3.
Археологиялық барлау және қазба жұмыстарын жүргізу,
сол арқылы өз
мәліметтерін толықтыру.
4.
Өзіндік зерттеу әдістері бар.
Археология, сонымен, арғы дәуірлерді зерттеуді қолға алды және ол
дәуірлерді танудың өзіндік әдістерін қалыптастырды. Бүкіл
тас ғасыры, көптеген
аймақтардағы мыстытас,
қола ғасыры, ертетемір заманы,
ерте орта ғасырлар тек
қана археологиялық мәліметтер арқылы, археологиялық
зерттеу әдістерінің
күшімен зерттеледі. Сонымен бірге, жазу мәдениеті
дамыған аймақтар мен
замандар үшін де археология тарихты тануға өзінің зор үлесін қоса алады. Бұл
жағдайды есепке алғанда, археология тарихты
тарих ғылымы дамыған
орталықтарда жасалған жазба деректемелер арқылы жазудың олқылығын
толықтырады, тарихи даму туралы мейлінше әділ қорытындылар жасайды. Ежелгі
және орта
ғасырларды сипаттаумен қатар, кейінгі замандардағы құбылыстар мен
материалдық мәдениет белгілерін ашуға да жәрдемдеседі.
Достарыңызбен бөлісу: