жылулық нейтрондар
деп
аталады.
93.
Ядролық реактор
– ауыр ядролардың бөлінуі басқарылатын тізбекті ядролық
реакция жүзеге асырылатын қондырғы.
94.
Термоядролық реакция
– жүздеген миллион кельвин температурада жеңіл
ядролардың бірігу реакциясы.
95.
Токамак (магнитті шарғылары бар тортәрізді камера)
– басқарылатын
термоядролық синтездеу өтуі үшін қажетті жағдайларға жету мақсатымен плазманы
магнит өрісінде ұстап тұруға арналған тортәрізді (тороидалды) қондырғы.
96.
Жұтылған сәулелену дозасы
– cәулеленетін дене массасының бірлігінде жұтылған
сәуле шығару энергиясына тең шама.
97.
Графен
– көміртегі атомдарынан жасалған өте жұқа қабат, қалыңдығы бір атом.
98.
Нанотехнологиялар
– заттардан белгілі бір қасиеттерді алу мақсатында атомдық
немесе молекулалық деңгейде өтетін манипуляциялау әдістерінің жиынтығы.
99.
Наноматериалдар
– геометриялық өлшемдері бір өлшеуде де 100 нм аспайтын,
наноөлшемдердің салдарынан сапалы жаңа қасиеттерге ие болатын материалдар.
100.
Бірөлшемді наноматериалдар
– көміртекті нанотүтікшелер және наноталшықтар,
наноөзектер, наноөткізгіштер.
101.
Бірөлшемді нысандар
– диаметрі бірнеше нанометрге тең болатын, ұзындығы
бірнеше микрон цилиндрлер.
102.
Екіөлшемді наноматериалдар
– төсеніштің бетіндегі қалыңдығы бірнеше
нанометр қабат немесе пленка.
103.
Жұлдыздың жылдық параллаксы дегеніміз
– аспан жұлдызынан орбита
радиусына перпендикуляр бағытта Жер орбитасының орташа радиусы көрінетін
бұрыш.
104.
Жарықтың бір жыл ішінде өтетін қашықтығын
жарық жылы
деп атайды.
105.
Парсек
– жұлдыздан орбита радиусына перпендикуляр бағытта Жер орбитасының
орташа радиусы бір секунд бұрышпен көрінетін қашықтық.
106.
Жұлдыздың жарқырауы дегеніміз
– бірлік уақыт ішінде жұлдыз бетінен
шығарылатын энергия. Жұлдыздың жарқырауы – жарық энергиясының сәулелену
қуаты.
107.
Жерден 10 пк қашықтықтағы жұлдыздың көрінерлік жұлдыздық шамасы М
абсолют
жұлдыздық
шама
деген атауға ие болды.
108.
Галактика
– жұлдыздардан және жұлдыз шоғырларынан, жұлдызаралық газ бен
тозаңнан және қараңғы материядан тұратын гравитациялық байланысқан жүйе.
Достарыңызбен бөлісу: |