МАЗМҰНЫ
І. КІРІСПЕ БӨЛІМ________________________________________3
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ________________________________________
2.1. Бастауыш сыныпта көркем шығарманың кейбір түрлерін оқыту
__________________________________________________________
2.2. Мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылпаштарды оқыту арқылы тіл дамыту
_________________________________________________________
2.3. Ана тілі сабағында көркем шығармаларды оқытуда жаңа технологиялардың ерекшелігі және әдіс –тәсілдері
_________________________________________________________
2.4. «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы арқылы оқущылардың көркем шығарма оқуға қызығушылығын арттырудың тиімді жолдары
_________________________________________________________
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ_______________________________________
IV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ_____________
CӨЗДІК
Көркем шығарманы оқыту – оқушының сөз қадірін түсінерлік ойлау әрекетін дамыту, рухани дүниесін байыту, эстетикалық талғамын жетілдіру, адамгершілік қасиетін қалыптастыру.
Мысал -тұспалмен, ишарамен айтылатын жанр.
Мақал- мәтел- тәрбиелік мәні күшті, балаларды жақсылыққа баулап, жамандықтан аулақ болуға үгіттейтін өнегелі сөз.
Жұмбақ -халық шығармаларының ішіндегі ең ескі түрінің бірі және барлық халықтардың ауыз әдебиетіне ортақ түрі.
Ертегі -адам өмірінде, не хайуанат дүниесінде болуына лайық, әр алуан қызық, кейде тіпті ғажайып оқиғаларды ойдан шығарып, өсіре әңгімелейтін көркем баян, әсерлі хикая.
Өлең – шағын көлемді поэзиялық шығарма. Ырғағы мен ұйқасы қалыпқа түскен, шумағы мен бунағы белгілі тәртіпке бағынған нақысты сөздер тізбегі.
Сын тұрғысынан ойлау- педагогтың бағыттауымен оқушының өз бетінше білімді игеруі.
Эссе жазу әдісі – француз тілінен аударғанда «шағын көлемдегі ойталқы жазу», белгілі бір көріністен алған әсерін, белгілі бір сұрақ төңірегінде ойға түйгенін қағаз бетіне түсіру.
Инсерт-түртіп алу әдісі.
КІРІСПЕ
Оқушыларға әдебиеттің құдіретін, оның адам баласы жаратылғаннан бері бірге жасасып келе жатқандығын, мәңгілік жаңарып, жасарып отыратын үрдіс екенін айтып, түсіндіре отырып, сол әдебиетті жасаушылар, ақын – жазушылар туралы, олардың көркем шығармалары жайында айтуымыз керек.
«Көркем шығарма - әдебиеттің құндылығы. Көркем шығарманы оқыту – оқушының сөз қадірін түсінерлік ойлау әрекетін дамыту, рухани дүниесін байыту, эстетикалық талғамын жетілдіру, адамгершілік қасиетін қалыптастыру», - деген болатын әдебиет зерттеуші – ғалым, белгілі жазушы, ұлағатты ұстаз Қажым Жұмалиев.
Оқушы әдебиет сабағында көркем шығарманы қабылдау керек. Бұл – оңай үрдіс емес. Қабылдау деген сіз бере салғанды ол ала қоятын зат емес. Ол – оқушының өзінің жан қалауымен, жүрек сезімімен, рухани әрекетімен жүзеге асатын дүние.
Қандай жақсы көркем шығарма болмасын оқушы қабылдау үшін әрекет жасамаса, автордың жай күйзелісін, шалқар шабытын бойынан өткізіп, көркем суретті көз алдына елестетіп, келтіре алмаса бәрі бос сөз.
Оқушыдағы осы сезімді ояту – мұғалімнің қолында, яғни, оқушыға әдеби білім беру, әдеби, эстетикалық, адамгершілік қасиеттерін дамыту үшін мұғалім әдебиетті оқыту барысында әдіс – тәсілдерді орнымен қолдану қажет.
Әдебиетті оқыту – ғылым саласымен тығыз байланысқан. Себебі, ғылымның қай саласын алсаңыз да теориялық және қолданбалы практикалық мәндес болады деп білсек, әдебиетті оқыту арқылы оқушыға көркем шығарманы оқытуды қалыптастыру әрі теориялық, әрі қолданбалы жүйесін бірлікте қарастырумен қатар оның өнер екендігін де ескерген жөн. Өйткені, игерілуге тиісті ұғым, сөздің мәні, айтылмақ ой – түсінік оқушыға әсер етерліктей болса, ол тиісті деңгейде көңіл толқытып, тереңірек ойланады. Сондай – ақ әсер санаға ерекше ықпал етеді.
Зерттеудің өзектілігі: Әлемдік саяси аренада Қазақстан Республикасының өзіндік салмағын пайымдау оның ұлттық білім жүйесінің жоғары дәрежеде дамуымен байланысты. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев ел халқына Жолдауында «Қазақтың ел болуы, ұлт тағдыры – оның келешек мектебінің қалай болып құрылуына тіреледі.» - деп атап көрсетті.
Егемендіктің тұғыры тұрақталып, мемлекеттің іргесін нығайту және қазіргі уақыттағы жаһандану жағдайында ұлттық бірегейлікті, тұтастықты сақтау, ұлттық сананың сарқылмауы, тіл мен ділдің баянды болуы үшін мектеп қабырғасында елжандылық тәрбие идеяларының санасына дарытуда әдебиеттің алатын орны ерекше.
Әдебиет сабағындағы ең басты жұмыстардың біріне оқушылардың көркем шығарманы қабылдауы, одан әсер алуы, көркем туындыны бүкіл бітім – болмысымен түсіне білулері жатады. Яғни мұғалім осы мақсатпен ізденуі керек, осы мақсатта оны жүзеге асырудың ең тиімді деген әдіс – тәсілдерін сұрыптай отырып пайдалануы керек.Еліміздің өз тәуелділігіне қол жеткізіп, саяси - әлеуметтік және экономикалық дамудың жаңа кезеңіне қадам басқан уақытта терең білім, сауатты ұрпақ тәрбиелеу - негізгі міндеттердің бірі.
Зерттеудің мақсаты: оқушылардың рухани дүниесін байыта отырып эстетикалық, интеллектуалдық, көркемдік, сезімдік, адамгершілік, азаматтық тәрбие беру; оқырмандық тұрақты ынта – ықыласты, биік талғамды қалыптастыру; әдеби мұраны және онда бейнеленген құбылысты эстетикалық қабылдауына қажетті білім және біліктілікпен қаруландыру; логикалық ойын, ауызекі және жазбаша тіл мәдениетін қалыптастыру. Бір сөзбен айтқанда, жеке тұлғаны дамыту, қалыптастыру болып табылады.
Зерттеу міндеттері:
оқушының - көркем шығарманы оқуға деген қызығушылығын, ынтасын ояту, жоғары эстетикалық талғам мен қажеттілікті қалыптастыру;
оқушының сөз өнерінің ерекшеліктерін түсініп, тануға, ой көзімен зерделеуге негіз болатын білім, білік, икем – дағдылар қалыптастыру;
оқушының ойын сауатты ауызша (жазбаша) айта да, жаза да білу, байланыстырып сөйлеудегі тіл мәдениетін қалыптастыру және дамыту, өзіндік ой – пікірін дәйекті, жүйелі айта білуге баулу.
Зерттеу пәні: көркем шығарманы оқыту
Зерттеу нысанасы: көркем шығарманы оқыту арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру
Зерттеу құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, негізгі, қорытынды бөлімнен, пайдаланылған әдебиттер тізімінен, сөздіктен тұрады.
II. БАСТАУЫШ СЫНЫПТА КӨРКЕМ ШЫҒАРМАЛАРДЫҢ КЕЙБІР ТҮРЛЕРІН ОҚЫТУ
Бастауыш сыныптардағы оқу бағдарламасы көркем әдеби шығармаларды қамтыған. Әдеби шығарма, түрлі бейнелер, олардың іс-әрекеті арқылы өмірді түсінуге көмектеседі. Жазушының идеясы, көңіл-күйі шығарманың мазмұны арқылы оқушыға беріледі, сөйтіп оларда алуан түрлі сезім, ой туғызады, дүниеге көзқарасын қалыптастырады.
Көркем әдеби шығармалардың мұндай ерекшеліктері бастауыш сыныптарда олардың өзіндік әдістемесін қажет етеді.
Ертегілерді оқыту. Халық әділеттілік пен адамгершілікті, ақылдылық пен батырлықты ертеден-ақ өте жоғары бағалап, әңгімеге, ән-жырға арқау етіп отырған. Халықтың ауыздан-ауызға тарап, бізге жеткен ертегі, аңыз әңгімелерінің барлығында да ақылдылық пен ақымақтық, арамзалық пен адалдық, жақсылық пен жауыздық қатар көрсетіледі.
Ертегілердің тәрбиелік маңызы орасан зор. Ертегілерді оқу арқылы балалар қарапайымдылық, қішіпейілділік, қайырымдылық адалдық сияқты қасиеттерді бойына сіңіреді. Ертегінің тілі түсінікті, қанатты сөздер мен бейнелі тіркестерге бай болып келеді. К. Д. Ушинскийдің сөзімен айтқанда, ертегі оқушыны халық қазынасына ендіреді, халық рухымен араластырады.
Ертегілерді оқуда мыналар ескерілу қажет:
Ертегіні оқу барысында «бұл ойдан шығарылған,
өмірде кездеспейді» деудің қажеті жоқ, балықтың, жан-
жануарлардың сөйлемейтінін балалардың өздері де бі-
леді, бірақ ертегіде кездесетіндерді қиялдау оларды
көңілдендіреді, армандауға үйретеді.
Оқушыларды кейіпкерлерге қарапайым мінездеме
беруге үйретуде ертегілердің пайдасы мол. Ертегі кейіп-
керлеріне берілетін мінездеме әдетте бір-екі айқын бел-
гілерді көрсетіп, анық түсінікті болып келеді.
Қара сөзбен жазылған ертегілер мәтінге жақын үл-
гімен мазмұндалады. Кейде ертегіні оқымай-ақ, мұға-
лім оның, мазмұнын қызықты етіп айтып береді. Егер
артистердің орындауындағы фонохрестоматияны пай-
даланса, тіпті жақсы.
Ертегі балаларды жоспар жасауға үйрету үшін де өте қолайлы. Оны бөлімдерге бөлу, ат қою, қандай суреттер салуға болатынын анықтау т. б. осындай жұмыстарды II—III сынып оқушылары орындай алады. Ал IV сыныпта ертегіге өз беттерімен жоспар жасау тапсырылады.
4. Жануарлар туралы ертегілерді оқығанда дайындықтың онша керегі жок.
5. Қейбір ертегілерді пьесаға айналдырып, қуыршақ жасатып, сыныптан тыс сабақтарда балаларға орындатуға болады.
6. Ертегінің композициялық ерекшеліктеріне қарапайым түрде бақылау жүргізіп үйрету керек.
Ертегілерді балалар қызыға оқиды, олардың мазмұнын, бір оқығанда-ақ игереді. Сондықтан бірқатар ертегілерді оқығанда жалпы идеясын ғана әңгімелеп, мазмұнын үйден оқуға тапсыруға да болады.
Жұмбақтар мен мақал-мәтелдерді о қ у. Оқулықтарда жұмбақ,
мақал-мәтелдердің көпшілігі мәтіндердің аяғында беріледі, сонымен қатар бастауыш мектепке арналған жұмбақ, мақал-мәтелдер жинағы жоқ болғандықтан авторлар оқушылардың тілін ұштаудағы бұл материалдардың орасан зор маңызын еске алып, оқулықтарға бірсыпыра жұмбақ, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар енгізген. Бұл материалдар бір мезгілде бір кезеңде ғана оқылмайды. Мұғалім қандай да болмасын, бір мәтінмен жұмыс жасау барысында ол жұмбақтар мен мақал-мәтелдердің ішінен өтіп отырған материалының мазмұнына сай келетіндерін іріктеп пайдаланады. Немесе олардың кейбіреулерін үйге оқуға не жаттауға тапсырады. Мысалы, «Елдің ері» әңгімесін оқығаннан кейін, оқулықтағы мақал-мәтелдердің ішінен: «Ерлік білектен емес, жүректен», «Батыр туса, ел ырысы, жаңбыр жауса, жер ырысы», «Болат қайнауда шынығады, батыр майданда шынығады» немесе И.Крыловтың «Қарға мен түлкі» мысалын оқығанда «Өзі айлакер, өзі бір қу, жүрген жері бір айқай-шу» жұмбағын жаттатып, оның мәнісін түсіндіре кетудің яғни оның жүрген жері неге айқай-шу болатынын сұрап, анықтай отырудың артықтығы жоқ.
Мақал-мәтелдер мен жұмбақ, бір жағынан, балалардың өмірге көзқарасын кеңейтсе, екінші жағынан, сөздік қорын байытады.
К.Д.Ушинский бастауыш мектеп балаларына мақал-мәтел үйретудің пайдасын айта келіп, оның, қысқа да дәл және халықтың тамаша байырғы тілімен қандай да болмасын табиғат немесе адам тұрмысының шындық құбылысын сипаттайтынын көрсетеді.
Мақал-мәтелдер және жұмбақтар бойынша жұмыстар жүргізу үшін, кейде сиректеу болса да, жеке сабақ арнаудың да пайдасы мол. Мұндай сабақ ұйымдастыруда оларды белгілі бір тақырыпқа арнап, іріктеп, топтап алады.
Мақал-мәтелдер — тәрбиелік мәні күшті, балаларды жақсылыққа баулып, жамандықтан аулақ болуға үгіттейтін өнегелі сөз. Сондықтан әр мақалдың мағынасы талданып, соған қарай белгілі бір қорытынды жасалады.
Жұмбақтар бойынша жұмыс, негізінен, оның шешуін табу бағытында жүргізіледі. Ол үшін нәрселерді, құбылыстарды жұмбақтап айтылған белгілеріне қарай, іздестіру жолымен табу әдісі ұсынылады. Мұндай жағдай-да жұмбақталған нәрсенің жалпы қай салаға жататыны, қандай бағытта ізделінетіні айтылады. Мысалы, «іздесем, ізі жоқ, бауыздасам, қаны жоқ» жұмбағын шешу керек делік. Бұл нәрсені өзеннен, көлден іздеу керектігі, оның суда болатыны ескертіледі. Мұндай бағыт берілмеген жағдайда балаларға қиындық түседі.
Ал жұмбақтың құрамындағы метафоралық бейне сол жұмбақталған нәрсені іздестіріп табу барысында өз-өзінен ашылады. Мысалы, жоғарыда айтылған жұмбақты шешу барысында өзен, көлде болатын нәрселер іздестірілді. Балалар бірден суда болатын балық, бақа-шаян сияқтыларды айтады. Олардың ізі болмағанымен қаны болатыны, ал біздің жұмбағымыздағы нәрсенің қаны да, ізі де жоқтығы айтылады.
Жұмбақтың шешуі табылғаннан кейін, сұрақ-жауап арқылы метафралық бейне ашылады. Жұмбақта қандай із жөнінде айтылады? Мұндағы бауыздау сөзінің мағынасын қалай түсінуге болады? (қайықтың тұмсығымен су толқынын кесуі) т.с.с. немесе «Аяғы біреу, қолы жоқ, шиыр-шиыр жолы көп» жұмбағының құрамындағы сөздердің де әуелі тура мағынасы талданады: кез келген нәрсенің салған ізінің сөйлей алмайтындығы, салған іздің сөйлеуі дегеннің не екені сұралады. Осы арқылы бұл жұмбақталып отырғанды оқу құралдарының төңірегінен іздестіру керектігі айтылып, олардың ішінде қозғалатын, жүретін қандай нәрселердің бар екені ойластырылады. Егер балалар оны таба алмайтындай болса «Оқу құралдарының ішінде қайсыларында жол бар?» деген сияқты сұрақ арқылы дәптер мен кітапта жол болатыны анықталады. Сонан соң дәптердегі сызық жолдың сөйлей алмайтыны, сөйлейтін жол — жазу екені, жазу жолын қалам, қарындаш салатыны айқындалады. Жұмбақталған қарындаштың белгілерін балалар өздері табады. Жұмбақтағы «салған ізі» дегеннің жазған жазу екенін де айтады. Осы сияқты, екі-үш жұмбақтың шешуі талданып қөрсетілгеннен кейін, балалар өздері де заттың белгілерін жұмбақтап айтуға тырысады.
Мысалдарды оқыту. Әдеби шығармалардың басқа түрлерінен мысалдың мынадай өзгешеліктері бар: а)аллегориямен айтылатыны;
ә) мысалда белгілі бір үгіт, тәлім-тәрбиелік мән болатыны;
б) оның оқылу ерекшелігі. Осыдан келіп, мынадай әдістемелік сұрақ туады: мысалдағы аллегорияны ашу керек пе, жоқ па? Мұндай сұраққа жауап беру үшін, мысалдың сипатын, мазмұнын, оны балалардың қалай қабылдайтынын байқап қараған дұрыс.
Бастауыш сынып оқушылары мысалды оқығанда суреттелген оқиғаның тартымдылығына қызығады, оны шындық деп қабылдайды. Сондықтан мысалды оқып шығысымен, автордың ондағы суреттеп отырған жан- жануарлары кімдердің бейнесі, оны кім деп түсінесіңдер? дегендей, сұрақ қою қателік болар еді. Өйткені жұмысты мұндай әдіспен жүргізу — оқушылардың мысалды оқығанда алған әсерін жояды. Сондықтан балалардың одан алған әсерлері әлсіремей, қайта күшейе түсетіндей, мысалдағы кейіпкерлердің іс-әрекетін тереңірек ұғына түсуіне жағдай жасайтын әдіс-тәсілдер қарастырылады. Ол үшін алдымен мысалдағы суреттелген оқиғаны, қатысушы кейіпкерлерді шындық, өмірде болатындай етіп түсіндіру керек. Бұл айтылғаннан шығатын қорытынды: мысалдарды оқығанда көңіл қоятын жай — оқушыларға оның мазмұнын қабылдату және ондағы кейіпкерлердің іс-әрекетін талдау.
Мысалдардағы аллегорияны ашу жұмысын 4-сыныпта мынадай тәсілмен іске асыруға болады. Мұнда мысалда суреттелген оқиғаға ұқсас оқиға іздестіріледі. Айталық, И. А. Крыловтың «Қарға мен түлкі» мысалы оқыл-ғаннан қейін, біреудің қолындағы нәрсесін алдап алу өмірде кездесе ме дегендей сұрау қою арқылы, ондағы негізгі ойды түсінуге жеңілдік жасалады. Қейбір жағдайда мысалда суреттелген оқиғаға өмірде болатын ұқсас оқиға табу жұмысы мысал оқылмас бұрын, алдын ала дайындық әңгіменің барысында жүргізіледі.
Мысалдың екінші ерекшелігі — онда белгілі бір үгіт, тәлім-тәрбиелік мәні бар қорытынды пікір болатындығы. Ол қысқа түрде мәтіннің басында немесе аяғында беріледі
Мысал оқытуда осындай қорытынды пікірді пайдаланып, құрғақ сөзбен «Мұндай жаман мінез-құлықтан, іс-әрекеттен аулақ болу керек» деудің бастауыш сынып оқушыларына әсері шамалы болады. Ондай үгітті тіпті сол оқылып отырған мысалдан үзінді келтіре отырып айтқанда да, кішкене балалардың санасына бірден қона қояды деу қиын. Сондықтан мысал оқытуда онда айтылатын үгітті табуға тырыспай, оның кейіпкерлері мен сол кейіпкерлердің іс-әрекеті, өзара қарым-қатынасы, бір-біріне айтқан сөздеріндегі ой анық ашылуға тиіс. Осыған орай, мысалдан шығатын қорытынды пікірді оның мазмұны талданып болғаннан кейін оқуға болады.
Мысал оқытудың үшінші ерекшелігі — оны дауыстап оқу тәсілінде. Мысалдағы айтылатын сөз автордың атынан айтылмай, кейіпкердің атынан баяндалатын болса, сол кейіпкердің басындағы ерекшелігіне қарай, дауыс сазы да құбылып отырады.
Кейіпкерлердің мінез-құлқы мен автордың сөз қолдауына қарай, дауыс ырғағының құбылуы балалардың ынтасын арттырып, мысалдың кейбір жолдарын бір-екі оқығанда-ақ жаттап алуларына жағдай жасайды.
Қорыта айтқанда, мысалды төмендегідей жолдармен оқытуға болады:
Оқылатын мысал жөнінде мұғалім алдын ала әң-
гіме өткізеді; онда балаларға түсінігі ауырлық келтіре-
тін сөздердің (сол мысалдың ішінде кездесетін) кейбі-
реулерін кірістіре отырып, олардың мағыналарын аша
кетеді.
Мұғалім мысалды әуелі нақышына келтіре, өзі
оқиды, сонан кейін оқушыларға оқытады.
Мысалдың мазмұны талданылады.
К. Д. Ушинский ғылыми мақалаларды логикалық оқу деп атады. Бұл өте дұрыс. Өйткені ғылыми мақалалар көркем шығармалардай, бірден оқушының сезіміне әсер етіп, кейіпкерлердің іс-әрекетімен балаларды еріксіз ідіктіріп әкетпейді, зейінді, ерік күшін талап етеді.
Мақалаларда немесе очерктерде әдетте мүлде жаңа фактілер беріледі, сондықтан оқуға кіріспес бұрын міндетті түрде дайындық жүмысы керек. Мұнда бірде біз балаларды мақалалардан жаңа ұғым алуға дайындаймыз, яғни оқуға деген қызығушылық сезімі туып, мақаланы қабылдауға балалар толық дайындалады. Екіншіде балаларды мақаланы қабылдауға ғана дайындап қоймаймыз, дайындық кезінің өзінде білім береміз. Мысалы, «Ленин Смольныйға келеді» мақаласын оқымас бұрын: уақытша үкімет деген не? Смольный — қандай орын? Уақытша үкіметті неліктен құлату керек болды? Юнкерлер, буржуйлар кімдер? Бұл — қай кездегі уақиға? Бұл кезде Ленин қайда еді? т.с.с. мәселелер жөнінде түсінік бермей, мақаланы оқудың пайдасы аз.
Дайындық жұмысынан кейін мәтін оқылады. Егер мәтін қысқа болса, тұтас оқылады, мазмұнын айтуға дайындалады. Оқушылар мәтінді оқығаннан кейін берілетін сұрауларға жауап қайтарып, тапсырмаларды орындайды. Мұнда қандай сұрауларға жауап беретіндері дайындық кезінде ескертіледі.
Мақала оқылу барысында екі рет талданады. Бірінші оқығанда сөздердін, мағынасы, кейбір фактілер анықталып, бөлімдердегі басты ойды аңғару мәселелері жөнінде жұмыс жүргізілсе, екінші рет оқылғанда фактілердің, арасындағы байланыстарды табу, қорытынды жасау жұмыстары жүргізіледі. Кейбір жағдайларда мақаланың мазмұнын меңгерту үшін үшінші рет оқытуға болады.
Ғылыми мақалаларды оқытуда терминдер мен қорытындыларға ерекше көңіл аударылады. Терминдер, түсінуге ауыр сөздер қайта оқытылады. Дайындық жүмысы кезінде оларға берілген анықтамалар қайталанады, қортындылар талқыланады, егер қысқа болса, тақтаға жазылады.
2.1. МАҚАЛ-МӘТЕЛ, ЖҰМБАҚ, ЖАҢЫЛПАШТАРДЫ ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ ТІЛ ДАМЫТУ
Бастауыш сынып оқушыларның ауызша тілін дамыту мақсатында мәтінмен жасалатын шығармашылық жұмыс түрлерімен қатар мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылпаштармен жұмыс жүргізудің де орны ерекше. Бастауыш сыныпқа дейін бала бақшасынан да оқушылар біршама жұмбақ, жаңылпаштармен таныс болып келеді.
Халық көркем сөз бейнелігіне, тіл мәдениетіне сөздің әсерлігіне ертеден-ақ үлкен маңыз берген. Адамдар арасындағы қатынасқа сөздің ролін жоғары бағалаған ат-бабамыз жастарды тәрбиелеуге сөздің маңызын сөз бейнелігін орынды қолданудағы даналық ой-пікірлерін өсиет етіп қалдырған. Бұл ой-пікірлер мақал-мәтел арқылы қалыптасып, біздің заманымызға жеткен. Бастауыш сынып оқушылары жас ерекшеліктерін ескерсек, мақал-мәтелдің айтылу орамдылығы, тілге үйіріле кететіндігі, ұшқырлығы оларды қызықтырады. Олай болса, мақал –мәтелдерді үйретуде мұғалім белгілі көздеген мақсатты іске асыра алады. 4-сыныпқа арналған оқулықтың 205-бетінді «Ердің атын еңбек шығарады» деген мақалы қайталанып берілген. Тіпті, бір оқулықтың ішінде, мысалы «ана тілі» 4-сынып оқулығында «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» мақалы екі рет қайталанып берілген.
Көбіне оқулық авторларының мақал -мәтелдерді бастауыш сынып оқушыларына беру, ұсыну, үйрену ісінде негізінен мақал мәтелдің тақырыптық мәтінге ғана көңіл аударатындығына аңғарамыз. Бастауыш сынып оқушыларын мақал -мәтелдерді үйрету арқылы оқушылардың ауызша тілін дамыту жұмысы жүйесіз, бей берекетсіз, белгілі бір арнаға негіздеелмей істеле салатын жұмыс емес. Бастауыш сынып -баланың сөздік қоры байитын кез. Олай болса, тіл тазалығы, ой дәлдігінің атадан балаға мирас болып келе жатқан үлгілердің бірі -мақал-мәтелдерді меңгерту ісі де бастауыш сынып оқушыларының психологиялық еркешелігі, ана тілі оқулықтарында мәтінге қойылатын ортақ дидактикалық талаптардың мазмұны мақа мәтелге де қатысты. Мақал- мәтелдерде халық сөзді барынша үнемдеп қолданған, кейде сөз тасталынып, кейде сөйлемдер ығысады. Эксперимент сабақтарымызда, біздер оқушыға мақал- мәтел үлгілерінде қай сөз ықшамдалған, қай сөз біріңғай түрде айтылғандықтарын сұрай қою арқылы тапқызып, сөзді мақал мазмұнына сай қолдана алу дағдыларын да қалыптастыруға көңіл бөлінді. Мысалы, «ақыл жастан, асыл тастан» деген мақалында қимылды білдіретін «шығады» сөзінің түсіп қалғанын, «Өзім білем өрге апармас» деген мақалда «дегенің» сөзін қосуға болатындығын т.с.с. оқушылар өздері ойлап тапты. Мақал -мәтелдердің тура және ауыспалы мағынада қолданылатындығы белгілі.
Мақал -мәтелдердің өмірлік құбылыстар адамдардың қарым -қатынасы, іс -әрекеті туралы пікір бейнелі түрде беріледі. Ондағы айтылмақшы ой көп жағдайда астарлы түрде болады. Олай болса, бастауыш сынып оқушыларына бұл жайдың біраз қиындық келтіретінін ескеру керек. Әрине, ешбір астар, тұспалы жоқ мақалдарды сұрыптау қиын. Солай бола тұрса да, бірінші сынып оқушыларына ешқандай астар, ауыспалы мағына жоқ, ой ашық айтылған мақал -мәтелдерді үйреткен өз нәтижесін береді деген ойға келдік, эксперимент нәтижесі де соны көрсетті. Мәтелдерден гөрі таза таза мақал нұсқаларын оқулыққа көбірек беру керек деп ойлаймын.Сондықтан, 1-сыныпта балабақшаның даярлық сыныбындағы бағдарламаның мазмұнын ескеру, онда қандай мақалдарды үйренді дегенді, 2-сынып оқулығында 1-сынып көлеміндегі үйретілген мақал мәтелдердің санын , тақырыптық үлгілерін , тіпті құрылымдық үлгілерін де еске алу керек сияқты. Осылайша, әр сыныпта мақал- мәтелдерді үйрету сатылы түрде жеңілден- ауырға, белгіліден- белгісізге т.б. сияқты принциптерді сақтай жүргізілгені жөн болар еді.
Оқушылардың сөздік қорын молайту жөнінде оларды дұрыс сөйлеуге үйрету жолында өзімнің іс-тәжірибеме сүйене отырып, мынадай тәсілдер пайдаланамын:
- сөздік жұмыс (әңгімелеу,салыстыру,қайталау, сұрақ-жауап, анкеталар т.б.)
- көрнекі құралдар қолдану (сурет, бейне фильм т.б.)
Оқушының сөздік қорын молайту, жаңа сөздерді меңгеруде шешуші роль
атқаратын жұмыстың бірі-сөздік жұмысы. Осы сөздік жұмысты жүргізуде,
бекітуде, оны практикалық қолдана білуде ойынның атқаратын ролі ерекше.
Мақал-мәтелдің оқушыларға тәрбие берерлік жағы да, сөздік қорды толықтыру үшін теңдесі жоқ қазына. Мақал – сөздің мәйегі. Мәйек – бір қазан сүтті ашытатын ұйтқы, яғни қысқа да нұсқа айтылатын сөз, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, сөздің ұйытқысы. Мақал дегеніміз халықтың ғасырлар бойы өмірден, табиғаттан көрген – білгенін бейнелейтін шағын шығармасы, сөз өнері ... Мақал бейнелі сөз, тілі ұста, құрылысы тұрақты сөйлем. Сондықтан да ол жаттауға, есте сақтауға, пайдалануға оңай. Өйткені, қазақ мақалдарының құрылымы қысқа, өлеңге жуық, онда ұйқас бар, дыбыс үндестігі бар.
Мен өз қазақ тілі сабақтарымда оқушылардың тілін дамыту мақсатында мақал-мәтелдер арқылы бірнеше жұмыс түрлерін қолданамын:
антоним сөздерден жасалған мақалдарды тауып жазу,
Мысалы: «Жақсыдан шарапат, жаманнан кесапат»
« Тамыр болдың айтыс жоқ, қолдан бердің қайтыс жоқ»
« Алғыға қарап пікір ет, артқыға қарап шүкір ет.»
« Кәрліктің алды- жігіттіктің соңы»
« Адам бір терінің ішінде – толады да солады да»
антонимдердің қай сөз табынан жасалғанын айту,
Мысалы: жақсы –жаман (қандай? –сұраққа жауап береді) – сын есім
Айтыс-қайтыс (не?) - зат есім
Алғы-артқы - көмекші сөздер
Алды-соңы – көмекші сөздер
Толады- солады ( не істейді?) – етістік
қатыстық сын есімдерді бар мақалдарды жазу,
Мысалы: « Ақсақ қой түстен кейін маңырайды»
« Жақсы кісінің ашуы, жибек орамал кепкенше»
« Әдепсіз бала - аяққа басылған шала»
« Бақыр қазан қайнаса, бәріміздің бағымыз»
құрамында көмекші есім кездесетін мақалдарды тауып жазу,
Мысалы: «Ел іші – алтын бесік»
«Ырыс алды – ынтымак»
«Тау мен тасты су бұзар,
Ер арасын ку бұзар»
тәуелдік жалғаулы сөзі бар мақалдарды жазу,
Мысалы: « Жолы болар жігіттің, жеңгесі шығар алдынан»
«жеңгесі» - оның жеңгесі – тәуелдік жалғау,жекешк
түрінде, 3-жақ
« Жаманға айтқан ақылың, дала атқан оқпен тең»
«ақылың» - сенің ақылың – т.ж. 2- жақ,жекеше түрінде,
берілген мақалдардағы есімшелерді тауып және мақалдардың мазмұнын ашу,
Мысалы: «Бүлінген елден, бүлдіргі алма»
«Көпті жамандаган – көмусіз калар»
«Ата көрген ок жонар,
Ана көрген тон пішер»
мақал-мәтелдің қалған бөлігін тауып жазу және сөздерге морфологиялық талдау жасау,
Мысалы: «Сабыр түбі ...»
«Балалы үйдің ...»
«Ағайыныңды іске шакырма, ...»
мақал құрамындағы бір сөзді ғана атап, сол сөзі бар мақалды табу,
Мысал: « Тіл ...» «Тіл – қылыштан өткір»
« Өнер алды ...» «Өнер алды – қызыл тіл»
Сөздерді бір-бірімен байланыстыру үшін ең жиі қолданылатын көрсеткіш – септік жалғау, берілген мақал-мәтелдерді оқып, асты сызылған сөздердің қай септікте тұрғанын талдау жұмысын жасаймыз:
( Не? ) Оқу – білім бұлағы,
(Не? ) Білім – өмір шырағы.
( Кімнің?) Білімдінің алды жарық,
( Кімнің?) Білімсіздің күні ғаріп.
( Кімге?) Өнерліге өлім жоқ,
( Кімге?) Жалқауға жарық жоқ.
(Нені?) Өнерді үйрен де жирен.
( Қайда?) Ұяда не көрсең, ұшқанда соны аларсың.
( Кімнен?) Ұстаздан шәкірт озар.
Оқу ( немен?) инемен құдық қазғандай – секілді тапсырмалар жүргіземін.
Көрсетілген мақал мәтелдердің түрлі ойын элементтері арқылы берілгенін байқағандай, осындай элементтерді пайдалана отырып, оқушылардың ауызекі сөйлеу дағдыларын дамытуға мұғалім үшін өте тиімді - деп ойлаймын. Мұндай тапсырмаларды қызыға орындап, әрі грамматикалық мағынаның ерекшеліктері туралы білімдерін бекітуге, әрі мақал-мәтел арқылы сөздік қорларын толықтыруға ықпалды. Кез келген сөзді бір-бірімен байланыстыра, тіркестіре салуға болмайтындығын жете түсіндірген жөн. Мұндай жағдайда оқушылар мақалдарды құрғақ жаттап қана қоймай, оның мазмұнын, мағынасын ашуға, түсінуге талпынады. Әдетте, мақалдар жаттап алу үшін ғана бермеймін, әрбір мақалдың тура мағынасы мен ауыспалы мағынасын қатар түсіндіріп отырамын. Мұндай жағдайда оқушылар мақалдарды құрғақ жаттап қана қоймай, оның мазмұнын, мағынасын ашуға, түсінуге талаптанады. Тіл дамыту үшін сөздік жұмыстарына да көп көңіл қоя білу керек.
2.2. АНА ТІЛІ САБАҒЫНДА КӨРКЕМ ШЫҒАРМАЛАРДЫ ОҚЫТУДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ ЖӘНЕ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ
Ана тілінің баға жетпес құдіреті мен қуаты, адамды ерлікке, Отанын, туған халқын сүюге тәрбиелеудегі күшін кезінде К.Д.Ушинский: «Халық тілі – тарих шекарасынан әлдеқайда әріректен басталатыны, оның бүкіл рухани өмірінің еш уақытта солмайтын және өмір бойы қайтадан шешек атып тұратын тамаша гүлі. Тілде бүкіл халық, оның күллі елі – барлық, толық ойы мен сезімі туған елінің өлеңінде, әндерінде...» деп көрсеткен болатын .
Сондықтан да ана тілі бастауыш мектептерде ең негізгі пән болып есептеледі. Өйткені ана тілінде оқу-жазуға дағдылану арқылы басқа пәндерді оқып үйренуге жол ашылады. К.Д.Ушинский : «Ана тілін толық меңгермеген бала тарихты және жаратылыстану ғылымдарын үйренген кезде, теореманы, математикалық бір есепті өз сөзімен айтып бере алмай, дәл осындай күйге ұшырайды. Жаңа технологияларды енгізу арқылы оқу сапасы жақсарып, дамыта оқыту жүзеге асырылып, сабақ қарқыны жеделдетіліп, жеке тұлғамен жұмыс істей отырып, саралап, даралап, оқытуға мүмкіндік туады.
Ана тілі сабақты тиімді өткізуде оқушылардың танымдық белсенділігі арттады. Жаңа технология оқушының жеке өзіндік жұмыс атқаруына және ең бастысы оқушының білім жетістігін жақсартуға ықпал етеді. Сабақта жаңа технологияларды қолдану жеке тұлғаны жеделдете қарқынды, барлық сапаларымен сәйкес жан-жақты дамытуға бағыттап, құруға болады. Жаңа технологияларды пайдаланудағы сабақтың ерекшелігі оқушылардың өздері жаңалық ашуға ұмтылады, әрі ізденіп жауабын тауып, өз көзқарасын дәледейді.
Сабақ мақсатқа бағытталған мұғалім мен оқушылардың ұжымдық шығармашылық еңбегі деп қарастыруы керек. Сабақта оқыту мен тәрбиенің мақсаттары, міндеттері, жүзеге асырылады, оқушылардың ой-өрісі кеңиеді, қабілеті дамиды, көзқарасы, адамгершілік қасиеттері қалыптасады.
Ал, енді қазірде жаңа технологияларды пайдаланылып жүрген сабақ төмендегідей үш құрамдас бөліктен тұрады:
Оқу мақсаттарының қойылуы.
Оның шешудің жолын бірлесе қарастыру.
Шешемнің дұрыстығын дәлелдеу.
Бүгінгі таңда жаңа педагогикалық технологияларды сабаққа ендіру әрбір ұстаздың басты мақсаты болу керек. Себебі елімізге заман талабына сай қалыптан тыс ойлай алатын, шұғыл шешімдер қабылдай білетін, белсенді, шығармашыл азамат қажет.
Айтылғандарды қорыта келе, дәстүрлі оқыту балада білім, білік, дағды алуға қажетті ақыл, сана бар деп есептеп, сол ақылға дайын білімді құю керек деген көзқарас болса, ал жаңа технологияларды оқыту барысында бала бойындағы табиғи қабілеттерді жаңа белестерге көтеруді мақсат тұтатын ұстанымдарға негізделген оқытуды дербес жұмыс істеуге, алған білімді пайдалана білуге үйрету.
Қазірде ана тілі сабағанда жаңа технологияларды пайдалануда көркем шығармаларды оқытуда сабаққа мынадай талаптар қойылады:
А) дидактикалық;
Ә) дамытушылық;
Б) тәрбиелік;
В) гигиеналық;
Г) психолгиялық, ұйымдастырушылық талаптарды ескеру керек.
Сабақта оқушыға білім дайын күйінде беріле салмау керек. Мұғалім шеберлігі арқылы баланың білімді игеруге қызығушылығын ояту қажет. Ал, ол сұрақ әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы баланың алдына жан-жақты мақсат қойып, іске асыруына жол көрсетеді. Мұғалім сонымен, сабақ өту барысында педагогикалық шеберлігіне байланысты тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалана білу қажет. Тиімді әдістерді пайдалану барысыда оқушының білімге деген қызығушылығын одан әрі арттыруға, терең ойлау қабілетінің белсенділігін қалыптастыруға болады .
Мұғалім ана тілі сабағында қазірде қолданып жүрген белсенді оқыту әдістерді пайдалана білу керек.
Белсенді оқыту әдістері кластық-сабақтық жүйедегі оқу үдерісінде, мемлекеттік стандарттар мен бағдарламаларды өзгертуді талап етпей ешбір қиындықсыз қолдана алды.
Белсенді оқыту әдістері бүгінгі білім саласындағы гумандандыру, демократияландыру, жеке тұлғаны дамыту сияқты келелі мәселелерді шешуді қамтамасыз етеді;
Оқытудың белсенді әдістері білім алушылардың интеллектуалдық, шығармашылық деңгейін жоғарлатып, жекелігін қалыптастырады;
Белсенді оқыту әдістері мұғалімнің кәсіби шеберлігін арттырып, шығармашылық әлеуметінің дамуына және кәсіби әрекеттің шыңдалуына жол ашады.
Қазірде мұғалімдер көркем шығармаларды оқытуда пайдаланып жүрген әдістерге тоқталайық:
Көркем шығармаларды оқытуда ұтымды әдістердің бірі – ойын. Ойын әдісін сабақта қалай пайдалануға болатынын көрейік. Осы ойын әдісі арқылы оқу үдерісін жандандырып, сабақтың сапасын арттыруға толық мүмкіншілік бар. Баланың сөздік қорын молайтып, сөзді еркін, өз мағынасында қолдануға, тез, жылдам сөйлеуге жаттықтыруға таптырмайтын құрал.
Мысалы, «Жұмбақ шешу» ойыны оқушыларды тілін жаттықтырып, еске сақтау қабілеттін жетілдіре түседі. «Жұмбақ шешу» ойынын жарыс түрінде өткізуге болады. Жұмбақ ойыны баланы өздігінен ойлануына мүмкіндік беріледі, оларды дерексіз ойлаудан нақтылы ойлауға жетелей түседі.
Топпен жұмыс әдіс арқылы баланы ұжымда жұмыс істеуге, өз ойын ұжымда айта білу, өзін-өзі ұстай білуге үйрету. Мысалы, 2 сынып ана тілі сабағында М.Дулатовтың «Байлық» көркем шығармасын оқытуда мұғалім оқушыларды топқа бөледі. (Топпен жұмыс.) Оқушыларға сұрақтар жазылған карточкалар таратылады.
І топ: Жарлы жігітке сипаттама бер. Ұнай ма? Неге?
ІІ топ: Ұстазға мінездеме бер. Ұқсағыларың келе ме? Неге?
ІІІ топ: Бұл әңгіме туралы не ойлайсыңдар?
ІV топ: “Еңбексіз күнің жоқ” дегенді қалай түсінесіңдер?
V топ: Әңгіменің ұнаған жақсы жақтарын, ұнамаған жақтарын айтып бер.
VІ топ: Егер сендер жарлы жігіт (орнында) болсаңдар не істер едіңдер? деген сұрақтар төңірегінде оқушылар өз ойларын талқылап, сұраққа дұрыс жауап іздейді. Осы топпен жұмыста оқушылар жұбымен пікір бөліседі. Топпен пікірлер бөліседі, де әр топ ойларын ортаға салады, ой алмасады.
Ана тілі сабағында көркем шығарманы оқытуда тиімді әдістің бірі– проблемалық әдіс.
Оқушының алдына проблема қойып үйретуде мынадай қағиданы басшылыққа алдық:
Проблемалық жағдайдың бала көңіл-күйіне сәйкес келуін қадағалау;
Шешілетін проблеманың оқушы үшін маңызды болуы;
Оқушы мен мұғалімнің диалогының өзара түсіністік сипатта құрылуы.
Жалпы көркем шығарманың құрылымдық ерекшелігін түсіндіру проблемалық сұрақтардан тұрады. Талдау барысында «. көркем шығарманың мазмұнын тез түсіне аламыз ба?» деген проблемалық сұрақ туады. Мұғалім «неліктен олай ойлайсың» деген сұрағымен проблема нақтыланады
Сабақта қызықты да тартымды өткізу үшін тиімді әдістің бірі – итерактивті әдіс. Интерактивті әдіс бір уақытта бірнеше міндетті шешуге мүмкіндік береді.
Ол ең алдымен коммуникативтік іскерлік пен дағдыны дамытады. Тәрбиелік міндеттерді шешуге көмектеседі, себебі балалар топта жұмыс жасауға, бір-бірінің ойын тыңдауға үйренеді. Интерактивті әдіс мұғалім мен оқушының өзара әрекеттесуін өзгертеді, мұғалім белсенділігі, оқушы белсенділігімен ауысады.
Өлең құрастыру әдісі. Бұл жұмысты екі түрлі тәсіл арқылы жүргізуге болады.
а) дайын өлең жолын ұсынып, оқушыларға соны аяқтауды тапсыруға болады.
Мысалы, Ө.Тұрманжановтың «Туған өлкем» өлеңінде
«Неткен сұлу , неткен көркем,
Осы менің туған өлкем», - ұсынылған жолдар. т.б.
ә) дайын ұйқастар ұсынылады. Мысалы, «Күз»тақырыбына арнайы төмендегі ұйқас бойынша өлең құрастыру тапсырылады:
байлық,
алдық.
құс біткен
қалдық.
Оқушы тапсырмасының орындалу :
Күз – береке, күз байлық,
Күзде өнім мол алдық.
«Қош» айтысып құс біткен
Кеткен ұшып біз қалдық.
Эссе жазу әдісі. – француз тілінен аударғанда «шағын көлемдегі ойталқы жазу» яғни белгілі бір көріністен алған әсерін, белгілі бір сұрақ төңірегінде ойға түйгенін қағаз бетіне түсіру деген сөз. Эссені жаздыру ойдың сауатты түрде анық қалыптасуына, ой логикасының жүйелі сақталуына көмектеседі.
Эссені қолданудың төрт түрлі жағдайын анықтауға болады:
30-минуттық (бақылау) өзіндік жұмыс ретінде беріледі;
Жаңа материалды бекіту мақсатында 10 минуттық шығарма түрінде қолданылады.
Сабақ қортындысын шығару үшін және сабақта туған ойларды жазып шығу үшін қоланылады;
Эссені өзіндік шығармашылық тапсырма ретінде, үй жұмысына беруге болады.
2.3. «Сын тұрғыдан ойлау» технологиясы арқылы оқушылардың көркем шығарма оқуға қызығушылығын артырудың тиімді жолдары
Оқушылардың көркем әдебиетке қызығушылығын ояту – жас жеткіншектердің туған еліне, ана тіліне деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыратындығы белгілі. Бүгінгі таңда жастардың көркем әдебиетті оқуды әдетке айналдырмағандығын есепке ала отырып, көркем шығармаларды оқудың жаңа, тиімді жолдарын ұсынады.
Қазақтың кемеңгер ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы «Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек» деген болатын. Сондықтан да, қазіргі кезде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру деңгейіне жетуге ат салысуда. Бүгінгі мемлекет алдындағы басты міндет – білім беру жүйесін жаңарту болып отыр. Қазіргі білім беру саласында оқытудың жаңа технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болуы мүмкін емес. Осы мақсатта бастауыш сынып оқушыларына білім беруде «сыни тұрғыдан ойлау бағдарламасын» қолданамын.
«Сыни ойлау», бұл – американдық көптеген ғалымдардың алдыңғы қатарлы идеялары негізінде құрылған жоба. Шығыс даналығы былай дейді: «Маған айтсаң, ұмытып қалам, көрсетсең есімде қалар. Ал, өзім істесем, үйреніп алам». Яғни, баланың ынтасын жетелеу, қызығушылығын ояту арқылы оқыту, үйрету қажет деген сөз. Сыни тұрғыда ойлау – мұғалімнің бағыттауымен оқушының өз бетімен білімді игеруге, бір-бірімен қарым-қатынас жасауға тәрбиелейді. Ойлау да, оқу, жазу, сөйлеу және тыңдау сияқты іс-әрекет. Ол – белсенді, тұжырымдалған, күрделі шын ойды айтатын құбылыс. «Сыни тұрғыдан ойлау» бағдарламасымен оқытуда оқушылардың кестелер, суреттер, оқулық дәптермен жұмыс істеу іскерліктері де артады. Осы бағдарламамен оқыту нәтижесінде оқушылардың өзін-өзі бақылау, бағалау, сөйлеу, тыңдау қабілеттерінің артатыны байқалады.
ХХІ ғасырдың жан-жақты зерделі, дарынды, талантты адамын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында. Сондықтан да оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап, білімге , барлық оқу-әдістемелік жүйеге жаңа талап қойылды. Осы талаптарды ескере отырып, алдыма қойған мақсатым - оқушыны оқуға қызықтыратын, қабілетін арттыратын жағдай туғызу. Оның негізгісі - оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың ойлау дағдыларын жетілдіру, өздігінен білім алу процесінде бірлесе әрекет ету.
Демек, әр ұстаз, жас маман біріншіден, педагогикалық шығармашылық пен шеберлігін арттыру қажет, екіншіден әдістерді сол қалпында қолданбай,оны жағдайға байланысты тиімді сәйкестігін таба білу керек, үшіншіден, үздіксіз шығармашылық ізденісте болу керек, төртіншіден, сабақ заман талабына сай құрастырылған жөн.
Білім берудің жаңа мазмұны оқушы мен мұғалімді үздіксіз білім алуға қажеттілігін, жаңа білім игерудегі шығармашылық қарым-қатынасын, өз еркінше білім мен іскерліктерін қалыптастыруға негізделеді. Жаңа заман мұғалімі өз білімін қолданумен қатар, шәкірттерін зерттеушілік-ізденушілік әрекетін ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерін меңгеру керек. Алдыңғы сатыда ұстаздың өзі ізденімпаз болғаны аса маңызды.
Қазіргі таңда әдіс-тәсілдің тиімдісін мұғалім өз еркімен таңдайды. Қ.Жұбанов айтпақшы: «Егер мұғалім пәнді жақсы білсе, онда дұрыс әдісті де табады». Сондықтан түрлі әдіс-тәсілдерді саралай отырып, тиімдісін өзіндік ой еңбегімен ұштастыра алса, әр сабақ өз нәтижесін беретініне сенемін. Заман талабына сай шәкірт шығармашылығын дамытуға, мұғалімнің қажеттіліктеріне жан-жақты жауап беретін тиімді технологиялар шексіз. Тәжірибеде сол технологияларды қолдану, оңын-солын тану, зерттеу, пысықтап анализ жасау - әр ұстаздың міндеті.
Сыни ойлауды дамыту технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы білімнің дайын күйінде берілмеуі. Нақты жағдайда «мынаны былай жазу немесе айту керек » деп көрсетпей, оқушының өзінің шығармашылық ойлауының орын алуына мүмкіндік беру, шешім қабылдауға үйрету, жауапкершілігін артыру.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының ең басты өлшемі – оның тиімділігі, нәтижелігі, жаңашылдығы
|
Мақсаты:
|
Тиімділігі:
|
Нәтижесі:
|
Білім алуға ұмтылатын шәкіртке жол көрсету, оқуға қызығушылығын ояту, сабақта оқушыны ізденіске бағыттау, оның шығармашылық тұлғасын қалыптастыру.
|
Оқушыларды өз ойын еркін жеткізуге дайындау, сабақты өткізу барысында стратегиялардың барлығы үш кезең арқылы жүзеге асуы,мұғалімнің сапалы сабақ өткізуіне мүмкіндік туғызу,
ғылыми-теориялық тұжырымдамаларының тереңдігімен ерекшеленеді.
|
Оқушының қызығушылығын арттырады, іскерлік дағдысы, ойлау белсенділігі, тапқырлығы, өзіне деген сенімі қалыптасады, терең білім алуға жағдай жасап қана қоймай, коммуникативтік қатынасын қалыптастырады, оқушыны ізденіске жетелейді.
|
Технология құрылымы 3 кезеңнен тұрады:
Қызығушылықты ояту;
Мағына тану;
Ой-толғаныс.
І кезеңде алынған мәлімет жазылады, тыңдалынады, талқыланады, жұмыстар жеке – жұптаса – топтаса орындалады. Мысалы, қандай да тақырыпты өтпес бұрын оны баланың жас еркшелігін ескеріп, қызығушылығын арттыратындай өмірмен байланысы бар қарапайым әдістерді қолдануға болады. Әдебиет сабағында мәтіннің тақырыбын ашу үшін оқушылардың ассосациясын кестеге түсіруге болады. Оқушының ойын автор ойымен салыстыру үшін «Венн диаграммасын » пайдалануға болады. Бұл әдіс арқылы оқушы өз дербестігін, ұқсастығын ажырата алады.
ІІ кезеңде жаңа ақпараттарды шын мәнінде тұтынуға мүмкіндік (әр балаға таратып беру, фильм, дәріс, параграф материалдарын слайд түрінде, т.б.) беріледі. Бұл кезеңде жеке немесе жұптасқан түрде жұмыс жасатуға болады. Бұл фразада мынадай нәтижелерге жетуге болады:
Белсенді іс-әрекетте болу;
Басқалармен қарым-қатынас жасау;
Басқаларды тыңдай білу;
Қажет болса өз көзқарасын өзгерту;
Топтық тұжырымға келе білу;
Өз тұжырымын айта білу, қорғай білу...
Бұл сатыда мұғалімнің ізденісі мен шығармашылығына қарай әдіс-тәсілдерді түрлендіруге болады. Мысалы, әдебиет сабағында кез келген кейіпкердің мінезін «Жүрек кордиаграммасы» арқылы ашуға болады.
+ оң қасиеттері
Шығарма мен кейіпкерледің ұқсастығын мен ерекшелігін салыстыру үшін «Венн диаграммасын» қолдану тиімді. Сабақтың тақырыбына қарай түрлі кестелі тапсырмалар құрастыруға болады.
1 - кесте.
Білемін !
|
Жаңа білдім !!!
|
Білгім келеді?
|
|
|
|
|
|
|
кесте. «Түртіп алу әдісі» - INSERT
Білемін (V)
|
Жаңа ақпарат (+)
|
Мен олай ойламаймын (-)
|
Сұрағым бар (?)
|
|
|
|
|
кесте. Жұп кестесі.
Не? Қайда? Қашан?
|
Аргумент
|
|
|
кесте «Ішкі-сыртқы» стратегиясы
ІІІ кезең шығармашылық ізденіс, талдау, интерпретация және т.б. ақпаратты зерделеу жұмыстары жеке – жұппен - топпен атқарылады. Бұл кезеңнің оқушыға қоятын талабы жоғары. Сондықтан да оқушы сапалы білім мен шығармашылығын ұштастыра білу керек. Үшінші кезеңде шығармашылық жұмыс, зерттеу жұмыс, ғылыми жұмыстар ерекше орын алады. Мәселен, 4-сынып оқушыларының тапқырлығын анықтау барысында төмендегі тапсырманы бердім. Тапсырма: Суретті құрмалас сөйлеммен байланыстырып, қорытынды ой шығар (Өз сабағымда оқушылардың айтқан пікірлерін жазып отырмын). «Мидың» суреті... (Жауап: ...Адамның миы, басы жалғыз болғанмен, ойы сан қырлы болады, сол ойын құрмалас сөйлемдер арқылы сыртқа шығарады.) «Алтыбақан» суреті... (Жауап: ...Адамның өмірі алтыбақан сияқты қимыл-қозғалыс пен іс-әрекеттен тұрады. Сол қимылын бақылап тұратын алтыбақан сияқты, салалас пен сабақтас сөйлемнің мағыналық түрлері арқылы адам іс-әрекетінің мезгілін, себебін, шартын т.б. білдіреді.) «Сағаттың» суреті (...Адам өмірі сағаттың айналымындай қысқа, сағат тілі он екіге жеткенше адамның өмірінде түрлі ойлар туындап, түрлі істер іске асады. Біздің тілегіміз адамның сағаты тоқтамай, әр минуты мағыналы болсын демекпіз.)
6- сыныпта А. Яссауидің өмірі мен шығармашылын (Даналық кітап - Алланың қасиетін баяндайтын кітап) өткен кезде оқушыларға түрлі түсті қағаз беріп, осыдан бүгінгі сабақтың модулін құрастыруды сұрадым. Оқушылар берілген қағаздан күннің шуағын, Құран кітабын, адамның алақанын, жүректі ойып алып: «Жүрегінде Аллаға деген сенімі, иманы бар адамның тілегін Алла тағала қабыл етіп, нұрын жаудырады» деген ойларын ортаға салды. Осындай ой шеберлігін шынықтыратын тапсырмалар арқылы тың жаңалықтар да ашуға болады. Ол үшін мұғалім ізденіске жетелейтін зерттеу тақырыптарын беруге болады. Мысалы, «Асан қайғының Жерұйықты қазақ жерінен іздеу себептері мен болжамдары», «Махамбеттің ерлік философиясы», «Ғ. Мүсірепов шығармаларындағы аналар галереясы», т.б
Төмендегі кесте бойынша технологияға толық сипаттама беруге болады.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің әр түкпірінен жиналған білім берушілердің еңбектерінің жиынтығы
|
Оқытудың белсенді әдістері:
бағдарламалық оқыту,
проблемді оқыту,
пікірталас әдістері,
дөңгелек үстел,
іс ойыны,
Миға шабуыл,
Тренингтер
|
Оқу құрылымының үш кезеңі:
І фаза. Қызығушылығын ояту;
ІІ фаза. Мағына тану;
ІІІ фаза. Ой-толғаныс.
|
Сабаққа қойылатын талаптар:
Сабақтың мақсатын оқушылар өздері анықтау,
Проблемалық сұрақтарды шешу,
Топпен, жұппен, жеке жұмыс жасай алу,
Жаңалық қосып, басқаша шешім қабылдай алу,
Тапсырманы шығармашылқ жолмен орындау,
Өзін-өзі бағалау,
Дамытушылық деңгейдегі үй тапсырмасын орындау.
|
І фаза. Қызығушылық ояту, ми ояту, талпыну, іздену.
|
ІІ фаза. Жаңа ақпаратпен танысу, мағына тану, түртіп алу әдісі «INSERT», ақпараттық құралы, өнер қойылымдары, техникалық құралдар.
|
ІІІ фаза.
Ойын нақтылау, қорытындылау.
|
Оқушыларды қызықтыру мақсатында іс-тәжірибемде 6 сыныптағы «Менің атым Қожа» повестін оқыту барысында СТО технологиясының бірнеше стратегияларын пайдалану арқылы оқушылардың повесті қызыға оқығанының куәсі болдым. Мысалы, Қожа мен Жантасты салыстыра отырып ВЕНН диаграмасын, повесть кейіпкерлеріне жеке мінездеме беру стратегияларын пайдаландым. Стратегияларды ендіре жүріп, көркем мәтінді талдау жұмысында Блум сұрақтарын сараптау, салыстыру, жинақтау жұмыстарының маңыздылығына көз жеткізуге болады.
2сыныпта өткен «ана тілі» пәнінен өткен «Билер» тақырыбына арналған сабақта СТО стратегияларын қолдандым. Билер сөзіне топтастыру стратегиясын, синквейн, инсерт стратегияларын қолдандым.
әділ данышпан
шешен
беделді Билер тапқыр
ел құрметі
адал
ойланып сөйлеген
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту сабақтарының негізінде менің сабағымда оқушылар арасында:
- бір-бірінің пікірін тыңдау, сыйлауға ынтымақты қарым-қатынастың негізі қаланды;
- өзін жеке дара тұлға ретінде тануға жол ашуға;
- бір-біріне құрметпен қарауға;өз ойын ашық, еркін айтуға, пікір алмасуға;
- өзін-өзі, бірін-бірі бағалауға; мұғаліммен еркін сөйлесіп, пікір алмастыруға;
- достарының ойын тыңдай отырып, проблеманы шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге көмектесуге;
- белсенді шығармашылықты ойлауға негіз қаланды.
III. ҚОРЫТЫНДЫ
Бастауыш сынып оқушыларының ауызша тілін мәтінде оқыту барысында дамыту мәселесінің мұғалімдердің іс- тәжірибесінде берік орын алған түрлі жолдары, әдіс- тәсілдері бар екендігі белгілі. Олардың қатарына оқушы тілін кітап оқу арқылы дамыту, мәтін мазмұнын айтқызу, шығармашылық жұмыс түрлерін жүргізу, мақал- мәтел, жұмбақ, жаңылпаш, өлеңдерді оқу үйрету, жаттау арқылы тіл дамыту мәселелері алынды. Мақал- мәтелдерді үйрету, жұмбақты оқи және шеше, құрастыра білу, жаңылпашты үйрету деген жұмыстар орындалады. Мақал -мәтелдің, жұмбақ, жаңылпаштың төменгі сынып оқушыларының ауызша тілін дамытудағы орны, жүйелі, әдіс- тәсілдері арнайы зерттеу объектісі бола алады деп ойлаймын. Ана тілі сабағында көркем шығармаларды оқытуда жаңа технологияларды қолданғанда, оқушылар жұппен, топпен, жұмыс жасайды. Көркем шығармаларды оқытуда мұғалімдердің алдында тұрған міндеттері аса маңызды. Сондықтан да, әр бастауыш сынып мұғалімі өз алдында нақты бір бағытты анықтап алған жөн.
Оқушылардың көркем әдебиетке қызығушылығын ояту – жас жеткіншектердің туған еліне, ана тіліне деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыратындығы белгілі. Бүгінгі таңда жастардың көркем әдебиетті оқуды әдетке айналдырмағандығын есепке ала отырып, көркем шығармаларды оқудың жаңа, тиімді жолдарын ұсынады.
Қазақтың кемеңгер ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы «Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек» деген болатын. Сондықтан да, қазіргі кезде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру деңгейіне жетуге ат салысуда. Бүгінгі мемлекет алдындағы басты міндет – білім беру жүйесін жаңарту болып отыр. Қазіргі білім беру саласында оқытудың жаңа технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болуы мүмкін емес. Осы мақсатта бастауыш сынып оқушыларына білім беруде «сыни тұрғыдан ойлау бағдарламасын» қолданамын.
«Сыни ойлау», бұл – американдық көптеген ғалымдардың алдыңғы қатарлы идеялары негізінде құрылған жоба. Шығыс даналығы былай дейді: «Маған айтсаң, ұмытып қалам, көрсетсең есімде қалар. Ал, өзім істесем, үйреніп алам». Яғни, баланың ынтасын жетелеу, қызығушылығын ояту арқылы оқыту, үйрету қажет деген сөз. Сыни тұрғыда ойлау – мұғалімнің бағыттауымен оқушының өз бетімен білімді игеруге, бір-бірімен қарым-қатынас жасауға тәрбиелейді. Ойлау да, оқу, жазу, сөйлеу және тыңдау сияқты іс-әрекет. Ол – белсенді, тұжырымдалған, күрделі шын ойды айтатын құбылыс. «Сыни тұрғыдан ойлау» бағдарламасымен оқытуда оқушылардың кестелер, суреттер, оқулық дәптермен жұмыс істеу іскерліктері де артады. Осы бағдарламамен оқыту нәтижесінде оқушылардың өзін-өзі бақылау, бағалау, сөйлеу, тыңдау қабілеттерінің артатыны байқалады.
Инновациялық білім беру әдістемелерінің ішінде сын тұрғысынан ойлау технологиясы - тиімді құралдың бірі. Инновациялық білім - іскерліктің жаңа түрі. Инновациялық қызмет пәндердің мазмұнын тереңдетуге, ұстаздың кәсіптік шеберлігін арттыруға, оқу ісін дамытуға бағытталған. Ең бастысы, оқушыны келешек өмірге дайындап, білім-біліктерін, іскерлігін өмірде қолдауға жағдай жасайды..
Оқушылардың ана тілі пәніне деген қызығушылығын дамыту,ана тілі сабақтарында көркем шығармалардың оқытуда сөйлеу белсенділігін арттыру,өтілетін тақырыпқа байланысты оқушыларды өз бетінше мазмұндауға қызықтыру,мұғалім сабақ өту барысында осыдай әрүрлі әдістер пайдаланса, онда мұғалім өз алдына қойған міндеттеріне жетеді.
Қорыта айтқанда, бастауыш сынып оқушыларының ауызша тілін дамытуда халық ауыз әдебиетінің сарқылмас қазынасы мақал- мәтел, жұмбақ, жаңылпаш, ертегі, мысалдардың қосар үлесі мол. Ал оны әр сыныпта жүйелі, сатылы түрде үйрету, жаттату, қолданудың жүйелі дұрыс әдіс -тәсілдерін іздестіру дұрыс нәтиже береді демекпін.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
С.Рахметова. Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту методикасы – А.2005
Ш.Әуелбаев. Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту методикасы
С.Қазыбаев. Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту методикасы – А.1985
А.Қойшыбаева Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту әдістемесі –А.1996
М.Қараев. Қазақ тілі: педколледжге арналған – А.1993
Ғ.Қалиев, Н.Оралбаева, Б.Шалабаев, О.Төлегенов, Қазіргі қазақ тілі – А.1997
К.Аханов. тіл білімі – А.2000
С.Мырзабеков. қазақ тілінің дыбыс жүйесі – А.1999
М.Балақаев, Е.Жанпейісов, М.Томанов. қазақ тілінің стилистикасы – А.1974
Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі – А.2001
Емлесі қиын сөздер – 2001
Бітібаева Қ. «Әдебиетті оқыту әдістемесі» Алматы, «Рауан» 1997
Бітібаева Қ. «Әдебиет сабағының түрлері, үлгілері» Алматы, «Рауан», 1994
«Қазақстан мектебі» журналы №4, 2008
«Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде» журналы №4, 1997
«Әдебиет сабағын оқытудағы кейбір ізденістер» Алматы, «Мектеп»,1996
«Қазақстан мектебі» журналы №7, 2005
Байсақалова Ұ.«Әдебиет сабақтарындағы творчестволық жұмыс түрлері» Алматы, «Мектеп»,1985
«Мектеп директоры» журналы, №2 2004
Тебегенов Т. «Әдебиет тарихының мәселелері» ҚазҰПУ, 1998
«Әдебиет сабағының түрлері» ҚазҰУ хабаршысы, филология сериясы , №1, 2007
«Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы № 3, 2000
«Білім» журналы №4, 2008
«Әдебиет сабағында оқу арқылы қалай қызықтыруға болады?», Алматы, 2006
Айтбаева А.Т. «Педагогика» Алматы, «Алишер» 2012
Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. «Педагогика», Алматы, 2002
«Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде» журналы №7, 1999
Тебегенов Т. «Әдебиет сабағының түрлері» ҚазҰПУ, 2003
«Білім» журналы №5, 2008
Достарыңызбен бөлісу: |