ГЛОССАРИЙ.
АБАШЕВ МӘДЕНИЕТІ
– б.з.д. 2-мңжлд. Қола ғасырның мәдениеті /Орманды
Дон, Еділ бойы, Орал тауы аймағы, Жайық өзенінің жоғарғы ағысы/.
АВСТРАЛОПИТЕК
– «оңтүстік маймыл», 5,5 млн. жыл бұрын пайда болып, 1,5-
2,0 млн жыл бұрын жойылып кеткен қазба адам алдындағы жан иесі. Бір
түсініктерде – ең көне қазба адам. Ми сыйымдылығы 500-600 см3 дейін. Түрлері:
бойс /зинджантроп/, африкалық. Дене бітімі жағынан өзінен кейінгі «шебер
адамға» /габилиске/ жақын. Сүйек табылмалары – Шығыс және Оңтүстік Африка.
АЛЛЮВИЙ
- өзендік қатпарлар. Жазықтағы аллювий құмдардан және ұсақ
жыныстардан, таулық – малтатастар мен ірі жұмыртастардан тұрады.
АЗЫХ
– Оңтүстік Кавказдағы ежелгі ертетас тұрағы бар үңгір.
АЛЬТАМИРА
– Испаниядағы ертетас дәуірінің суреттері табылған үңгір /1879/.
Достарыңызбен бөлісу: |