Құрастырған: Бактыбаева Молдир Балгабаевна 2015-2016 оқу жылы Мазмұны



Дата28.06.2017
өлшемі144,31 Kb.
#20330

Бастауыш сыныпқа

арналған орфографиялық тәртіп


Құрастырған: Бактыбаева Молдир Балгабаевна

2015-2016 оқу жылы

Мазмұны

  1. Бастауыш сынып бойынша жазба жұмыстарының нормалары

  2. Дәптерлерді толтыру ережесі

  3. Дәптерлердің мұқабасын толтыруды үйрету

  4. Қазақ тілінен жазба жұмыстарын хаттау

  5. Каллиграфиялық әдетті ұйымдастыру жұмыстарын хаттау

  6. Математика пәнінен жазба жұмыстарын хаттау

  7. Бастауыш сыныпта күнделік жүргізуді алға қою



Бастауыш сынып бойынша жазба жұмыстарының нормалары

Сауат ашу

Сауат ашу кезінде жүргізілетін жазба жұмыстары:



көшіріп жазу, диктант, мазмұндама, шыгарма.

I жартыжылдықта әріп диктанты, буын диктанты,


сөздік диктант – 4-6 сөз (диктант жұмысы күнделікті
сабақ барысында мұғалімнің қалауымен) жүргізіледі.

II жартыжылдықта сөздік диктант – 6-8 сөз, есту
диктанты, көру диктанты, жыл аяғында 15-18 сөзден
тұратын бақылау диктанты (диктант жұмысы әрбір
грамматикалық материалды меңгерген соң) алынады.

II жартыжылдықта кем дегенде үш рет үйрету мақсатындағы мазмұндама (20-25 сөз)

және екі рет үйрету мақсатындағы шығарма жұмыстары алынады.

1-сыныпта «Көркем жазу» күнделікті сабақ барысында (шамамен 4-5 минут) мұғалімнің басшылығымен жүргізіледі.



Математика

Тоқсан

Бақылаужұмысы

Өзіндікжұмысы




Сынып

Сынып




1

2

3

4

1

2

3

4

I

2

4

2

3

2

2

2

3

II

2

3

2

1

1

2

3

3

III

і

2

2

1

1

3

3

3

IV

2

2

2

8

1

3

3

3




7

11

8

13

5

10

11

12

Қазақ тілі

Қазақ тілінен жүргізілетін негізгі жазба жұмыстары

-көшіріп жазу, жатқа жазу, диктант, мазмұндама, шығарма.

Диктант

Есту диктанты, көру диктанты, сөздік диктант, шығармашылық диктанттары күнделікті сабақта ыңғайына қарай мұғалімнің қалауы бойынша жүргізіліп отырылады. Ал оқушылардың сауаттылығын тексеруге арналған диктант әр сыныпта шамамен 4 рет (әр оқу тоқсаны сайын 1 рет) алынады.

Бақылау диктанты әр сыныпта шамамен 5 рет (әр оқу тоқсаны сайын - 1 рет, оқу жылының қорытындысы бойынша - 1 рет) алынады.

Диктантқа арналған сөз саны төмендегі мөлшерде белгілеңді.

Сөздік диктанты:

2-сыныпта 8-12 сөз.

3-сыныпта 12-15 сөз.

4-сыныпта 15-20 сөз.



Бақылау диктанты:

2-сынып - I жартыжылдықта 30-35 сөз, жыл аяғында 35-40 сөз.

3-сынып - I жартыжылдықта 40-50 сөз, жыл аяғында 50-65 сөз.

4-сынып - I жартыжылдықта 65-70 сөз, жыл аяғында 75-80 сөз.



Мазмұндама және шығарма.

Оқушылардың өз ойын жазба тілде тиянақты түрде жеткізуге үйрету мазмұндама, шығарма жұмыстары арқылы жүзеге асырылады. Ауызекі және жазба тілде мазмүндау, шығарма жүмыстары берілген тақырып, тірек сөздер, суреттер, саяхатта көргендері жөне т.б. бойынша жүргізіледі.

Үйрету мақсатындағы мазмұндама жұмысы 2-3-4 сыныптарда жыл бойына барлығы шамамен 4 рет (әр оқу тоқсаны сайын 1 рет) алынады.

Мазмұңдамаға арналған сөз саны:

2-сыныпта 30-50 сөз.

3-сыныпта 50-70 сөз.

4-сыныпта 70-90 сөз.

Үйрету мақсатындағы шығарма жұмысы 2-3-4 сыныптарда шамамен 9 рет (әрбір сынып, ай сайын I жартыжылдықта - 1 рет, II жартыжылдықта - 2 реттен) алынады.
Мазмұндама мен шығармаға дәптерге екі баға қойылады:

1-шісі: жұмысының мазмұны мен көркемдік сапасы, тіл байлығы үшін;

2-шісі: грамматикалық сауаттылығы үшін;

Журналға мұғалімдердің келісімімен бір баға қойылады;



Әдебиеттік оқу

Оқу жылдамдығы

1 сынып 15-20 сөз 20-25 сөз

2 сынып 40-45 сөз 50-55 сөз

3 сынып 55-60 сөз 60-65 сөз

4 сынып 65-70 сөз 70-80 сөз



Дүниетану

Тоқсан сайын сарамандық жұмыс пен топсеруен тоқсанына 1 рет



Орфографиялық тәртіпті бастауыш мектепке енгізу .

  • Дәптерді хаттау мен оларды дұрыс толтырылуын қадағалау .

  • Дәптердегі барлық жазулар каллиграфиялық ұқыпты жазумен жүргізілуін қадағалап ,бақылау геометриялық фигураларды сызу жай қарындашпен жүргізіледі.

  • Бастауыш мектепте оқушылар оқу барысында барлық пәннен бақылау жұмысына және сыныпта орындалатын жұмысқа арнап дәптерлер бастайды.

Математика пәні бойынша:

2 дәптер (ағымдағы жұмыстарға)

1 дәптер (бақылау жұмысына)



Қазақ тілі пәні бойынша:

2 дәптер (ағымдағы жұмыстарға)

1 (диктант жұмысына)



Әдебиеттік оқу пәні бойынша:

1 дәптер (ағымдағы жұмыстарға:)

мазмұндама мен шығарма 1 дәптерге жазылады





Сауат ашу пәні бойынша:

1 №2 (үлгі дәптерлері)


Әдебиеттік оқу пәні бойынша суреттер , шығармаларға жоспарлар, әдеби терминдерге анықтама, шығармашылық жұмыстар күнделікті жұмыс дәптеріне жазылады.

  • Әдебиеттік оқу пәні бойынша мазмұндамалар, шығармалар жеке 1 дәптерге жазылу керек.

  • Дүниетану сабақтары үшін баспа негізіндегі дәптерлер қолдануға мүмкін, бірақ көбінесе оқушылардың жұмыс дәптерлері бар .

  • Бағдарламаға сай ән-күй, ағылшын тілі, факультативтік курстарға дәптерлер арналады.

Дәптерлердің сыртын біркелкі толтыру:

2 -3- 4 сыныптың жазба жұмысына арналған дәптерлерінің сыртын оқушы өзі толтырады, күнделікті жұмыс дәптерлерін де оқушы өзі толтырады. Дәптерлердің тысы ақ қағазбен қапталмайды.

1 сынып оқушыларының дәптерлерінің сыртын мұғалім толтырады.

Дәптердің сыртын каллиграфиялық дұрыс ,ұқыпты жазумен толтыру керек .


Жақсы №1 орта мектебінің

4-сынып оқушысы

Қожахмет Әкежанның

қазақ тілі пәніне арналған

дәптері

Жақсы №1 орта мектебінің

4-сынып оқушысы

Қожахмет Әкежанның

математика пәніне арналған

дәптері


Жақсы №1 орта мектебінің

4-сынып оқушысы

Қожахмет Әкежанның

жазба жұмыстарына арналған

дәптері

Жақсы №1 орта мектебінің

4-сынып оқушысы

Қожахмет Әкежанның

бақылау жұмысына арналған

дәптері
Жақсы №1 орта мектебінің

4-сынып оқушысы

Қожахмет Әкежанның

диктантқа арналған

дәптері

(математика дәптері, дүниетану дәптері, диктант дәптері, бақылау жұмысы, тіл дамыту дәптері, т.б.с.,с.)

  • Дәптердің сыртындағы сандар цифрларымен толтырылады . Мысалы №1

  • Аты-жөні ілік септігінде жазылады. Балалардың сауаттылығын ашу мақсатында қатемен жұмысдиктант дәптерлеріне жүйелі түрде жүргізілу керек, математика пәнінен қатемен жұмыс,өздік жұмыс бақылау жұмысына арналған дәптерге жазылады.

  • Бастауыш сыныпта жұмыс дәптерлері міндетті түрде күнделікті тексерілуі тиіс. Бақылау жұмыстарының тексерілуі ертеңгі күні дайын болуы керек .

  • Математика пәнінен бақылау дәптерлері уақытында тексеріліп отырылады. Сыныпта оқу жылының аяғына дейін сақталады.

  • Балалар жұмысы қызыл түсті (қаламмен ) тексеріледі. Бағалау ережесіне сай бағаланады.

  • Үй жұмысы мен сынып жұмысынан кейін 2 жолға шегініп, 3жолға жазамыз .

  • Азат жолды сақтау кезінде оңға қарай сұқ саусаққа жылжимыз. Бірінші сыныптан бастап азат жолды сақтау ,жаңа жұмыс түрлерін жүргізу кезінде жүзеге асырамыз .

  • Жұмыс барысында бос жол қалдырылмайды.

  • Жаңа (жол) бет ең жоғарғы жолдан басталады беттің ең соңына дейін жазылып бітеді.

  • Әрбір жолды жазар кезінде сол жақ шетінен 0,5 см шегінеді .

  • Жазу жолы толық қамтылу қажет. Толық қамтылмаған жағдай оқушының тасымал ережелерін білмеуін көрсетеді!!! Сөзді тасымалдау ережесін міндетті түрде қолдану керек .

  • Қазақ тілінен ,математикадан күнді жолдың ортасына жазылады .

  • 1 сыныптың II жартыжылдығынан бастап, 2-ші сыныптың II жартыжылдығына дейін күн реті,аты толық жазылады. Мысалы: Қыркүйектің 7-сі


  • 2 сыныптың II жартыжылдығынан бастап, 4 сыныптың аяғына дейін күн реті және ай аты жазбаша түрде жазылады.

Қыркүйектің жетісі

Сынып жұмысы

12-жаттығу.

  • Жұмыстың нұсқасы жаңа жолдан тура ортаға немесе дәптердің жиегіне жазылады .

  • Жаттығу деген сөз екінші сыныптан бастап толық жазылады .

  • Дәптердегі жаттығу реті саны толық жазылады .

  • Бағандап жазу кезінде сөздер бірінің астына бірі жазылып, арасына үтір қойылмайды, бірінші сөз бас әріппен жазылады .

  • Сөздер тек қана дауыссыздарға қысқарады.

  • Септіктер бас әріппен жазылады. Сөздердің үстіне септік атауын жазу қаламмен немесе үшкір қарындашпен жүзеге асады .

  • Балалардың назарын тиісті тыныс белгілеріне аудару қажет.

  • Математика пәнінен бекітілген термин сөздер (см....) қысқартылғанда нүкте қойылмайды

  • 1-2 сыныптың оқушылары кіші жол дәптерге жазса ,ал 3 сыныпта үлкен жол дәптерге жазады.

  • Оқушылардың каллиграфиялық дағдыларын жетілдіру үшін көркем жазуға2-3-4 сыныптарда әрбір грамматика сабақтарында шамамен 3-5 минут уақыт бөлінеді. (қазақ тілі пәнінің оқу бағдарламасына сәйкес)

  • Балалардың назарын тақтадағы жазуларға, қаламды дұрыс ұстауына, отырыстарына дәптерлердің түр-сипатына назар аудару керек.

  • Шығармаға дәптерге2 баға қойылады, мазмұндамаға 2 баға қойылады.,журналға 1 баға қойылады. Диктант егер грамматикалық тапсырмасымен қоса болса 2 баға қойылады.

  • Қатемен жұмыс деген сөзді қ.ж. деп алуға болады. Себебі қатемен жұмысқа 45 минут уақыт берілмейді


Математика пәнінен жазба жұмыстарын қаптау.

  • Сынып жұмысы мен үй жұмысының арасына 4 тор тастап 5 торға жазу керек.

  • Әр тапсырманың арасына 2 торкөзден тасталады.

  • Бағандардың арасына 3 торкөз тасталады.

  • Күнді тура ортаға немесе шетіне жазуға болады. Жауабы деген сөз шешудің астына бас әріппен жазылады. Бірінші сыныпта жауабы қысқа жазылады.

  • Ұзындық ,ені деген сөздер қысқартылмайды.


Есепті шығару барысында мыналарды есте ұстаған жөн:

  1. Қысқаша шартындағы сөздер толық, бас әріппен жазылады.

  2. Шешуі, жауабы деген сөздер толық жазылады.

  3. Егер есеп амалдап шығарылса, атау жақшаға алынып, түсіндірмесі толық жазылып, жауап қысқашы , кіші әріппен жазылады.

  4. 1 амалды есепте түсіндірме жазылмайды. Тек жауап толық жазылады.

  5. Егер есеп өрнекпен шығарылса, атауы жақшаға алынып, түсіндірме жазылмайды.Жауап кіші әріппен қысқаша жазылады.


Мысалы:

Есеп:



Сәбіз-5 кг ?кг

Картоп-?,3 кг артық

Шешуі: 1) 5+3=8 (кг)- картоп

2) 5+8=13 (кг)- барлығы

Жауабы: 13 килограмм картоп.

Сәбіз-5 кг ?, кг

Картоп-?,3 кг артық

Шешуі: (5+3)+5=13 (кг)

Жауабы: барлығы 13 килограмм көкөніс сатылды.
Амалдардың орындалу тәртібі:
3 1 4 2

3450-145*2+1265:5=3413

1)145*2=290

2) 1265 5 3) _ 3450 4) + 3160

6 253 290 253

15 3160 3413

Теңдеу: есептеуі жанына бағандап есептеп жазылады

3 2 1

Х+123- 56*2= 638

Х+123-112=638

Х+123=638+112

Х+123=750

Х=750-123

Х=627

627+123-56*2=638

638=638
Есеп:

Тіктөртбұрыштың ұзындығы 12 см, ал ені 6 см-ге тең. Тіктөртбұрыштың аудан мен периметрін есептеп шығар.



Берілгені: Шешуі:

а=12 см Р=(а+в)·2

в=6 см Р= (12+6)·2

Р - ?см Р=36 (см)

S - ?см2 S=а·в

S=12·6

S=72 (см2)

Жауабы: Р=36 см, S=72 см2

Фигураны сызу қажет болғанда ғана орындалады.

А В

С Д
Математикалық диктант жазарда келесі талаптарды орындау қажет.


  • Бір клетка жіберіп жауаптарын үтір арқылы бір жолға жазады.

  • Санмен қоса өлшем бірліктерін көрсету қажет.

Бастауыш мектепте күнделік бастау жұмысы.

Күнделік мемлекеттік құжат болып табылады.Оны жүргізуде бірнеше талаптар қойылады.

Күнделіктің болуы бірінші сыныптан бастап талап етіледі. Кейбір кезде ата-аналар жиналысы мен пед. кеңестің ұйғарымымен 2 сыныптан бастауға болады.

Күнделік бастау ата-ана мен мұғалімнің арқасында жүзеге асады.Сондықтан сынып жетекші кейбір талаптарды оқушыға жеткізуге міндетті.



  • Күнделік көк сиямен таза ұқыпты сауатты толтырылуы керек. Бірінші беттен бастап түгел беттері толуға міндетті.

  • Оқу кестесі, сабақ кестесі, үзіліс кестесі, сабақтардың мұғалімдердің аты-жөні,мұғалімнің басшылығымен толтырылады.

  • Айдың және пәннің аты кіші әріппен жазылады.Қысқаша жазуға болады.Үй жұмысы туралы баған толтырылуы тиіс.

  • Баға және қол қою деген бағанда мұғалімнің бағасы мен қолы тұруы тиіс. Баланы мақтап қолдап «Жарайсың ! Тырысу керек» деген сөздер бастауыш сыныпта жазуға рұқсат етіледі.

  • Күнделіктің жүргізілуін күнде сынып жетекшісі тексереді.

  • Күнделікке баға және мадақтаулар мен ескертулер көк,қызыл түспен ғана жазылады.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет