ЖИРЕНҚОПА МАҢЫНДАҒЫ БҰҒЫ ТАС
Антонов Мәди Ғарифоллаұлы
Ойыл қазақ орта мектебінің 9 «А» сынып оқушысы
Ғылыми жетекшісі: Кулмуханов М.Е.
Ертедегі көшпенділердің идеологиясы мен мәдениетінде бұғы тастардың алатын орны зор. Олардаң түрлері төртбұрышты, дөңгелек, жалпақ, жақсы қашалған немесе өңделмеген тас бағаналар немесе жалпақ тастар, солардың бетінде жануарлардың бейнелері және қару құралдары бейнеленген.
Бұғы тастары көбінесе (әсіресе) Тува, Байкал өзеінің маңында, Монғолия аймақтарындакеңінен таралған. Солтүстік Кавказ бен Солтүстік Қара теңіз жағалауында да осындай тастар бар. Оңтүстік Оралда бұғы тастардан жасалған бағандар және соған ұқсасмүсіндер қазба-байлықтары көзін толықтырады. Олардың саны саврамат кезінен бұрынғы заманғы ескерткіштерінен өте аз.
Осындай археологиялық нысанның бірі Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Қобда ауданынан табылған.
Табылған мүсінді 2010 жылы Ақтөбе халықаралық архелогииялық экспедициясы зерттеді, оның құрамында Ақтөбе облыстық тарих, этнография және археология орталығы, А. Х. Марғұлан атындағы археология институты, Герман археологиялық институты. Қазба жұмыстарын жүргізу кезінде ерте темір дәуірі кезіндегі ескерткіштер Елек өзенінің төменгі жағынан табылды. Архелогииялық жұмыстар барысында тасты мүсін қалпына келтіріліп аңыздағы « Қобыланды батырдың қайрақтасы » деп аталады.
Бүгінде аталмыш тас Ақтөбе облысының Солтүстік-батысында Жиренқопа « Қобыланды батыр » кешеніне қойылды. Жиренқопа тұрғыны А. Накештің айтунша (сөзіне қарағанда) Орынбормен шекаралас жерде табылған.
Басты мүсінің өзі бір қалыпты ұзын болып келген. Археолгиялық жұмыстар кезінде үш жерден сынған. Оның көлемі: ұзындығы - 3,43м, төменгі бөлігінің ені - 0,72м, жоғары бөлігінің ені - 0,44м, қалыңдығы -0,35м. Тастың жоғарғы беті квадрат (шаршы) типтес, төменгі жағы тік бұрышталып келген. Тастың ерекшелігі сол оң жақ бөлігі жоғарыға қарай майысқан, төмен қарай жіңішкірген және де бір қарағанда адам бейнесі берілгенімен элементері жоқ болғандықтан ұқсамайды. . Бірақ мүсінді жассаған шебер жоғарғы жағына ойық қалдырғада адам бас мүсінің бейнелегісі келуі мүмкін. Бірақ мүсін сынып қалғандықтан оны анықтау мүмкін болмай тұр.
Жиренқопадағы мүсіндерден зооморфтық бейнелер көрінбейді. Себебі, сапасы төмен, беті кедір-бұдыр болғандықтан зооморфтық және мәдени бейнелерді салу қиын. Бет жағында екі горизонтальды сызықтар бар, контррельфпен ара қашықтары өте үлкен, ара қашықтығы 1,47м. Төменгі сызықтан 40м жоғары диоетрі 5-7 болатын тесік бар. Жанынан қарағанда сызықта, бейнеде көрінбейді. Артқы беті сақтау мен анықталмаған.
Бейнелердің жоқ болуына байланысты мүсіннің түрін анықтау қиын болып тұр. Аталған тарихи мүсін морфологиялық « киммериялық » мүсіндерге жақын болып келеді (кейде әдебиетте оларда батыс аймағы немесе еуропалық бұғы тастары деп атаған) олар б.д.д. X-VIIғғ жатқызлады және скиф алдындағы дәуір алдындағы черногоровск пен новочеркаск тобына жатқызлады. Киммериялық мүсіннің таралу аймағы Оралдан шығыс Германияға дейін.
Әдетте олар бір қалыпты тас болған немесе ұзынша блок түрінде келеді. Түрі төртбұрыш тәріздес, шаршы немесе дөңгеленген мүсіндер сирек кездеседі. Қаралып отырған мүсіннің жоғары жағы дөңестеу, беткі бетінің ені, жағының көлемінен үлкен. Осы суреттемемен ақ « киммериялық » кезеңге келтіруге болады.
Зерттеліп отырған мүсіндегі бейне сызықтар әр түрлі түсіндіріледі. Осы бұғы тастағы мүсіндер үш жерге шоғырланған және де үш сызықпен бөлінген. Тастың бет пішіндес жоғарғы жағында үш сызық пен дөңгелек бар. Орталық бөлігінде негізгі бұғы бейнесі бейнеленеді. Төменгі жағы тартпамен бөлінген, қару-жарақтармен бейнеленген. Осы мүсіндердің мағынасын шешу барысында ғылыми ортада бір қалыпты жауап берілмеген.
Бір қатар ғалымдар мүсіндерден адам пішінен көріп отыр (Веселовский. Н.И. и.т.д).
Ольховскийдің пікіріңше мүсіндегі образ- образы және де әлемнің орталық нүктесінің идеясын жүзеге асыру- ағаш немесе ғарыш. Килуновской .М.Е пікірінше, мүсіндер үш бөлікті құрамы және горизонталь сызықтарымен үш аймаққа бөлінген, ол әлемнің үш бөлігіне ұқсау керек, Осындай үш бөлік, бірақ суретсіз Жиренқопадағы мүсінге келеді. Оңтүстік Орал аймағындағы осындай тасты мүсін белгілі. Ол үлкен Тұмар ( Тумаровского) қорғанынан табылған. Ол әдебиетерде әр түрлі уақытпен көрсетіледі.
Б.д.д. VII ғасыр аяғы мен VII ғасыр басы мүсіндердің пайда болу уақытымен шартты түрде белгіленген. Олар б.д.д. VIII-VII ғасырлармен тұспа тұс келеді. Осы уақыттан кейін Оңтүстік Орал аймағындағы көшпенділер антромерфтық мүсіндерді жасап қоя бастады. Оларға адамның бет әлпетінің элементтерін сала бастады.
Әдебиеттер тізімі:
Зуев В.Ю., Исмагилов Р.Б. Курганы у дер. Гумарово в Южном Приуралье // АПО. Вып. III. Оренбург, 1999.
Исмагилов Р.Б. Каменная стела и золотые олени из Гумарово // Скифо-сибирский мир. Искусство и идеология. Новосибирск, 1987.
Исмагилов Р.Б. Погребение Большого Гумаровского кургана в Южном Приуралье и проблема происхождения скифской культуры // АСГЭ. Вып. 29. Л., 1988.
Килуновская М.Е. Рисунки на скалах Тувы // А.В.: Сборник научных трудов в честь 60-летия А.В. Виноградова. С-П., 2007.
Маннай-Оол М.Х., Тува в скифское время (уюкская культура). М., 1970.
Ольховский В.С. Монументальная скульптура населения западной части евразийских степей эпохи раннего железа как исторический источник: автореф. диссертации на соискание ученой степени доктора исторических наук. М., 2001.
Таиров А.Д., Гуцалов С.Ю. О генезисе каменных антропоморфных изваяний арало-каспийского региона // Материалы по археологии волго-донских степей. Вып. 1. Волгоград, 2001
Членова Н.Л. Оленные камни как исторический источник. (На примере Сев. Кавказа). Новосибирск, 1984.
Достарыңызбен бөлісу: |