Құрастырған: Жалпы тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер


Археология ғылымының салалары мен бөлімдері



Pdf көрінісі
бет5/104
Дата11.03.2022
өлшемі1,24 Mb.
#135256
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   104
Байланысты:
растыр ан

Археология ғылымының салалары мен бөлімдері. 
Зерттелетін дәуірлерге 
байланысты, археология ғылымының салалары қалыптасқан.
1.
Әуелгі немесе ең көне заман археологиясы. Негізінен, тас ғасырымен 
шұғылданады. Тас ғасырының кезеңдерімен шұғылданатын салалары: 
ертетас, ортатас пен жаңатас археологиясы. Сонымен бірге, мыстытас, 
қола ғасыры археологиясы да осы салаға жатқызылады. 
2.
Ертетемір, антик заманының археологиясы. Біздің жағдайда – ежелгі 
көшпелілер археологиясы. 
3.
Ортағасырлық археология. Қазақстан жағдайында ортағасырлық қалалар 
мен көшпелілер мәдениеттері археологиясы. 
Зерттеу кезеңдері бойынша белгіленетін салалар: 
1.
Далалық археология. Ол ескерткішті орналасқан жерінде (жер бетінде, 
топырақ қабатында, су астында) барлап және қазып зерттейді.
2.
Лабораториялық (зертханалық) археология. Зертханаларда, ғылыми-
зерттеу мекемелерінде әр сала мамандарының қатысуымен жүргізіледі. 
Заттардың, деректемелердің физикалық, химиялық құрамы, ерекшелік 
қасиеттері танылады. 
3.
Теориялық археология. Зерттеулер қорытындыланады, тарих ғылымына 
қатысты жаңалықтар айтылады. Мұны кейде кабинеттік археология деп те 
атайды, өйткені бұл зерттеу кезеңінде археолог кәдімгі тарихъшы сияқты 
жұмыс істейді. 
Зерттеу әдістеріне байланысты археологияның жеке салаларын белгілеуге 
болады:
1.
Дәстүрлі археология. Бұл 18-20 ғғ. басындағы зерттеу әдістерінің және оны 
дамыту негізінде жүргізілетін зерттеулер. 
2.
Әуе археологиясы. Ескерткіштерді ұшақ, тік ұшақ арқылы зерттеу. 20 ғ. 20 
жылдарынан басталады ( ағылшын Кроуфорд), ал ғарыш аппараттары арқылы 
зерттеу осы күндері басталған.


3.
Су асты археологиясы. Теңіз жиектерінде (шельфтік аймақтар), көл, өзен 
астында қалған құрылыстар мен заттарды, суға батып кеткен кемелерді зерттеу. 
20 ғ. 20 жылдарынан басталған (француз Пуадебар). 
Ғылым саласы, оқу пәні ретінде археологияның бөлімдері: 
1.
Археологияға кіріспе. Негізгі деректемелері, ескерткіш түрлері, зерттеу әдістері 
қарастырылады және үйретіледі. 
2.
Археология тарихы.
3.
Археологиялық мәдениеттер (әлем, құрлық, аймақтар шеңберінде оқытылуы). 
Қазба адамдар, ең байырғы археологиялық мәдениеттерден бастап 
уақытнамалық ретпен мәдениеттердің алмасуын, олардың өзіндік түрлі 
белгілерін қарастырады. 
4.
Жеке 
бір 
мемлекет 
археологиясы. 
Археологиялық 
мәдениеттердің 
уақытнамалық ретпен белгілі бір мемлекет шеңберінде қарастырылуы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет