Палеолит. Қазақстан жеріндегі палеолит ескерткіштері Жоспар:
1.
Палеолиттің жалпы сипаты
2.
Төменгі палеолит. Олдувай кезеңі
3.
Ашель кезеңі
4.
Орта палеолит. Мустье кезеңі
5.
Жоғарғы палеолит.
6.
Қазақстан жеріндегі палеолит ескерткіштері
Кілт сөздер:
палеолит, Олдувай, ашель, мустье, жоғарғы палеолит, Палеолит (гр. Palaios – ежелгі және lithos – тас) – ежелгі тас ғасыры. Б. з. б.
2,6 млн. жылдан – б. з. б. 10 мың жыл аралығын қамтиды. Палеолит ғылымда
төменгі, ортаңғы және жоғарғы деп 3-ке бөлінеді. Төменгі немесе ежелгі палеолит
шамамен б. з. б. 2 млн-нан 140 мың жылға, ортаңғы палеолит 140 мыңнан
40 мыңыншы, ал жоғарғы немесе кейінгі палеолит 40 мыңнан 10 мың жылдыққа
дейін созылды. Ежелгі палеолит ірі-ірі 2 кезеңге (мәдениетке): олдувай (б. з. б.
2,6 млн. жыл – 700 мың жыл), ашель (б. з. б. 700 мың жыл – 150–120 мың жыл), ал
орта палеолит мустье (б. з. б. 150 – 120 мың жыл – 35 – 30 мың жыл) кезеңдеріне
бөлінеді. Соңғы палеолит б. з. б. 40 – 35 мыңжылдықтан басталып, 10 мыңжылмен
аяқталады.
Олдувай кезеңі /2 млн – 700 мин жылда/- негізінен ескерткіштері – Африка
жерінде
а/ үш түрлі еңбек құралдары бар – сфероидтар – немесе дөңгелек тас қарулар,
б/ тас қару /отщепы/ - бір шетінен ұсақ өңдеген.
в/ чоппер – Өткір жүзі бір жағынан ған өңделген.
Ашелль кезеңі /700 –150-120 мың жылдар/.
Жаңа еңбек құралдары /қол шапқы/ - ұзындығы 30-35 см. дейін келеді – бұл
қарумен адамдар ағаштың бұтағын шауып, қару даярлаған, аңның індерін немесе
өсімдіктің тамырын қазуға жұмсаған.
Ашелль ескерткіштері бұрынғы КСРО территориясында онша көп емес – олар
Кавказдан, Молдавиядан, Орта Азия, Қазақстан жерлерінен кездеседі.
Оның ішінде Кавказдағы Кударо-І ІІ-ІІІ, Цона, Абхазия деген үңгірдегі
қоныстар. Кейбіреулерінде тас қарулар даярлаған да, ал кейбіреуінде сүйек, сынған
қарулар, еңбек құралдары ғана табылады. Армения территориясындағы ашелль
қонысы – Сатани-Дар. Қарулар негізінен обсидианнан жасаған.