Құрастырған: Жалпы тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер



Pdf көрінісі
бет49/104
Дата11.03.2022
өлшемі1,24 Mb.
#135256
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   104
Байланысты:
растыр ан

«Есік» обасы 
Есік обасы 40-тан астам обадан тұратын үлкен қорымның оңтүстік шетінде 
орналасқан. Обаның диаметрі 60 м, биіктігі 6 м. Үйілген топырактың құрылымы 
айқын емес, бірақ көп қабатты (3—4 қабат), малта тас қабаты киыршык-сазды 
қабатпен ауысып отырады, орталықтағы моланың айналасынан ірі қойтастар 
жиынтығы байқалады. Үйінді астында екі қабір: орталық және бүйірдегі (оңтүстік) 
кабірлер бар. Ортадағы қабір карақшылардың неше дүркін тонауының салдарынан 
әбден шеккен. Бүйірдегі қабір сол күйінде сақталған. ЛақытТянь-Шань 
шыршасының өңделген бөренелерінен салынған, оның көлемі: ішінен олшегенде 
2,9x1,5 м, сырты — 3,3x1,9 м, қабатымен коса алғандағы биіктігі 1,3—1,5 м. 
Лакыттың оңтүстік және батыс бөліктеріне ыдыстар койылған, ал солтүстік 
бөлігінде, лақыттың тура тақтай еденінде жерленген адамның сүйектері жатыр. 
Ағаш қалдыктары мен темір тұтқаларға қарағанда, өлік ағаш қақпақпен жабылған 
болуы керек. Ол басын батысқа қаратып, шалкасынан созылып жатыр, бас 
сүйегінен өкше сүйегіне дейінгі ұзындығы 165 см. 
Есік обасындағы қабір құрылысы, сірә, былайша тұрғызылған болса керек: 
әуелі ұзына бойы батыстан шығысқа бағытталған тікбұрышты қабір шұңқырын 
қазған. Оның түбіне бөрене қима — лақыт жасалған. Оның күрылымы өте 
қарапайым: ұзындыктары бірдей бөренелерді көлденеңінен лакыттың қабырғасы 
болатындай етіп қаластырған. Бұрыштарында бөренелер өзара байланбаған, тек 
түйісіп қана тұр, лақыттың ұзын және көлденең қабырғаларындағы бөренелердің 
ұштары қабірдің опырылып түспеуі үшін кезек-кезек ұмсындырылып шығарылған. 


Лакыттың қабырғаларына бөренелер бес қатар етіп салынып, ол үстінен де 
ұзын қабырғаларына көлденеңінен қойылған бөренелермен жабылған. Түбіне 
жақсылап енделген он тақтайдан бір біріне жақсы қиюластырып еден төселген. 
Еденге өлік пен неше түрлі нәрселер койылған. 
Шамасы, еденнің елік жатқызылғаң тұсына ұсақ алтын қаптырмаларымен 
әшекейлеп тігілген мата төсеніш төселген болуы керек. Төсеніш үстіне тамаша 
сәнді киімі кигізіліп, бес қаруы түгел асылған өлік қойылған. Орныққан салт 
бойынша, өлік аяқ-қолы созылып, басын батысқа. бетін жоғары қаратып 
шалқасынан жаткызылған, оң колының саусақтары кіндігінен төмен койылып, сол 
қолы бір жағына созылып жатыр. 
Оң жағында бел тұсына ағаш қыны бар темір семсер қойылған. Қару ілетін 
аспалы белдікке алтын қаптырмалар мен жолбарыс басының бедерлі бейнесі бар 
өткерме шегелеген. Белдіктің сол жағына шауып бара жатқан бұлан мен ат 
пішінінде жасалған екі алтын тілігі жапсырылған, қайыспен қапталған ағаш қыны 
бар темір ақинақ ілінген. Оның әшекейлері арасынан белдіктің аспалары үшін 
жасалған, бүктетілген қасқырдың бедерлі бейнесі сапынған цилиндр формалы екі 
қаптырма-тоға ерекше көз тартады. 
Сол колының қарында алтын ұшты символды жебе, одан жоғарырак сабы 
жалпақ алтын таспамен бунақтала оралған қамшы, одан жоғарырақ — ішіне қола 
айна мен қызыл бояу салынған шағын жібек қоржын жатты. 
Лақыттың еденіне өлік тамағы салынған және ғұрыптың ыдыстар қойылған. 
Жазуы бар күміс тостаған мен оқшауырак тұрған алтынмен апталған қола 
тегененің де соларға жататыны анық. Оның ішінде жыртқыш кұстың тұмсығы мен 
тырнақтары түрінде жасалған бірнеше мүсіндік алтын тіліктер жатыр. Ыдыстардың 
бірде-біреуінен жануарлардың сүйектері — ет тағамынын қалдықтары табылған 
жоқ. 
Ыдыстарды орналастыруда белгілі бір тәртіп сақталған. Қыш және ағаш 
ыдыстар бөлек қойылған, Оңтүстік қабырғаға жақын ағаш ыдыстар, арт жағында 
— екі қатарда төрт табақша, алдыңғы жағында — тегенелер мен ожау тұр. Екінші 
қабырға жанына қыш құмыралар бір-біріне түйістіріліп, бір катарға тізіліп 
қойылған, олардың алдында тегенелер орналаскан, тегенелердің арасында екі күміс 
тостаған мен қасық бірге койылған. Кола аяқ бөлек, канқаның бас жағында тұр. 
Лакыттың шығыс қабырғасы жағындағы еден бөлігі заттардан бос. Сірә, лақыттың 
есігі (Бесшатыр обаларындағы сияқты) оның шығыс жағында болса керек. 


Жерлеу ғүрпы жасалып, дене қойылған соң лақыт қыска бөренелермен 
жабылып, шұңкыр топырақпен кемілген де, сонан соң топырақ үйілген. 
Антропологтардың анықтауынша, Есік обасына жерленген адам 17— 18 жасар, 
бет бітіміне қарағанда ол сақтарға жатады. Ол алтынмен мол тігілген сәнді киім 
киінген. Басына түгелдей түрі де, көлемі де әр түрлі алтын қаптырмалармен 
сәнделген, төбесі шошак, биік (65—70 сантиметрге дейін) бас киім киген. Бас киім 
жылкы барыс, тау теке, құс бейнеленген 150-дей алтын қаптырмалармен және 
тоғалармен сәнделген. Есік жауынгерінің мойнында — ұшы жолбарыстың басы 
іспеттес алтын алқа, сол жақ сырғаларында — перузадан жасалған салпыншақтары 
бар, көз салған алтын сырға болған. Үстіне мата көйлек кигізілген, оның өңірі мен 
жендері неше түрлі алтын қаптырмалар мен тізбелер араластырып, әшекейлеп
кестеленген; көйлектің сыртынан киілген қызыл бояумен боялған былғары 
бешпенттің өн бойы жолбарыстың басы бейнеленген алтын тоғалармен және үш 
сала жапырак формасындағы кішкене тоғалармен қапталған. Бешпенттің сыртынан 
зооморфтық стильде жасалған, көздің жауын алатын он алты көлемді қаптырмамен 
капталған құрама белдік тағылған. Белдіктің оң жағына кызыл қынға салынған 
ұзын темір семсер, сол жағына бұлан мен жылкы бейнеленген алтын қаптырмалар 
шегеленген кыны бар темір ақинак ілінген. Шалбар тігіс-тігісі бойымен ұсақ алтын 
шеттіктермен әдіптелген және балақтары бешпенттегідей алтын қаптырмалар 
шегеленген саптама етікке сұғындырылған. Сақ жауынгері саусағына екі алтын 
жүзік таққан, олардың біреуі — сәнді бас киім киіп қырын қарап тұрған адамның 
бас бейнесі бар алтын (жүзік-мөр). Есік обасындағы қабірдің мерзімі б. з. б. IV 
ғасырдың алғы — ІІІ ғ. деп белгіленіп отыр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет