Құрастырушы: аға оқытушы Саденова С. Н


Практикалық сабақтардың мазмұны, сағаттарда олардың көлемі



бет3/3
Дата15.07.2017
өлшемі0,66 Mb.
#21191
1   2   3

7. Практикалық сабақтардың мазмұны, сағаттарда олардың көлемі



Тақырып 1 Жоғары оқу орнындағы білім беру үрдісі

Мақсаты: қазіргі кезеңде ЖОО-да білім беру үрдісін ұйымдастырудың негізгі құжаттары туралы білімді бекіту.

Әдістемелік нұсқаулар: тәжірибелік сабақты «Бұл саған қажет болады» деген топтық сайыс түрінде өткізу орынды.

Әдебиеттер: [1, 6]
Тақырып 2 Жоғары оқу орнындағы студент

Мақсаты: ақпараттық порталмен студентті таныстыру.

Әдістемелік нұсқаулар: тәжірибелік сабақты бос компьютерлік сыныпта өткізу орынды.

Әдебиеттер: [1, 6]
Тақырып 3 Оқу материалдарымен жұмыс

Мақсаты: оқу материалын конспектілеу дағдысын меңгеру.

Әдістемелік нұсқаулар: тәжірибелік сабақта студент сызбалар мен кестелерді қолданумен берілген тақырып бойынша конспект жазу керек.

Әдебиеттер: [1, 2, 6]
Тақырып 4 Кітапхана ісінің негіздері

Мақсаты: кітапхана каталогымен жұмыс дағдыларын меңгеру.

Әдістемелік нұсқаулар: тәжірибелік сабақ кітапханада өткізілуі керек. Студент берілген тақырыптар бойынша оқу әдебиеттері мен мерзімді басылымдарды іріктеп алуы қажет.

Әдебиеттер: [1, 2]
Тақырып 5 Экономика мамандығының жалпы сипаттамасы

Мақсаты: білім беру траекториясын құрастыру дағдыларын меңгеру.

Әдістемелік нұсқаулар: тәжірибелік сабақта студент жеке білім беру траекториясын таңдауды негіздеуі керек.

Әдебиеттер: [1, 2]
Тақырып 6 Экономист кәсіп ретінде

Мақсаты: ақпаратты ұсыну дағдыларын меңгеру.

Әдістемелік нұсқаулар: тәжірибелік сабақта студент «Эссе қалай жазылуы керек» деген тақырыпты талқылауы және «Мен экономистпін» тақырыбына эссе жазуы керек.

Әдебиеттер: [1, 2]
Тақырып 7 Ғылымның мәні

Мақсаты: берілген тақырып бойынша теориялық білімдерін бекіту.

Әдістемелік нұсқаулар: тәжірибелік сабақ ұсынылған тақырыптар бойынша рефераттарды тындау мен талқылау түрінде өткізіледі. Тақырыптар оқытушымен келісу арқылы таңдалады.

Рефераттардың ұсынылатын тақырыптары:

1 Ғылым тарихы

2 Көрнекті оқымысты экономист

3 Ғылыми ұйымдар

4 Ғылыми медальдар мен сыйлықақылар

5 Ғылым түсінігі және ғылымдардың жіктелуі

Әдебиеттер: [2-5]
Тақырып 8 Зерттеулерді өткізу әдістемесі

Мақсаты: берілген тақырып бойынша теориялық білімдерін бекіту.

Әдістемелік нұсқаулар: тәжірибелік сабақ ұсынылған тақырыптар бойынша рефераттарды тындау мен талқылау түрінде өткізіледі. Тақырыптар оқытушымен келісу арқылы таңдалады.

Рефераттардың ұсынылатын тақырыптары:

1 Экономикалық зерттеулердің негізгі әдістері

2 Дельфи әдісі: мәні мен қолдануы

3 Ми шабуылы әдісі: мәні мен қолдануы

4 Жүйелік тәсіл: мәні мен қолдануы

5 Экстраполяция әдісі: мәні мен қолдануы

6 Дедукция әдісі: мәні мен қолдануы

7 Индукция әдісі: мәні мен қолдануы

8 Сарапшылар бағалау әдісі: мәні мен қолдануы



Әдебиеттер: [2-5]
Тақырып 9 Студенттің ғылыми-зерттеушілік жұмысы

Мақсаты: идеяны, тақырыпты, мақсаттар мен міндеттерді тұжырымдау дағдысын меңгеру.

Әдістемелік нұсқаулар: тәжірибелік сабақта студент 4 бизнес-идеяны (топтық немесе жеке) ұсынуы және зерттеу тақырыбын, мақсатын, міндеттерін тұжырымдауы керек.

Әдебиеттер: [2-5]
Тақырып 10 Ғылыми шараларға қатысуға дайындық және ғылыми жұмыстарды рәсімдеу

Мақсаты: ғылыми жүмысты жазу дағдыларын алу.

Әдістемелік нұсқаулар: тәжірибелік сабақта студент зерттеуді өткізу кезеңдерін анықтауы және жиналған материалды талдаумен айналысуы, баяндама құрастыруы, жұмысты рәсімдеу мен қорғауы керек.

Әдебиеттер: [2-5]
8. Өзіндік жұмыстың тапсырмалары
Әрбір тақырып бойынша СӨЖ үшін тапсырмалар монографияларды, оқулықтарды, ақпараттың басқа көздерін қарастыра отырып, төменде көрсетілген барлық сұрақтарды әзірлеуді және рефераттарды жазуды ескереді.
Тақырып 1 Жоғары оқу орнындағы білім беру үрдісі

Дәріс сабағының сұрақтарын оқу. Межелік бақылауға дайындалу.

ЖОО-да білім беру үрдісін ұйымдастыру бойынша жалпы талаптар мен негізгі құжаттар. Сабақтардың негізгі түрлері. Студенттердің оқу жұмысын аттестациялау. ЖОО-дан кейінгі оқыту мен түлектердің біліктілігін жоғарлату.
Тақырып 2 Жоғары оқу орнындағы студент

Дәріс сабағының сұрақтарын оқу. Межелік бақылауға дайындалу.

Студенттің құқығы мен міндеттері. Студенттік билет пен студенттің сынақ кітапшасы. Студенттік стипендиялар. Академиялық демалыс және студентті қайта алу. Студенттің тиімді тәртібін және оқу еңбегін ұйымдастыру. Студентті тәрбиелеу жеке тұлға мен ұжымның қалыптасуы ретінде.
Тақырып 3 Оқу материалдарымен жұмыс

Дәріс сабағының сұрақтарын оқу. Межелік бақылауға дайындалу.

«Экономикалық теория» немесе «Микроэкономика» бағыттары бойынша конспектілеу үшін көлемі 3 беттен кем емес материалды алдын ала оқу мен дайындау.
Тақырып 4 Кітапхана ісінің негіздері

Дәріс сабағының сұрақтарын оқу. Межелік бақылауға дайындалу.

ЖОО-да кітапханалар жұмысының жалпы ережесі. Кітапхананың каталогтарымен жұмыс. Оқу әдебиеттерін пайдалану. Зияткерлік меншік пен оны заң жүзінде қорғау.
Тақырып 5 Экономика мамандығының жалпы сипаттамасы

Дәріс сабағының сұрақтарын оқу. Межелік бақылауға дайындалу.



Экономисттің біліктілік сипаттамасы. Экономистті дайындауға талаптар. Экономистті дайындаудың мазмұны. Экономисттің қорытынды мемлекеттік аттестациясы. Мамандық түлектері жұмыс істей алатын басшылар, мамандар мен қызметкерлер лауазымдарының біліктілік сипаттамалары.
Тақырып 6 Экономист кәсіп ретінде

Дәріс сабағының сұрақтарын оқу. Межелік бақылауға дайындалу.

«Экономика» және «экономия» түсініктернің шығу тегі. Бұрынғы, қазіргі және болашақ экономикалық ғылым. «Экономист» кәсібінің мақсаты. Экономисттің кәсіби білімін қалыптастыру. Экономисттің кәсіби тілі.

«Эссе қалай жазылуы керек» тақырыбына баяндама дайындау.


Тақырып 7 Ғылымның мәні

Дәріс сабағының сұрақтарын оқу. Межелік бақылауға дайындалу.

Ғылым білім жүйесі ретінде. Ғылыми зерттеу: мәні, түрлері, орындау кезеңдері. Зерттеулердің жіктелуі.

Келесі тақырыптар бойынша теориялық материалды жинау:

1 Ғылым тарихы

2 Көрнекті оқымысты экономист

3 Ғылыми ұйымдар

4 Ғылыми медальдар мен сыйлықақылар

5 Ғылым түсінігі және ғылымдардың жіктелуі
Тақырып 8 Зерттеулерді өткізу әдістемесі

Дәріс сабағының сұрақтарын оқу. Межелік бақылауға дайындалу.



Ғылыми зерттеулердің әдістері. Теориялық зерттеулердің әдістемесі. Тәжірибелік зерттеулердің әдістемесі.

Келесі тақырыптар бойынша теориялық материалды жинау:

1 Экономикалық зерттеулердің негізгі әдістері

2 Дельфи әдісі: мәні мен қолдануы

3 Ми шабуылы әдісі: мәні мен қолдануы

4 Жүйелік тәсіл: мәні мен қолдануы

5 Экстраполяция әдісі: мәні мен қолдануы

6 Дедукция әдісі: мәні мен қолдануы

7 Индукция әдісі: мәні мен қолдануы

8 Сарапшылар бағалау әдісі: мәні мен қолдануы


Тақырып 9 Студенттің ғылыми-зерттеушілік жұмысы

Дәріс сабағының сұрақтарын оқу. Межелік бақылауға дайындалу.

Студенттің ғылыми-зерттеушілік жұмысының түрлері. Ғылыми зерттеудің тақырыбын, мақсаттары мен міндеттерін қалыптастыру. Теориялық-тәжірибелік зерттеулерді талдау. Қорытындылар мен ұсыныстарды тұжырымдау.

3-4 бизнес-идеяны (топтық немесе жеке) дайындау.


Тақырып 10 Ғылыми шараларға қатысуға дайындық және ғылыми жұмыстарды рәсімдеу

Дәріс сабағының сұрақтарын оқу. Межелік бақылауға дайындалу.



Ғылыми шараны өткізу туралы ақпарат. Ғылыми-зерттеушілік жұмысқа жалпы талаптар. Ғылыми-зерттеушілік жұмысты рәсімдеу ережесі. Жұмыс туралы баяндама. Баяндама тезистерін құрастыру.

10. СӨЖМ кеңесінің кестесі (СӨЖМ СӨЖ-дің 25% құрайды)
Ағымдағы семестрге барлық сұрақтар бойынша кеңес ОСӨЖ кестесіне сәйкес жүргізіледі.
11. Білім алушының білімін тексеру кестесі
Дәрістерге қатысу мен практикалық сабақтар 0-100 балмен бағаланады.
Пән бойынша тапсырмаларды орындау мен тапсыру кестесі




Виды работ

Тема, цель и содержание задания

Рекомендуемая литература

Продолжительность выполнения

Форма контроля

Срок сдачи

1

2

3

4

5

6

7

1

Реферат

Сущность и функции финансов




3 недели




4-ая неделя

2

Реферат

Финансовая политика и финансовый механизм




2 недели




6-ая неделя

3

Рубежный контроль

Модуль 1,2







коллоквиум

8-ая неделя

4

Реферат

Финансы хозяйствующих субъектов




2 недели




9-ая неделя

5

Реферат

Налоги и налоговая система




2 недели




11-ая неделя

6

Курсовая работа

Согласно утвержденной тематике




8 недель




14-ая неделя

7

Рубежный контроль

Модуль 3,4







коллоквиум

15-ая неделя

12. Білім алушылардың білімін бағалау критерийлері

Пәнді меңгеру барлық өткен материалды қамтитын тест түріндегі емтиханмен аяқталады. Емтиханға жіберілудің міндетті шарты болып бағдарламада барлық көрсетілген тапсырмадарды орындау табылады.

Әрбір тапсырма 0-100 балмен бағаланады.

Жіберу рейтингі ағымдағы сабақтарда барлық орындалған тапсырмалардың (дәрістерге қатысу, үй тапсырмалары, СӨЖ бойынша тапсырмалар, практика бойынша тапсырмалар және басқалары, межелік бақылау) орташа арифметикалық бағасымен есептелінеді.

Пән бойынша қорытынды бақылауға (ҚБ) жұмыс оқу бағдарламасының барлық талаптарын (барлық зертханалық жұмыстарды, СӨЖ бойынша тапсырмалар мен жұмыстарды орындау және тапсыру) орындаған, курстық жобаны (жұмысты) қорғағаны үшін оң баға алған және жіберу рейтингін жинаған (50 балдан кем емес) студенттер жіберіледі.

Әр пән бойынша (пәннің қорытынды бақылау түрі мемлекеттік емтихан болса да) студенттердің оқу жетістіктерінің деңгейі қорытынды бағамен (Қ) анықталады. Қорытынды баға ЖР және ҚБ (емтихан, дифференциалды сынақ немесе курстық жұмыс/ жоба) салмақтық үлестер негізінде есептеледі (СҮЖР және СҮҚБ).

Қ = ЖР*0,6 + ҚБ*0,4

Үлес салмақтар жыл сайын университеттің ғылыми кеңесімен бекітіледі және ЖР үшін 0,6 көп емес және ҚБ үшін 0,3 кем емес болуы керек.

КЖб/КЖ комиссия алдында қорғалады. Баға жетекшінің пікірін ескере отырып, көрсеткен біліміне сәйкес қойылады.

Пән бойынша жіберу рейтингі де, қорытынды бақылау да оң бағаланған жағдайда ғана қорытынды баға есептеледі. Дәлелсіз себеппен қорытынды бақылауға келмеген жағдайда, «қанағаттанарлықсыз» деген бағаға теңеріледі. Пәннен емтихан және аралық аттестаттау нәтижелері студенттерге сол күні айтылады, егер емтихан жазбаша түрде түстен кейін жүргізілсе, онда келесі күні айтылады.

Қорытынды бағаны есептеудің дұрыстығы үшін межелік бақалауда (рейтингте) және қорытынды емтиханда білім алушының білімі пайыздарда 0-ден 100 % дейін бағаланады.

Межелік бақылаудың бағасы ағымдағы бағалар мен межелік бақылаудың бағасынан есептелінеді.



Пән бойынша студенттердің оқу жетістіктері, яғни білімдері, икемділіктері, машықтары және құзыреттері көпбалды әріптік жүйе бойынша бағаланады:


Әріптік жүйедегі баға

Балдың сандық баламасы

Пайыздық мазмұны

Дәстүрлі жүйедегі баға

A

4,0

95-100

Өте жақсы

A-

3,67

90-94

B+

3,33

85-89

Жақсы

B

3,0

80-84

B-

2,67

75-79

C+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

C

2,0

65-69

C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз


13. Оқытушының талаптары, саясат пен тәртіптер
Білім алушы барлық аудиториялық сабақтарға кешігусіз қатысуға міндетті. Сабаққа қатыспау жағдайлары деканатпен бекітілген тәртіппен өтеледі. Сабаққа кем дегенде екі рет қана қатыспауға рұқсат етіледі. Сабаққа екі рет кешігу бір сабаққа қатыспаған деп есептелінеді. Сабаққа екі реттен көп қатыспаған жағдайда оқытушы бұдан әрі студентті мәселе әкімшілік шешілгенге дейін сабаққа кіргізбеуге құқығы бар. Дәрісте берілген курстың студенті болып табылмайтын бөтен адамдардың болуына тыйым салынады.

Жұмыстарды бекітілген мерзімде тапсыру қажет. Барлық тапсырмаларды тапсырудың ең соңғы мерзімі – емтихандық сессияның басына дейін 3 күнге дейін.

Барлық тапсырмаларды тапсырмаған, курстық жұмысты қорғамаған студенттер емтиханға жіберілмейді.

Әрбір оқу сабағы бойынша тақырыпты қайталау және өткен материалдарды қарау міндетті. Оқу материалдарын меңгеру дәрежесі тестпен немесе жазбаша жұмыстармен тексеріледі. Студенттерді тестілеу ескертусіз өткізілуі мүмкін.

Оқытушының бақылауымен орындалатын студенттің өздік жұмысы (СӨЖМ) кезінде келесі төрт негізгі функциялар ескеріледі.

Бірінші – оқу пәні бойынша бекіту сабақтары кезінде алынған ақпаратты студенттермен белсенді қабылдауды жүзеге асыруды ұйғарады.

Екінші функция студенттер өз бетінше оқытушы ұсынымдары негізінде оқу-әдістемелік құралдарды, әдебиеттерді оқиды, үй тапсырмаларын, бақылау және курстық жұмыстарды орындайды және т.б. ескереді. Берілген кезеңде студенттерден жұмыс әдістерін білу, өз қиыншылықтарын түсіну, өзін ұйымдастыру мен өзін ұстай білушілік талап етіледі.

Студенттердің үшінші функциясы қиындық туындататын жағдайларды талдау мен жүйелеуден, оқу материалдарын түсіну мен меңгеруде қиындықтар себептерін анықтаудан, басқа оқу әрекеттерін орындаудан тұрады. Студенттер шешілмейтін қиындықтарды оқытушыға сұрақтар жүйесі түрінде (оларды реттейді, рәсімдейді) қояды, бұл сұрақтарға жауаптардың өз нұсқасын береді.

Студенттердің төртінші функциясы оқытушыға сәйкес түсіндірулер, кеңестер, көмектер үшін жолығудан тұрады.
14. Әдебиеттер тізімі
Негізгі

1 Әбжанов Х., Кенжебаев Ғ. Тәуелсiз Қазақстан: жоғары бiлiм, ғылым, саясат. - Алматы: Баспалар үйi, 2009. - 310 б.

2 Қазақстан ғылымы: энциклопедия / ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: Қазақстан энциклопедиясы. – (Мәдени мұра)
Қосымша

3 Ғылыми зерттеу негiздерi: дәрiс сабақтарының сүйенiш конспектi / құраст.: С. Ж. Кеңпейiлова, П.О. Быков. - Павлодар: С. Торайғыров атындағы ПМУ, 2006. - 40 б.

4 Ғылыми зерттеу негiздерi: тәжiрибелiк жұмыстарды орындауға арналған әдiстемелiк нұсқау / құраст.: С. Ж. Кеңпейiлова. - Павлодар: С. Торайғыров атындағы ПМУ, 2006. - 15 б.

5 Асқаров Е. С. Ғылыми зерттеулердiң негiздерi: оқу-әдiстемелiк құрал / Асқаров Е. С., Балапанов Е. Қ., Қойшыбаев Б. А. - Алматы: ЖТИ, 2005. - 182 б.



6 Қазақстан Республикасындағы білім туралы заңнама: заң актілерінің жиынтығы. - Алматы: Юрист, 2006. – 200 б.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет