2- тапсырма
(Ө) «Өзім жайлы» ойыны аясында: киімдегі түймелерді, үстелдегі борларды және т.б. заттарды санайды.
(Ұ) Оқулықпен жұмыс
Ережемен таныстыру
Санау бір санынан басталады. Заттарды бір,екі, үш,төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он деп санаймыз.Заттарды санаған кезде сандарды ретімен қалдырмай санайды .
Суреттегі заттарды санау
Сынып бөлмесіндегі парталарды, орындықтарды санау.
Сергіту сәті
- Мен қанша рет шапалақ ұрсам, сендер де сонша рет қайталап шапалақ ұрыңдар.
-Алақандарыңды төрт рет соғыңдар
-Аяқтарыңмен үш рет тарсылдатыңдар
Алақай! -деп үш рет айқайлаңдар.
3- тапсырма
(Ж) Сурет бойынша «Қанша» сөзін қатыстырып сұрақ құрастыр.
Терезенің жанында қанша бала отыр?
Қанша бала тақтаның алдында тұр?
Қанша қыздың шашы ұзын? т.с.с.
(Қ) Оқушылардың сұрақтар қою дағдысын және санау дағдысын бақылау арқылы бағалау.
«Шығарып көр»
Суретке қарап қанша дәптер, қанша альбом, қанша кітап, қанша түрлі түсті қарындаш екенін анықтау.
4-тапсырма
(Ұ) Орындап көр
Сенің партаңның үстінде қанша түрлі түсті қарындаш барын сана.
Сыныптағы қыздарды сана;
Сыныптағы ұл балаларды бір топқа тұрғызу арқылы сана.
Сыныптағы оқушылардың жолдорбасын сана
|
Оқулық
Цифрлар жазылған карточкалар
Қолдан жасалған карточкалар
Қазақша, орысша, ағылшынша сандар атауы жазылған карточкалар
Жұмыс дәптері
|