өзі мол тарихи түсінік беретіні анықталды. Сол арқылы уақытнамалық анықтаулар
жасалынып, табылған комплекстер бір мәдениет аясына біріктіріледі.
ХХ ғасыр археологиясында қалыптасқан әдістер мәдени қабатты тұтас
археологиялық ескерткіш ретінде қарастырады. Бір жерде бір немесе бірнеше
мәдени қабат болуы мүмкін. Бұзылмаған бөліктерде мәдени қабаттар көлденең,
жердің бұдырын қайталаған ретпен орналасады. Арасында таза немесе стерильді
белдеулер болуы мүмкін. Қатпарлар жоғарыдан төмен қарай зерттелуі керек. Аса
көлемді болса, шурф немесе траншея салынады.
Құрылыс топырақтың орналасу ретін бұзатыны белгілі, яғни түрлі құрылыстар
салу кезінде мәдени қыртыс бүлінеді, мұндайда уақытнамалық анықтама жасауға
құрылыс көкжиегі есепке алынады. Құрылыс көкжиегі жоғарыдан төменге қарай
рет санымен көрсетіледі.
Мәдени қабат
әлсіз
және
қуатты
болуы мүмкін. Неғұрлым қуатты мәдени
қабат қалалардың орындарында қалыптасады. Ол біртіндеп қалыңдайды. Бірнеше
ғасырар бойғы мекеннің мәдени қабаты айқын көрінеді.
Мәдени қабаттың қалыңдауына немесе жойылып кетуіне табиғат факторлары
барынша әсер етеді.
Ертетас заманындағы ескерткіштерде мәдени қабат көп кездеспейді, өйткені
тұрақтардың көпшілігі- қысқа мерзімді. Қазақстанда мәдени қабаты жақсы
қалыптасқан ертетас ескерткішінің бірі – Қаратау аймағындағы Қарасу (Ш.
Уәлиханов атындағы тұрақ).
Мола ескерткіштердің кейбірінде мәдени қабат болуы мүмкін. Мәселен,
қорған үйінділеріндегі құрбандық іздері, мал сүйектері, күл.
Мәдени қабатты зерттеу қиындығы – жер жұмыстарының ауқымдылығында.
Байырғы ірі мекендердің мәдени қабаттары толық зерттеліп шығуы үшін ұзақ
уақыт қажет. Мәселен, антик заманының әйгілі Помпей қаласы 18 ғ-дан бастап
қазылуда, жер жұмыстары әлі аяқталмаған. Қазақстанның орта ғасырлардағы
Отырар, Талғар, Далалық Ақтөбе қалалары да ондаған жылдар бойы қазылып
келеді.
Достарыңызбен бөлісу: