Барлаудың дәстүрлі әдісі. Археологияның жаңадан пайда болған салалары барлау
жұмыстарына да өзгерістер әкелді. Әуе археологиясының негізгі жұмыс түрі-
археологиялық барлауға жатады. Аэрофотобейнелеу және биіктен түсірілген
суретке- дишифровка жасау арқылы жасырын археологиялық ескерткіштер тізімге
алынады, жоспарға түсіріледі. Әуе археологиясы арқылы тұтас барлау мақсаттары
жүзеге асады. Тізімге алынған ескерткіштер саны дәстүрлі барлаумен
салыстырғанда он еседей көп болуы мүмкін.Барлаудың осы әдісімен жер бетінде
сыртқы белгілері жоқ ескерткіштердің көбі табылады.
Барлауды аэрофотобейнеге түсіру арқылы да жүргізуге болады. Сол себепті,
барлаудың екі түрі қалыптасқан, олар:
дәстүрлі және
күрделі техникалық. Дәстүрлі – жаяу немесе көлікпен жүру арқылы барлау.
Күрделі техникалық барлауға жататындар: электрлі – жер астына тоқ жіберу
арқылы барлау; магнитті- жер астындағы магнит желісінің ауытқуларын тексеру
арқылы қазбай зерттеу әдісі; ұшақпен және су асты техникасымен барлау.
Барлауға Археология институтының Дала комитеті беретін ашық парақ арқылы
рұқсат етіледі.