оқу бағдарламасы– Syllabus
1.1 Оқытушылар туралы мəліметтер:
Сабақ жүргізетін оқытушы: Жантуева Шынар Абековна – аға оқытушы.
Байланыс ақпараты ж.т. 257-72-63
Кафедрада боатын ауд. 226 ГМК
1.2 Пəн туралы мəліметтер:
Пəн атауы Картография
Кредиттер саны 3
Өткізу орны ГМК корпусы
1В - Кесте
Оқу жоспарының көшірмесі
Бір аптадағы академиялық сағат
Курс
Семестр
Кредиттер
Дəріс
Зертханалық
сабақтар
СӨЖ
СОӨЖ
Барлығы
Бақылау
түрі
1 2 3
4
5
6
7
8
9
2 3 3
2
1
3
3
9 Емтихан
1.3 Пререквизиттер: Картография пəнің оқып игеруде қажетті пəндер:
математика, география, топографиялық сызба.
1.4 Постреквизиттер:
«Картография» пəнінің білімі геодезия,
топография, жоғарғы геодезия, фотограмметрия, жерді қашықтықтан зондтау
пəндерін игеруде қажет.
1.5
Пəннің қысқаша мазмұны
«
Картография» пəнінің
мақсаты
студенттерді
объекттер
мен
құбылыстарды картографиялық бейнелеу əдістеріне, халық шаруашылығының
мақсаттары үшін топографиялық жəне тематикалық карталарды құруға жəне
жанартуға, зерттеуге, қоршаған ортаны жəне табиғи ресурстарды қорғауға
оқыту болып келеді.
Пəннің негізгі мақсаты болып студенттің оқу деңгейіне қатысты
квалификациялық сипаттаманы игеру.
– картаның географиялық негізін құру үшін жұмысты өз бетімен орындау;
– объекттер мен құбылыстардың арнайы мазмұндарын топографиялық
жəне тематикалық карталарға еңгізу;
– картадағы бұрмалануларды есептеу үшін формулаларды қолданабілу;
– проекцияларды құру үшін есептерді орындау;
– масштаб қатары бойынша генералтзацияны орындау;
– картаны басып шығаруға дайындық жұмыстарының теориясын білу;
4
– сандық карта мен пландарды құру үшін жаңа бағдарламаларды оқып
игеру.
1.6
Тапсырмалардың тізімі мен түрлері жəне оларды орындау
кестесі
2В - Кесте
Тапсырмалардың түрі жəне оларды орындау мерзімі
Тапсыру
уақыты
Бақы
лау
тү
рі
Жұмыс
түрі
Жұмыс тақырыбы
Ұсынылатын
əдебиетке
сілтеме
апта
2
3
4
5
1. Зерт.
жұмыс
Жалпыгеографиялық карта мазмұның оқып
игеру, классификациялау жəне сипаттап
жазу.
1 нег.
[227-233],
қос. [8-14]
1
2. Зерт.
жұмыс
Картада рельефтің бейнеленуі. Жергілікті
жер профильін құру. Берілген картаға
рельеф қимасының шкаласын бейнелеу.
1 нег.
[170-182],
1 қос.
[148-155,243-
255],
2[1:50000м-б
картасы]
2
3. Зерт.
жұмыс
Картографиялық бейнелеу əдістері, қолдану
мен игеру. Картада бір тəсілмен құбылысты
бейнелеу.
1 нег.
[233-241],
1 қос.
[227-251]
3
4. Зерт.
жұмыс
Математикалық
картография.
Берілген
шарттар
бойынша
меридиандар
мен
параллельдердің доға ұзындығын есептеу.
1 нег. [18-25],
1 қос. [16-19]
4
5. Зерт.
жұмыс
Математикалық картография. Берілген
шарттар бойынша картада бұрмалануды
есептеу.
1 нег. [32-47],
1 қос. [19-43]
5
6. Зерт.
жұмыс
Берілген номенклатура бойынша
1:10 000 масштабтағы
трапецияның
географиялық координаталарын анықтау.
Берілген трапецияның орналасқан орнын
анықтау.
1 нег. [94-98],
2қос.
[1:1000000 м-б
картасы]
6
Ағымд
ық б
ақ
ыла
у
7. Зерт.
жұмыс
Поликонустық проекцияда картографиялық
торабты графикалық əдіспен құру.
5 қос. [169-175] 7
1 Тест 1-Модуль
7
Ар
ал
ық
б
ақ
ыла
у
2 Тест 2-Модуль
13
5
1.7
Əдебиеттер тізімі
Негізгі əдебиеттер
1. Гараевская Л.С. «Картография» – М.: Недра, 1971 г.
2. Вахрамеева Л.А. «Картография» – М.: Недра, 1981 г.
3. Условные знаки (1:10 000 - 1:100 000, 1:25 000)
Қосымша əдебиеттер
1. Гараевская Л.С., Малюсова Н.В. «Практическое пособие по картографии» –
М.: Недра, 1976 г.
2. Карты, атласы.
3. Условные знаки для топографических планов масштаба 1:5000, 1:2000. – М.:
Недра, 1989
4. Сергунин Е.Г. Издание карт – М.: Недра, 1980 г.
5. Южанинов В.С. Картография с основами топографии – М.: Высшая школа,
2005 г
1.8 Білімді бақылау жəне бағалау
“Картография” пәні бойынша студенттер білімін рейтінгтік бақылау
қолданылады. Білім бағасы туралы куәліктерді бақылаулардың барлық түрі
көрсетілетін шкала түрінде балдық-рейтингтік жүйе бойынша орындайды.
Пәннің рейтингі 100 балдық шкала бойынша бағаланады. “Картография”
пәні үшін бақылаулардың келесі түрлері қойылады: ағымды бақылау, аралық
бақылау, қорытынды бақылау.
3 В. Кесте
Бақылау түрлеріне қарай рейтингтік % бөлу
Нұсқа № Қортыды бақылау
түрі
Бақылау түрлері
%
Қорытынды бақылау
100
Аралық бақылау
100
1
Емтихан
Ағымдық бақылау
100
4В. - Кесте
«Картография» пəні бойынша оқу процессінің күнтізбелік кестесі
Апта
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
15
Апталық
бақылау
саны
1
1
1 1 1 1 1 1 1 1
1
1
1
1
1
Бақылау
түрі
1ӨЖ 1-З 3ӨЖ 2-З 5ӨЖ 3-З
7ӨЖ
4-З
АБ
9ӨЖ 5-З
11ӨЖ 6-З
14ӨЖ 7-З 8-З
АБ
Бақылау түрлері: ӨЖ – өзіндік жұмыс,
З- зертханалық жұмыс, АБ – аралық бақылау,
Қорытынды бақылау түрі – Емтихан - 100 %
6
5В.Кесте
Студенттердің білімін бағалау
Баға
Əріптік эквивалент Пайызбен %
Балмен
А
95 - 100
4
Өте жақсы
А-
90-94
3,67
В+
85-89
3,33
В
80-84
3,0
Жақсы
В-
75-79
2,67
С+
70-74
2,33
С
65-69
2,0
С-
60-64
1,67
D+
55-59
1,33
D
50-54
1,0
Қанағаттанарлықсыз
F
0-49
0
1.9 Модульдер мен аттестация бойынша бақылау жүргізуге аралған
сұрақтар
1-модульмен жүргізілетін бақылауға арналған сұрақтар:
1- Модуль
1. Картография ғылымы деген не?
2. Картография қандай ғылыми пəндермен байланысты?
3. Географиялық карта деген не?
4. Картографиялық шартты белгілер деген не?
5. Карта масштабы деген не?
6.Географиялық карталар қандай мазмұн элементтерден тұрады?
7. Карталарды қандай екінші дəрежелі белгілермен классификациялауға
болады?
8. Гидрография элементтеріне нелер кіреді?
9. Елді мекен пункттері қалай классификацияланады?
10. Топырақ элементтеріне нелер кіреді?
11. Карта масштабы неге əсер етеді?
12. Карта генерализациясы не үшін жүргізіледі?
13. Гидрография элементтерін генерализациялауда неге қарасады?
14. Жергілікті жер рельефі деген не?
15. Картада рельефті қандай əдістермен бейнелеуге болады?
16. Рельефті генерализациялаудың негізгі мақсаты неде?
17. Профиль деген не?
18. Абсолюттік биіктік деген не?
19. Горизонталь деген не?
20. Рельефтің жеке элементтеріне нелер кіреді?
2-модульмен жүргізілетін бақылауға арналған сұрақтар:
2 - модуль
1. Географиялық еңдік пен бойлық деген не?
7
2. Негізгі нормальқимасы деген не, жəне олардың қасиеттері қандай?
3. Жер бетінде нүктенің орналасуықалай анықталады?
4. Вертикалдар мен альмукантараттар деген не?
5. Картографиялық проекциядеген не жəне оны не үшін қолданады?
6. Жергілікті жер масштабы деген не, жəне картада қандай масштаб түрлері
ерекшеленеді?
7. Эллипс бұрмалануы деген не?
8.Жердің сфералақ бетінен жазықтыққа өтуде қандай бұрмаланулар
пайдаболады?
9. Картада бұрмалануарды анықтау үшін қандай əдістер бар?
10.Картографиялық
проекциялар
қандай
белгілер
бойынша
классификацияланады?
11. Қандай проекцияларда бұрыштар бұрмаланбайды?
12. Қандай проекцияларда алаңдар бұрмаланбайды ?
13. Проекцияның картографиялық торабы деген не, негізгі торабтың жəй
торабтан айырмашылығы неде?
14. Меркатор проекциясы несімен атақты?
15. 1:1 000 000 масштабы карта қандай проекцияда құрылған?
16. Гаусс-Крюгер координата жүйесі нені көрсетеді?
17. Гаусс-Крюгер проекциясында жер беті қалай бейнеленеді?
18. Картаны құру процессі қандай этаптардан тұрады?
19. Басып шығарылатын түпнұсқаны құрудың қандай тəсілдері бар?
20. Картаны көбейту процессінің қандай тəсілдері бар?
Аралық аттестация сұрақтары
1. Картография қандай пəндерге бөлінеді?
2. Картада масштабтың қандай түрлері көрсетіледі?
3. Карта қандай негізгі белгілер бойынша классификацияланады?
4. Картаның математикалық негіз элементтеріне нелер кіреді?
5. Елді мекен пункттері қалай классификацияланады?
6. Жол торабтары қалай классификацияланады?
7. Картографиялық генерализация деген не?
8. Картаны генерализациялау не үшін жүргізіледі?
9. Анықтамалық жəне оқулық карталарда генерализация сипаттамасының
айырмашылығы немен түсіндіріледі?
10. Абсолюттік биіктік деген не?
11. Сапалы фон тəсілі деген не?
12. Картада рельефті қандай тəсілмен көрсетуге болады?
13. Ареал тəсілі деген не?
14. Математикалық картография деген не?
15.математикалық картография қандай ғылыми жəне практикалық мақсаттарды
шешеді?
16. Картада қандай рамка түрлері болады?
17. Карта разграфкасы деген не?
18. Карта компановкасы деген не?
8
19.Жердің физикалық бетінің формасы қандай жəне геодезия менкартографияда
қандай математикалық бет қолданылады?
20. Эллипс бұрмалануы деген не?
1.10 Курстың саясаты мен процедурасы (қалай өтетіндігі)
Сабаққа барлық студенттер қатусуы керек, қатыспаған сабақты өтпейді.
Практикалық сабақты кезеті бақылау ретінде уақытында тапсыру қажет.
Уақытында тапсырылмаса кезекті бақылаудың баллы төмендетіледі. Аралық
бақылау тест түрінде қарастырылған және оқу графигінің күнтізбелік жоспары
бойынша орындалады.
2 Негізгі таратылатын материалдар мазмұны
6В. Кесте
2.1 Курстың тақырыптық жоспары
Академиялық сағат саны
Тақырып атауы
Дəріс
Зертхана
лық
жұмыс
СОӨЖ
СӨЖ
1. Картография пəні.
2
3
3
2. Географиялық карталар.
2 1
3
3
3. Карта мазмұн элементтері.
2 2
3
3
4. Картографиялық генерализация.
2
3
3
5. Картада рельефті бейнелеу.
2 1
3
3
6. Картографиялық бейнелеу əдістері.
2 1
3
3
7. Математикалық картография.
2 2
3
3
8. Астрономо-геодезиялық негіз.
2
3
3
9. Картографиялық проекциялар. Картадағы
бұрмаланулар.
2 2
3
3
10. Картографиялық проекциялар
классификацисы.
2
3
3
11. Азимуттық жəне перспективті
проекциялар.
2 2
3
3
12. Цилиндрлік проекциялар.
2
3 3
13. Конустық проекциялар.
2
3 3
14. Карта номенклатурасының проекциялары. 2 2
3
3
15. Карталарды құру, баспаға дайындау жəне
басып шығару əдістері.
2 2
3
3
Барлығы
30 15
45
45
2.2 Дәрістік сабақ конспектілері
9
№1 дəріс. Картография пəні жəне мақсаты
Картография табиғат пен қоғамның құбылыстарын географиялық карта
мен басқа картографиялық өнімдерді кескіндеу жəне оларды құру, пайдалану
əдістемелері туралы ғылым. Географиялық карта – адамзаттың ең үлкен жасауы.
Ол қоршаған əлемді тану үшін тамаша құрал болып қызмет етеді. Оған
инженерлер, зерттеушілер, геологтар, агрономдар, ғалымдар, əскери қызметтер
жүгініп өздерінің сұрақтарына жауап табады.
Карта біздің өмірге мықты кірді. Оны біз газеттерден, журналдардан,
көгілдір экрандардан көреміз. Картамен халықаралық жаналықтарды, ауа
райын, мемлекеттердің жеке жағдайларын, ірі құрылыстарды жəне
экономиканың дамуын т.б. жаңалықтарды көрсетеді. Карта біздің əлеміміз
жайлы мəліметтерді көрсетеді. Онымен материктердің өзара орналасуын,
қалалардың кварталдарының орналасуын, мемлекеттер арасында транспорт
қатынастарын, құстарды, қоныс аударуын, теңіздердің түбін, жер қыртысының
құрылысын жəне басқа да көптеген мəліметтерді білуге болады. Картаның шығу
тарихы 10-15мың жыл бұрын басталған. Көптеген елдер жазуды білмей жатып
жергілікті жердің мəліметін картографиялық сурет түрінде тасқа қажап
көрсететін.
Картография ғылым тегі ежелгі Грециядан басталған. Ең бірінші
карталарда ежелгі Гректер Жерді сумен қоршаған жазық немесе аздап дөнес
(выпуклый) шеңбер түрінде бейнелеген. Ең бірінші болып жердің шар тəріздес
екендігін біздің эрамызға дейін VI ғасырда ежелгі грек ғалымы Пифагор
айтқан. Ал енді жердің дөңгелек екендігін (окружностін) өлшеген жəне
мередиан мен параллель жайлы ұғымды еңгізген біздің эрамызға дейін III
ғасырда тұрған египеттік математик жəне географ Эротасфен.
Картаны бірінші болып
құрушылар ежелгі Грецияның теңіз
саяхатшылары, математиктері, философтары болды. Картаны құрудың негізі
жаңа географиялық, астрономиялық, математикалық мəліметтер болды. Бұның
бəрі картаның бір жағы болды. Ал картаның екінші жағы мəліметтерді көрсету
үшін жəне оларды тасымалы таста, ағашта, қағазда бекіту үшін жаңа символдар
өңдеу болды. Одан кейін копирования, құрылған картаны көбейту қажет болды.
Соныменен жергілікті жер жайлы білім əр түрлі ғылымдармен бірігіп
жаңа заман картографиясы болды.
Картография бірнеше қатардан тұратын картографиялық пəндерге
бөлінеді:
Математикалық картография, карта тану, картаны редактрлеу жəне құру,
картографиялық информатика, тақырыптық картография, картаны басып
шығару, картографиялық өңдірістерді ұйымдастыру жəне экономикасы.
Математикалық картография картаның математикалық негізін,
картографиялық проекция теориясын құрады жəне зерттейді яғни Жердің
эллипсойд (шар)бетін жазықтыққа (картаға) бейнелеу əдістері.
Карта тану географиялық карталардың теориясын, олардың қасиеттерін,
даму тарихын жəне оларды қолдану əдістерін оқытады.
10
Картаны редактрлеу жəне құру
карта нұсқасын камералды құру
əдістерін жəне ғылыми техникалық методикалармен картографиялық
жұмыстарды басқаруды құрады.
Картографиялық информатика
карта классификациясын, анализін,
учетін, сақтауын, қамтамасыз ету мақсаттарын шешеді.
Тақырыптық картография
Қандай да бір тақырыпқа арналған карта.
Олардың мазмұнында жалпы географиялық картада жоқ элементтер болып
келеді, бірақ қолдануға қажетті мақсаттармен олардың сипаттамалары
толығымен айқын көрсетілдеді. Ол тақырыптық карталар.
Картаны басып шығару карталарды полиграфиялы көбейту жəне
түрлендіру технологиясы мен əдістерін құруды оқытады.
Картографиялық өңдірістерді ұйымдастыру жəне экономикасы
картографиялық өндірістердің экономикасын жəне оны рационалды
ұйымдастыру əдістерін оқытады.
Картография
геодезиямен,топографиямен,аэрофотограмметриямен
географиямен тығыз байланысты. Картографияны өзінің зерттеулерінде
геолгтар, ботаниктер, топрақтанушылар, зоологтар, историктер, математиктер
медиктер қолданады.
Географиялық карталарды құруда геодезия Жердің физикалық бетінен
математикалық бетке өтуді қамтамасыз етеді. Картаны құру үшін қажетті
пландық жəне биіктік негіздерді береді (пункттердің координаталары мен
биіктік белгілері). Жердің формасын жəне размерлерін өлшеу, геодезиялық
координата торабын құру, жергілікті жерде сызықтар ұзындығын, бұрыштарды
жəне алаңдарды өлшеу ғылымы.
Фотограмметрия аэрофото жəне космостық суреттерден алынатын
кеністік мəліметтері жайлы ғылым. Геодезия мен фотограмметрия стыгында
топография табылады. Топографияның мақсаты ірі масштабты топографиялық
карталарды геодезиялық өлшемдер негізінде жəне барлық картографиялық
белгілірді сақтай (соблюдать) отырып аэрофотографиялық суреттерді
фотограмметриялық түрлендіру. Топографиялық карталар ұсақ масштабты
карталарды құруда негіз болып қызмет етеді. Топография картографияға
бірінші картографиялық материалдарды береді.
Соныменен: Географиялық карта деп анықталып математикалық зандар
бойынша құрылған Жер бетін жазықтықта кішірейтіп əрі жинақтап шартты
белгілермен бейнеленген көріністі атайды. Картада жер бетіндегі табиғат
құбылыстарын, қоғамдық өмірде іс əрекеттен пайда болған объекттерді
бейнелейді. Жергілікті жерді бейнелеу əдістері: сурет, фотосурет,
аэрофотосурет, план, карта, глобус.
Карта дегеніміз физикалық беттің көрнекті жəне өлшеуге жарамды
географиялық модель.
Карта қасиеті дегеніміз оның айқын көрінуі, өлшемділігі жəне
анықтамалығы.
План белгілі бір масштабта сызылған жер бетінің шағын бөлігінің сызбасы.
11
Жер жайлы білім ұлғайған сайын картада көптеген заттарды бір бірінен
ажыратып оларды бейнелеу үшін үшін картографиялық шартты белгілер
пайда болды.
Картографиялық шартты белгілер дегеніміз ол
əліппе тəріздес. Шартты белгілерді танымай картаны оқи алмайсын. Шартты
белгілердің көмегімен географиялық нақты мəліметтердің жалпы көрінісі
беріледі.
Шартты белгілердің размерлері картаның арналуына жəне масштабына
байланысты беріледі.
Жер бетінің шағын ғана участкесін бейнелеуде (20* 20 км.) сол беттің
қисықтығын елемеуге болады. Мұндай жағдайда участкенің барлық сызықтары
жергілікті жерде өлшеніп қабылданған масштабқа дейін кішірейтіліп, Жер
қисықтығына қандай да бір түзетулер енгізілмей қағазға саллынады. Мұндай
чертеж план деп аталады.
Ал карталарда барлық жер беті немесе оның бір бөліктері бейнеленеді
сондықтан Жер қисықтығын елемеуге болмайды. Эллипсойдтан жазықтыққа
өту математикалық əдістермен жер бетіндегі нүкте координаталары жəне сол
нүктелердің жазықтықтағы координаталары арасындағы байланысты көрсететін
картографиялық проекция көмегімен орындалады.
Картографиялық тораб деген барлық картаның мазмұның еңгізу үшін
қызмет ететін параллельдер мен мередиандар торы.
Экватор – Жердің айналу осін тік бұрыш жасап жəне оның дəл ортасынан
кесіп өтетін жазықтықты экватор жазықтығы дейді. Экватор жазықтығы мен
жер бетінің қиылысу сызығы экватор деп аталады.
Экватор жер шарын Солтүстік жəне Оңтүстік жарты шарға бөледі жəне
ендіктің басқы есебі юолып қызмет етеді. (ұзындығы 40075695м)
Географиялық меридиан-Жердің айналу осі арқылы арқылы өтетін
жазықтық мередиан жазықтығы деп аталады да, ал сол жазықтықтын жер
бетімен қиылысу сызығы географиялық меридиан деп аталады.
Бастапқы меридиан географиялық бойлықтын есебі жүргізілетін
мередиан. Бүкіл əлемдік практикада бастапқы меридиан болып Гринвич
обсерваториясынан өтетін Гринвич меридианы қабылданған. (Гринвич
астрономиялық обсерваториясы 1675 жылы орнаған).
Параллель – Экваторлық жазықтыққа параллель жазықтықтардың жер
бетімен қиылысу сызықтарын параллельдер деп атайды.
Географиялық координаталар деген – жер бетіндегі кез келген нүктенің
экватор жазықтығы мен меридиан жазықтығына қатысты орнын анықтайтын
бұрыштық шама (бойлық, ендік)
Бойлық- Р нүктсі арқылы өтетін мередиан мен бастапқы меридиан
жазықтықтары арасындағы бұрыш.
Ендік- берілген Р нүкте арқылы өтетін тіктеуіш сызықпен экватор
жазықтығы арасындағы бұрыш. Эватордын оңтүстік жағы оңтүстік ендік, сол
түстік жағы солтүстік ендік болады.
Негізгі əдебиет:
1. [4-8]
12
2. [3-10]
Қосымша əдебиет:
Жалпыгеогрфиялық карталар, атластар.
Бақылау сұрақтары.
1. Картография ғылымы деген не?
2. Картография қандай пəндерге бөлінеді?
3. Картография қандай ғылыми пəндермен байланысты?
4. Географиялық карта деген не?
5. Картографиялық шартты белгілер деген не?
Достарыңызбен бөлісу: |