Құрастырған: Жалпы тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер



Pdf көрінісі
бет2/104
Дата11.03.2022
өлшемі1,24 Mb.
#135256
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   104
Байланысты:
растыр ан

 
 
 
 
 
 
 
 


Археология пәні бойынша студенттерге 
арналған қысқаша дәрістер курсы.
Археология пәні мен міндеттері 
Жоспар: 
1.
Археология ғылымы және оның қалыптасуы. 
2.
Археология ғылымының ерекшеліктері 
3.
Археология ғылымының салалары мен бөлімдері. 
Кілт сөздер: 
заттай деректер, жазба деректер, антикварлық кезең, процессулдық 
археология, пост-процессуалдық археология, Орталық Қазақстан археологиялық 
экспедициясы, артефакт.
Археология – атауы ежелгі грек тіліндегі ἀρχαῖος — көне және λόγος — сөз, ілім 
деген қос сөзден тұратын ғылым.
Археология ғылымы заттай деректерді зерттеу арқылы адамазаттың өткен 
тарихының мәселелерін анықтап, шешеді. Қазіргі кезеңде ғылымдар қатарындағы 
археологияның орны туралы пікірталастар да жоқ емес. Біз осы пікірталастар 
жөнінде кейін толығырақ қарастырамыз.
Археолог ғалымдардың негізгі зерттеу нысандары – заттай деректер, олар өткен 
кезеңдерде өмір сүрген адамның өміріне және өліміне байланысты заттар, олардың 
табиғаты, қатары, ауқымы өте кең. Мысалға: ежелгі кезеңдерде өмір сүрген 
адамдардың еңбек құралдары, қару-жарақтары, зергерлік бұйымдар, діни-
ғұрыптарға арналған заттар, өнер туындылары, тасқа, басқа да заттарға салынған 
кескіндер, қорымдар, тұрақтар, қала орындары, ирригациялық жүйелер, бекіністер, 
қамалдар, кен орындары жән т.б. 
Археологиялық зерттеу тек заттай деректерді қолданумен шектеледі деген пікір 
жаңсақ болады. Археологиялық зерттеулер хат пайда болғанға дейінгі 
қоғамдардың тарихымен ғана айналысып қоймайды, жазба деректері бар, кейінгі 
кезеңдердің ескерткіштермен де айналысады. Бұл кезеңдерді сипаттайтын жазба 
деректерді археологиялық зерттеулерде заттай деректермен қатар қолдану 
зерттеулер кезінде ашылатын ғылыми жаңалықтардың объективтілігін
шынайылығын растап, айқындай, дәлелдей түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет