4. ГЛОССАРИЙ
Пән бойынша глоссарий Білім беруді ізгілендіру
(пән атауы)
Қазақ тілінде
|
Орыс тілінде
|
Ағылшын тілінде
|
2
|
1
|
3
|
Гуманистикалық
|
Гуманистический
|
Humanistic
|
Аксиология
|
Аксиология
|
Acsiology
|
Құндылықтар
|
Ценности
|
Valuables
|
Тәрбие
|
Воспитание
|
Upbringing
|
Оқыту
|
Обучение
|
Education
|
Тәрбие теориясы
|
Теория воспитания
|
Theory of Upbringing
|
Оқыту
|
Образование
|
Education
|
Пән
|
Предмет
|
Subject
|
Міндет
|
Задача
|
Problem
|
Қызмет
|
Функция
|
Function
|
Ұғым
|
Категория
|
Category
|
Құрлым
|
Компонент
|
Component
|
Заңдылық
|
Закономерность
|
Regularity
|
Принцип
|
Принцип
|
Principle
|
Тұргы
|
Подход
|
Approach
|
Ғылым
|
Наука
|
Science
|
Әдіс
|
Метод
|
Method
|
Зерттеу
|
Исследование
|
Study
|
Даму
|
Развитие
|
Development
|
Тұлға
|
Личность
|
Personality
|
Индивид
|
Индивид
|
Individual
|
Бала
|
Ребенок
|
Child
|
Білім беру орны
|
Образовательное учреждение
|
Educational institution
|
Педагогика тарихы
|
История педагогики
|
History of pedagogica
|
Психология тарихы
|
История психологии
|
History of pshicology
|
Жас ерекшелігі
|
Возрастные особенности
|
Age particularities
|
Педагогикалық үрдіс
|
Педагогический процесс
|
Pedagogical process
|
Құралдар
|
Средства
|
Facilities
|
Өзара әсер
|
Взаимодействие
|
Interaction
|
Модель
|
Модель
|
Model
|
Интеграция
|
Интеграция
|
Integration
|
Дифференциациялау
|
Дифференциация
|
Differenciaciya
|
Әдістеме
|
Методология
|
Methodology
|
Этнопедагогика
|
Этнопедагогика
|
Etnopedagogika
|
Антропология
|
Антропология
|
Anthropology
|
Аспект
|
Аспект
|
Aspect
|
Мақсат қою
|
Целеполагание
|
Celepolaganie
|
Әлеуметтену
|
Социализация
|
Socialization
|
Субъект
|
Субъект
|
Subject
|
Объект
|
Объект
|
Object
|
5. ПӘН БОЙЫНША ДӘРІСТЕРДІҢ КОНСПЕКТІСІ
Дәрістер мазмұны.
1-апта
№1 кредит сағат
№1 дәріс тақырыбы: Педагогиканың әдіснамасың негізі
Аксиология жаңа білім философиясының негізі және қазіргі педагогиканың әдіснамасы ретінде.
Ізгілендіру ұғымы, оның мақсаты мен міндеттері.
1. Аксиология жаңа білім философиясының негізі және қазіргі педагогиканың әдіснамасы ретінде.
XVIII-XIX ғасырларындағы европа ғалымдарының еңбектерінен білім берудегі алдыңғы қатарлы жетістіктер негізінен жалпы философия ғылымының , соның ішінде білім беру философиясының даму деңгейімен тығыз байланысты екенін көруге болады.
Қазіргі заманғы европа мектептері мен білім беру жүйесі педагогика классиктері Я.И. Коменскийдің, И.Г. Пестолоцкийдің, Ф. Фреблемнің, И.Ф. Гербардтың, А. Дистереевтің, Дж. Дьюктің педагогикалық-философиялық идеяларының ықпалымен құрылған.
Бұлардың идеялары білім берудің классикалық моделінің негізін қалады және XIX-XX ғасырларда эволюциялық жолмен дами отырып өздерінің маңызын әлі күнге дейін жойған жоқ. Бірақ, XX ғасырдың 60-шы жылдарынан бастап білім берудің бұл классикалық моделінің жаңа заман талаптарына сай емес екені айқын көріне бастады.
Сондықтан білім беру жүйесін интелектуалдық реконструкциялау (қайта құру) үшін, және жаңа педагогикалық әдіснамаларын жасау үшін жаңа философиялық-педагогикалық идеяның қажеттілігі туындады.
Қазіргі заман педагогика ғылымының басты тенденциясы- оның өзінің дүниетанымдық негізіне, тұлғаға қарай бет бұруы.
Бұл міндеттерді шешу үшін педагогиканың негізгі әдіснамасы ретінде білім беруді ізгілендіру философиясын қалыптастыру керек.
Бұл әдіснамадағы басты міндеттер:
ғылымның гуманистік маңызын ашу;
соның ішінде педагогикалық ғылымның адамды танымдық , қарым-қатынастық және шығармашылық субъекті ретінде қарастыру.
Аксиологиялық көзқарас әуелбастан гуманистік педагогикаға тән,өйткені гуманистік педагогика адамға қоғамның ең биік құндылығы ретінде қарайды және оны қоғамның дамуының негізгі мақсаты деп түсіндіреді. Сондықтан да аксиологияға (аксиология – құндылықтардың табиғаты жөніндегі философиялық ілім) білімнің жаңа философиялық негізі ретінде және қазіргі заман педагогикасының әдіснамасы ретінде қарауға болады.
Адамзат қоғамының дамуының әр түрлі этаптарында негізгі құндылықтар бірдей болып қалды. Олар:өмір, денсаулық, махаббат, білім, еңбек, бейбітшілік,сұлулық, шығармашылық және т.б.
Аксиологиялық ойдың негізінде өзара тәуелді және өзара қарым-қатынастағы дүние жөніндегі концепция жатыр. Оның тұжырымдауы бойынша бұл дүние- біртұтас адам дүниесі, сондықтан да бүкіл адамзатты біріктіретін, жеке тұлғаның маңызын көре білу керек. Әлеуметтік дамуды адамнан бөліп қарау дегеніміз – ойлауды оның гуманистік іргетасынан бөлек қарау деген сөз.
Қазіргі кезеңнің күрделілігі гуманистік идеяларды кейінге қалдыруға негіз бола алмайды. Экономикалық дамуы қандай деңгейде болмасын, бұл идеялар өздігінен іске аспайды.
Гуманистік бастаулар: тұлғаның өзқұндылығын дәріптеуді, оның құқтарын, ар-намысын және еркіндігін сыйлауды қоғамға сырттан енгізуге болмайды, өйткені әлеуметтік даму үрдісі осы бастаулардың өсіп өркендеу процесі болып табылады. Олай болмаған жағдайда адамзат прогрессі жөнінде әңгіме қозғаудың ешқандай мағынасы жоқ.
Педагогикалық құбылыстардың құндылықтық сипатын түсіну, натуралистік, транцендентальдық, әлеуметтік және диалектикалық-материалистік концепциялардан құралған жалпы аксиологияның ықпалымен қалыптасты.
Педагогикалық аксиологияның негізінде адам өмірінің құндылығын түсіну және дәріптеу, тәрбие және оқыту, педагогикалық қызмет және білім беру жатыр.
Педагогиканың әдіснамалық негізі етіп аксиологиялық көзқарасты таңдау білімді әлеуметтік-педагогикалық феномен ретінде қарауға мүмкіндік береді.
Білімді, ізгілендіруді іске асыруға әлеуметтік жағдай шешуші маңызға ие болады, күннен күнге күрделеніп бара жатқан әлеуметтік жағдай мен оны ғылыми тұрғыдан танып білудің арасындағы алшақтың тәрбие мен оқытудың технологиясын, олардың мазмұны мен мақсаттарын қайта қарау қажет екендігін көрсетеді.
Аксиологиялық анализ көрсетіп отырғандай қазіргі білім жүйесіндегі өзгерістер әлі де болса қоғам өмірін ізгілендірудегі өз міндетін толық атқара алмай отыр. Білім жүйесіндегі конструктивтік-аксиологиялық потенциалды толық іске қосу үшін, өткен кезеңнен келе жатқан тежеу механизмдерін жою керек. Ол механизмдер біріншіден, білім берудің теориясы мен практикасына технократтық және утилитарлық көзқарас, екіншіден, ізгілендіру идеясының бұрмалануы болып отыр. Адамдық ресурстар толықтай іске қосылмай отыр, ол негізінен білім беру үрдісіндегі дәстүрлік қалыптың сақталуынан, оқушыны тек әсер етуші объект ретінде қараудан, ересектердің білімін жетілдіруге құлықсыздығынан, білім беру потенциалының өте төмен саналығынан көрінеді. Сондықтан да педагогиканың алдында тұрған маңызды да күрделі ғылыми міндет –ол білімнің дамуын болжау болып табылады. Бірақ бұл педагогикалық болжау әлі де болса сапалық және мазмұндық жағынан жетілдіруді талап етеді.
Оқыту бағдарламалырын, оқулықтарды шамадан тыс саясаттандару мен идеологияландыру білім берудің тәрбиелік мәнін төмендетіп жіберді. Білім берудегі осы жүйе, барлық күшін тәрбиеленушілерді өмірдегі әр түрлі жағдайларға бейімделуге, кездесетін қиыншылықтарға шыдамшылыққа үйреткенмен, өмірді ізгілендіруге, оны сұлулықтың заңдарына сәйкес өзгерте білуге үйрете алмады. Қазіргі кезде әлеуметтік және экономикалық проблемаларды шешуде, тіпті бүкіл адамзаттың қауіпсіздігін, өмір сүруін қамтамасыз етуде тұлғаның бағытталуының мазмұны мен сипаты шешуші роль атқаратыны белгілі болып отыр.
Қазіргі кезеңдегі демократияның даму үрдісі, жан-жақты дамыған, элеуметтік белсенді, шығармашылық потенциалы жоғары, өз алдына шешім қабылдай алатын және сол қабылданған шешімнің асырылуына жауап бере алатын тұлғаға зәру болып отыр. Адамға тек homo sapiens рентінде қарау өз мәнін жойды. Адамның тек жеке тұлғалық қасиеттері ғана бірінші орынға шығып отыр.
Білімді ізгілендіру идеясы, педагогикаға аксиологиялық көзқарастың нәтижесінде туындай отырып, кең көлемде философиялық-антропологиялық және әлеуметтік-саяси маңызға ие болып отыр. Өйткені қоғам дамуының стратегиясы, яғни адам мен цивилизациялық ілгері дамуы немесе тежелуі осыған байланысты болып отыр.
Педагогикалық құбылыстарға аксиологиялық көз-қарас, білімді гуманистандыруды, халықтың ақыл-ойын, адамдардың табиғатын, қарым-қатынасын тереңдете қайта қарауды талап етеді
2. Ізгілендіру ұғымы, оның мақсаты мен міндеті. Еліміздің егемендік алуымен байланысты әлеуметтік-экономикалық, рухани салаларымыздың барлық жақтарында жаппай өзгерістер, жаңа бастамалар жасалып жатыр. Бұл өзгерістер рухани өміріміздің жанды саласы-мектеп, оның оқу-тәрбие жұмыстарын да қамтиды. Демек, ғылыми дүние танымға ана көзбен қарап, жас азаматты жеке тұлға болып қалыптасуын өркениеттік тұрғыдан бағдарлауға бет бұруымыз қажет сияқты.
Республикамыздың өрісі кеңейіп, экономикасы ілгерілей түсуіне мүмкіндіктер жасалуы іргелі білім беру жүйесін қайтадан саралаумен байланысты шешіледі.
Адам өмір сүруі мен еңбек етуіне лайықты жағдай жасау әлеуметтік әділеттілікті, азаматтық бостандықты және адамның жан-жақты дамуымен рухани және адамның интеллектуалдық потенциалының жетілуінің мүмкіндіктерін қамтамасыз ету, сонымен қатар әр адамның кәсіби біліктілігі мен бейімділігін жетілдіру қоғам процестерінің міндеттері болып табылады.
Білім беру –бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық, мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз процесі.
Білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттың және жалпыадамзаттық қазыналар, ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыру үшін қажетті жағдайлар жасау керек. Жеке адамның рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен имандылық өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, ол үшін қоғамның, жеке адамның құқықтары менміндеттерін түсіндіру, сондай-ақ республиканың мәдени, қоғамдық, экономикалық және саяси өміріне қатысуға тәрбиелеу.
Қазіргі орын алып отырған әлеуметтік-экономикалық қиындықтар, тәртіптің осалдауы, кейбір жерлерде қылмыстық топтардың орын алуы, жастардың санасын, сезімін, мінез-құлқын, іс-әрекеттерін қалыптастыруда ізгілікті білім берудің нақтылығы өте қажет. Күн сайын туындап отырған қымбатшылық, тұрмыстағы қайшылықтар, осылар адамдардың психологиялық жағынан ойланбастан қызбалыққа, сенбеушілікке жетелейді. Мұндайда ең қатерлісі адамдардың әсіресе жастардың ортасына шоң жастан ұсақ қақтығыстарды, тұрмыстың келіспеушіліктерді оп-оңай ұшықтыруға бейім тұрады, оған тіпті ұлтшылдық не шовинистік сипат бере салудан да тайынбайды. Сондықтан гуманистік қарым-қатынас саласында терең ойластырған мазмұнды жұмыстар жүйесі айқын болу керек.
Осыған орай бүгінгі таңда қоғамда жастар тәрбиесіне үлкен мән берілуі қажет.
Ол үшін мынадай міндеттерді жүзеге асыру көзделеді:
жастарды ізгілік дүниетанымға дайындау;
өмірлік мақсат мүддесін айқындауға, өзіндік сананы қалыптастыруға, жеке бастың қасиеттерін, өмірлік қажеттіліктерін іске асыруына көмектеғсу;
жастарды мәдени мұраны жүйелі меңгеруге, жалпы адамзаттың рухани құнды игіліктерін бағалай білуге тәрбиелеу;
қазақ ұлтының қайта түлеуіне, өзінің қайталанбас төл мәдениетінің, ұлттық-саяси дәстүрімен әдеп-ғұрыпының гүлденуіне хақылы екенін санасына сіңіру;
бірлескен өзара сыйластық жағдайында өмір сүру идеясын, ұлттар достығын нығайтуды көздеп тәрбиелеу;
жастар тәрбиесінде «бостандық, теңдік, гуманизм» деген үш сөздің, үш түсініктің маңызын түсіндіру;
мемлекет заңдарын білу және оған сый-құрметпен қарауға тәрбиелеу;
жастар салауатты өмір сүруге болашақта тату-тәтті жанұя құра білуге, өздерін бақытты болуға үнемі дайындау т.б.;
Ізгілік білім беру адамның әлеуметтік мәдени негізін айқындауға көмектеседі. Ізгілік білім беру төмендегідей басты міндеттерді жүзеге асыруды көздейді;
Ізгілендіру-жаңа педагогикалық ойлардың өзекті элементі;
ол педагогикалық процестерін, барлық компонентерін адам тәрбиесі қызметіне сәйкес қайта қарауды, бағалауды талап етеді;
жеке тұлға тәрбиесіне баса көңіл бөле отырып, бұл процестің мәнін, де, сипатын да түбегейлі өзгертеді;
білім ізгілендіру жалпы әлемдік мәдениетке, тарихқа адамзаттың рухани қазынаға бет бұру;
ізгілендіру пәндердің мәртебесі, оларды жаңарту, рухани мәнін адамгершілік негізін табу.
Білімді ізгілендіру халықтардың ақыл-ойын, адамдардың табиғатын, қарым-қатынасын тереңдете қайта қарауды талап ету.
Сонымен, қазіргі кезде ҚР-да күн тәртібіне қойып отырған білім беруді ізгілендіру бағыты, ең алдымен, мәдениеттегі, рухани мұрадағы, тарихымыздағы жалпыадамзаттық құндылықты бағалауға баса назар аударуды қажет етеді.
Соңғы онжылдықта Қазақстан мектептерінде оқу-тәрбие үрдісін ізгілендіру мұғалімнің педагогикалық қызметтін жаңа ойлар мен оқыту модельдерімен байыту тенденциясы байқалып отыр.
Білім беруді ізгілендіру деп оның жаңаруы мен баюы, философиялық ғылыми білім негізінің мақсатты және жүйелі түрде ашылуына бағытталуы; ғылым мен мәдениеттің дамуындағы адамның шығармашылық рөлі, таным үрдісінің эстетикалық тартымдылығы және өзінің оқу-танымдық қызметінің нәтижесіне этикалық жауапкершілігі.
Оқыту үрдісіндегі мектептің білім беруді ізгілендірудің жетекші белгілерін бөліп көрсетейік:
нақты ғылымдардың философиялық әдіснамалық негіздерін оқыту үрдісінде ашу;
әртүрлі ғылымдардың арасындағы өзара байланыс пен диалектикалық бірліктің үйлесімділігін көрсету;
сабақ кезінде ғылыми танымның барлық кезеңдеріндегі сұлулығын көрсету;
ойлау үрісінің ерекшелігі мен ақыл-ой еңбегінің ерекшеліктерін тану.
Нақты оқу пәндері бойынша тақырыптарды оқыған кезде мыналар ұсынылады:
қандай да бір ғылыми немесе қоғамдық ұғымдар, үрдістер,құбылыстар бойынша қарама-қарсы көзқарастарды салыстыру;
оқушуылар алдында білім беру үрдісіне немесе тағы басқада қызметте адамның этикалық жауапкершілі туралы сұрақты қою.
2-апта
№2 кредит сағат
№2 дәріс тақырыбы: Білім беруді ізгілендірудің функциялары, дамуы және негізгі категориялары.
Ізгілік қарым-қатынас
Оқу-тәрбие үрдісін ізгілендірудің педагогикалық - психо-логиялық негіздері.
Жеке тұлғаның субъект болып қалыптасуының теориялық модельі
1.Ізгілік қарым-қатынас. Ізгілік қарым-қатынас-адам бойындағы адамгершілік түсінік, сезім және мінез-құлықтың тұтастығымен, бірлігімен айқындалады. Сонымен қатар, ізгілік қарым-қатынастың қалыптасуында адамдардың өзара іс-әрекетті шешу мотив болып саналады. Әлеуметтік қоғамдағы жалпы азаматтық құндылықтың даму деңгейіне байланысты ізгілік сана, ізгілік сезім, ізгілік сенім, имандылық мінез-құлық қарым-қатынаста өзара әрекетте болады. А.А.Бейсенбаева /59/, Г.К.Шолпанқұловалардың /60/ ғылыми еңбектеріне сүйене отырып, ізгілік қарым-қатынастың төмендегідей қүрылымдық бөліктерін анықтадық:адамдарға көмек көрсету арқылы қайырымдылық қарым-қатынас жасау (еңбек ету барысында); басқаның жағымды ісін сезініп, оған қуана білу (сезім арқылы); өзіне де, басқаға да сый-құрметпен қарым-қатынас жасай білу (қарым-қатынас арқылы); айналадағы адамдардың, әртүрлі жағдайлардың сәтсіздігіне аянышты сезім білдіру (сезім арқылы); шынайы сезіммен шығармашылықпен еңбек ету (еңбек ету барысында); ұстаздарына,ата-анасына,туыстарына түсіністікпен сүйіспеншілік сезіммен қарау (сезім арқылы).
Сонымен, ізгілік қарым-қатынас - адам бойындағы білім,сезім және мінез-құлықтың түтастығымен анықталады.
Ізгілік қарым-қатынасты оқыту үрдісі барысында оқушылардың адамгершілікке бағытталған іс-әрекеті, адамгершілік ісінің жағымды мотивінің бірі ретінде қатысатын тұлғалық қатынастың ерекше түрі деп бағалаймыз.
Осыдан ізгілік қарым-қатынасты қалыптастыру жеке түлғада ізгілік қасиет пен сезімді, мінез-құлықты тәрбиелеу барысында тиімді әдістер мен тәсілдерді үйымдастыру үрдісі болып табылады.
2.Оқу-тәрбие үрдісін ізгілендірудің педагогикалық - психо-логиялық негіздері.Қоғамды ізгілендірудің алғышарттары ретінде, яғни адамдар арасында бірін-бірі сыйлау, бір- біріне көмектесу, қоғамның талаптарына сыйластықпен қарау сияқты адамғершілікке тәрбиелеу негіздерін бүгінгі мектеп партасында отырған оқушылардың дүниетанымындағы басым құндылықтар ретінде ізгілік сапаларын қалыптастыру қажеттілігі айқындалған.
«Білім туралы» Заңның 18 бабына сәйкес білім беруде, мемлекеттік білім стандартында жалпы адамзаттық мәдениетті қалыптастыруға, халықтық педагогика элементтерін ендіруге, оқуды өмірмен байланыстыруға көңіл бөлінуіне байланысты болғандықтан оқу бағдарламалары мен оқулықтардағы материалдар мазмұны қайта қаралып, жеке түлғаға бағытталған, ізгілік мәдениетіне тәрбиелеуге басты назар аударылады. Білім беру жүйесін ізгілендіру баланың жеке басының, оның қабілетінің дамуына және дербес ерекшеліктерін ашуға, оқыту барысында тәрбиелеуге бағытталған. Адамның тұлғалық бейнесінің көрсеткішінің бірі- оның ізгілік қасиеті. Оқытуды ізгілендіру сол қасиетті қалыптастыруға қызмет етеді.
Осыдан педагогика ғылымының алдында білім жүйесін ізгілендірудің гылыми-әдістемелік негіздерін анықтау міндеті қойылуда. Осы күнге дейін баланы тұлға ретінде дамытуға басымдық тұрғыда көңіл бөлінбеді. Атап айтсақ:мүғалімдер мен тәрбиешілерді ізгілікке, ізгілік қарым-қатынасқа төрбиелеудің тиімді өдістерімен қаруландыру қанағаттанғысыз; оқушылардың өз халқының мәдениетін, түп-тамырын, өз ана тілін, туған тарихын толық білуі басымдық міндет ретінде қойылмады; ұлттық құндылықтарды білуге жеткілікті көңіл бөлінбеді; оқу құралдарының олқылығы -баланың ойлау қабілетін шектеп, тек белгілі ізбен ғана жүруді үйретті т.б. Әсіресе, математика және физика пэндерін оқытқанда, ізгіліктен гөрі технократиялық ойлау басым болып, (техника жетістіктеріне баса назар аударылып, адамға зиянды жақтарына кеңіл бөлмеу), алған білім сапасын жылдан-жылға төмендетіп, оқуға деген оқушы ынтасы азайып, білімсіздік , мектепті тастап кету орын алды.
Адамның түлғалық бейнесінің көрсеткішінің бірі- оның ізгілік қасиеті болғандықтан, оқу-тәрбие үрдісін ізгілендіру сол қасиетті қалыптастыруға қызмет етеді. Бүл ретте адамның ішкі жан дүниесі байлығынан, білімділігі, өмірге, адамға, табиғатқа, қоғамдық өмірге, қоғамдық қатынастардағы тазалық, шынайылық негізінде қүрылған ізгілік керек. Мүғалімдердің оқушыны білімді өзбетімен ізденіп ала білуге, оқу барысында өзінің бойындағы теориялық және практикалық білімді игеруге деген даярлығын өздігінен дамытуға, өздігінен білім алуға, өздігінен жетілуге қалыптастыру үшін оку-тәрбие үрдісін бейімдей жүргізу және өмір бойы білім алып өтуге дағдыландыруы бүгінгі күннің басты міндеті болып отыр.
Адамның ақыл-ойының дамуы оның интеллектілік, ойлай білу қабілетінің, оқу-танымдық қызметінің дамуымен сипатталатын-дығын ескере отырып, ақыл-ойдың икемділігін және жүйелілігін меңгерген, өмірдің өзгеруіне жөне еңбек етуге психологиялық жағынан дайын, қоғамның жаңа сипаттағы бейнесіне ыңғайлана өз білімін үнемі толықтырып, өзгертіп, жаңартып отыратын ізгілікті адам болу үшін оқу-тәрбие үрдісін ізгілендірудің мүмкіндіктерін қарастырумызға болатынын зерделедік.
Қазақ менталитеті қазіргі саяси-экономикалық,нарықтық жағдайға байланысты өзгеріп отыратынын ескерсек, ең алдымен әрбір жасөспірімді үлтжандылыққа тәрбиелеу керек. Бізге қазақтың кең даласында өскен ата -бабаларымыздан сақталып келе жатқан қонақжайлық, мейірімділік, кеңпейілдік т.б. қасиеттермен бірге жасоспірімдер бойында табиғат қүблыстарын тез аңғарғыштық,тез есептеуге бсйімдік, сезімдік, рухани ойлау жөніндегі Әл-Фарабидің /4/ үлағатты пікірлерін басшылыққа ала отырып, ізгілендірудің өзегі етіп алдық. Мысалы, қазақ халқының математикалық модениеті жүлдыздарды бақылау арқылы ауа райын болжаудан, әр түрлі санау жүйссін пайдаланудан, қазақтың байырғы есептерінің терең ойға, тапқырлыққа, проблемалық ахуалға қүрылуынан, күнделікті түрмысы мен тіршілігінен (малы, егіні, жасаған бүйымдары) байқалады (С.Елубаев, Е.Сағындықов) /86/. Сондықтан біз зертеуімізде білім бсру жүйесін ізгілендіру анықтамасын былай деп түсінеміз-жасөспірімнің, оның қабілетінің дамуына жоне дербес срекшеліктсрін ашуға, оқыту барысында торбислсу қажст скендігі.
Жалпы білім беретін мектептің жаңа үлттық моделінің қабылдануы қазіргі заманғы жалпы білім беретін мектептерді демократияландыру, ізгілендіру негізінде қайта түлеп жаңаруына , егеменді мемлекетте жан- жақты жетілген, іскер адамды тәрбиелеуге мүмкіндік тудыратыны анык. Жалпы білім беретін мектептегі білім мазмүнын жаңарту оқытуды ізгілендіруге негіз болып саналады
Қалыптастыру тәжірибесін бастау кезінде 5-9 сыныптағы математика және 7-9 сыныптағы физика пәндерінен білім берудегі мақсат-жасөспірімдердің танымдық көзқарастарын байыту, өзгерту, дамыту, ақыл-ой қабілеттерін жетілдіру, өзіндік ойлауын және ақыл ой үстамын жетілдіріп, шапшаң ойлай алатын, мәселеге тез талдау жасай отырып, логикалық дүрыс қорытынды жасайтын жеке түлғаны төрбиелеудің қажеттігі бүгінгі уақытта дүрыс шешім қабылдау үшін, осы заманғы әлеуметтік- экономикалық мөселелерді шешуде орбір адамның ақыл-ой қабілетін дамытуды қарастыру үшін қажет болып отыр. Осындай қарастырылғанның қорытындысының негізі мүғалімнің жеке түлғаға жаңа көзқараспен қарайтындығына апарады, яғни мүғалім оқу-тәрбие үрдісінде ізгілсндіруді мақсат ету арқылы, жас оспірімнің жеке түлға субъект ретінде дамуының технологиясын қарастыруға үмтылады. Еркін шығармашылықпен ойланатын, ізгілікті жас өспірімнің қалыптасуы үшін оның сенім, ерік, сана, сезім, қабілеттерін ескеріп, басшылыққа алып, ізгілікті қасиеттерді қозғаушы көздерін анықтап (мотивтер, қызығушылығы, өмір сүру салты т.б.) үлттық және жалпы адамзаттық қүндылықтарға бағыттай отырып, ізгілікті білім жоне мәдсниетке, адамға қүрмет қатынасына, ізгілікті мінез-қулықтың олсуметтік тожірибесіне баулиды. Осыдан жоғарыда айтылған талдау нсгізіндс тсориялық модель құрастыруға болады (сурет-1).
3.Жеке тұлғаның субъект болып қалыптасуының теориялық моделі
Оқу – тәрбие үрдісін ізгілендірудің мақсаты:
Оқушының еркін шығармашылықтағы әрекетінің субъектісі ретіндегі ізгілікті жеке тұлғасы
СЕНІМ
Ізгіліктің қозғаушы көздері (мотивтер, қажеттіліктер, қызығушылықтар, өмір сүру салты)
ЕРІК
Еркін шығармашылықпен ойланатын ізгілікті жеке тұлға
САНА
Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар
СЕЗІМ
Ізгілікті білім және мәдениет
ҚАБІЛЕТ
Адамға құрмет қатынасы
өмір деректері мен қоғамдық оқиғаларды зерделеу мақсатындагы ізгілікті білімдер мен практикалық әрекеттерді меңгеру үрдісіндегі ізгілікті мінез
құлықтық әлеуметтік тәжірибесі
1-сурет
Iзгі-адамның ең жоғары зиялылығы, парасаттылығы, адамгершілігі, ерікті ойлаудың,адамшылыкхың символы болып есептелетін үғым.
Ендігі қаралатын үғым ізгілік. Бүл үғым - адамды жеке түлға есебінде танып, оның қүндылықтарын бағалап, оған еркіндік беріп, өз қабілетін көрсете білуге жағдай жасайтын жүйе. Бүл жүйе бойынша адам игілігі - әлеуметтік қүбылысты бағалау өлшемі, ал тегіндік, әділдік, адамшылық ұстанымдары -қоғамдағы қарым-қатынастың қалыпты формасы ретінде бағаланды. Ізгілік-адамгершілік-психологиялық үғымы дәстүрлі ойлауда адамгершілік саласына жататындай мағынада қабылданады: ол-адамилық қасиет. Ізгілік-адамның өзіне баға беруінен басталатындығынан айтылған, яғни жасөспірімнің өзінің өмірдегі орны мен өмір сүрудің негізгі өзегін және мән мен маңызын түсінуі, адамсүйгіштік, адам мен адамдық міндеттерге құрметпен қарауын білдіреді. Педагогикалык, психологиялық тұрғыдан ізгілік адамдар арасындагы қатынастардың сүйіспеншілікке негізделуі, адамның ар -намысын, абыройын, ар-ожданын құрметтеу, жоғары адамгершілік, парасаттылық қасиетпен қамқорлық жасау, адамды сүйе білу, қадірлеуі деп түсінеміз.
А.А.Бейсенбаева /59/, С.Қ.Қалиевтардың /24/ пікірінше адамгершілік екі жақты әрекет арқылы пайда болады. Бір жағынан адамның өзін-өзі тани білуі, екіншіден, өмір сүру үшін күресу, түлғаның құндылық қасиетті бағалауы және оның ізгілікке жат іс-әрекетті танып білуі. Ізгілік тұлғаны әлеуметтік құбылыс ретінде қарауды үсынады.
Қазіргі кезде кеңінен қолданылып жүрген бүл ұғым жалпы ізгілікті құндылықтар жиынтығы болатындығын көреміз. Оған дәлел адамның адамгершілік бағыттары оның әлеуметтік белсенділігімен сипатталады: ол тұлғаның өзіндік ізгілікті-адамгершілік бағытта азаматтық борышын және жауапкершілігін терең сезінуі, өзіне-өзінің қатаң талап қоюы,басқа адамдарға деген өз бойында адалдық, ілтипаттылық, қайырымдылық, мейірімділік т.б.ізгі қарым-қатынастардың болуы қажет деп білеміз.
Ізгілік қасиет- адамды ізгілікті қарым-қатынасқа,қоғамның жалпы адамзаттық құндылықтарын бағалауға, дүниені және өзін-өзі танып білуге, түсінуге үнемі дамытуға ықпал жасайтын, ынталандыратын күш.
Оку-білім берудегі окушының тұлғасын қалыптастырудың әрі жағдайы, әрі нәтижесі болатындығын аңғарамыз. Алайда, ізгілік ұғымына анықтама берсек, ол біздің ойлауымыз бойынша:
Ізгілік- адамгершілік, адамшылық, ықыластылық, қайырымдылық, мәдениеттілік, адамдардың бір-біріне, табиғатқа, қоршаған ортаға сүйіспеншілігі және оны бағалап, қамқор болуына жетелейтін күш.
Одан әрі біз жүйеміздегі үшінші компонент -«ізгілендіру» деген ұғымның мәні мен мазмұнын қарастырайық. Ізгілендіру-адамды үздіксіз оқыту, үйрету арқылы адамгершілік бағытта жүргізіледі. Ізгілендірудің түпкі мақсаты окушыны белсенді тануға ұмтылатын, субъект етіп, шығармашылық тұлға етіп қалыптастыратын дамытуға апаратын ұғым. Сондықтан ғылыми әдебиеттерде барлық ғалымдар (философ, социолог, педагог) бір пікірді білдіреді-өркениетті деңгейге жетуі үшін, ізгілендірусіз әлеуметтік прогресс туралы сөз қозғауға болмайды. Сондықтан бүгінгі мұғалімнің окушымен педагогикалық қарым қатынасында мәдени кеңістік жасалуы, окушының субъект ретінде дамуы тұтас педагогикалық үрдісте білім беру технологиясын ізгілендірудің мүмкіндіктерінің қарастырылуы керектігіне көзіміз жетті.
Осы себептерге байланысты мұғалім окушыға білім беріп, білік-дағдыларын қалыптастырумен қатар жеке тұлғаны дамыту құралдарын (механизмі) қолдана білуі керек.
3-апта
№3 кредит сағат
№3 дәріс тақырыбы: Педагогикалық құбылыстарды зерттеуге аксиологиялық тұрғыдан көзқарас.
1.Педагогикалық құбылыстарды зерттеуге аксиологиялық көзқарастың негізгі принциптері. Жалпы ғылыми таным, соның ішінде педагогикалық таным да, тек жалпы шындыққа ғана бағытталып қоймайды, сонымен қатар ол (таным) жалпы элеуметтік қажеттіліктерді толық қанағаттандыруға бағытталады. Сондықтан да адамның тіршілік әрекетінің әсершілдік, мақсатты бағалау мазмұны тұлғаның жалпы адамзат мәдениетін ұғынуға, мойындауға, мәдени және рухани құндылықтарды қалыптастыруға белсенді бағытталуымен де анықталады.
Ғылымдағы практикалық көзқарас пен танымдық көзқарас арасындағы байланысты іске асырушы механизм ролін аксиологиялық көзқарас атқарады ол өз алдына бір теория мен практика арасындағы көпір. Ол құбылыстардың адам қажеттіліктерін өтеудегі мүмкіндіктерін зерттеуге және қоғамды ізгілендіру міндеттерін шешуге мумкіндік береді.
Аксиологиялық көзқарастың мәнін оның төмендегі негізгі принциптері ашып көрсетеді:
-мәдени және этникалық ерекшеліктерін ескере отырып, біртұтас гуманистік құндылықтар жүйесіне философиялық тұрғыдан бірдей көзқарас.
дәстүр ен шығармашылықтың бірмаңыздылығы , бұрынғы ілімдерді оқып үйреніп, оны пайдалану және қолдануды мойындау, бүгінгі мен ертеңнің рухани бірлігі және дәстүршілдер мен жаңашылдардың арасындағы өзара диалогтың қажеттілігі.
Адамдардың экзистенциялдық теңдігі , құндылықтардың негізі туралы демагогикалық тартыс-терістік орнына мәдени-әлеуметтік прагматизм.
Аксиологиялық көзқарас әуелбастан гуманистік педагогикаға тән,өйткені гуманистік педагогика адамға қоғамның ең биік құндылығы ретінде қарайды және оны қоғамның дамуының негізгі мақсаты деп түсіндіреді. Сондықтан да аксиологияға (аксиология – құндылықтардың табиғаты жөніндегі философиялық ілім) білімнің жаңа философиялық негізі ретінде және қазіргі заман педагогикасының әдіснамасы ретінде қарауға болады.
Адамзат қоғамының дамуының әр түрлі этаптарында негізгі құндылықтар бірдей болып қалды. Олар:өмір, денсаулық, махаббат, білім, еңбек, бейбітшілік,сұлулық, шығармашылық және т.б.
Аксиологиялық ойдың негізінде өзара тәуелді және өзара қарым-қатынастағы дүние жөніндегі концепция жатыр. Оның тұжырымдауы бойынша бұл дүние- біртұтас адам дүниесі, сондықтан да бүкіл адамзатты біріктіретін, жеке тұлғаның маңызын көре білу керек. Әлеуметтік дамуды адамнан бөліп қарау дегеніміз – ойлауды оның гуманистік іргетасынан бөлек қарау деген сөз.
Қазіргі кезеңнің күрделілігі гуманистік идеяларды кейінге қалдыруға негіз бола алмайды. Экономикалық дамуы қандай деңгейде болмасын, бұл идеялар өздігінен іске аспайды.
Гуманистік бастаулар: тұлғаның өзқұндылығын дәріптеуді, оның құқтарын, ар-намысын және еркіндігін сыйлауды қоғамға сырттан енгізуге болмайды, өйткені әлеуметтік даму үрдісі осы бастаулардың өсіп өркендеу процесі болып табылады. Олай болмаған жағдайда адамзат прогрессі жөнінде әңгіме қозғаудың ешқандай мағынасы жоқ.
Педагогикалық құбылыстардың құндылықтық сипатын түсіну, натуралистік, транцендентальдық, әлеуметтік және диалектикалық-материалистік концепциялардан құралған жалпы аксиологияның ықпалымен қалыптасты.
Педагогикалық аксиологияның негізінде адам өмірінің құндылығын түсіну және дәріптеу, тәрбие және оқыту, педагогикалық қызмет және білім беру жатыр.
Педагогиканың әдіснамалық негізі етіп аксиологиялық көзқарасты таңдау білімді әлеуметтік-педагогикалық феномен ретінде қарауға мүмкіндік береді.
Білімді, ізгілендіруді іске асыруға әлеуметтік жағдай шешуші маңызға ие болады, күннен күнге күрделеніп бара жатқан әлеуметтік жағдай мен оны ғылыми тұрғыдан танып білудің арасындағы алшақтың тәрбие мен оқытудың технологиясын, олардың мазмұны мен мақсаттарын қайта қарау қажет екендігін көрсетеді.
Аксиологиялық анализ көрсетіп отырғандай қазіргі білім жүйесіндегі өзгерістер әлі де болса қоғам өмірін ізгілендірудегі өз міндетін толық атқара алмай отыр. Білім жүйесіндегі конструктивтік-аксиологиялық потенциалды толық іске қосу үшін, өткен кезеңнен келе жатқан тежеу механизмдерін жою керек. Ол механизмдер біріншіден, білім берудің теориясы мен практикасына технократтық және утилитарлық көзқарас, екіншіден, ізгілендіру идеясының бұрмалануы болып отыр. Адамдық ресурстар толықтай іске қосылмай отыр, ол негізінен білім беру үрдісіндегі дәстүрлік қалыптың сақталуынан, оқушыны тек әсер етуші объект ретінде қараудан, ересектердің білімін жетілдіруге құлықсыздығынан, білім беру потенциалының өте төмен саналығынан көрінеді. Сондықтан да педагогиканың алдында тұрған маңызды да күрделі ғылыми міндет –ол білімнің дамуын болжау болып табылады. Бірақ бұл педагогикалық болжау әлі де болса сапалық және мазмұндық жағынан жетілдіруді талап етеді.
Оқыту бағдарламалырын, оқулықтарды шамадан тыс саясаттандару мен идеологияландыру білім берудің тәрбиелік мәнін төмендетіп жіберді. Білім берудегі осы жүйе, барлық күшін тәрбиеленушілерді өмірдегі әр түрлі жағдайларға бейімделуге, кездесетін қиыншылықтарға шыдамшылыққа үйреткенмен, өмірді ізгілендіруге, оны сұлулықтың заңдарына сәйкес өзгерте білуге үйрете алмады. Қазіргі кезде әлеуметтік және экономикалық проблемаларды шешуде, тіпті бүкіл адамзаттың қауіпсіздігін, өмір сүруін қамтамасыз етуде тұлғаның бағытталуының мазмұны мен сипаты шешуші роль атқаратыны белгілі болып отыр.
Қазіргі кезеңдегі демократияның даму үрдісі , жан-жақты дамыған, элеуметтік белсенді, шығармашылық потенциалы жоғары, өз алдына шешім қабылдай алатын және сол қабылданған шешімнің асырылуына жауап бере алатын тұлғаға зәру болып отыр. Адамға тек homo sapiens рентінде қарау өз мәнін жойды. Адамның тек жеке тұлғалық қасиеттері ғана бірінші орынға шығып отыр.
Білімді ізгілендіру идеясы, педагогикаға аксиологиялық көзқарастың нәтижесінде туындай отырып, кең көлемде философиялық-антропологиялық және әлеуметтік-саяси маңызға ие болып отыр. Өйткені қоғам дамуының стратегиясы, яғни адам мен цивилизациялық ілгері дамуы немесе тежелуі осыған байланысты болып отыр.
Педагогикалық құбылыстарға аксиологиялық көз-қарас, білімді гуманистандыруды, халықтың ақыл-ойын, адамдардың табиғатын, қарым-қатынасын тереңдете қайта қарауды талап етеді
4-апта
№4 кредит сағат
№4 дәріс тақырыбы: Педагогикалық құндылықтар туралы ұғым
Педагогикалық құндылықтар туралы түсінік
Құндылықты бағдарлап адамның мінез – құлқының психологиялық реттеушісі
1.Педагогикалық құндылықтар туралы түсінік. ХХ-ғасырдың 60-жылдарында отандық ғылымда құндылық категориясы Философиялық ұғыну заты болды, адамдардың проблемаларына қызығушылық өскенде моралына, адамгершілігіне, толықтай субьективтік факторларға қызығушылық өскенде. Бірақта құндылық проблемасын талқылау жалғасып келеді. Аксиологияда категориялық ақпарат өзіне «құндылық» тұлғаның аксиологиялық мінезін (субьектінің құндылық қатынасын) және жалпы аксиологиялық категориялары (білімі, мәні, игілік, баға, қажеттілік, ынтасы және қатынасы, түрткі) түсінігін қосады.
«Құндылық» тағдырының түсінігі қалыптасты, егер сыртқы белгілеріне сүйенсек әблен сәтті. Ол сөздіктерге еніп кеңінен қолданылады, әсіресе қазіргі шақта, философиялық,, психологиялық және педагогикалық жариялауда, ғылыми-танымал және публицистикалық әдебиеттерде белсенді пайдаланылады. Сонымен бірге авторлар оған әртүрлі ұсыныстар салады, ол, әрине, мынадай түсініктердің «құндылықты байқау», «құндылық қарым-қатынастар», «гуманистік құндылықтар» және тағы басқалардың мазмұнының белгісіздігіне және көлеміне әкеледі. Категориялық қатар құрайтын және педагогикалық аксиологияның тезауросын құрайды. Бұл фактоны ескере отырып «құндылық» түсінігінің негізгі анықтамасына тоқталамыз.
Құндылық категориясы адамдар әлемінде және қоғамда қолданылады. Адамдардан тыс және адамдарсыз құндылық ұғымы қолданылмайды, өйткені құбылыстар мен заттардың адамшылдық типке маңызы ерекше. Құндылықтар адамдар мен әлем ара қатынасының туындылары, оның маңыздылығын дәлелдеп адамдар оны тарихи процесінде жасады. Қоғамда кез келген оқиға осылай немесе басқалай маңызды, кез келген құбылыс осы немесе басқа рөлді орындады. Бірақта құндылықтарға тек дұрыс маңызды жағдайлар мен құбылыстар жатады, әлеуметтік прогреспен байланысқан.
Субьектілерге екі қатарлы мағына беріледі: «обьективті мазмұн» және «тұлғаның мәні». Мән, мағына және құндылық- ажырамас түсінік. Обективті элемент құндылықтың мазмұнын ашады (құбылыстың белгілі қасиетін, ал мәні болса осы обьективті элементке адамның белсенді қатынасын бейнелеиді, сол тұлғаның шығарған.
Құндылық және мән обьективті әлемнен адам қажеттілігі әрекетінен шығады. Құндылықты заттық және субьекті деп бөлуге болады. Заттық құндылықтарға жататындар: табиғи және әлеуметті-мәдениетті құбылыстар, адами қызметтің актуалды және потенциальды заты. Мынадай критерияларды бағалайды, олар «жақсылық-жамандық,», «көркем-көріксіз», «әділ – қиянат».
Құндылық сипаттамасы айрықша оқиға ретінде қарастырылады, өмірлік құбылыстар, тұтастай қоғам мен мәдениетке, субьектіге де, шығармашылық қызметтердің әртүрлі түрлерін орындайтын творчестволық процестің әсерінен пайда болады, сонымен бірге тұлғаның шығармашылық потенциалы дамиды және ашылады.
Демек , осы мәдениет пен әлемде гуманизм жасайды. Шығармашылықты ізгілендіру ролі сонымен бірге анықталады, оның өнімі ешқашанда тек жалғыз құндылықты іске асырмайды оның күштілігі сонда шығармашылықта бұрын естілмеген құндылықтарды ашады, жасайды, ол тіпті «бірдей құнды» заттар жасайды, сонымен бірге адамды да байытады, оның жаңа қабілеттіктерін ашады, оны құндылықтар әлеміне араластырады және осы әлемнің қиын иерархиясына қосады.Сол немесе басқа обьектінің құндылығы оның жекеше бағасының процесінде анықталады қажеттілікті қанағаттандыру маңыздылығын ұғыну құралы болып табылады.
Құндылық және баға түсінігінің арасындығы табандылық айырмашылықты түсіну өте маңызды. Құндылық обьективті әлеуметтік – тарихи тәжірибенің процесінде салынады, ал баға құндылыққа субьективті қатынаста көрінеді, сондықтан шынайы болуы мүмкін және жалған да болуы мүмкін. Құндылыққа қарағанда баға тек жағымды болуы мүмкін емес, ол жағымсыз да болуы мүмкін. Адам мен қоғамға керекті және керекті заттарды іріктеу осының арқасында жасалады. Өзінің табиғатына қарай баға қозғалмалы, сондықтан адам қызметінің өзгеруіне байланысты құндылықты қайта бағалау орны бар. Баға әсерлі және ұтымды деңгейде іске асады. Әсерлі баға көптеген жағдайларда санасыздықты мінездейді жәнеқанағаттанған немесе қанағаттанбаған сезім пайда болады. Ұтымды баға көпшілік кезде өз пайдасын ұғынуына байланысты заттар мен құбылыстардың маңыздылығы. Осыған байланысты гуманистік педагогикада тұлғаның бағалау қызметінің құралы болып табылады, ал оның дамуы –педагогикалық тапсырмасы.
Жалпы аксиологиядағы қаралған категориялық аппарат педагогикалық аксиологияға сүиенуге рұқсат етеді, оның мәні педагогикалық қызметтің ерекшелігімен анықталады.
Педагогикалық қызметтің аксиологиялық сипаттамасы оның гуманистік мәнін көрсетеді. Негізінен педагогикалық құндылықтар бұл қызметтердің ерекшеліктері олар педагогтың қажеттіліктерін қанағаттандырып қана қоймайды және де гуманистік мақсатқа жетуге жұмсалған оның әлеуметтік және профессионалды белсенділігі . Өмірде педагогикалық құндылықтар сыртқы әсермен қабылданады. Олар қоғамда әлеуметтік, саясаттық, экономикалық қатынастарға тәуелді, көбіне педагогикалық дамуы мен біліктілік практикасына әсер етеді.
Педагогикалық құндылықтар-педагогикалық қызметтің тәртібін белгілеуді және тану әрекетінің сипаттамасы ретінде шығады.
Олар басқа құндылықтар тәрізді синтагматикалық сипаттамаға ие, яғни педагогикалық ғылымда қоғамдық таным формасында ерекше бейне мен көрініс түрінде тарихи құралады және белгіленеді. Педагогикалық құндылықтарды меңгеру педагогикалық қызметтің орындалу процесінде болады. Әлемдегі әлеуметтік жағдайдың өзгеруі мен қоғамдағы қажеттіліктің дамуымен байланысты тұлғаның педагогикалық құндылығы да өзгереді. Осылай педагогика тарихындағы өзгерістер бақыланып отырады, схолостикалық оқыту теориясының ауысуына байланысты . Демократикалық тенденцияны күшеиту дәстүрлі емес форманы және оқыту әдісінің дамуын күшейтеді.
2.Құндылықты бағдарлап адамның мінез – құлқының психологиялық реттеушісі. Құндылықты бағдарлар жүйесі адам белсенділігінің негізгі реттеушісі болып табылады, өйткені ол жеке қажеттіліктер мен мотивтерді тұлғаның ұсынған және қабылдаған социумның құндылықтарымен, нормаларымен сәйкестендіруге көмектеседі. В.Г. Алексеваның көзқарасы бойынша, құндылықты бағдарлар қоғамдық құндылықтарының жекеленген еркін таңдау формасы тұлғаның іс-әрекет және мінез-құлық механизмдерін қосу болып табылады. Оның ойынша, құндылықты бағдарлар жүйесі – бұл қоғамның рухани мәдениетін меңгерудің негізгі каналы, мәдени құндылықтардың адамның тәжірибелік мінез-құлық мотивтері мен стимулдарына ауысуы.
Ш.Щварц пен У.Билски құндылықтарға ұқсастық,, концептуалды анықтама береді, олар келесі формальды белгілерден тұрады:
-құндылықтар – бұл ұғым немесе сендіру;
-құндылықтар тілекке сәйкес соңғы күйлерге немесе мінез-құлыққа қатынасы бар;
-құндылықтар жағдайлық сипатқа ие;
-құндылықтар мінез-құлықтың және жағдайлардың талдауын және бағалауын басқарады;
-құндылықтар қатыстық маңыздылығы бойынша тәртіпке келтірілген.
Осылайша құндылықты бағдарлар әрқашанда иерархиялық жүйені құрайды. Тұлғаның бағдарын қандай да бір құндылыққа қарағанда субьективті маңыздылығын, яғни жүйеге қосылмауын көз алдына елестету мүмкін емес.
Жеке тұлғаның құндылықты бағдарлар жүйесін үлкен жүйенің бір бөлімшесі ретінде қарастыруға болады, ол әртүрлі авторлармен «адамның өмірлік әлемі», «әлемнің бейнесі» және т.с.с. ретінде суреттеліп, өз кезегінде күрделі және көп деңгейлі сипатқа ие.
Тұлғаның құндылықты бағдарлар жүйесі әлеуметтік ортаның ішкі нұсқаулары нормалары арасында, мотивациялық – қажеттілік өрісі мен жеке тұлғалық мәндер жүйесі аралығындағы аралық қалыпты ала отырып, сол бөлшектердің «адам» жалпы жүйесімен өзара іс әрекетті қамтамасыз етеді. Тұлғаның құндылықты бағдарлары жоғарғы реттеуші құрылу ретінде адамның ниеттерін жүзеге асырудың шарттарын анықтап қана қоймай, сонымен бірге өздері де оның мақсаттарының қайнар көзі болып табылады,осы арқылы жүйенің екі жақтылығы анықталады.
5-апта
№5 кредит сағат
№5 дәріс тақырыбы: Педагогикадағы құндылықтардың классификациясы
Жалпы адамзаттық құндылықтар - тұлғаны қалыптастырудыц негізі.
Құндылықтар – шешім қабылдаудың себебі
Достарыңызбен бөлісу: |