111. Файлдардың көлемін кішірейту үшін қандай бағдарламалар қолданылады?
мұрағаттаушы бағдарламалар
файлдарды сақтық көшіру бағдарламалары
интерпретатор-бағдарламалар
транслятор-бағдарламалар
112. Мұрағат дегеніміз не?
аты, әзірленген күні, соңғы өзгеріс енгізілген күні бар қандай да бір ұзындықтағы мәліметтер жиыны
зақымданған файл
жүйелік файл
бір ғана файлда қысылып сақталған қалталар, файлдар және өзге де мәліметтер жиынтығы
113. Қысылған файл – бұл …
ұзақ уақыт қолданылмаған файл
көшіруден қорғалған файл
мұрағаттаушы көмегімен буылған файл
рұқсатсыз қолданудан қорғалған файл
114. Қысылған файлдың бастапқы түрінен айырмашылығы …
оған аз уақытта қол жеткізуге болады
ол вирустардан жеңіл қорғалады
ол рұқсатсыз қолданудан жеңіл қорғалады
ол аз орын алады
115. Мұрағаттаушы бағдарламаларды көрсетіңіз.
WinZip, WinRar
WordArt
Word, PowerPoint
Excel, Internet Explorer
116. WinRar және WinZip бағдарламалары ... арналған
қалталармен жұмыс істеуге
файлдармен жұмыс істеуге
вирусқа қарсы өңдеуге
файлдарды қысуға
117. Қалтаны немесе файлды мұрағаттау үшін ... керек
таңдалған нысанда тінтуірдің оң жақ батырмасын басу, мәтінмәндік мәзірдегі Мұрағатқа үстеу әмірін таңдау – қажетті параметрлерді таңдау – Жарайды батырмасын басу
таңдалған нысанда тінтуірдің сол жақ батырмасын басу, Бас мәзірдегі Орындау әмірін таңдау – қажетті параметрлерді таңдау – Жарайды батырмасын басу
Файл мәзіріндегі Әзірлеу әмірін таңдау – Мәтіндік құжат – Жарайды батырмасын басу
Құралдар мәзіріндегі Мұрағатқа үстеу әмірін таңдау – қажетті параметрлерді таңдау – Жарайды батырмасын басу
Достарыңызбен бөлісу: |