Пән бағдарламасының (SYLLABUS) титулдық парағы
|
|
Нысан
ПМУ ҰС Н 7.18.4/19
|
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Экономика кафедрасы
___VSiTVNR 1208_ Мамандыққа кіріспе және ғылыми жұмыстардың
орындау техникасы________
(пәннің коды мен атауы)
ПӘН бағдарламасы (Syllabus)
Павлодар, 2013 ж.
Пән бағдарламасын (Syllabus) бекіту парағы
|
|
Нысан
ПМУ ҰС Н 7.18.4/19
|
БЕКІТЕМІН
Қаржы-экономика
факультетінің деканы
___________ Т.Я. Эрназаров
20___ж. «___»_________
Құрастырушы: аға оқытушы ________________ Саденова С.Н.
5В050600 «Экономика» мамандығының
(мамандықтың толық атауы және шифрі)
күндізгі оқу нысанының студенттеріне арналған
(оқу нысаны)
VSiTVNR 1208_ Мамандыққа кіріспе және ғылыми жұмыстардың
орындау техникасы
(жұмыс оқу жоспары бойынша пәннің толық атауы мен коды)
пән бағдарламасы (Syllabus)
Бағдарлама 20__ж. «___» _________бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленді.
Кафедра отырысында ұсынылды 20___ж. «___»____________№_____ Хаттама.
Кафедра меңгерушісі _____________ С.К. Кунязова 20__ж. «___» ________
Қаржы-экономика факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды 20___ж. «_____»____________ №____ Хаттама.
ОӘК төрайымы _____________ А.Б. Темиргалиева 20__ж. «____» ________
1. Пән бағдарламасының паспорты
Пәннің атауы Мамандыққа кіріспе және ғылыми жұмыстардың орындау техникасы
Кредиттер саны және оқу мерзімі
Барлығы – 3 кредит
Курс: 1
Семестр: 1
Аудиториялық сабақтар барлығы – 45 сағат
Дәрістер - 15 сағат
Практикалық /семинарлық сабақтар - 30 сағат
СӨЖ – 90 сағат
соның ішінде СӨЖМ – 22,5 сағат
Жалпы еңбек сыйымдылығы - 135 сағат
Бақылау түрі
Қорытынды бақылау түрі Емтихан – 1 семестр
Пререквизиттер
Осы пәнді меңгеру үшін төмендегі пәндерді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және дағды-машықтар қажет: жалпы білім беру мектептегі қазақ (орыс) тілі.
Постреквизиттер
Пәнді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және дағды-машықтар келесі пәндерді меңгеруі үшін қажет: кәсіпорын экономикасы, менеджмент, маркетинг, сонымен қатар экономикалық пәндер бойынша курстық жұмыстарды, рефераттарды, дипломдық жұмысты орындау кезінде қажет.
2. Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары
Аты-жөні Саденова Сауле Нуртаевна_
Ғылыми дәрежесі, атағы, қызметі __аға оқытушы__
Кафедра «Экономика», аудитория 419, А корпусы (Ломов көш.64)
телефон: 67-36-43,
Е-mail: sadenova-eim@mail.ru.
3. Пәні, мақсаты мен міндеттері
Пәні экономика мамандығының ерекшеліктері және ғылыми жұмыстарды дайындау мен орындауды түсіндіру.
Пәнді оқыту мақсаты болашақ мамандарға мамандығы туралы түсінік пен ғылыми жұмыстарды орындау дағдыларына мүмкіндік беру.
Пәнді оқыту міндеттері:
- студентті болашақ мамандығының мазмұнымен, жоо-да оқыту бағдарламасымен таныстыру;
- студенттерде университетте әрі қарай оқу үшін қажетті дағдыларын, соның ішінде әдебиетпен жұмыс пен өзіндік жұмыс дағдыларын қалыптастыру;
- студенттерде проблемалық ойлауды дамыту.
4. Білімге, икемділікке, машықтарға және құзыреттерге қойылатын талаптар
Осы пәнді меңгеру нәтижесінде студенттердің:
- таңдаған мамандығы;
- ғылыми зерттеулердің әдістері жөнінде түсініктері болуы;
- таңдаған мамандығы бойынша маманның біліктілік талаптарын; ішкі тәртіп ережелерін;
- студенттің оқу жұмысының негізгі түрлерін;
- оқу құжаттарын рәсімдеу ережелерін білуі;
- жеке мақсаттарын құруға;
- стандарттардың талаптарымен сәйкес оқу құжаттары мен әдебиеттер тізімін рәсімдеуге;
- мамандық бойынша ғылыми әдебиетті оқу мен талдауға;
- ғылыми зерттеулердің нәтижелерін жасау мен рәсімдеуге икемді болуы;
- өзіндік жұмысқа практикалық машықтарды иемденуі;
- өзін-өзі дамытуда, тәжірибелік қызметте жаңа білім мен ептілікті өздігінен алу мен қолдануда;
- өз болашақ мамандығының мәнділігін түсінуде;
- кәсіби қызмет үшін электрондық ақпараттық ресурстар мен ғылыми әдебиеттерді шолу жасауда құзретті болуы қажет.
5 Пәнді оқудың тақырыптық жоспары
Сабақтар түрлері бойынша академиялық сағаттардың бөлінуі
№ р/с
|
Тақырыптар атауы
|
Сабақ түрлері бойынша аудиториялық сағаттар саны
|
СӨЖ
|
дәрістер
|
практикалық (семинарлық)
|
зертханалық, студиялық, жеке
|
Барлығы
|
соның ішінде СӨЖМ
|
1
|
Жоғары оқу орнындағы білім беру үрдісі
|
1
|
1
|
-
|
7
|
2
|
2
|
Жоғары оқу орнындағы студент
|
1
|
1
|
-
|
7
|
2
|
3
|
Оқу материалдарымен жұмыс
|
2
|
3
|
-
|
8
|
2,5
|
4
|
Кітапхана ісінің негіздері
|
1
|
3
|
-
|
8
|
2
|
5
|
Экономика мамандығының жалпы сипаттамасы
|
1
|
2
|
-
|
8
|
2
|
6
|
Экономист кәсіп ретінде
|
2
|
2
|
-
|
8
|
2
|
|
Межелік бақылау 1
|
-
|
1
|
-
|
6
|
-
|
7
|
Ғылымның мәні
|
1
|
1
|
-
|
8
|
2
|
8
|
Зерттеулерді өткізу әдістемесі
|
2
|
5
|
-
|
8
|
2
|
9
|
Студенттің ғылыми-зерттеушілік жұмысы
|
2
|
2
|
-
|
8
|
3
|
10
|
Ғылыми шараларға қатысуға дайындық және ғылыми жұмыстарды рәсімдеу
|
2
|
8
|
-
|
8
|
3
|
|
Межелік бақылау 2
|
-
|
1
|
-
|
6
|
-
|
|
Барлығы: 135 (3 кредит)
|
15
|
30
|
-
|
90
|
22,5
|