Құрастырушы: Ботанова Гулжан Онгаровна Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы



бет1/4
Дата28.01.2018
өлшемі0,86 Mb.
#35532
  1   2   3   4
Оқушылардың сөйлеу мәдениетін жаңа технология элементтерін енгізу арқылы арқылы қалыптастыру

(орыс мектебіндегі қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша)



Құрастырушы: Ботанова Гулжан Онгаровна
Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы,

3 Мәртөк орта мектебінің



қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі


Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы,

3 Мәртөк орта мектебі



Құрастырушы: Ботанова Гулжан Онгаровна - қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі
Ұсынылып отырған жинақта мұғалімнің шығармашылығы мен оқу-танымдық шеберлігінің нәтижесіндегі сабақтар үлгілері келтірілген. Мұғалімнің шығармашылық ізденістерінен туындаған іс-тәжірибелік еңбегінен шәкірттерінің білім алуына жол салған жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді көруге болады.

Бұл жинақты қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері көмекші құрал ретінде пайдалануға болады.




«Біз осы заманғы білім беру жүйесінсіз, әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай
білетін осы заманғы мұғалімдерсіз инновациялық экономика құра алмаймыз.»
Н.Ә. Назарбаев
Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлесі қалыптасуда. Бұл процесс білім бағдарламасының өзгеруімен қатар жүреді. Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Ол балаға өзін-өзі өзектілендіруге, өзін толықтыруға және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын дамушы тұлға ретінде қалыптастыруға бағытталған. Дене Декарттың трактатында: «Өзін-өзі тану жолындағы еңбек – ең құнды еңбек» деп көрсетілген. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білім, білік, дағдысын емес, оның тұлғасын, білім арқылы дамуын қамтып отыр. Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығарып, оқу үрдісіне енгізу. АҚШ-та, Ұлыбританияда, Ресейде т.б мемлекеттерде жүргізілген зерттеулерде оқытудың технологиялық тәсілінің тиімділігі дәлелденген.

Елімізде оқыту мазмұны жаңартылып, әр мұғалім алдында жаңаша жұмыс істеу, батыл шығармашылық ізденіс, оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығын арттыру сияқты талап қойылады. Сондықтан, мұғалім өз білімін жан-жақты жетілдіре отырып, оқушыны қызықтырып оқыту керек екені сөзсіз. Ұлы неміс педагогы А. А.Дистервег: «Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлауға үйретеді» – деген. Президентіміз Н. Ә. Назарбаев айтқандай, сапалы білім беру Қазақстанның индустрияландырылуының және инновациялануының негізіне айналуы тиіс. Бұл мәселе жалпы білім беретін мектептерге байланысты айтылып тұрғандығы белгілі. Еліміздің болашағы орта мектептен сапалы білім алған, оның бағдарламасын толық меңгерген баладан, яғни, оқушыдан шығары анық, өйткені, ертеңгі ел тізгінін ұстар азаматтар- бүгінгі мектеп оқушысы.



Қай салада болмасын ондағы жұмыстың нәтижесі сапамен өлшенеді. Сапалы оқыту және өздігінен оқып білім алып алуға баулу негізінде ғана оқушылардан парасатты азамат тәрбиелеп шығаруға болады. Білімнің сапалы болуы тікелей мұғалімге, оның білім дәрежесі мен іздену шеберлігіне байланысты. Жаңа заман мұғалімі «дайын» білім көзі ғана болмай, оқушылардың танымдық іс - әрекетінің ұйымдастырушысы және үйлестіруші бола білуі, білімнің құндылық ретіндегі сипатына терең мән беруі, нәтижеге бағытталған білім беруде жаңа жолдар мен әдістер табуға дағдыланған маман болуы қажет.

Мектепте жұмыс атқаратын әрбір мұғалімнің алдына қазіргі таңда қойылатын талап өте үлкен болып отыр. Мұғалім өзінің инновациялық іс -әрекетін қалыптастырып, оны меңгеріп, сол жаңа педагогикалық технологияларды оқу-тәрбие үрдісінде жүйелі пайдалану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыруы қажет. Сонда ғана жаңа педагогикалық технологияларды меңгерген, өз практикасында қолданған әрбір мұғалім өз сабағын нәтижелі даму жағынан көре алады.


Сабақ – мұғалім мен оқушының өз қажеттілігіне орай оқу әрекеттерін яғни білімді меңгерту мен меңгеру, машық дағдыны қалыптастыру,ізденіске баулу,шығармашылық пен талапты ұштап, дамытуды қажет еткен мақсат міндеттер тұрғысынан бірлесе жұмыс істейтін ынтымақтастық алаңы. Сабақ тек жалаң білім беруге құралмай, оқушының шынайы қызығуы мен өз қажеттілігі мен сұранысын қамтамасыз етерлік шығармашылық ізденіс танымына орай құрылуы қажет.
Ұстаз алдындағы басты мақсат – сапалы білім мен саналы тәрбие беру, тұлғаның заман талабы мен ағымына сай қалыптасуына ықпал ету. Тұлғаның жан-жақты жетілдірілуінде таным баспалдақтарына жетелер дағды қалыптастыруға жол ашатын оқыту мен тәрбие технологиясын жете білу, меңгеру, біліктілігін арттыру, әлемдік даму үрдісіне қатысар тұлға даярлау мұғалім мақсатының бастау көздері.

Біздің елімізде қазіргі кезде білім берудің жаңа үлгісі қалыптасуда. Бұл бағдарламаның негізгі ерекшелігі – оқытудың дәстүрлі түрінен жаңа педагогикалық технологияларға ауысу.


«Білім беру жүйесін жаңғырту барысында біз үшін келесі іс-шараларды жүзеге асырудың маңызы зор. Біріншіден, оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу. Екіншіден, педагогтар құрамының сапасын арттырудың маңызы зор. Арқаулық педагогтік білім берудің үлгі-қалыптарын, мектептер мен жобалар оқытушыларының біліктілігін арттыруға талаптарды күшейту қажет» – делінген Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына 2010 жылғы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауында.
Шын мәнінде, қазіргі кезеңде қоғамның өркендеп өсуі білім жүйесінің сапасын

жақсартуды, жаңа технологияларды кеңінен қолдануды, жаңа формациядағы ұстаздар дайындау арқылы еліміздің білім жүйесін халықаралық стандарт деңгейіне жеткізуді, нарық экономикасына бейімделген, бәсекеге қабілетті білімді де білікті мамандар дайындауды негізгі стратегиялық межеге жатқызады. Бұл мақсаттар еліміздегі білім беру жүйесінің алдына жаңа инновациялық, технологиялық әдістерді қолдануды игеру, оқытудың жаңа модельдерін іздестіру және оны үнемі жетілдіріп отыру міндеттерін күн тәртібіне ендірді. Осы бағытта Қазақстанның әлемдік қоғамдастыққа ықпалдасуы үшін шетелдік тәжірибелерді зерделеп, енгізу талабы туындап отыр. Қазіргі мектептердегі оқушылардың бойындағы функциональды сауаттылық пен өмірге қажетті құзырлылықтар жиынтығын дамытуға басты назар аударылып отыр. Сондықтан әрбір ұстаз жаңа кезең мұғалімінің қызметіне сай болу үшін педагогикалық үрдістің бірізділігін және оқу мен тәрбиенің біртұтастығын сақтай отырып, оқушының рухани өсуіне жағдай туғыза алатын, жаңалықтарды қабылдауға дайын, өз әрекетіне өзгеріс енгізе алатын, өзгермелі өмірге оқушыны да, өзін де даярлай білетін шығармашыл тұлға болуы тиіс. Қазіргі талаптың басты міндеті – педагог мамандардың кәсіби құзырлылығын қалыптастыру мен біліктілігін үздіксіз арттыруды, ғылыми-әдістемелік қызметтің жаңашылдығын, түрлері мен әдістерін іздестіруді қамтамасыз ету, оны үйлестіре білу болып отыр.


Білім беру үрдісінде оқытушы жаңа ақпаратты беріп қана қоймай, оқушысын
шыңдай түсуде келесі міндеттерді орындауы тиіс:
1) оқушысын келелі мәселелерді шешуге баулу;
2) бір ғана түпнұсқаны пайдаланбай, әр түрлі әдістерді қолдана білуге үйрету;
3) берер білімнің ғылымилығын арттыру;
4) алған білімін өмір ағымында қолдана білуге үйрету;
5) оқушысының ой белсенділігін дамыту;
6) әр оқушының қабілетіне қарай дарындылығын, қызығушылығын дамыту
7) білімді шығармашылықпен меңгеру дағдыларын қалыптастыру нәтижесінде
жоғарғы сапаға жету;

Кез - келген дамыған өндіріс қазіргі таңда шығармашылықпен жұмыс жасауды талап ететін адамды қажет етеді. Шығармашылықпен жұмыс жасайтын адамның негізгі іс - әрекеті ақыл - ойға, әрі алған білімді басқа таныс емес іс - әрекетте тасымалдай алуға негіздейді.
«Шығармашылық» ұғымы жөнінде Қазақстан Республикасы Орта білімді дамыту тұжырымдамасында: «Шығармашылық - бұл адамның өмір шындығында өзін - өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түюі, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет» делінген.
Б. Д. Эльконин шығармашылыққа мынандай анықтама береді: «Шығармашылық -
бұл ерекше тұрғыдағы жасампаздық, жаңадан жасалған нәрсе бұрынғы нәрселердің механикалық қайталануы емес, өзінің сонылығымен, біртумалығымен ерекшеленетін болса, өзін - өзі куәландыратын, дәлелдейтін болса, онда бұл нәрсені туғызған шығармашылық акт туралы сөз қозғауға болады».

Әрбір бала – болашақ данышпан. Шығармашылық қабілет әр баланың бойында болуы мүмкін. Біздің міндетіміз оқушы бойындағы сол жасырынған қабілеттерді тауып, ұштап, қырлап, асыл тастай жарқырату.

Жалпы, «шығармашылық» деген ұғымның мазмұны - «шығару», «іздену», «ойлап табу» мағынасын береді. Ол – тарихи қоғамдық мәні бар, жаңалық ашатын адамның әрекеті, мақсатты ісіне жету жолындағы талаптану мен талпынысынан, жігері мен сабырынан, сұранысы мен ізденісінен құралып, ақыл – ой мен сезімнің, қиялдың ерекше бірлігінен көрінеді, ал шығармашылық тұлға жас ерекшелігіне, қызығушылығына қарамастан, өзгелерден даралығымен, шұғыл шешімділігімен, өз күшіне деген сенімділігімен, сезім ұшқырлығымен, өз бетімен жұмыс істеуге деген құштарлығымен, табандылығымен, асқан шабытымен ерекшеленеді.

Оқушылардың шығармашылықпен белсенді, тұрақты айналасуға ең икемді жасы деп мен орта буынды айтар едім. (1-қосымша) Өйткені, бұл жас ойлау процесінің өзіндік ерекше стилі қалыптасатын, түрлі болжамдар, қорытындылар құруға, философиялық шарықтауға, қиял, романтикаға, ой, қимыл, сезім шапшаңдығына бой ұратын, шығармашылық күшін сынауға, өзін танытуға құштар болып келетін жас. Сыныптағы оқушылардың барлығы өздерінің фантазиялық идеяларын шұғыл іс жүзінде жүзеге асыруға ұмтылып тұрады. Және де бұл жаста барлық баланың қиялы айқын, мазмұндама, мінездемеден гөрі әңгіме, өлең, ертегі жазуға ерекше құштар әрі қабілетті, жан дүниесі нәзік, лирик болып келеді. 10 – 11 сынып оқушыларына қарағанда осы жас кезеңінде балалардың әдеби тілді, сауатты жазуды шапшаң меңгеріп, қаламы тез төселеді.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі орта білім беруді дамыту тұжырымдамасында “Орта білім берудің мақсаты – жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайында алынған терең білімнің кәсіби дағдылары негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін - өзі іске асыруға, өзін - өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру ” деп айтылған. Сондықтан теориялық білімін іс жүзінде қолдана білетін, танымдық белсенділігі жоғары, өз көзқарасын, сенімін қорғайтын, өз елінің тілін, дінін, салт – дәстүрін қадірлейтін, сауатты да салауатты, шығармашылықпен жұмыс істейтін оқушыларды тәрбиелеп шығару ұзақ та үздіксіз жұмысты қажет етеді. Әсіресе оқушылардың сауаттылығын, белсенділігін, шығармашылығын дамытуда қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін жаңаша оқыту бүгінгі заман талабы деп есептеймін.

Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңының 5 - тарауындағы 41 - баптың 1 - бөліміндегі “Педагог қызметкерлер өз біліктілігін артыруға міндетті” деп көрсетілуі, “Қазақстан - 2030” стратегиялық бағдарламасында елбасының “біз балаларымызға өзіміздің жақын және алыс көршілерімізбен достық қарым - қатынасымызды мұра етіп қалдыруымыз керек” деген сөзі бүкіл ағартушы қауым алдында “Оқу тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды енгізу арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту” сияқты өзекті мәселелерді енгізе отырып, әр ұстаз алдында үлкен міндет жүктеп отырғанын біз жақсы түсінеміз. Осы мақсатты жүзеге асыруда мектеп басшысы, ұжымдағы мұғалімдердің кәсіби шеберлігі мен шығармашылық ізденісін дамытуға аса мән беру қажет.

ҚР – жалпы орта білім берудің мемлекетік жалпыға міндетті стандартында: «Білім беру жүйесінің негізгі және бағдарлы мектеп сатыларындағы “Қазақ тілі” пәнін оқытудың мақсаты – тілдің қоғамдық - әлеуметтік мәнін түсінген, оның қызметін жүйелі меңгерген, қарым – қатынастық біліктілігі дамыған, сөз мәдениетінің талаптарына сай іскерліктерді меңгерген дара тұлға даярлауға мүмкіндік туғызу болса, қазақ әдебиетін оқытудың мақсаты – оқушылардың рухани дүниесін байыта отырып, эстетикалық, интеллектуалдық, көркемдік, адамгершілік, азаматтық тәрбие беру; оқырмандық талғамды қалыптастыру; әдеби мұраны және онда бейнеленген құбылысты эстетикалық тұрғыда қабылдауға қажетті білім және білікпен қаруландыру; логикалық ойын, ауызша сөйлеу және жазба тіл мәдениетін қалыптастыру. Бір сөзбен айтқанда, дара тұлғаны дамыту болып табылады» деп жазылған.

Міне, қазақ тілі мен әдебиеті сабағында осы мақсаттың міндеттеріне сәйкес оқушыларды ғылыми ізденіс бағытындағы жұмыс түрлеріне төселдіру, оқушының тілін дамыту, тілдік, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру, ойын сауатты айтып, оқу шығармасы түрінде жаза білуін,байланыстырып сөйлеудегі тіл мәдениетін қалыптастыру және дамыту, өзіндік ой – пікірін дәйекті, жүйелі айта білуге, ұтымды шешен сөйлеуге баулу үшін мұғалім жаңа технологияларды шеберлікпен қолданып, пәнге қызығушылығын арттыру қажет.

Оқушыларды білімді де, білікті жеке тұлға ретінде қалыптастыру мақсатында Джордж Соростың ашық қоғам институтының «Сорос Қазақстан» қоры арқылы келген «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» стратегияларының элементтерін бірнеше жылдан бері тәжірибемде қолданып келемін.

Бұл технологияның негізгі мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, қалыптан тыс ойлауға үйрету, оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамытуға жұмыстар жасай отырып баланың танымдық белсенділігін арттыру, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға мүмкіншілік беру. Екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға, саналы шешім қабылдауға үйрету, яғни жаңа нәрсені ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу деп түсінемін.

Сын тұрғысынан ойлау – ашық қоғам негізі. Ол – өз алдына сұрақтар қойып және оларға жауап іздеу, әр мәселеге байланысты өз пікірін айтып, оны дәлелдей алу, сонымен қатар басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол дәлелдемелердің қисынын зерттеу дегенді білдіреді. Бұл оқыту «қарапайымнан күрделіге» деп аталады.


Сын тұрғысынан оқыту технология емес, ол бағдарлама. Бұл бағдарлама әлемнің түпкір - түпкірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі, мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұны сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету.

Сабақтың құрылымын мынадай бөлімдерге бөлуге болады:

І. Кіріспе.

1. Өтілген материалдарды оқу

2. Пысықтау

ІІ. Негізгі бөлім.

1. Жаңа тақырып

2. Жаңа сабақты меңгеру жұмыстары

ІІІ. Қорытынды

1.Өтілген сабақты бекіту.

2.Үйге тапсырма беру.

Сыни тұрғыдан ойлау стратегияларын осы сабақ құрылымына топтастырып көрейік:


Кіріспе

Негізгі бөлім

Қорытынды












Таным

Талдау

Толғаныс

1.Ой қозғау

2.Ойды жинақтау

3.Топтастыру

4.Ассоциация құру т.б.

1.Толықтыру (қайталау)

2.Галерея

3.Сұхбат жүргізу (дөңгелек үстел)

4.Қарама-қайшы сипаттар

(ішке-сыртқа)

5.Кубизм

6.Ұқсастық пен даралық

7.Талқылау картасы

8.Бұрыш пен бұрыштар

9.ЖИГСО

10.Т-кестесі

11.Инсерт

12.Семантикалық карта



13.Болжау кестесі т.б.




  1. РАФТ

  2. Еркін жазу (эссе)

  3. Сингуин

(бес жолды өлең)

  1. Түсініктеме күнделігі

  2. Әдеби диалог-журнал т.б.

  3. Венн диаграммасы

Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына шаралар орындалуы шарт:
1. Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін уақыт керек.
2. Оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру.
3. Әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау.
4. Үйрену барысында оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау.
5. Кейбір оқушылардың бір-бірінің жауабына жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету.
6. Сын тұрғысынан ойлауды бағалау.
Ал, оқушылар тарапынан мынаны талап ету қажет:

- сенімділікпен жұмыс жасау;
- бар ынтасымен оқуға берілу;
- пікірлерді таңдау, құрметтеу;
- өз пікірін ашық білдіру;
Тек сонда ғана олар:
- мен осы мәселе туралы не ойлаймын?
- осы мазмұннан алған ақпарат менің бұрынғы білетініме сәйкес пе?
- маған бұл жаңа ойлар қаншалықты әсер етті деген сауалдар төңірегінде ойлауға үйренеді. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының басты мақсаты –оқытуды оқушыға бағыттау. Осы орайда ең бастысы оқыту философиясы түбегейлі өзгереді. Оқыту үрдісінде алдымен оқыту мақсаты, оқыту мазмұны және сабақ құрылымы мен формалары өзгереді.
Және де сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы бойынша оқыту үрдісінде оқушыны-басты тұлға деп алып:
- оқытуды оқушының дамуына бағыттай ұйымдастырамын;
- оқыту мазмұнына байланысты мақсат пен міндетті дұрыс қоямын, нәтижеге жетемін,
- жеке тұлғаның танымдық әрекет иесі болуы;
- мұғалім мен оқушы арасындағы тең құқылы қарым-қатынасты қолдаймын;
- кәсіби деңгейім дамып, жаңашыл мұғалімнен зерттеуші ұстазға айналдым;
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы бойынша оқытудағы өзгерістің нәтижесі мынадай болады:
- сабақ түбегейлі оқушыға бағытталады;
- ұжымдық ынтымақтастық қатынас орнайды;
- бұрынғы білімдеріне білім қосады;
- микроклимат өзгереді;
- оқушылардың жауапкершілігі артады;
- оқушылар жоғары деңгейдегі сұрақтар қоя бастайды;
- мұғалім өзі де өзгереді, көп оқиды, балалардан үйренеді, бірге жауап іздейді, бірге оқиды, бірге дамиды.
Әрине, әр сабаққа дайындық керек, оқушыларға шығармашылық бағыт-бағдар бере отырып, үздіксіз іс-әрекетке жетеледім. Бұл бағдарламаны оқып , үйреніп оның элементтерін өз жұмысымда қолданып мұғалімдік кәсіптің қыр-сырына тереңдей түстім. Бағдарлама стратегиялары оқушылардың бірін-бірі тыңдап, құрметтеуіне үйретті. Қуанышпен айта кететін жайт , бұрын үндемей отыратын балалардың сабаққа қызыға араласуы. Жай уақытта олар өздері еш ұмтылыссыз отыра берер еді. Сабақтардың ерекше, жаңа технология жобасымен өтуі оларға еркін сөйлеп, ойларын ашық жеткізуге, сыншыл көзқарас байқатуларына мүмкіншілік туғызғандай. Бүгінгі қоғамға да, мектепке де керегі осылар. Білім берудің маңызды шарты оқу үрдісінде оқушылардың қызығушылығын арттырып, өздігінен білім алуға құштарлықтарын дамыту болып табылады.

Енді осы пікірімнің дәлелі ретінде өткізген сабақтарымда қолданған әдіс-тәсілдерге тоқтала кетейін. (2-қосымша)

6-класта қазақ тілінен «Қазақ халқының ұлттық тағамдары» атты тақырыпты өткен кезде жаңа сабақты «ой қозғаудан» бастадым. Оқушылар «Қазақы дастарқаным» әнін тыңдап, әннің не туралы екенін, жаңа сабақтың тақырыбын айтты. «Бауырсақ» сөзімен сөзжасам жасап, бес жол өлең құрастырды.

Бүгін сабақта ... білдім.

Мен үшін жаңалық ... .

Мені таңғалдырды ... .

Мен ол туралы білгенмін ... .

Рефлексия арқылы сабақты қорытты.

Сондай-ақ үйге тапсырма ретінде Венн диаграммасын (қазақ халқы мен орыс халқының ұлттық тағамдарын салыстыру) толтыру, «Қазақ халқының ұлттық тағамдары» тақырыбына эссе жазу тапсырылды.

Тірек – сызба арқылы оқушылардың шығармашылығын қалыптастыру және дамыту мәселесі шығармашылық үдерістің қандай кезеңдерден, яғни неден басталып, немен аяқталатынындығын білуді талап етеді.

5-класта қазақ әдебиетінен М.Дулатовтың «Шешенің балаларын сүюі» атты шығармасын өткен кезде тірек - сызбаның көмегімен ақынның өмір жолымен таныстырдым.

(3-қосымша)

Қазақ тілінен «Наурыз мерекесі» тақырыбын өткенде де кластер құрастырдық, Венн диаграммасы арқылы Наурыз мерекесі мен Жаңа жыл мерекесін салыстыра

отырып, сонымен қатар айырмашылықтарын жаздық. Бес жол өлең құрастырдық. (4-қосымша)

Мысалы:


  1. Наурыз

  2. Жаңа, көңілді

  3. Тойлайды, тілейді, теңеледі

  4. 22 – наурыз – Наурыз мерекесі

  5. Жаңа жыл

Сабақ барысында ең басты тұлға «ОҚУШЫ» екенін түсіндім. Әрине,бұрынғы дәстүрлі әдістерге әбден қалыптасып қалған мұғалімге өзінің көзқарасын, философиясын өзгерту оңай емес. Сын тұрғысынан ойлау әдісін топпен жұмыс істеуді қолдана отырып, оқушылардың ойын, еркін сөйлеуін, тілін дамытып, бір - бірін тыңдай білуге, өзінің де басқаның да жауабын сын тұрғысынан баға бере отырып, құрмет көрсетуге бағыт беремін. Мен осы сын тұрғысынан ойлау стратегиясының элементтерін меңгеріп, тәжірибе жүзінде қолдану барысында көптеген жетістіктерге жеттім деп айта аламын.

1 - қосымша

2008-2009 оқу жылы, 5-класс

Балмагамбетова Алина:

«Бақыт деген не?» Менің үш бақытым бар. Бірінші бақытым-менің отбасым. Екінші бақытым-менің дүниеге келгенім. Үшінші бақытым-бақытты өмір сүріп жатқаным және менің әрқашан қасымнан табылатын достарым. Мен осындай отбасында дүниеге келгеніме қуаныштымын. Олар маған әр уақытта көмектеседі. Мен өзімнің отбасымды жанымнан да артық жақсы көремін. Мен осындай отбасында дүниеге келдім. Ал мектепте мұғалімдеріммен, достарыммен таныстым. Сонша бақытты болғаныма мен Отаныма ризамын. Осындай керемет жерде әдемі ормандар, теңіздер және көп нәрсе көрдім. Менің атам мен әжем мен үшін үлкен бақыт! Мен достарыма үлкен рахмет айтамын. Маған олар қиын сәттерде ылғи көмектесіп отырады. Мен өте,өте жақсы өмір сүріп жатырмын! Мен үшін ең қуанышты да ыстық сөз - «Бақыт»!

Усова Олеся:

Менің ең бірінші бақытым-менің отбасым. Мұнда маған ең жақын адамдар тұрады. Мен оларды сүйемін және әрқашан оларға көмектесемін. Екінші бақытым-мектебім. Мектепте менің достарым, ұстаздарым бар. Мектепте өте қызықты. Мектепте мен оқимын, білім аламын. Үшінші бақытым-саз мектебі. Мұнда музыкадан білім аламын. Мұнда да достарым және мұғалімдерім көп. Мен бақытымды өте бағалаймын және мақтан етемін.

Лещанова Юлиана:

Менің үш бақытым бар. Бір бақытым-сіңлімнің дүниеге келуі. Оның тілі тәтті, ол қазір сөйлей бастады. Менің екінші бақытым-ағам. Ол- менің арашашым. Менің үшінші бақытым-жақсы сыныптастарым мен мұғалімдерім. Солардың бірі-Ботанова Гулжан Онгаровна.



2-қосымша

Қазақ халқының ұлттық тағамдары

Мақсаты:

Білімділік:

Қазақтың ұлттық тағамдары туралы түсінік беру.Қосымша мәліметтермен таныстыру арқылы сөздік қорларын молайту,ой-өрістерін кеңейту.



Дамытушылық:

Слайд арқылы тағамның түрлерін біліп,сұрақтарға жауап беру.Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулу және танымдық қабілеттерін қалыптастыру.Сын тұрғысынан ойлай білу.



Тәрбиелік:

Асты бағалап,қастерлей білу.Оқушыларды қазақ халқының салт-дәстүрін,дастарқанын құрметтеуге тәрбиелеу.



Түрі: Жаңа тақырыпты меңгеру.

Әдісі: Сұрақ-жауап,шығармашылық жұмыс,СТО,интерактивті тақтамен жұмыс.

Көрнекілігі: интерактивті тақта,слайдтар,ұлттық тағамдар.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі,музыка,валеология,еңбек.
Сабақтың ұраны: «Ас-адамның арқауы»
Сабақтың барысы

Ұйымдастыру сәті

1.Кезекшінің мәліметі

2.Психологиялық дайындық.(1-слайд)

Қазақ,орыс,татар да

Бірдей перзент Отанға

Барлығы бір отбасы

Үйі – Қазақстан кең ұя

Дейтін алтын заңымыз

.Бақыттымыз бәріміз.

Сабақтың мақсатын қою

Біз бүгін сабақта слайд көру арқылы ұлттық тағамдар туралы өз ой-өрісімізді кеңейтеміз, тағамға байланысты салт-дәстүрлер,ырымдар,мақал-мәтелдермен танысамыз.



Жаңа сабақ

1.Сұрақ-жауап:

А) Біздің Отанымыз қай ел?

Ә) Республикамызда қанша ұлт пен ұлыстың өкілдері тұрады?

Б) Қазақ елі көктемде қандай мерекелерді тойлайды?

В) Қазақ халқы мерекелерде не істейді?

2. Ой қозғау.

«Қазақы дастарқаным» әнін тыңдату.

Қазақ халқы үйіне келген қонақты құшағын жая қарсы алып,бай дастарқан жайған.

Дәмді, жақсы тағамдарын өздері жемей, қонаққа әдейі сақтаған.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Ұлттық тағамдар» ( 2-слайд)

3. Жаңа сөздермен жұмыс. (3-слайд)

4. Қазақ халқы асты өте жоғары бағалаған әрі қастерлей білген.Тамақтың орнын бәрінен де жоғары қойған.Қазақ қонақасы беруде қонақ таңдауды,басқа ұлт,дін өкілдері деп бөлуді де білмеген,төрге шығарып,достық көңілін көрсеткен.



Бүгінгі сабағымыздың ұраны: «Ас-адамның арқауы» (4-слайд)

Оны қалай түсінеміз? ( Өз ойларын ортаға салу)



5.Тірек-сызбамен жұмыс. ( 5-слайд)

Тағамдар сусындар және тағамдар болып бөлінеді.



Сұрақ: Ұлттық сусындарға нелер жатады?

Ұлттық тағамдар 4 түрге бөлінеді.Олар:ет,сүт,нан,дәннен жасалған тағамдар.

Ет тағамдарына нелер жатады? (6-слайд)

Сүт тағамдарына нелер жатады? (7-слайд)

Нан тағамдарына нелер жатады? (8-слайд)

Дәннен жасалған тағамдарға нелер жатады? (9-слайд)



6.«Кім жылдам?» ойыны.

7.«Бауырсақ» сөзімен сөзжасам құрастыру. (10-слайд)

8.Бес жол өлең құрастыру. (11-слайд)

9.Оқулықпен жұмыс.

Мәтінді оқып шығу. Тізбектеп оқып,аудару.

10.Сұрақтарға жауап беру.

11.Балалар,Наурыз мейрамында пісірілетін тағам қалай аталады?

Ол неше түрлі азықтан тұрады?

Әр азықты салудың өз реті мен мағынасы бар.

(Интерактивті тақтадан көрсету.)

Бекіту

Қазақтың ұлттық тағамдары туралы не білдік?

1.«Қарлы кесек» ойыны.

2.Шығармашылық жұмыс.Оқушылардың дайындаған тұсаукесерлерін көру.

А) Нан тағамдары.(12-слайд)

Ә) Сүт тағамдары.(13-слайд)

Б) Ет тағамдары.(14-слайд)

В) Дәннен жасалған тағамдар.(15-слайд)

Қазақ ыдыстарына да ерекше мән берген.

Көне ыдыстар туралы мәлімет беру.(16-слайд)

Қазақ дәм татыруды достықтың,татулықтың,бірліктің,елдіктің сара жолы деп қараған.Сондықтан тамаққа байланысты қазақ халқында ырым-тыйымдар,тұрақты сөз тіркестері,мақал-мәтелдер көп.

Қазір танысып,оны қай кезде айтуға болатынын дәлелдейміз.



Тұрақты сөз тіркестері.(17-слайд)

Аузыңа май. (қуанғанда,риза болғанда айтылады)

Ішкен асым батпайды. (уайымдағанда айтылады)

Ішкен асын жерге қояды. (құрметтейді,сыйлайды)

Сабасы керегеде тұр. (қымызсыз ел)

Мақал-мәтелдер.(18-слайд)

Ас-адамның арқауы.

Нан бар жерде ән бар.

Дәнді шашпа,нанды баспа.

Жаман ауруға-жақсы ас.

Ас-иесімен тәтті.



Ырым-тыйымдар.(19-слайд)

Дастарқаннан аттамайды.

Дастарқандағы астан ауыз тию керек.

Нанды шашуға,жерге тастауға,басуға болмайды.

Жерге ақ төгілсе басуға,аттауға болмайды.

Нанды бір қолмен сындыруға болмайды.Екі қолмен үзіп,тістеп жеу керек.



Сабақты қорыту

Рефлексия.(20-слайд)

Бүгін сабақта ... білдім.

Мен үшін жаңалық ... .

Мені таңғалдырды ... .

Мен ол туралы білгенмін ... .



Оқушыларды бағалау

Үйге тапсырма .(21-слайд)

1.Венн диаграммасы арқылы қазақ халқы мен орыс халқының ұлттық тағамдарын салыстырып,ұқсастықтары мен айырмашылықтарын жазу.

2. «Қазақ халқының ұлттық тағамдары» тақырыбына эссе жазу.

Сабақты аяқтау. Сабақты «Қазақы дастарқаным» әнімен аяқтау.


3-қосымша

5-класс, қазақ әдебиеті пәні

Сабақтың тақырыбы: М. Дулатов. «Шешенің балаларын сүюі» өлеңі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

Өнегелі ұлы адамның өмірімен таныстыру, ғұмырнамасы мен шығармашылығы туралы мағлұмат беру.

Дамытушылық:

Оқу, жазу, танымдық ойындар арқылы сын тұрғысынан ойлауын дамыту. Оқушылардың ақыл-ойын, байқағыштық қабілеттерін жетілдіру, эстетикалық талғамын, сөздік қорын, күнделікті сөйлеу тілін дамыту.

Тәрбиелік:

Аналарын сыйлауға, сүйе білуге, оларға бас иіп, тағзым етуге тәрбиелеу. Отанын, халқын, жерін сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес

Типі: д /э, Жаңа білім беру сабағы.

Көрнекілік:

Тақта, кітап, дәптер, дидактикалық материалдар, «Ойлан» кестесі, суреттер, жазушының портреті, техникалық құралдар.

Оқыту технологиясы: СТО стратегиялары бойынша

Оқыту әдісі:

Ауызша(ізденушілік), көрнекілік(зерттеушілік), практикалық, сұрақ-жауап, ойын, ауызекі сөйлеу.

Сабақтың ұраны:

«Анаға құрмет-балаға міндет».

Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру сәті.

Психологиялық дайындық.

Сәлеметсіңдер ме, оқушылар. Мен сендерді көргеніме қуаныштымын. Балалармен бірге:

Арайланып таң атты

Алтын шапақ таратты

Қайырлы таң, балалар!

Аман Отан панамыз,

Аман ата анамыз.

Қайырлы таң, балалар.

Сабақтың мақсатын қою.



Бүгінгі сабағымызды «Зерттеуші болуды үйренейік!» деп атайық.


Овал 61

А. Құнанбаев

Ы. Алтынсарин

А. Байтұрсынов

М. Дулатов

М. Жұмабаев

М. Әуезова

С. Сейфуллин

І. Жансүгіров

Прямая со стрелкой 59Прямая со стрелкой 60

Балалар, суреттегі не? (киіз үй)

Киіз үйдің жабдықтарын кім біледі? (шаңырақ, уық, кереге)

Енді сол шаңырақты зерттейік!

Бұл кімдердің шаңырағы? (ақын-жазушылардың)

Дұрыс айтасыңдар.Біз қазақ халқының ақын-жазушыларының шаңырақтарын зерттеуді бастадық.

Үй жұмысын тексеру.

«Топтастыру» стратегиясы.

А. Байтұрсыновтың «Балаларды оқуға шақыру» өлеңін жатқа айту.

Жаңа тақырып.

Біз ақын-жазушылардың шаңырағын зерттеуді жалғастырамыз.

Танымдылық қызметінің мотивациясы.

Психологиялық ортаны қалыптастыру. «Ана туралы жыр» әнін тыңдату.

-Бұл әнді естідіңдер ме?

-Ұнады ма?

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы осы әнге байланысты болмақ.

«Бағытталған оқу» стратегиясы.

«Басқатырғы» ойыны арқылы қазір сабақтың тақырыбын шешу. Әріптер шартты белгілер арқылы берілген



Солнце 58





Солнце 56




























---









































Солнце 33

-Ш -і -А -Р -Ю


-Е -Ң -Л -С


-Н -Б -Р -Ү


Дұрыс, сабағымыздың тақырыбы: «Шешенің балаларын сүюі». Сабағымыздың ұраны: «Анаға құрмет балаға міндет»

«Топтастыру» стратегиясы.

М. Дулатов туралы оқушыларға өз бетімен оқыту.

Сөздік жұмыс: қиын, таныс емес сөздердің мағынасын түсіндіру.


Психолог

Аудармашы


Овал 20

Ғалым


Ақын

1885-1935



Торғай облысы

Кітаппен жұмыс. Топпен жұмыс.

Не көрдің?

Бір оқушы өлеңнің атын, үш шумақтан тұратынын айтады. Өлеңді топпен іштей оқиды. Әр топ түсінгендерін бір біріне әңгімелейді. Содан кейін топтан бір оқушы мазмұнын айтады.

Фонетикалық жаттығу: сөздер мен сөз тіркестерін хормен қайталату.

Біз зерттеушілерміз. «Құпияхатқа» зерттеу жүргізу.

«Ой қозғау» стратегиясы.



«Ойлан» кестесін пайдалану.

10

20

30

40

50

60

70

80

90

100

110

120

130

140

а

ә

б

в

г

ғ

д

е

ё

ж

з

и

й

к

150

160

170

180

190

200

210

220

230

240

250

260

270

280

қ

л

м

н

ң

о

ө

п

р

с

т

у

ұ

Ү

290

300

310

320

330

340

350

360

370

380

390

400

410

420

ф

х

һ

ц

ч

ш

щ

ъ

ы

і

ь

э

ю

я




10

180

10

-

80

190




10

240

370

160




100

10

180

.

10

180

10

180

370




150

270

230

170

80

250

250

80

260




140

80

230

80

140

.

200

160




240

10

60

10

180




210

170

380

230




240

370

130

160

10

70

370

.










Топпен жұмыс

  1. Балаға ең жақын адам 10, 180, 10

  2. Самый (қазақша) 80, 190

  3. Драгоценный (қазақша) 10, 240, 370, 160

  4. Душа (қазақша) 100, 10, 180

  5. Оны барлық бала жақсы көреді 10, 180, 10, 180, 370

  6. Сыйлау сөзінің синонимі 150, 270, 230, 170, 80, 250, 250, 80, 260

  7. Нужно (қазақша) 140, 80, 230, 80, 140

  8. Мен, сен...(III жақ) 200, 160

  9. Маған қыс мезгілі ұнайды, ал..., ше? 240, 10, 60,10, 180

  10. ... -үлкен мектеп 210, 170, 380, 230

  11. Подарила (қазақша) 240, 370, 130, 160, 10, 70, 370

Дәптермен жұмыс. «Жалғастыр» ойыны.

Тапсырма беру. Бір оқушы ана туралы сөйлем жазады, сосын дәптерін көршісіне береді, солай жалғаса береді.

Ана туралы мақал-мәтелдерді теріп жазу.


  1. Мектеп-кеме, білім-теңіз.

  2. Ананың көңілі-балада, баланың көңілі-далада.

  3. Отан-елдің анасы, ел-ердің анасы.

  4. Отансыз адам-ормансыз бұлбұл.

  5. Ана жақсылығын-ауырсаң білесің.

«Бес жолды өлең» стратегиясы.

  1. Ана

  2. Мейірімді, асыл

  3. Еркелетеді, жұбатады, жақсы көреді

  4. Мені анам қатты жақсы көреді

  5. Шеше

Сабақты қорыту.

Сұрақ жауап: сабақ ұнады ма?

Ана туралы қандай мақал мәтел білесіңдер?

Шырылдап жерге түскеннен ақ сенің бір ең жақының, ең бір досың, ең бір ұстазың бар, ол ана, ол саған бәрінен қамбат. Ананың тілі, махаббаты, тілегі саған арналған. Ананың айналып толғанғаны кімнің есінен кетеді? Аналарың сендерді қалай еркелетеді?Мен бүгін өзім үшін үлкен жаңалық аштым, болашақта үлкен әріппен жазылатын нағыз зерттеуші болатындарыңа көзім жетті.

Сабақты өлеңмен аяқтау.

«Ақ мамам»

Еркелесем, күлімдейтін,

Ұрысқаны білінбейтін,

Мандайымнан иіскеп менің

Құлыншағым, күнім, дейтін.

Әлемдегі ақылды адам,

Бәрінен сол жақын маған.

Ол жанымда жүрсе мен де

Батырларша батылданам.

Жамандықтан сақтандырып

Жақсы ісімді мақтан қылып,

Мәпелеген ақ мамамды

Жүрсем деймін шаттандырып. (Ф. Оңғарсынова)

Үйге тапсырма.

Өлеңді жаттау, «Менің анам» тақырыбына эссе жазу.

Бағалау.

4-қосымша
5 класс. Қазақ тілі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет