Құрастырушы: а ш.ғ. к., аға оқытушы Арыстанова К


Өзіндік формаларына жалпы сипаттама



бет2/8
Дата16.03.2022
өлшемі38,69 Kb.
#135864
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
СӨЖ БТД

Өзіндік формаларына жалпы сипаттама

Практикалықжәне лобораториялық сабақтарға дайындық.
- студенттердің өзіндік жұмысының дәстүрлі түрі, яғни дәрістік
материалды тапсыру, қарастырылған әдебиетті зерттеу, оқу
құралын немесе мақаланы конспектілеу.
Сұрақтарға, коллеквиумдарға дайындалу - бұл сарамандық немесе лобораториалық сабақтарда жүргізіледі, сұрақтарды зерттеуді талап, негізі терминдерді қайталау, формаларды және алгоритмдерді есте сақтау.
Тестілеуге дайындық – белгілі бір терминдеге назар аудара отырып тақырып бойынша немесе блок бойынша тереңдетіп оқуды талап етеді және күндерді, алгоритмдерді, ғылымдардың еңбектерін, ережелерді қарастырады.
Аудиториядағы бақылау жұмысына дайындық - есептеу формаларын, әдістер және есептік көрсеткіштерді шығаруды түсіну.
Үйде арналған бақылау жұмыстары - өзіндік жұмыстарға берілген материалды бекіту бағытында жүргізіледі және ірі тақырыптар немесе блоктар тақырыбы бойынша бекіту үшін орындалады.
Үй тапсырмалары -- әртүрлі түрдегі тапсырмаларды үнемі орындап отыру, мысалы есептерге шолу жасау.
Рефераттар - белгілі бір мәселе бойынша беріген тақырыпта ғылыми және арнайы әдебиеттер негізінде қысқаша түсінік беру Олардың мақсаты-- әдебиетпен, статистикалық берілгендермен студенттің жұмыс істей білуге үйрету, қарастырылып отырған мәселені аша білуге және жазбаша түрде оны логикалық, нақты баяндай білуге үйретеді.
Баяндамалар маңызы бойынша рефераттарға жақын, бірақ қарастырылып отырған сұрақтар шегі тар. Баяндаманы дайындау студентің оны қызықтыратын сұрағына барлық негізде зерттеу жүргізуге үйретеді.
Эссе – белгілі бір тақырып бойынша қысқаша тұжырым. Оның ерекшелігі – индивидуалдылық, оқытушы қойған мәселе бойынша өздігінше, шығармашылық түрде анықтай білу. Студенттерге өзіндік жұмыс ретінде берілген эссе тақырыптары оқытылып отырған пән бойынша нақты сұрақтар болуы мүмкін. Оқытушыны студенттің жеке өз ойын біліу ғана қызықтырады.
Іскерлік ойынына дайындық – ролдерді болумен, қажетті материалдарды жинаумен тығыз байланысты. Нәтижелерді сипаттау берілгендерді талдау, жалпыландыру және ұсыныс жасау негізінде жасалады.
Курстық жұмыс – білгілі тақырып бойынша өздігінен зерттеу. Зерттеу барысында студент ғылыми, оқулық, арнайы әдебиеттермен, құжаттармен анықтамалармен және архивтік құжаттармен жұмыс істеуге ізденіс іс-әрекет әдістерін меңгереді, ақпараттарды талдай беруге; пән бойынша білімдерін кеңейтеді; практикалық міндеттерін шешуге, өзіндік жұмысты белсендіріп және шығаршылық ойлауға үйреттеді.

  • берілген ақпараттар;

  • орындалу кезектілігі;

  • жұмыстың құрылысы және безендіру;

  • жұмысты қорғау;

  • оны бағалау критериясы;

Студенттердің өзіндік жұмысын жоспарлайтын кафедралық құжаттар студенттердің өзіндік жұмысы бойынша кафедра жоспары және кеңес беру графигі.


Өзіндік жұмыс бойынша оқытушы және студент жоспары оқу жылының бірінші аптасында құрастырылып аудиториялық жүктеменің көлемін көрсетіледі және де өзіндік жұмыстың саны мен формасы анықталады.
Кеңес беру графигі семестрдіңбірінші аптасында құрастырылады, онда күндер және кафедра оқытушыларының кеңес беру уақыты көрсетіледі және хабарландыру тақтасында ілінеді. Студенттер орындаған өзіндік жұмыстары кафедрада оқу жұмысының соңына дейін сақталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет