алуға болмайды. Қазу кезінде табылған заттар толық тазаланғанша орнында қалуы
тиіс. Қазу кезінде құрылыстар бүлінбеуі керек. Тереңдегенде қабырғалар құлап
кетпеу үшін тіреулер қою қажет. Ең маңыздысы – бұзбау, тек
жоспары салынған
соң қажетінше тереңдеу. Сөйтіп, құрылыс қатпарлары тексеріледі. Қазба
баспаналаларды ашу үшін ғана емес, олардың арасындағы жерлерді тексеруге де
ұйымдастырылады. Кейбір жағдайларда қоныстың
стратиграфиясы құрылыстар
арқылы анықталады.
Қазақстандағы қорымдардың көбі – қорғандар, ал қорғандар тізбек түрінде
кездеседі. Қола ғасырының қорғандары көбінесе
орталық құрылыс төңірегіне
топтала орналасады. Аралас конструкциямен салынған қорғандар жер
қорғандарына қарағанда көп.
Тасты және қиыршық тасты, малта тасты
үйінділерден тұрғызылғандары да кездеседі.
Қорғандар, әдетте,
секторлар бойынша қазылады, бұл әдіс жер қорғандарын
зерттеу үшін аса тиімді. Қорғандардың көлемі үлкен болса,
шеңберлеп қазу әдісі
қолданылуы мүмкін. Мұндайда қазу шеткі шеңберден басталады. Төрт сектормен
қазып шығу әдісі көптеген жағдайда ескерткіш ерекшеліктерін жақсы анықтауға
мүкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: