Құрастырған: Бокаева Нургул Сайлауовна



бет1/3
Дата05.11.2016
өлшемі0,55 Mb.
#551
  1   2   3
Бастауыш кластардағы қазақ тілін оқытуда жаңа әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімді жолдары

Құрастырған: Бокаева Нургул Сайлауовна

Ақтөбе қаласы,

№ 36 қазақ орта мектебінің

бастауыш класс мұғалімі



Ақтөбе қаласы, № 36 қазақ орта мектебі

Құрастырған: Бокаева Нургул Сайлауовна – бастауыш класс мұғалімі

Ұсынылып отырған жинақта бастауыш класс мұғалімінің шығармашылығы мен оқу-танымдық шеберлігінің нәтижесіндегі сабақтар үлгілері келтірілген. Мұғалімнің шығармашылық ізденістерінен туындаған іс-тәжірибелік еңбегінен шәкірттерінің білім алуына жол салған жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді көруге болады.

Бұл жинақты бастауыш класс мұғалімдері көмекші құрал ретінде пайдалануға болады.

Алғы сөз

Бастауыш білім-үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. Осыған байланысты оқушыға белгілі бір көлемдегі білім, білік, дағдыларды меңгертумен бірге оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту-бүгінгі күннің басты талабы.

Бастауыш сатыда оқушыны бұрынғыша пәндік білім,біліктердің белгілі бір жиынтығымен емес, оқу әрекетін қалыптастыру негізінде жеке бас тұлғасын тәрбиелеу мақсаты қойылған.

Бастауыш класс оқушыларының қабілеттерін дамытудың негізгі факторы болып олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл-ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою керектігі саналады.Жеке тұлғаның шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен практикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды.Ойлауға үйрететін сабақтарды дамыта оқыту сабақтары деп білеміз.

Жалпы іс-әрекетті оқушылармен бірлесе ұйымдастыру, өз ойын, пікірін айтқаны, кез-келген оқушыны тыңдау, әр оқушының ой-пікірі бар ерекше тұлға екенін сезінуге туғызу да мұғалім үшін үлкен шеберлік.

Сабақты қызықты, өзгеше өткізу үшін, әр пән бойынша көптеген жұмыстар жасауға тура келеді. Оқытуда жаңа әдіс-тәсілдері, оқытудың жаңа технологияларын енгізе отырып, оқушылардың жалпы дамуын, жеке тұлға қалыптастыруды қамтамасыз етеміз.

Оқытудың жаңа технологиясы, жаңашылдық, танымдық белсенділікті дамыту, модуль жүйесі, саралап, деңгейлік негізде, мультимедия жүйесін қолдану.

Танымдық іс-әрекет танымдық белсенділік, танымдық ізденімпаздық мәселелері жөнінде оқу-әдістемелік, психология- педагогикалық әдебиеттерге, ғылыми зерттеулерге шолу жасау барысында танылған жаңашыл педагогикалық бағытты бөліп көрсетуге болады.

Жеке тұлғаның шығармашылығын дамыту мақсатында мұғалім- бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана бала интелектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады. Осыған орай, сабақ типі мен әдіс-тәсілдерін түрлендіру мұғалімнің шеберлігі.

Сабақтың тақырыбы: Тұрлаулы мүшелер.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: тұрлаусыз мүшелер туралы берілген түсінікті бекіту,тұрлаусыз мүшелердің не бастауышқа,не баяндауыщқа қатысты болатынын меңгерту.

Дамытушылық: оқушылардың сөздік қорын толықтырып, грамматикалық сауаттылықтарын арттыру.Сөз мағынасын дұрыс қолдана білуге үйрету.

Тәрбиелілік:сауаттылққа тәрбиелеу.Табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру,оны қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың әдістері:түсіндіру, талдау,дәлелдеу, көрнекілік әдісі.

Сабақтың түрі: саяхат сабақ

Сабақтың барысы:Ұйымдастыру бөлімі.

Үй тапсырмасын тексеру, қорыту.178-жаттығу.

Жаңа сабақты түсіндіру.

Мұғалім:-қане, балалар, жұмбақ шешіп көрейік.

Түрі көркем түр кілем,

Түгі жоқта кір кілем.

Жайы-жайы кір кілем,

Жайылып жатқан бір кілем. (көктем)

- Олай болса,алдымыздағы табиғат бөліктерінен көктемді бейнелеп шығарайық та,табиғат, саяхат туралы білетінімізді айтайық.



Суретпен жұмыс.

Көктем.Шуақты көктем туды.Жылы жел соқты.Ағаштар гүлдеді.Ұсақ жәндіктер тірілді. Мал төлдеді. Көктем қандай көңілді!

Тапсырма:а)Сөйлемдердің ішінен кім?не?не істеді?сұрақтарына жауап беретін мүшелерді табу.

Тұрлаулы мүшелердің ережесін еске түсіру.

Сызба бойынша жұмыс.

Сөйлем мүшелері


Тұрлаулы Тұрлаусыз

бастауыш баяндауыш анықтауыш толықтауыш пысықтауыш
Тапсырма: сызбаны оқып, мысалдарын дәлелдеу.

Мұғалім: Көктемде ең алғаш қандай құстар ұшып келеді?

-Ұзақ, қараторғай

Ендеше, ұзақ өзімен бірге тапсырма ала келіпті.



Оқулықпен жұмыс:179-жаттығу.Жұмбақты оқы,шешуін тап. Сөйлемдегі тұрлаусыз мүшелерді тап.

180-жаттығу.Мәтінді түсініп оқы.Алғашқы үш сөйлемді көшіріп жаз.Сөйлемдердің тұрлаулы мүшелеріне ауызша талдау.

Ойын:«Кім жылдам?»

Мақсаты:Сөйлем құрастырып,сөйлем мүшелеріне ауызша талдау.

Көктемде ең алғаш әдемі болып өсіп шығатын–бәйшешек. Бәйшешек теруге барып,жинаған бәйшешектердегі тапсырмаларды орындайық.

Тірек сөздер: ағаш,сүргі,ұя,құрал.

Осы сөздерді құрастырып,мәтін құрастыру.

Тақырыбы: «Шеберханада» .

Поэзия минуты.Өлеңді мәнерлеп оқып,талдау,әдемі,таза етіп көшіру.

Бекіту.Үйге тапсырма: 182-жаттығу. Сабақты қорыту, бағалау.


Тақырыбы: Ұяң дауыссыз дыбыстар.

Мақсаты: дауыссыз дыбыстардың қатысуына қарай бөлінуін айыра білу,ұяң дауыссыз дыбыстар туралы түсінуіне нұсқау беру.

Дамытушылық:Ойлау,есте сақтау қабілеттерін және ынтасын арттырып, тілін ұстарту арқылы білім сапасын арттыру.

Тәрбиелік:Өздігінен жұмыс істеуге баулу,ойын тұжырымдауға, мәнерлеп оқуға дағдыландыру,шапшаңдыққа, қорытынды шығара білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Әдісі:сұрақ-жауап,көрсету,түсіндіру,логикалық жүйені сақтай отырып, өткенді жаңа тақырыппен байланыстыру,жаңа тақырыпты өзіндік жұмыспен пысықтау.

Көрнекілігі:Ә.Жүнісбектің лингвистикалық материалды деңгейлік қабылдауды ұйымдастыруға арналған дидактикалық құралының бірі «Қарлығаш әні» ертегісі,сызба жұмыстар,белгілеу жұмбағы, кесте, деңгейлік тапсырмалар.

Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру.

2.Үй тапсырмасын тексеру,өткен және жаңа тақырыпты байланыстыру.Өткен тақырыптар бойынша қайталауға және жаңа тақырыпты оқушыларға меңгертуге «Қарлығаш әні» ертегісі қолданылды. Онымен жүргізілген жұмыстар келесі.

Сұрақ-жауап.

-Қандай үлкен бөлімді оқи бастадық. Ол қалай аталады?

-Оның аты – дыбыстар.

-Дыбыстар туралы не білесіңдер?

-Олар дауысты және дауыссыз болып екіге бөлінеді.

Бейнелеу пәнімен байланыс.Оқушыларды ертегімен таныстыру. Дауыссыздар жасалуына я дауыстың қатысу,қатыспауына қарай. қатаң, ұяң,үнді болып бөлінетіндігін айтып,оқушылар өздері салған ертегіні суреттен көрсете отырып, мәнерлеп оқып берді.

Ертегі

Жаз мезгілі.Таң атты,



Күн шықты, әндетті.

А,ә,о,ү,ұ,ы,і

Аспан оянды, әндетті.

М,л,н,у,й,р

Бұлт шықты, әндетті

Ю,я,и,у


Тас шықты, әндетті.

Қ,к,п,т,ш,с

Осы әндерді естіп,

Қарлығаш үн қатты.

Мәнерлеп оқығаннан кейін, ертегінің мәнін нақты түсіндіру мақсатымен сұрақтар қойдым.

-Олар жіңішке дауысты дыбыстар.

-Қандай қос дауыстыларды білесіңдер?

-Бұлар бұлт дыбыстары.Өйткені, бұлт бірде бар,бірде жоқ.

-Қатаң дауыссыз дыбыстарды еске түсірейік.

-Қ,к,п,т,ш,с.

-Неге тас дыбыстар дейміз?

3. Жаңа сабақ.

Біздің бүгінгі сабақтағы мақсатымыз-ұяң дауыссыз дыбыстарды-б,г,ғ,д,ж,з дұрыс айта білу және есте сақтау.

Ұяң дауыссыздарды атағанда, ағаш жапырақтарының сыбдырын естуге болады.Олар ағаш дыбыстар,енді ағаш дыбыстарын қосып, ертегіні айтайық.

Кестемен жұмыс.


Қатаң Ұяң Үнді


қ,к,с,т,п,ш б,д,з,г,ғ,ж м,л,н,ң,й,р
1.Жаңа сабақты пысықтау

-Грамматикалық жаттығулар

-Көздерін жұмдыртып, ұяң дауыссыз дыбыстарды ойша жаздырту.Орындап болғандарға,осы дыбыстармен сөз құрастыру.

-Оқушылар құраған сөздер: Білім, дән, ғалым,гүл, заң, жаз.

-Оқушылардың алған білімдерін тексеру мақсатымен деңгейлік тапсырмалар ұсынылды.

Деңгейлік тапсырмалар:1. Дауыссыз дыбыстардың астын сыз.

Кел , балалар, оқылық,

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық!

2. Келесі сөздердегі қатаң дауыссыздарды тауып, астын сыз.

Тіл, сабақ, мектеп,Қазақстан.

3.Мына ұяң дауыссыз дыбыстардан басталатын әріптерге екі сөзден жаз.

Б,Д,Ғ,Г,З,Ж

4. Мына дыбыстарды еркін пайдаланып ,сөз құрастыр.


ж б д

г п
а ң

ш

н

с



к

ғ қ


Ғажап Дала Шағала Аға
Жаз Қала Газ Қап
6«Қыс» туралы төрт жол өлең жаз.

Оқушылардың жазған өлеңдері

Қыс мезгілі келді,

Қыстың аппақ қарлары

Балалар қатты қуанды,

Таза ауада ойнады.

Сабақтың соңында әр оқушының жинаған ұпайы есептеліп, жұмыстары бағаланды.
Сабақ тақырыбы: Дауыссыз н-ң дыбыстары

Сабақ мақсаты:1.Дауыссыз н-ң дыбыстарының айтылуы мен жасалу ерекшеліктерін ұғындыру,алған білімдерін тиянаҚтау жетілдіру.

2.Шығармашылық ізденісін дұрыс ойлау,өз ойын жеткізе білу,шеберлігін дамыту

3.Жауапкершілікке,ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың принциптері: Біртұтастық,жүйелілік.

Сабақтың әдіс-тәсілдері:сұрақ-жауап,көрнекілік,талдау ажырату,салыстыру сәйкестендіру,ізденушілік.

Сабақтың көрнекілігі:тірек-сызба,кеспе қағаздар,үнтаспа,суреттер, парақшалар.

Сабақ барысы:

I.Бағдарлау-мотивациялық кезең.Қызығушылықты ояту.




-Балалар суреттен нені байқап тұрмыз?

-Далада жаңбыр жауып,күн көрінбей тұр.

-Дұрыс.


-Жаңбыр жауған жақсылықтың белгісі,олай болса жаңбырдың пайдасына байланысты нақыл сөз,мақал-мәтелдерді еске түсіріп, айтып көрейік.

Қане,кім біледі ?

-Жаңбыр жауса жер ырысы.

-Жарайсыңдар.

Олай болса,әр бір тамшы бүгінгі біздің сабағымызға төккен нұры екен және әр тамшының бізге берген тапсырмасы бар, тапсырмаларды дұрыс орындай білсек,күн жарқырап жаңбыр ашылады.

-Олай болса,тапсырмаларды дайындауға дайынбыз ба?

-Дайынбыз.

II.Операциялық-орындаушылық кезең.

1-тапсырма. Көркем жазу сәті. Жаңбыр сөзіне дыбыстық талдау.

(дәптерімізге көшіріп ң дыбысы бар сөздің астын сызу.)



  • н-ң дыбыстары қандай дыбыстар?

  • н-ң дыбыстары екеуі екі басқа дыбыс,екі басқа әріп. Жасалуы жағынан ң-н-ға мүлде жуықтамайды.

  • Н-тіл ұшы дыбысы.

  • Ң-тіл арты дыбысы.

2-тапсырма. Ой сергіту жаттығуы. «Кім көп біледі ?»

Жұмбақ шешу.

1.Нанда бар,майда жоқ,

Ұнда бар,айда жоқ. (н)

2.Шаңда бар,гулде жоқ,

Аңда бар, сайда жоқ. (ң)

3.Екі жағым «н» болса,

Қасиетті тағаммын.

Екі жағым «а» болса,

Ең қадірлі адаммын. (Нан,ана)

3-тапсырма.Ой қозғау.«Тез тауып,бөгелмей айт.»

Тон-тоң,шын-шың,он-оң (сөздегі өзгертіп тұрған дыбыстарды салыстырып,мағынасын түсіндіру)

4-тапсырма.Сергіту сәті.

(үнтаспадан естіп,қимылын көрсету)

Маң-маң басқан,маң басқан,

Шудаларын шаң басқан.

Төрт аяғын тең басқан,

Екі өркешін қом басқан.

-Бұл жануарды кім таныды?

-Түйе.


5-6-тапсырма.Оқулықпен жұмыс.

Оқулықтағы 149,152-жаттығу.

7-тапсырма. Поэзия минуты.

Үнтаспадан М.Жұмабаевтың «Қарағым»өлеңі оқылады.

Қарағым оқу оқы,босқа жүрме!

Ойынға,құр қаларсың көңіл бөлме,

Жасынан оқу оқып,өнер қуған

Жан жетпес көңілі жүйрік кемеңгерге.

-Өлеңнің әрі қарай жалғасын кеспе қағаздардан оқиды.

-Нені түсіндік?

-Балаларға қандай өсиет айтады?

-Үнді дауыссыз дыбысы бар сөздерді атаңдар.

III. Рефлексиялық-бағалау кезеңі.

8-тапсырма. Суретпен жұмыс.

«Ойлан тап» (7 күн,7 түн суреті ілінеді)

-Суреттен нені түсіндік?

-«7 күн-1 апта .»

-Олай болса әр бір күнді өз атауымен атап,жасырынған дыбысты табайық.

1.Дүйсе □ бі 4.Бейсе □ бі

2.Сейсе □ бі 5.Жұма

3.Сәрсе □ бі 6.Се □ бі

7.Жексе □ бі

-Қандай дыбыстар жасырынған ?
Дауыссыз

«Н»


Үнді дыбысы
9-тапсырма.

Әр қатар өзіне берілген әріптен сөздер жазу :

Н-сөздің басында келетін (Нан,немере...)

Ң-сөздің соңында келетін ( аң,шаң ...)

Н-сөздің ортасында келетін (ана,пана ...

10-тапсырма.

Дыбыстарды сызба арқылы сәйкестендіру тесті.

Б Л
В М
Г Н
Ғ қатаң Ң
Д ұяң П
Ж үнді Р



З С
Й Т
К Ф
Қ Х
Ш Һ
Щ

П
Жұп дауыссыздар Қ-Ғ

К-Г

Осы дыбыстардан



Л-Р

Жұп емес дауыссыздар

Н-Ң

Өзін-өзі бағалау парағы бойынша оқушылар өз жауаптарын жинаған ұпайлары арқылы бағалайды.Әр тапсырмаға 5 ұпайдан беріледі.



45-50 ұпай-«5»

35-44 ұпай-«4»

25-34 ұпай-«3»

IV.Үйге тапсырма.3 деңгейде беріледі.

1.Міндетті деңгей.

154-жаттығуды көшіріп жазу.

2) Мүмкіндік деңгейі.

Н-ң әріптерін қатыстырып ,мақал-мәтел құрастыру.

Сабақ аяқталды.


Сабақтың тақырыбы: қой,ғой,қана, ғана, ақ шылаулары.

Мақсаты:оқушыларды қой,ғой,қана,ғана,ақ шылауларымен таныстырып,жазылу емлесін дұрыс қолдана білуге үйрету.

Оқушылардың шылау туралы алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана білуін дамыту.

Сауатты жазуға ұжымдық қарым-қатынасқа,адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі. топтастыру кестесі

Әдіс-тәсілі:топпен жұмыс, Венн диаграммасы,РАФТ,болашаққа болжау стратегиясы, эссе стратегиясы.

Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі.

-Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру.

2.Үй тапсырмасын тексеру.

-Өткен жарыс сабағындағы топтарға жеке-жеке тапсырма берілген.Соны тексеру.

1-топ.Сұңқарлар.

1.Мен,бен,пен,және шылаулары туралы не білеміз?

2.Осы шылауларды пайдалана отырып,«Көктем көрінісі» эссе жазу.

2-топ.Тұлпарлар.

1. Да, де, та, те шылаулары туралы не білеміз?

2.Осы шылауларды пайдалана отырып, аңдар туралы 4 жол өлең жазу.

3-топ.Қайсарлар.

1. Ма, ме, па,пе, ба,бе шылаулары туралы не білеміз?

2. «Әже мен немере» диалог жазу.

4-топ. Ерлер.

1.Үшін, туралы,дейін,шейін шылаулары туралы не білеміз?

2.Ситуациялық сурет салу.

Жаңа сабақ.

Екі оқушыны шығарып оқытамын. «Бала мен дәрігер».Дәрігер:

- Не себеппен келдің, балақай, айта ғой.

Бала:-шешем балмұздақ жемей–ақ қой деп еді. Мен тыңдамай жеп, тамағым ауырды.

Дәрігер:


- Әке-шешенің айтқанын әрқашан орындау керек қой.

Бала:-Әрқашан тыңдаушы едім,кеше ғана тыңдамай жеп қойып едім.

Дәрігер:-Бұл енді соңғы рет болсын.Мына дәрілермен 1 сағат сайын тамағыңды шайқа.

-Осы көріністен қандай шылауларды естідіңдер?

-Қой,ғой,қана,ғана,ақ

-Ондай болса, қазір осы шылаулар атымен жаңа топ құрамыз.

1-топ. «қой»-шылаулары

2-топ.«ғой» шылаулары

3-топ.«қана» шылаулары

4-топ.«ғана» шылаулары

Дәптерлеріңе бүгінгі күн ретін жазамыз.

-Балалар,«Бала мен дәрігер» диалогында бала мен дәрігер қандай мағынада көңіл-күйде айтылып тұр.

- Өкініш,өтініш,даралау мағынада айтылып тұр.

548-жаттығу. Әр топ бір сөйлемнен шығып таңдайды.

549-жаттығу. Әр топ сөйлем құрап , тақтаға жазады.

550-жаттығу.Сөйлем құрап,талдайды.

Сабақты бекіту.

1-топ.РАФТ стратегиясына шылауларды пайдалану.

2-топ.Көктем туралы 5 жолды өлең жазу. Жаңа шылауларды пайдалану.

3-топ.Венн диаграммасына салып, салыстыру.

Оқушыларды бағалау.Үйге тапсырма:Әр топ басшысы баға береді.
Сабақтың тақырыбы:Зат есім.

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға зат есім жайлы түсінік бере отырып,сұрақтар қоя білуге үйрету.

Жаңа технология элементтерін пайдалана отырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Сауатты,көркем жазуға,өзара ынтымақтастыққа,шапшаң ойлай білуге баулу.



Көрнекі-құралдар:интерактивті тақта,компьютер,Microsoft PowerPoint презентациясы, бағалауғаарналған көрнекіліктер

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:

Cабақтың ұраны:

Қазақ тілім-өз тілім дара тілім.

Абай,Мұқтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені

Болашағым,бақытым қазақ тілім

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

1) Психологиялық дайындық орындау.

Жарқырап күн де ашылды,


Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз,
Қайырлы күн!Сәлемдесіп аламыз.
Мақсатымыз- білім алу,
Міндетіміз- еңбектену
Еңбектену арқылы
“5 “- ке қолды жеткізу!

ІІ.Ой қозғау:

Біздің еліміз–ҚазақстанРеспубликасы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Ел болашағы-білімді ұрпақ»-деп сіздерге үлкен сенім білдіруде.Өздеріңіз білесіздер,Қазақстан жер көлемі үлкен,экономикасы мен мәдениеті дамыған ел.

Елбасымыз еліміздің әлі де қарыштап дамып, алдыңғы қатарлы 50 елдің қатарына қосылуына жұмыстануда.Қазір сендер кішкентай болғанмен, ертең еліміздің кемелденуіне,гүлденуіне үлес қосатын маман болып, еліміздің түкпір-түкпірінде еңбек

ететіндеріңе менің де сенімім мол.Сондықтан «біз әлі кішкентаймыз» демей,осы күннен мамандық таңдауды армандауымыз керек екен.Біздің бүгінгі сабағымыз да мамандық таңдауға байланысты.Іштеріңде қандай да болмасын мамандықты таңдап жүрген оқушылар бар ма?

Нағыз адам боламын!

Бүгін титтей баламын,

Әлі-ақ жігіт боламын.

Сонда, мүмкін, мен ғалым,

Әлде шофер болармын.

Ел сыйлайтын мұғалім,

Әлде шахтер болармын.

Сонда ұста, не артист,

Не дәрігер болармын.

Әлде,әлде,білсеңдер,

Жалғыз ғана талабым,

Ер жеткенде,ел сенер,

Нағыз адам боламын.

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1.Мамандықтың бәрі жақсы.Сол маман иелерінің барлығы ұстаздан білім алған.

Олай болса,мұғалім мамандығының тапсырмасына назар аударайық.

Мұғалімнің тапсырмасы: «Кім тапқыр?»




Сөз таптары

Зат есім

Сан есім

Сын есім

Етістік

алма

+










барды










+

жеті




+







қызыл







+




тарақ

+










оқыды










+

қоңыр







+




он




+








Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет