Құрастырған: қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі


Мына сөйлемді көшіріп жазып, сұраулы сөйлемге айналдыр



бет8/29
Дата20.02.2022
өлшемі2,75 Mb.
#132620
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   29
Байланысты:
моя книга
docx1552205410
Мына сөйлемді көшіріп жазып, сұраулы сөйлемге айналдыр.

  • Ол өлең жазумен қатар, ауыз әдебиеті үлгілерін жинады.

  • Мәтін бойынша 3 сұрақ құрастыр.

  • Таныс емес сөздерден сөздік құра. (5 сөз)

    Деңгейлік тапсырма.

    1. Дыбыстық талдау жаса. Мақал, мәтел, айтыс

    2. Жер-су атауларын теріп жаз.
    3. Көне сөздерді теріп жаз.

    «Түртіп алу» стратегиясы бойынша
    Мәтіннен көне сөздерді теріп жазады, мағынасын түсіндірме сөздіктен іздейді. Бейнет-азап, мехнат, машақат, Рақат-керемет, ғажап, ғанибет, Сарқылу-ақтарылу, барын салу.
    Оқылым.
    Оқылым мәтінінен бөлек жазылатын күрделі сөздерді теріп, кестені толтырыңдар. Мәтінде кездеспеген қатарды өздерің толтырыңдар.

    Күрделі атаулар




    Күрделі сан есімдер, сын есімдер мен етістіктер




    Есім, еліктеуіш сөздер мен етістіктерден құралған күделі етістіктер




    Еш, әр, кей, бір, сөздері тіркескен зат есімдер






    Есентай Ерботин
    Есентай Ерботин 1940 жылы 13 қазанда Павлодар облысы Баянауыл ауданы, Мәшһүр Жүсіп ауылында колхозшы шаруаның отбасында дүниеге келген. 1959 жылы онжылдық мектепті бітірді. Сол жылы әскери қатарына шақырылған. Германияда Кеңес әскерінің қатарында азаматтық борышын өтеп жүрген Есентай Ерботин аудандық, облыстық газеттеріне балауса өлең жолдарын жолдап тұрған. Үш жыл әскери қатарында болған Есентай Ерботин Қарағандыдағы педагогикалық институттың филология факультетіне оқуға түсіп, оны 1967 жылы бітіріп шығады. Біраз уақыт ауылда мұғалім болады.
    Әдебиет мұғалімі Е. Ерботин енді өзін журналистика саласында байқап көргісі келеді. Ақын облыстық «Қызыл ту» газетінде жұмыс істейді. Содан кейін облыстық телерадио комитетіне ауысады. 1981 жылдан бастап өмірінің соңғы сәтіне дейін Павлодар облысындағы Қазақ радиосының тілшісі болып істейді. Өлеңдері облыстық газетте, республикалық «Балдырған» журналында жиі жарияланып тұрды. 1975 жылы «Жазушы» баспасынан «Өркен» атты тұңғыш жинағы жарық көрді. Арада екі жыл өтпей «Жалын» баспасынан «Өнеге» деген екінші жинағы шықты. 1981 жылы осы баспадан «Серік пен Берік», 1984 жылы «Менің досым», 1991 жылы «Далаға саяхат» жинақтарын шығарды. Бұдан басқа ұжымдық жинақтарда «Кім боламын?», «Жаңылтпаштар», «Балдырған базарлығы», «Айналайын анашым» атты өлеңдері мен топтамалары жарияланды.
    Белгілі жазушы, журналист, ақын Мұзафар Әлімбаев Есентай Ерботиннің ақындығын таныған шығармашылығына қол ұшын берген, келешегіне жол ашқан ұстазы. Балалар ақыны болу оңай емес, Қазақстанның балалар ақыны атануы Есентай Ерботинға да оңай келген жоқ. Қазақстанның халық жазушысы Дихан баба Әбілев атанған ақын - жазушының 1981 жылы Есентайға берген кепілдемесінде ақынның жинақтарына тоқталып келіп, оны балалар ақыны деп атаған. Қазақстан жазушылар одағының мүшелігіне қабылдануға ұсыныс жасаған.
    Есентай Ерботин көптеген кітаптардың авторы. Міне осы кітаптарды асықпай оқып отырғанда ақынның алдымен өзінің кішкентай оқырмандармен ұғынысуға тырысатынын аңғару қиын емес. Ойын түсініктерін жеткізу үшін әр-түрлі өлең формаларын пайдаланады. Жұмбақтар, өтірік өлеңдері ойнақы ұйқастарға құрылған. Е. Ерботиннің өлең өлкесіңдегі еңбектерінің тоқтар тұсының бірі - «Балалар бала болғанда» атты жинағы. Бұл жинаққа өлеңдер, бірнеше аңыздар мен толғаулар енген.
    Е. Ерботиннің алғашқы өлеңі 1959 жылы облыстық «Қызыл ту» газетінде жарияланған екен. Автор өлеңдерінің бір тақырыбы - туған өлкенің тарихы, бүгінгі тынысы. Өмірінің соңғы сәтіне дейін қолынан қаламын тастамады.. Шығармашылығын балаларға арнады. Өзінің балалар ақыны екендігін іштей мақтан тұтатын.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   29




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет