Құрастырған: қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі


Тапсырма. 1. Мына мәтінді мәнерлеп оқып бер



бет11/29
Дата20.02.2022
өлшемі2,75 Mb.
#132620
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   29
Байланысты:
моя книга

Тапсырма.
1. Мына мәтінді мәнерлеп оқып бер.
2. Мәтін бойынша зат есімдерді теріп жаз.
3. Септік жалғау бар сөздерді теріп жаз (10 сөз)
Деңгейлік тапсырма.
1. Дыбыстық талдау жаса.
Әдебиет, еңбек, өнер, мұражай.
2. Мына сөздерді сөз құрамына талда.
Шаруаның, отбасында, әкенің
3. Мәтін бойынша сұрақ құрастыр.

Мұзафар Әлімбаев.
Қазақ әдебиетінде соғыс сұрапылын бастан кешіп келген қаламгер шоғырының шоқтықтың бірі, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Мұзафар Әлімбаев. Туған жері Маралды атырабында, (Павлодар облысы, Шарбақты ауданындағы Маралды ауылы) әнші - күйшілердің, ақын - жыраулардың думан құрған өнер төрінде, солардың тәтті сазын, татымды сөзін қаршадайынан құлағына құйып өскен. Мұзағаң 5 жасында әріпті әліп деп біліп, кітап оқи бастаған. 6 сыныпта ауыл кітапханасының бір қыста 150 - ден аса кітабын тауысып, «Бауырсақтан» бастап», «Батырлар жырын» ортаға ала, А. С. Пушкиннің 4 томдығын тауысады. Әкеден 8 жаста, шешеден 13 жасында айырылып, «туар - тумастан тоналған ұрпақтың өкілі...». Сол тұста жетімектің кім екенін, жетімдіктің зіл мен мұң екенін анық та толық сезді. 1932 - 1933 жылы алапат аштықты көлденең көзбен көріп емес, өз басынан өткерген. 1937 жылдың Сталиндік сойқанында халықтың зиялы ұл - қыздарын зорлық - зомбылықпен оққа байлағанын өз көзімен көріп, үрейі ұшқан ұрпақ.
Тапсырма.
1. Мына мәтінді мәнерлеп оқып бер.
2. Мәтін бойынша синоним сөздерді теріп жаз.
3. Септік жалғау бар сөздерді теріп жаз (10 сөз)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет