Құрастырған: Жалпы тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер


ХV ғ. ІІ-жарт. – ХVІІІ ғ. басындағы Қазақстан қалаларының мәдениеті



Pdf көрінісі
бет65/104
Дата11.03.2022
өлшемі1,24 Mb.
#135256
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   104
Байланысты:
растыр ан

ХV ғ. ІІ-жарт. – ХVІІІ ғ. басындағы Қазақстан қалаларының мәдениеті 
Қала саны, кейінгі орта ғасырлардағы қалалардың түрлері және топографиясы. 
Бұл кезең жазба деректерінде жақсы көрсетілген. Сырдарияның Яссы – Түркістан, 
Отырар, Сығанақ, Сауран, Созақ және Сайрам қалалары жақсы жазылған. Бұл 
кезде қалалар 20-ға дейін, ал кейін ХV-ХVІІІ ғ. 23 қала болған. 
ХV ғ. ІІ-жарт. жазба деректерінде Солтүстік Қаратаудың Ұрысаған, Сұғұлкент, 
Қумкент қалалары кездеспейді. Сырдың төменгі ағысында Жан-қала, Қыз-қала, 
Бұзықтөбе /Шілік/, Сырдың ортасы, Құйрықтөбе және Оксус өмір сүруін тоқтатты.
Сайрам, Сығанақ, Vзкент, Созақтың территориясы қысқарды. Оны тек, 
археологиялық материалдар ғана көрсетеді. ХVІ-ХVІІ ғғ. Сырдың солтсүтік 
жағалауындағы Аркук, Құджан, Аққорған, Vзкент экономикалық және саяси 
орталыққа айналды. Оңтүстік Қазақстанда Яссы- Түркістан қаласы жақсы дамыды, 
себебі Тимурдың Ахмед Яссауи кесенесін салғызуы, оның діни орталыққа 
айналуына себебін тигізді. Қала тимуридтердің, шайбанилықтардың негізгі 
қаласына айналып, кейін қазақ хандығының астанасы болды. 
Кейінгі орта ғасырлардағы қалалардың топографисында қаланың орталығы – 
«хисар» деп аталды. Г.А.Пугаченконың айтуынша, «хисар – қаланың негізгі 
орталығы, онда мешіт, басты рынок және қолөнер шеберханалары орналасқан». 
Кейде, хисармен қоса цитадель – қала қорғаныс бекінісі ретінде болған. Осындай 
бекіністер Яссы, Қараспан, Сүткент, Аққорған қалаларына тән. 
Жазба деректерінің авторлары қазақ қалаларына «шахр» деген терминді 
пайдаланады. Ол әкімшілік орталық болған Сайрам және Яссы қалаларына тән. 
Бүкіл қалаларға «балада» - қалашық және «наузи»- жериелену ауданы терминдерін 
қолданған. Ірі қалалар дәстүрлі тарихи – мәдени аудандарға бөлінді, ол: Сайрам – 
Талас Алатауының таулы бөлігі, Отырар – Арыстың төменгі жағы, Сауран – 
Сырдарияның орта тұсы, Сығанақ – Сырдың төменгі бөлігі, Созақ – Қаратаудың 
солтүстігі. Археологиялық қазбалар бұл қалаларда қолөнердің, темір балқыту, 
басқада өнеркәсіп түрлерінің дамығандығын көрсетеді.
Қаладағы үйлер. Бұл кездегі үйлер ХІV ғ. салыстырғанда әлдеқайда күрделі, 
бірнеше бөлмелерден, яғни 5-6 бөлмеден тұрған. Қазақтар ХІХ-ХХ ғғ. ауылды 
жерлерде қыста /қыстауға/ бір бөлмелі, ортасы жай 2-3 бөлмеге бөлінген үйлерде 
қыстаған. Қыста тұратын үйлердің бұрыштарында астық сақтаған, қабырғаларында 
«ойық» ыдыс-аяқ қойған. 
Кейінгі орта ғасырлардағы үйлер Оңтүстік Қазақстан аудандарында жақсы 
сақталған. Осындай үйлер: Түркістан, Қарнақ, Икан, Созақ, Шымкент, Сайрам, 


Манкент, Қарабұлақ, Қарамұрт жерлерінде кездеседі. Қалалардағы кварталдардың 
көлемі 1200-1800 кв.м. /орташа 1500 кв.м./. ХVІ-ХVІІ ғғ. қала территориясы 20 га 
немесе 200000 кв.м., осы жерде 100 квартал болған. Әрбір кварталда жеке 
семьяларға жататын 6-дан 12-ге дейін тұрғын үйлер болған. Кварталдарда орташа 
есеппен 45-тен 63 адам тұрған. Ал бүкіл қалада 4500-6300 адам болған. 
Осындай қола Сығанақтың көлемі /20 га/ және Созақтың көлемі /22 га/. 
Түркістанда көлемі 35 га, 170 квартал, яғни онда 9180 адам қоныстанды. 
Сайрам көлемі жағынан Отырардан екі есе артық, онда 7560 адам болған. 
Қарасыманда /6 га/, Икан /6,7 га/, Қарнақ /4,5 га/, Қарашұқ /5 га/, Сүткент /6 га/, 
Аркук /7 га/, Котан /7 га/, Vзкент /9 га/, Аққорған /8 га/, оларда 1500-ден 2000 адам 
тұрды, кварталдар 20-дан 40-қа дейін кездеседі. Йаганкент, Сури, Йункент, 
Құджан, Қарақұрын көлемі 1-2 га жерде, 800-ден 1000 адамға дейін қоныстанған. 
Сонымен, ХVІ-ХVІІ ғғ. Қазақстандағы қала халықы 70000 адам болған. Қазақ 
хандығында, Қасым хан тұсында /ХVІ ғ. бас./ 1 мил. адамға өмір сүрген.
Сауда. Жаңа транзиттік сауданың дамуын Орталық Азия және Ресейдің сауда 
қатынастарынан көруге болады. Ресей мемлекеті Орталық Азиядан мата, мақта, 
бағалы тастар, шығыс қаруын алып, Қазақстанға өздері мата, атлас, айна, күміс 
әкелді. Сауда керуендері Қазақстан қалалары арқылы Созақ, Қарашық, Түркістан 
барған, Рузбихан Сығанақты Дешті-Қыпшақтың сауда орталығы деп санайды. 
Халықаралық және мемлекет аралық сауданың дамуын Сырдария қалаларын 
табылған нумизматикалық монеталардан көруге болады. Отырарда екі түрлі мыс 
ақшалар шығарылды, біріншісі Яссы және Ташкент, ал екіншісіне ортаазиялық 
қалалардың ақшалары /Бұхара, Самарқанд/. Яссы қаласында Абдоллах ІІ /1560-
1583 жж./ әкесі Ескендір хан атынан күміс ақша шығарылды. 
Қалалардан ХVІІ-ХVІІІ ғғ. жататын мыс, күміс, ақшалар көптеп кездеседі. 
Олардың бір жағында аңның, екінші жағында құстың бейнесі бар. Мыстан 
жасалған ақшалардың ішінде 1655-1663 жж. жататын орыс патшасы Алексей 
Михайловичтің атымен шығарылған тиындар басты рөл атқарған. 
Егіншілік. Орта ғасырда егіншілік басты рөл атқарды. Түркістан өте бай 
өлкенің бірі болды. Көптеген жерлерге каналдар қазылып, суармалы егіншілік 
дамыды. Рузбиханның айтуынша, Сығанаққа су Сейхун арықтарымен келеді. 
Сығанақта Қызылтас, Шекіл-Торғай, Ордакент, Жолақ, Мең-Бұлақ, Арсланды және 
Тохтамыш, Хараш бұлақтары бар. Сайрам жеріне сулар Ақсу, Сайрамсу, Бүгін 
арқылы келген. Жазба деректерінде Сайрамда бидай, арпа, жүгері дақылдарын 
еккен. 
Отырар даласы ХV-ХVІІІ ғғ. Арыстан 10 км. метрдегі Шаульдер арқылы 
келетін Тимур – Арықтан су алған. Осының барлығы Сыр өңіріндегі халықтардың 
өмірінде егіншілік қандай орын алатындығын көрсетеді. 


Қала мәдениетінің даму жолда.ы Бұл кездегі үйлер күйдірілген кірпіштен 
салынып, арнайы керамикалық плиталар орнатылған. Сонымен қатар бұл кезде жер 
ошақтар салынған. 
Қаланың көркемдік, әсемдігіне мешіттерді жатқызуға болады. Сол сияқты 
моншалар қала өмірінде басты рөл атқарды. 
Өсімдіктердің, соның ішінде гүлдердің көптеген түрлері, оған: лилия, роза, 
тюльпан, жүзім жапырақтары көркем өнерде кеңінен пайдаланылды. 
Мыс және күмістен көптеген әшекей заттарын жасады. Оларды қазақтардың 
сырға, сақина сияқты әшекей заттарын жасаған. Сонымен ХV-ХVІІІ ғғ. мәдениетті 
дәстүрлі деп атаймыз. Себебі, бұл кездегі көптеген заттар қазақтың кейінгі 
мәдениетінің бір бөлігі ретінде саналады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет