Жалпы жағдайлар
3.1. Пәннің қысқаша мазмұны
«Ақпараттық модельдеу» пәні 5В060200-«Информатика» мамандығында оқитын студенттер үшін ақпараттық үрдістердегі негізгі модельдермен танысуға мүмкіндік береді. Ақпараттық модель ұғымдары және олардың түрлері мен мақсаттары дәріс сабақтарында беріледі және олармен жұмыс істеу реті зертханалық сабақтарында көрсетіледі.
3.2. Пәннің мақсаты
Курстың нақты мақсаты болып модельдеу әдістері негізінде қызметтегі есептерді шешу және талдау үшін теориялық және практикалық түрде студенттерге кешенді білім беру.
3.3. Пән міндеті:
Курстың негізгі міндеті – әртүрлі ақпараттық жүйелер үшін қазіргі заманғы ақпараттық модельдердің әдістерімен таныстыру.
3.4. Пәнді оқып, аяқтаған студенттер білуі және орындай алуы керек:
3.4.1 "Модель" және "модельдеу" ұғымдарын;
3.4.2 Ақпараттық модель ұғымын;
3.4.3 Модельдеу кезінде ДЭЕМ ді қолдану;
3.4.4 Ақпараттық модельдердің қолданыстарын;
3.4.5 Есептің экономика-математикалық моделін құра білу керек;
3.4.6 Есепті шешу кезінде мадематикалық модельдерді қолдану мақсатын түсіну;
3.4.7 Есептерді шешуде қолда бар стандартты программалық құралдар туралы түсінік болу керек;
3.4.8 Оқу әдебиетін өз бетімен оқып-үйрене алуы, логикалық ойлауын дамытуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |