Қабірлерді сопақша етіп ірі тастармен қоршап қалау да майәмір салтына тән
емес. Күрті қорымындағы бүктетілдіріп жерлеу дәстүрі - ертеректегі андронов
мәдениетінің қалдығы. Өліктің аяқ жағына тастан
арнайы салынған жанама
кұрылыс ішіне атты жерлеу де айырмашылықты айқын аңғартады. Аттың жақ
сүйектерінің екі жағынан «ауыздықгаулы» күйінде ерте-ректегі жобамен жасалған
екі мүйіз айшық табылды. Металдан жасалған ауыздықтардың болмауы Күрті
молаларын ертедегі мал өсірушілердің тұрмысында қайыс ауыздықты,
«ауыздықсыз» деп аталатын жүгендердің болған заманына қатысты деуге
мүмкіндік береді. Осы сияқты ескерткіштер б.д.д.IX—VIII ғасырларға, майәмір
ескерткіштерінің аддындағы Қазақстанның ежелгі
көшпелілер мәдениетінің өте
ертеректегі кезеңіне жатады. Мұндай ескерткіш түрлері Шығыс Қазақстанның
далалық аудандарынан да табылған.
Жаугершілікте мінілген ат пен иесін жеке-жеке жерлеу ғұрпы ертедегі мал
өсірушілер тарихының тек өте ежелгі кезеңіне ғана тән, кейінірек ол кездеспейді.
Майәмір кезеңінің аяк кезінде ғана алғаш рет жалпы лақытқа иесін атымен қоса
жерлеу пайда болады.
Шілікті обасы
Шығыс Қазақстанның далалық бөлігінің тамаша ескерткіші Шілікті
обасы
болып табылады, ол 51 үйіндіден тұратын үлкен қорымның құрамына кіреді. Басқа
жерлердегі сияқты, мұнда да ұсақ обалар жоқ. Қорымның үйілген топырағының
диаметрі 100 метрге, биіктігі 8-10 метрге дейін жетеді. Бұл — жүздеген
жылдар
бойы кісі жерленген, тайпалар мен ру кесемдерінің үлкен зираты.
Обаны қазу жұмыстары оның құрылымын қайта қалпына келтіруге мүмкіндік
берді. Жердің бетінен аумағы 58 шаршы метрдей, тереңдігі 1 метрдей шұңқыр
қазылған. Оның ішіне балқарағайдың жуан беренелерінен шаршы қима жасалған,
бөліктерінің қабырғалары екі, ал төбесі бір қатар бөренелерден тұрады; бөренелер
жылжып кетпес үшін шұңқырдың қабырғал-ары мен ағаш кұрылыс арасына
уатылған тас толтырылған. Қиманың бүрыштары бөренелердің бір-біріне тиер
жерінде күйдіріліпті. Ағаш моланың ішінде,
батыс жақ қабырғасы жанында,
жонылған қалық тақтай еденде 40-50 жастағы еркек пен 50-60 жастағы әйел және
олардың жанына қойылған заттар жатты. Өліктерді қабірге шығыс жағынан
жалғасқан дәліз-дромос арқылы кіргізген. Жерлеп болғаннан кейін дромос
бөренелермен жабылып, бүкіл құрылыс уатылған ірі тастармен көмілген. Содан
кейін тығыз сары түсті балшықтан үйінді тұрғызылып, оның үстіне майда малта
тас араласқан топырақ үйілген. Алғашқы түрінде обаның диаметрі 45 м,
биіктігі
шамамен 10 м үйінді болған. Кейін бірте-бірте шөгіп, қазатын кезде оның диаметрі
66 м, ал биіктігі 6 м болды.
Шілікті обасы өз кезеңі үшін күрделі архитектуралық құрылыс болды және
оның тұрғызуға көптеген адамдардың еңбегі пайдаланылған. Обаға қажетті тас
одан 15 шақырым ен, жақын деген таулардан, ал бөренелер аңғардың шығыс
жағындағы 40 шақырым жердегі Қарағайлы орманнан тасып әкелінген.
Басқа да
көптеген «патша» обалары сияқты, Шілікті моласы да көне заманда-ақ, шамасы,
жерленгеннен кейін 50 жылдан соң тоналған. Тонаушылар обаны ортасынан үңгіп
қазған, қима төбесінің оңтүстік-батыс бұрышынан шығып, төбені тескен де,
осылайша қабірдің ішіне кірген.
Тоналғанына қарамастан, обада өте бағалы заттар: ертеректегі жебелердің
ассиметриялы – ромб түріндегі деп аталатын ұңғылы қола ұштарының он үші
салынған
былғары қорамсақтың қалдығы, темір заттың сынығы және ертедегі
қолданбалы өнердің 524 алтын бұйымынан тұратын жарқын үлгілері сақталған.
Олардың арасында қорамсақтарды сәнделген, аяқтары бүгулі бұғы түріндегі
қаптырмалар /14 дана/, басы бүрулы бүркіттердің /9 дана/, шиыр-шықтала
бүктетілген қабыланның /29 дана/ бедерлі мүсіндерді, жұқа қаңылтардан қиып
жасалған қабандардың мүсіндері /12 дана/, балық бейнесі, перуза тас өткермеленіп,
майда домалақ алтын түйіршіктермен әшекейленген,
қанаттары жаюлы құс
түріндегі қаптырма және басқа неғұрлым ұсақ зергерлік әшекейлер бар.
Шілікті обасы б.э.б. ҮІІ-ҮІ ғасырлар аралығында жатқызылады. Бұл
Қазақстанның солтүстік далалық өңіріндегі ең ертедегі «патшалық» оба және
Евразия аймағындағы сондай обалардың бірі. Мұнда Евразия далаларындағы мал
өсіруігі тайпалардың қолданбалы өнері айқын көрсетілген. Шілікті обасындағы аң
стиліндегі бірқатар көркем туындылар /аяқтары бүгулі бүғы, шиыршақтала
бүктетілген қабылан, басы бұрулы бүркіттер/ сақ-скиф дүниесі өнерінің алғашқы
үлгілеріне жатады.
Достарыңызбен бөлісу: