Құрастырған: Жалпы тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер


Қазақстандағы ортағасырлық қалалардың археологиясы



Pdf көрінісі
бет62/104
Дата11.03.2022
өлшемі1,24 Mb.
#135256
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   104
Байланысты:
растыр ан

 Қазақстандағы ортағасырлық қалалардың археологиясы 
Жоспары: 
1. VІ-ІХ ғғ. І-жартысындағы қалалар және қоныстар 
2. ІХ-ХІІІ ғғ. басындағы қалалар және қоныстар 
3. ХІІІ-ХV ғғ. І-жартысында Қазақстанның қала мәдениеті 
4. ХV ғ. ІІ-жарт. – ХVІІІ ғ. басындағы Қазақстан қалаларының мәдениеті 
Қазақстанның кең байтақ жерінде отырықшылықты білдіретін және қала 
мәдениетінің қалыптасқандығын көрсететін ірі аймақтар осы кезеңдерде қалыптаса 
бастады. Солардың бірі Оңтүстік Қазақстанның мен Жетісу аймақтары еді. 
Оңтүстік Қазақстан негізгі бөлігін Сырдария алып жатыр. VІІ ғ. Сырдарияның 
атауы Яксарт болса, кейін Сейхун, Кангар, Гюль-Зарриун, Иншу-Оғыз деп аталып, 
ХVІ ғ. өзінің алғашқы атауы «Сыр» деп аталды. 
Жетісу екі тарихи-мәдени аудандарға бөлінеді. Ол Оңтүстік-Батыс Жетісу 
құрамына; Шу және Талас аңғарлары кірсе, екіншісі Солтүстік-Шығыс, оған Іле 
аймағы кірді. Бірінші аудандардың Солтүстік шекаралары Мойынқұм, Оңтүстік 
Талас, Қырғыз Алатауы, Шығыс Шу, Іле таулы аймақтарымен шектескен. Талас 


аңғарына Қырғыз Алатауды, Қаратау жерлері таулы және жазық болып бөлінген. 
Шу аймағы мал шаруашылығымен аймалысуға өте ыңғайлы болды. 
Солтүстік-Шығыс Жетісудың оңтүстік және оңтүстік-шығыс жағын Жоңғар 
Алатауы, Солтүстік Балқаш, Шығыс Алакөл, Батыс Шу, Іле тауларын қоршалып 
жатыр. Бұл жерлерде шаруашылықтың қандай түрімен айналысса да ыңғайлы, 
себебі, жері құнарлы, өзен-көлдерге бай алқап. Отырықшылықпен Ертіс 
жағалауындағы халықтар, Тарбағатай таулары, Ұлытау, Орталық және Батыс 
Қазақстан жерлері айналысқан. Бірақ, жердің игеріліп, қала мәдениетінің жақсы 
дамыған жерлері. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу жері. 
Отырықшы және көшпелі халықтардың қарым-қатынасы ғалымда ең бір 
қиындықтар туғызып отырған мәселенің бірі. Көшпелілер отырықшы аймақтарға, 
дамып келе жатқан қала мәдениетіне кері әсерін тигізді деген пайымдаулар бар. 
Негізінен көшпелілер үнемі отырықшы аудандарға шабуыл жасап, қалаларды 
қиратып отырды деген психология қалыптасқан. Осындай ойдағы ғалымдар 
өздерінің еңбектерінде көшпенділердің жаман жақтарын атап көрсеткен. 
Көшпенділер өз жауларына қатал, басқалардан сыйлықтар талап етеді, десе, 
кейбіреулері ертедегі аңыздардағы жылқы іспеттес адам-кентаворлар сияқты деп 
көрсеткен. 
Көптеген зерттеушілер көшпелі халықтардың жақсы жақтарын, әсіресе, салт-
дәстүрін, үлкенді құрметтеуін, қонақжайлығын, туысқындығын, бостандықты 
жақсы көретіндігін атап көрсеткен. Сондай-ақ, бай, ақсүйектер ғана қатыспай, 
бүкіл халық, батырлар қатысатын жиындарда өздерінің ұлы хандырын 
сайлайтындығын абыроймен, мақтанышпен айтқан. 
Бірақ, «көшпелілер өмірін» алып қарағанда, олардың отырықшы қала халқымен 
үздіксіз байланыс үстінде болғандығын атап айтуға болады. Олардың арасында 
ғасырлар бойы мәдени, экономикалық қатынастар арнаған. Сауда қатынастары, 
мал өнімдеріне деген сұраныс мал шаруашылығының дамуына әсер етті. 
Әрине, көшпелілер мен жер иеленушілердің қатынастары үнемі бейбітшілікте 
болмады. Сақталған тарихи деректерге қарағанда көшпелілердің отырықшы 
аудандарға шабуылы аз болмады.
Сондай-ақ көшпелілер мен отырықшылардың бірігіп өз жауларына қарсы 
шыққандығы жөнінде деректер сақталған. VІІІ ғ. басындағы түрік-соғды 
халықтары бірігіп араб жаулаушыларынан Шаш және Ферғана қалаларын азат етті. 
Қазақстанның отырықшы аудандары мен Орта Азиялық көшпелілердің тығыз ара 
қатынасын экономикалық жағдайлардан көруге болады. Олардың бейбіт 


қатынастары арқасында, бір мемлекеттің аясына біріккен халықтардың 
экономикасы қарқынды дамыды. 
Ерте және орта ғасырларда әр түрлі жағдайларға байланысты, көшпелі 
халықтар отырықшы қала өміріне көшкен. 
Түрік-соғды синтезі. Жетісу қалаларын алғаш сипаттаған будда дінінің пір 
тұтушысы Сюань-Цзяню болды. Ол осы жерден 680 ж. өткенде: «500 ли жердегі 
Суй-е /Суййап, Суяб/ өзенінің жағалауындағы қалаға келдім. Бұл қаланың жалпы 
аумағы 6-7 ли. Мұнда әр түрлі жақтан келген саудагерлер тұрады. Суй-е дан 
батысқа қарай өзінің басшылары бар бірнеше ондаған қалалар орналасқан. Олар 
бір-біріне тәуелді болмаса да, барлығы бір орталыққа бағынады. Суйе қаласынан 
Гәшуанға /Кушанға/ дейінгі жерлерде осы сияқты /сули/ аты бар халық 
қоныстанған».
В. Бартольд тарихи жазба деректерінде сүйеніп, мынандай қорытындыға 
келген: Жетісу жеріндегі жер иелену мәдениетінің дамуы, соғдылардың жаулап 
алуымен байланысты. А. Бернштам Жетісудағы отырықшы мәдениеттің 
ескерткіштері-соғдылардікі, ал көшпелілердің ескерткіштері – түріктердікі деген. 
С.Кляштор Жетісудағы соғдылардың одақтас қалаларының болғандығын және 
олардың жеке саяси, экономикалық қатынастары орнағандығын айтқан. 
Жетісуда қала мәдениетінің қалыптасуы халықтардың қоныстануымен тікелей 
байланысты. Г. Агеева Оңтүстік Қазақстан және Жетісу туралы: «бұл жерлер 
соғдыларға және хорезмдіктерге қарамады, олардың өзі жеке Орта Азия 
халықтарының дамуына әсер етті»,- деген. Т. Сениговтың айтуынша, «Тараз және 
оның маңайындағы халықтар түрік-қарлұқ тайпаларынан шыққан». 
Жетісудағы қала мәдениетінің дамуы туралы ойларды, тек, этникалық және 
мәдени талдаулар жасау арқылы ғана шешуге болады. 
Соғдылардың мәдени аймақтары ерте орта ғасырдағы қала мәдениетімен 
тікелей байланысты. Олардағы қалалардың шаруашылығы, сауда қатынастарының 
дамығандығын көруге болады. Археологиялық қазбалар нәтижесінде табылған 
қыштан жасалған заттар, монеталар, жерлеу орындарындағы ерекшеліктер қала 
тұрмысының қалыптасқандығын көрсетеді. 
Жетісу жеріндегі соғды мәдениетінің қалыптасуы, бұл жерлерге үздіксіз 
соғдылардың қоныстануымен байланысты. Олар Хамрахат, Навахет, Бунджикат 
қалаларын салды. 


Жетісудағы соғды мәдениетімен қатар, Оңтүстік Қазақстан және 
Мавераннахрда түрік мәдениеті қалыптасты. Ол жердегі археологиялық 
қазбалардан темірден жасалған ыдыстар, қару-жарақтар, руна жазбалары бар 
заттар табылды. Осының нәтижесінде, VІ ғ.- ІХ ғ. І-жартысында Жетісу және Орта 
Азияда қалыптасқан мәдениетті түрік-соғды мәдениеті деп аталады. Мавераннахр 
және Жетісудағы қалалардың мәдениеттері бірдей. 
В.Массон, Сюань-Цзянның жазбасындағы Су-ли /Согд/ қаласының белгілі бір 
саяси-географиялық немесе этникалық шекарасы белгіленбеген, Шудан Байсун 
тауларына дейін созылып жатқан осынау жерде соғды-түрік мәдениеті 
қалыптасқан деп атап көрсетеді. 
Мәдени жағдайлардың тез ормауы халықтың тығыз араласуы барысында пайда 
болды. Ерте орта ғасырлардағы түрік-соғды мәдени бірлестіктері Жетісу жерінде 
орын алды.
Қалалардың құрылуы. Қала мәдениеті екі жақтан дамыған, ол Оңтүстік 
Қазақстан және Оңтүстік-Батыс Жетісу деп бөлінеді. Тарихи жазба деректерге 
қарағанда VІ-ІХ ғғ. Оңтүстік Қазақстанда 6 қала - «Ақ өзен үстіндегі қала» 
Испиджаб, Шараб, Будухет, Усбанихет, Отырар және Шавғар, ал археологиялық 
қазба жұмыстары нәтижесінде 30 қаланың орны табылды. 
Тарихшылар Оңтүстік-Батыс Жетісу жеріндегі 21 қаланы атап айтады. Оның 
ішінде ең ірілері Тараз, Джамухат, Атлах, Құлан, Мерке, Аспара, Суяб, Жаңакент. 
Бұл қалаларға археолог ғалымдар VІ-ІХ ғғ. мәдени қабат ескерткіштерін, 
қалалардың орналасуын, өлшемін, географиялық жағдайларын жатқызады. Сол 
сияқты қалалардан табылған монеталар, шетелдік заттар, қолөнер бұйымдары 
қалалардың өмір сүрген уақытын білдіреді. Қалалар тәртіп бойынша сауда жасауға 
ыңғайланып, орталығы шағын аудандардан құралған. Осы жағдайларға қарап 
қалаларды ірі, орташа және кішігірім қалалар деп бөлуге болады. Оңтүстік 
Қазақстан ірі қалаларына: ортаңғы Испиджаб /Сайрам қаласы/, Отырар, Оңтүстік-
Батыс Жетісуда Тараз /Жамбыл қаласы/, Жаңакент /Қызыл теңіз жағалауындағы 
қала/, Суяб /Ақбешім қаласы/ жатады. 
Оңтүстік Қазақстан қала мәдени орталығы сақ және қаңлы заманында Отырар-
Қаратау және Жетіасар жерлерінде қалыптасқан мәдениеттен басталады. Бұны 
ертедегі мәдени қабаты бар Отырартөбе, Оксус, Бұзық, Құйрықтөбе және Оңтүстік 
Қазақстанның басқада аудандарынан табылған ескерткіштерден көреміз. 
Шындығында, қала мәдениетінің дамуында жаңа бір элементтерді Оңтүстік 
Қазақстанның қала мәдениетінің дамуынан аңғарамыз. 


Оңтүстік Батыс Жетісудағы қала мәдениетінің дамуы бірнеше кезеңнен өтті. 
Бұл жерде көшпелі мал шаруашылығы жақсы дамыды. Қала өмірінің және 
мәдениетінің дамуына Ұлы Жібек жолы өз ықпалын тигізді. 
Қазақстанның ерте феодалдық қалаларын Орта Азияның қалаларымен 
салыстырсақ, олардың ұқсастықтары өте көп, әсіресе, астық, мал өнімдерін 
айырбастайтын базарлар.
Қалалардың құрылымы және түрлері. Оңтүстік Қазақстан қалалары Орта 
Азияның қалалары сияқты 3 бөліктен: цитадел, шахристан, рабадтан құралған. 
Көбіне олар жобада дөңгеленіп көрсетілген. Таулы жерлер және Сырдарияның 
төменгі ағысындағы жерлер тікбұрышты етіп көрсетілген. Оңтүстік-Батыс 
Жетісудағы қалалар қиратылған. Оларда цитадель тік бұрыш ретінде сақталса, 
шахристанның қалдықтары бесбұрышты, трапеция түрінде рабадтар ауыл 
шаруашылық аймақ түрінде сақталған. Қала сыртында бірнеше шақырымға жететін 
«ұзын қабырғалар сақталған». 
Қалалардың құрылымы. Цитадель қалалардың негізгі құрылымы болып 
табылды. Бұл қалалардың ең берік, мықты бөлігі. Мысалы, VІІ-VІІІ ғғ. 
Құйрықтөбенің цитаделінің биіктігі 10 метр, қалаға кіретін қақпаға жақын 
орналасқан. Цитаделдің ортасында үлкен бөлменің орны табылды ұзындығы 15 м., 
ені 10,5 метр, барлық алаңы 157,5 кв.м. құрайды. Оның үш жағынан: солтүстік-
шығыс, солтүстік-батыс және оңтүстік-батыс бөлігінен шахристанға шығатын 
коридор болған. Сол арқылы солтүстік-шығыста орналасқан салтанатты залға және 
бүкіл бөлемелерге өтуге болады. Батыс бөлігі де ұзын коридор арқылы залға 
жалғанған. Осы дәлізден сарайдың төбесіне шығатын саты орналасқан. 
Салтанатты залдан басқа, қала басшыларының басқарма орындарының 
болғандығын көрсетеді. VІ-VІІІ ғғ. Баба-Ата қаласының цитаделі екі қабатты, 
алаңы 240 кв.м. болған. Бірінші қабат салтанатты зал, ал екінші қабатта қалған үй-
жайлары орналасқан.Ақтөбе 1 қалашығынан VІ-VІІІ ғғ. І-жартысындағы екі 
қабатты цитадельдер табылды. 
Оңтүстік Батыс Жетісу қалаларының цитадельдері оңтүстікке ұқсас. 
Қызылөзен қалашығындағы қазба кезінде ұзындығы 3 м. дәлізі болды. Қаланың 
сырты биіктігі 16 м. қақпамен қоршалған. Қазба жұмыс қаланың VІІ-VІІІ ғғ. 
салынғандығын көрсетті.
Қала кварталы және олардың қалыптасуы. Қазақстан қалаларына қазба 
жұмысын жүргізу кезінде жеке кварталдардың шекараларын анықтап, оларға 


мынандай анықтама беруге болады: квартал – бұл бірнеше үйлерден тұратын, 
магистральді көшелер арқылы жалғасып жатқан қаланың бір бөлігі. 
VІ-VІІ ғғ. І-жарт. Көк Мардан қаласын қазғанда кварталдардың орны 
анықталды. Ондағы әрбір үйлер магистральді жолдар және қала қабырғасынан әрі 
жекелей орналысқан тұйық көшелерден тұрады. Тұйық көшенің ұзындығы 10-15 
м., кварталдың көлемі 350-370 кв.м.
Әлі де болса жеке кварталдардың халықтарының қатынасын анықтауға 
мәліметтер аз, тек барлығының бір әлеуметтік теңдігі бар екендігін білуге болады.
Ғибадатханалар. Оңтүстік Қазақстан мен Оңтүстік-Батыс Жетісу қалаларында 
әр түрлі дінге жататын адамдарға арналған ғибадатханалар болған. Көк Мардан 
қаласынан қазылған ғибадатхана 4х4 м. есебімен салынған. Қарама-қарсы 
қабырғалардың биіктігі 0,5 м. Оңтүстік-Батыс Жетісу жеріндегі ғибадатханалар ол 
жердегі будда дінінің ықпалы мол болғандығын көрсетеді. Осы уақытта Ақ 
Бешімде екі будда храмы болса, Қызыл өзен қалашығында екі ғибадатхана болған. 
Біріншісінде оңтүстік шығыстан шығатын дәліз-целла мен залдан құралған. 
Қабырғаларындағы жазулардың іздері табылды. Ақ Бешімдегі екінші будда 
ғибадатханасының орналасуы біріншіге ұқсас. Қазба жұмыстары бұл 
ғибадатхананың ертеректе салынғанын көрсетеді. Бұл ғибадатханаға VІІ-VІІІ ғғ. 
жөндеу жұмыстары жүргізілген. Целла 6х6 м. есебімен төртбұрышты етіп 
салынған. Ғибадатханалардың қабырғаларының қалыңдығы 2,6 м. шикі кірпішпен 
қаланған. Жоғарғы жағы дөңгелетіп жабылған, есігі шығысқа қаратылып, алдында 
айва өсірілген. Оңтүстік, батыс және солтүстікте ұзын балконы бар, шыға берісте 
сатысы болған. Қабырғаларына қызыл, көк, қара, жасыл бояулармен сөздер жазған. 
Тағыда бір ғибадатхананың батыс бөлігінен қазба жұмысы кезінде басы 
солтүстікке қаратылған будданың бейнесі табылған. Бұл мүсін бірнеше бөліктерге 
ұсақталып сынған. Сақталған мүсіннің ұзындығы 8 м. Мүсін және салынған тұғыр 
қызыл бояумен сырланған. 
Ақ Бешім қаласынан V-VІ ғғ. жататын христиан дінінің шіркеуі табылды. 
Шіркеу 5,3х4,2 м. өлшемде қаланың шығыс жағына салынған. 
Ерте орта ғасырлардағы қалалардың қорғаныс жағдайы әлі де болса толығымен 
зерттелмеген. Бірақ, олардың қорғанысы болғандығы анық белгілі. Қаланың 
қорғанысы цитадель және биік мұнаралар арқылы жүзеге асырылған. Ерте орта 
ғасырлардағы қала қабырғалары бірнеше қабатты сөз болшықтан жасалып, 
соңында үлкен қақпалармен жабылған. Талас даласындағы Тараз қаласы 15-20 м. 


биіктегі қабырғалармен қоршалған. Осындай сақталған қабырғалардың ұзындығы 
2-5 м. және биіктігі 5 м. 
Қалалық үй-қоныстары және демография жағдайы. Қазба жұмыстары 
нәтижесінде Оңтүстік Қазақстан жерінен ерте орта ғасырларға жататын үй-
жайлары табылды. Мысалы, VІ-VІІ ғғ. І-жарт. екі түрлі үй болған. Мұның біріншісі 
тік төртбұрышты жобадағы бір бөлмелі жертөле үй. Осы тектес үйлердің бірінің 
көлемі 12 ш.м. дөңгелек етілген дәлізі үйге дейін 4 м. батыс және солтүстік 
қабырғалары орталық бөлмелермен жалғастырылған. Кіре беріске көлемі 1х1,5 м. 
өлшеммен саздан тікбұрышты етіп пеш тұрғызылған. Ал басқа жерлерде 
қалыңдығы 0,3 м. пеш кездеседі. Оңтүстік шығыс бұрышты ас әзірлейтін бөлме 
бар. Төбеден пештің түтін шығаратын мұржасың шығарған. Үйде астық сақтайтын 
арнайы жерлер болған. Сол сияқты артық азық-түліктерді жабық ыдыстарда 
сақтаған. Азықты қыштан жасалған ыдыстарда сақтаған. 
Жекелеген үйлер салынған, үлкен үйлердің көлемі 35-45 кв.м., ал кішігірімдері 
12-20 кв.м. болған. Vлкен үйлердің төбелерінде 4 бағана, ал орташа үйлерде 
тіреуіш ретінде бір бағана қойылған, ал кішірек үйлердің төбелері қабырғалар 
арқылы ұсталып тұр. 
Мұның екінші түріне екі бөлмелі үйлер жатады. Ерте орта ғасырлық Оңтүстік-
Батыс Жетісудың қаладағы үй-жайлары толық зерттелмеген.
Ерте орта ғасырларда Орта Азия және Қазақстанның тұрғын халықтарын 
зерттеу көптеген қиыншылықтар тудыруда. Сол кездегі халықтар туралы жазба 
деректері аз сақталған. Тек қана анық мағұлматтар беретін археологиялық 
материалдар, оның ішінде тұрғын үйлер демографиялық мәселелерден хабардар 
етеді. Мысалы, Көк Мардандағы халық 1625-1950 адам деп есептеледі. Бір гектарға 
қоныстанған халық тығыздығы 560-650 адам. Салыстырмалы түрде ерте орта 
ғасырдағы Пенджикентте 230 адам болған. Қала тұрғындары жазғы уақыттарға 
қарай қала шетіндегі бау-бақшасы бар аймақтарға қоныстанған. Мұндай жағдайлар 
Оңтүстік Қазақстан қалаларына тән. 
Қалалардың қызметі. Қаладағы сауда орталықтарының дамуы қолөнердің ауыл 
шаруашылығынан бөлінуімен ерекшеленеді. 
Ғалымдардың айтуыншы, ерте орта ғасырлардағы қала орталықтарында, 
қолөнердің дамуы жөнінде мәліметтер аз. Бірақ, аз көлемде қыш, темір, сүйек және 
тастан жасалған заттар табылуда. Ал, тігіншілікпен айналысқандығын анықтайтын 
былғары өңдеу, мата, тері заттар аз сақталған. Бұл қолөнердің түрі Оңтүстік 
Қазақстан және Жетісу қалаларында дамығандығы жөнінде қазба деректерінде бар.


Қыш өндіру, одан заттар жасау өндірістің бір саласы болып саналады. Көк 
Мардан, Құйрықтөбе, Отырар жерлерінен VІІ-VІІІ ғғ. жататын пышақ, темірден 
жасалған заттар табылды. Бұл сол жерде темір өндіруімен айналысқандығын 
көрсетеді. Сонымен қатар тек темірді ғана өңдеп қоймай, мысты да игерген. Сол 
кездегі зергерлік істердің дамуын табылған әшекей заттардан да көруге болады. 
Маралдың және басқа жануарлардың сүйектерінен амулеттер жасаған.
Сауда-саттық қаланың дамуындағы басты факторы болды. Қала қолөнершілері 
заттарды жасаумен қатар, оны сатумен де айналысты. Қалада тауар айырбастаудың 
үш түрі болды: ол: бірінші басқа елдермен, екінші қолөнершілер және ауыл 
шаруашылығының ортасында /қала және оның маңайындағылар/, үшінші қала 
және көшпелілер арасында. 
Осы кезде халықаралық сауда керуен жолдары соғды және түрік жерлерінің 
үсті арқылы өтті. Соның ішінде Ұлы Жібек жолы Оңтүстік Қазақстан және Жетісу 
арқылы өтті. Ол Суяб, Тараз және Испиджаб қалалары басып өтіп, Испиджабтан 
Фараб, Шавғар және Сырдарияның төменгі ағысы арқылы өткен. 
Сауда-саттық түрік аұсүйектеріне, көпестеріне көптеген пайда, табыс әкелді. 
567 ж. Истеми қағанның сауда жағдайларын реттеу үшін Иранға елші жіберуі тегін 
емес еді. Осы кезде қаған Византияға да елшісін жіберіп, екі ел ортасында саяси, 
сауда жасау одағын құрғысы келді. Қытайдан жібек, әшекей заттар, қағаз, айна 
әкелінді. Ал Батыстан Қытайға үнемі бағалы тастар, қас бояйтын бояулар, 
вавилондық кілемдер, маржан және коралл, шыны және маталар апарылды. 
Қытайлықтар Батыспен қатар, түріктермен де тығыз байланыста болған. Олардың 
өндірген заттары: күмістен жасалған заттар, түсті шынылар, емдік-дәрілік шөптер, 
бояулар болды. Күмістен көбіне Жетісу жерінде заттар жасады.
Көшпелі халықтармен сауда жағдайлары шекаралық қалалармен: Испиджаб, 
Отырар, Дех-Нуджикеспен орнады. Сол кездегі ақша қатынастарының 
орнағандығын VІІ-VІІІ ғғ. Отырар, Құйрықтөбе, Бұзық қаласынан табылған 
монеталардан көруге болады. Жергілікті жерлердің монеталары ішкі аймақтың 
сауданы көрсетсе, VІІ ғ. соғдылардың ихиит монеталары, VІІ ғ. аяғы - VІІІ ғ. 
басындағы ерте түріктердің Чича монеталары, Қытайдың тан әулеті және Батыс 
қалаларымен халықаралық сауда қатынастарының болғанын көрсетеді. Оңтүстік 
Батыс Жетісудың сауда орталықтары Тараз қаласында болған. Оның деректерде 
«көпестер қаласы» деп атаған. «Суябта әр түрлі жақтардың саудагерлері аралас 
тұрады, 
тұрғындарының 
көпшілігі 
көпестер. 
Бұл 
қалалардағы 
ақша 
қатынастарының 
дамығандығын 
табылған 
түркеш 
және 
тахустердің 
монеталарынан көруге болады» - дейді жазба деректер. 


Жазға қарай қаладан қоныс аударғандар көбіне ауыл шаруашылығымен 
айналысқан. VІІІ ғ. ортасында тарихи деректерде Таласты: «үш айдан тоғыз айға 
дейін жаңбыр болмайды, ал жерді қардың суымен суарады. Бұл жерде арпа, бидай, 
күріш, бұршақ және жүгері өсіріледі. Тұрғындары жүзімнен шарап жасайды» - 
дейді. Археологиялық қазба жұмыстарынан Көк Мардан, Отырар, Құйрықтөбе, 
Тараз жерлерінен өрік, жүзім, қауын-қарбыздың дәндері табылған. 
Жеміс –жидектердің ішінде жүзім өсіру кең таралған. VІІ-VІІІ ғғ. жататын 
жүзімнің сүйектері Луговой жерінен табылды. Сол сияқты Төрткөл және Талас 
аңғарлары жүзім шаруашылығымен айналысқан. Осының барлығы жергілікті 
халықтың бау-бақша өсіруімен айналысқандығын көрсетеді.
Қала мәдениеті: негізгі құрылымдары және мәдени синтез жағдайлары. Ерте 
орта ғасырлық Оңтүстік Қазақстан және Жетісу жерінің мәдени жағдайын айтқанда 
Отырар – Қаратау, жетіасардағы үйсіндердің дәстүрлі мәдениетін атап айтуға 
болады. 
Мәдени жағдайлардың қалыптасуын діннің халық өмірінде басты роль 
атқарғандығынан көруге болады. Халық ортасында будда, манихейлік, христиан 
діні кең таралған. Оның көрністері Оңтүстік Қазақстандағы Баба-Ата қалашығынан 
көруге болады. Зороастризмнің көрністерін Сырдария аудандарынан табылған қыш 
ыдыстардың сыртында салынған бейнелерден де анық байқалады. 
Орта Азия жерінде өте ерте кезден будда діні кең талаған. Ал будда дінін 
Жетісуға әкелген соғдылар болды. VІІІ ғ. І-жартысында батыс түріктердің көбі 
будда дінін ұстанып, соның жақтаушыларына айналған. 
Манихейлік дін де түріктер мен соғдыларға өз ықпалын тигізген. 
Манихейліктің қасиетті кітабы екі негізде, VІІІ ғ. І-жартысында Аргу-Талас 
/Таразда/ жазылған. Онда Жетісудың Йаканкент, Ордукент, Чичильбалык қалалары 
көрсетілген. 
Христиан дінін Жетісу жеріне 431 ж. сириялықтар арқылы түрік, соғдыларға 
келген. VІІІ-ІХ ғғ. Тараз және Меркеде шіркеулер салынды. 
Осылардың барлығы Оңтүстік Қазақстан және Жетісу жеріндегі түрік-соғды 
мәдениетінің дамуына ықпал етті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет