«Қазақ тілі» (Т1) пәні бойынша жалпы орта білім беретін мектептер үшін бастапқы бақылау кескіні
9-сынып.
1- мәтін Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың жылқы ішіндегі әсерлі де әсем дауыстары жез қоңыраудай шіңгір-шіңгір кісінеген жас кұлындар қарақұлақ бола бастағанда, оларға түбіт араласқан жұмсақ жүннен есіліп жасалған ноқталар салынып, тиектер орнатылып, ұзақ тартылған желілерге үзбелі күміс түймелердей қаз-қатар тізіліп байланады. Мұнда жүздеген құлын ноқталанады. Бие сауылады. Биені сауушы және сауғызушылардың жалпы саны 2-ден 30 адамға дейін болады.
Қазақ ауылы алғаш бие байлаған кезде төңірек басын шақырып, кейде мал сойып немесе қыстан қалған сүрлермен тағы басқа да жылы-жұмсақтарын дайындап, ауыл адамдарының басын қосып, «бие бау», «желібайлар», «қымызмұрындық» тойын өткізеді. Бұл кезде желі қазыққа, айғырдың сауырына май жағып,жақсы тілек білдіріп, мәре-сәре болып, думандатып, бие сауынын бастайды.