Құрастырған: қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі



бет2/29
Дата20.02.2022
өлшемі2,75 Mb.
#132620
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Байланысты:
моя книга

Жүсіпбек Аймауытов (1889—1931) — қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист, қазақ әдебиетін қалыптастырушының бірі. Туып өскен жері Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты бұрынғы «Қызыл ту», қазіргі Жүсіпбек Аймауытов ауылы. Әкесі Аймауыт кедей болғанымен, арғы аталары Дәндебай мен Қуан атақ-абыройлы, бай, ел арасында білікті кісілер екен. Жүсіпбек жастайынан арабша хат тану, оқу үйренген. 1907 ж. бастап Баянауылдағы орысша-қазақша екі кластық мектебінде, Керекудегі (Павлодар) қазыналық ауыл шаруашылық мектебінде, Керекудегі екі класты орыс қазақ мектебінде оқиды. Мұнан соң алашордашылардың істеріне араласып, Семейде «Абай» журналын шығарысып, Қ. Сәтбаевпен, М. Әуезовпен танысады. Кейін Алашордадан бөлініп, Коммунистік партия қатарына өтеді (1919). Аймауытов - қазақ әдебиетінде Абайдың шығармашылық мұраттарын ілгері жалғастырған ең ірі тұлғалардың бірі.
Тағдыр репрессияға ұшыраған Аймауытовтың балаларын әр жаққа таратып жіберген. Оның үлкен ұлы Бектұр көп қасірет шеккен болатын. Әкесі «халық жауы» деп танылды, ал Бектұр Аймауытов он жылға Сібірге жер аударылған. Бектұр Жүсіпбекұлы тек 78 жасында Отанына қайтіп келеді. Оның естеліктеріне қарағанда: «…Бұрын Павлодар қаласы кіп-кішкентай қала болған еді. Егер біз қаланың бір шетінен басқа оның түкпіріне баратынымыз болсақ, онда жаяумен-де жүруге болады. Әкеммен бірге қаланы жиі серуендеп жүрдік. Ертіс өзені арқылы біз паром қатынасы арқылы өткенбіз. Енді бәрі өзгерді. Қала тым үлкен болып кеттті. Бала шағымды есіме алып тұрамын. Туған өлкеАймауытовтың екінші ұлы — Жанақ 1920 жылдың 18, ақпанында Семей қаласында дүниеге келді. 1941 жылы оны «халық жауының ұлы» деп танылып, еңбек армиясына жібереді. Соғыстан кейін «Қуғынға ұшырап кетпеймін бе?» деген қорқыш пен тұрмыстың қиыншылықтары оның бейбіт өмір сүруіне кедергі жасады. Ол Ақтөбе қаласындағы мұғалімдер институтын бітіріп, «алған білімді жалғастырамын» деп, Әл-Фараби атындағы ҚазМУ-нің физико-математикалық факультетіне оқу түседі. «Менің әкем — нағыз адам, азамат, қоғам қайраткері. Мен оның дарынды жазушы, шебер ұстаз, ақын, аудармашы болған екендігімен мақтанамын», — деп жазған Жанақ Бектұров.
Жазушының қызы Мәруа (Мағрипа, Муза) Жүсіпбекқызы Аймауытова 1926 жылы 3 мамырда Орынбор қаласында дүниеге келген. Әкесі репрессияға ұшыраған кезінде, ол төрт жаста болатын, кіп-кішкентай қыз еді. «Анам айтқандай, әкем өте дарынды адам болды. Қазіргі уақытқа дейін есімде келесі сәттер есімде сақталды: әкем жұмыс үстелінің басында отырып, еңбектеніп жатыр, үстелдің бетінде тұрған жасыл абажуры бар шам жанып тұр», – деген ол. Аймауытовтың зайыбы Евгения Карабатыровна күйеуін есте сақтап жүрген. Ол барлық отбасылық фотосуреттер мен Жүсіпбектің жеке заттарын да сақтаған екен. 1991 жылы Павлодар қаласына келіп, баға жетпес қазынаны Бұхар Жырау атындағы әдебиет және өнер мұражайына тапсырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет