12-есеп. Массасы 7,65 г күмістен жасалған құйма үлгісін 50% азот қышқылында толығымен ерітті. Көгілдір түсті ерітіндіні мырыш оксидімен бейтараптап, содан соң 500 мл көлемге дейін сұйылтып, ерітіндіні бірдей етіп бес бөлікке бөлеміз. Бірінші сыналатын бөлікке артық мөлшерде калий хлориді ерітіндісін қосқанда массасы 1,70 г тұнба алынды. Екінші сыналатын бөлікке мыстан жасалған пластинканы салған кезде оның салмағы 0,61 г артты. Үшінші сыналатын бөлікке темір үгінділері салып сілкіп, шайқаймыз. Бөліп алған тұнбаны сұйытылған күкірт қышқылы ерітіндісімен өңдеген кезде массасы 1,53 г тең болды. Төртінші сыналатын бөлікке натрий гидроксидін құйғанда тұнба пайда болды. Тұнбаны қақтап қыздырғанда кезде қара түсті массасы 1,18 г тең қара түсті ұнтақ пайда болады. Ең соңғы бесінші сыналатын бөлікке аммиактың сулы ерітіндісінің артық мөлшерімен әсер еткенде, ақ түсті тұнба пайда болады, ол тұнба сұйытылған күкірт қышқылы ерітіндісінде ерімейді, ерітінді көгілдір түстен қанық көк түске боялады. Жүргізілген сынақтардың нәтижесін (сандық есептеусіз) түсіндіріңдер. Құйманың сапалық құрамын анықтап, құймадағы күмістің пайыздық мөлшерін есептеңдер. Есепті шығарған кезде сандық есептеуге ғана қажетті химиялық реакция теңдеуімен шектелген дұрыс.
№ 12 есептің шешуі:
Берілген құйманың ішінде алтын мен платина болмайды. Үшінші сыналатын бөліктегі тұнбаның салмағы, оның ішіндегі еріген құйманың массасына практика жүзінде тең болады:
7,65 : 5 = 1,53 (г)
Осыдан, құйманы құрайтын компоненттер құрамында қорғасын мен кернеу қатарында қорғасыннан кейінгі металдар болуы мүмкін деген болжам жасауға болады. Басқа металдардың барлығы темірмен бірге бола алмайды, немесе күкірт қышқылында еріп кетеді.
Ерітінді түсі арқылы мыстың бар екенін анықтауға болады. Бесінші сыналатын бөліктегі тұнбаның сипатына қарай қорғасынның бар екенін, ал болжап отырған басқа металдардың болмайтынын білуге болады.
Осыған орай, бірінші сыналатын бөлікте қорғасын мен күміс хлоридтерінің тұнбасы түзіледі. Ал төртіншісінде – күміс пен мыс оксидінің қоспасы болады. Ал екінші сыналатын бөлікте тек қана күміс бөлінеді. Күмістің мөлшерін екінші сынауықтағы анализдің нәтижесіне қарай есептеуге болады (0,86 г, или 100% = 56%).
Бірінші және төртінші сынауықтағы табылған мәндер бойынша алгебралық теңдеулер жүйесін құруға болады.
Ерітіндіні бейтараптау үшін енгізілген мырыш анықтауларға кедергі келтірмейді.
13-есеп. Массасы 58,0 г құрамында темір (ІІ) сульфаты, марганец (ІІ) сульфаты және қалайының (ІІ) хлориді бар (сусыз тұздарды ескермеген кезде) ерітіндіні теңдей етіп үш бөлікке бөлеміз. Әрбір бөлікті тұнбаға түсіргіш заттың артық мөлшерімен өңдеді ол заттар: барий нитраты, аммоний сульфиді және натрий гидроксиді. Бірінші тұнбаның салмағы 21,0 г, екіншісі – 12,4 г. Ал үшінші тұнбаны бөліп алып, ашық ауада кептіріп қыздырды. Кептіріп болған соң түзілген қалдықты толық ерітуге 30% тығыздығы 1,15 тұз қышқылының қандай минимальді көлемі жұмсалады.
№ 13 есептің шешуі:
Әрбір бөліктегі тұздың мөлшері:
Темір сульфаты – Х моль.
Марганец сульфаты - У моль.
Қалайы хлориді – Z моль.
Алгебралық теңдеулер жүйесі:
І қоспаның массасы
ІІ сульфаттар массасы
ІІІ сульфиттер массасы
Сілтінің артық мөлшерімен тұнбаға түсіретін болсақ, тұнбада темірдің (II) гидроксиді және маргенецтің (ІІ) гидроксиді түзіледі, одан кейінгі жүргізілетін өзгерістер нәтижесінде сәйкесінше үш және төрт валентті жағдайға дейін тотығады.
Нәтижесінде 0,04 моль темірдің (III) гидроксиді немесе 0,02 моль оған сәйкес келетін оксид түзіледі, сонымен қатар, 0,05 моль марганецтің (IV) гидроксиді немесе марганецтің (IV) оксиді түзіледі.
Осы жағдайда тұз қышқылының жалпы жұмсалған мөлшері (хлорсутек бойынша) 0,28 моль немесе масса бойынша 10,2 г құрайды.
30-пайызды қышқылдан 29,6 мл 30 мл жұмсалады. Үшінші тұнбаны қыздырған кезде Fe3O4 және Mn3O4 оксидтерге айналуы мүмкін. Бұл жағдайда қышқыл аз жұмсалады. Бірақ толығыменен еріту үшін қышқылдың мөлшері есептеу бойынша металдардың тотығу дәрежесінің максимал мәніне байланысты қарастырылады. Темір мен марганецтің атомдық массасын тең мөлшерде деп қарастыратын болсақ, есептің шешімі жеңілдейді. Бірақ жауаптың дәлдігі азаяды.
14-есеп.Массасы 4 г қатты күйде кездесетін А затын хлормен өңдеген кезде, реакция нәтижесінде жалғыз ғана Б өнімі алынды, ол зат қалыпты жағдайда сұйық күйде кезедеседі. Б өнімін судың артық мөлшеріне салатын болсақ, массасы 3 г бастапқы А заты түзіледі. Реакция нәтижесінде пайда болған күшті қышқылдық ерітіндіні қыздырған кезде ауа бойынша тығыздығы 2,2 тең В газы бөлінеді. Егер бастапқы алынған А затын оттегінде тотықтықтыратын болса, онда ерітіндіден 4 еседей көп В газы түзіледі. Белгісіз А,В,Б заттарын анықта.
14 есептің шешуі:
Бұл қышқыл ерітіндіні қыздырған кезде бөлінетін күкірттің (IV) оксидінің салыстырмалы молекулалық массасына сәйкес келеді Mr(B) = 292,2 = 64/.
Сондықтан хлор және оттекпен әрекеттесетін А заты бұл– күкірт.
В заты – күкірт хлориді. Ол хлоридтті қосылыс: SCl2, S2Cl2, SCl4 бола алады.
Күкіртті галогенидтердің сумен жүретін реакция теңдеуі:
2SCl2 + 3H2O = H2SO3 + 4HCl + S (1)
2S2Cl2 + 3H2O = H2SO3 + 4HCl + 3S (2)
SCl4 + 3H2O = H2SO3 + 4HCl (3)
Күкіртті хлоридінің формуласын табу үшін, алынған бөлікті суда еріткен кезде ¾ мөлшерде бастапқы бөліктегі күкірттің бөлінгенін ескерген жөн. Бұл шартқа S2Cl2 сәйкес келіп қанағаттандыра алады. ( 2 реакция теңдеуін қараңыз).
(2) реакция теңдеуі бойынша күкірттің ¼ бөлігі ғана хлормен әрекеттеседі, сумен әрекеттесіп SO2 беретінін ескерген жөн.
Олай болса, Азаты – күкірт, Б – S2Cl2, В – SO2.
15-есеп. Көлемі 1,792 л (қ.ж.) метан, көміртек (ІІ) оксиді және оттектен тұратын қоспаны жаққанда калориметрде 13,663 кДж жылу бөлінеді. Егер жану өніміндегі түзілген заттарға бірнеше бөлікте сутек қосып сонан соң, тағы да жағатын болсақ, онда қосымша 9,672 кДж жылу бөлінеді. Жай заттардан 1 моль метан, көміртек (ІІ) оксиді, көміртек (IV) оксиді және су түзілген кезде сәйкесінше 74,8; 110,5; 393,5; 241,8 кДж жылу бөлінетіні белгілі. Бастапқы қоспадағы әрбір газдың көлемін есепте.
15 есептің шешуі:
Газдардың жалпы моль саны: 1,792 : 22,4 = 0,08 (моль) тең болады.
Q1 анықтау үшін жай заттардан COжәне CO2 түзілу теңдеуіне, алгебралық қосулар жүргізіп, толық теңдеу аламыз: CO + ½ O2а = CO2 + Q1.
3. Q1: Q1 = 395,5 – 100,5 = 283 (кДж/моль) табамыз.
Реакция теңдеуіне байланысты:
CH4 + 2O2 = CO2 + 2H2O + Q2
аламыз: Q2 = 393,5 + 241,82 – 74,8 = 802,3 (кДж/моль).
Егер метан молін «х» арқылы өрнектесек, онда көміртек (ІІ) оксидін «у» деп өрнектейміз, онда жанған кезде сәйкесінше 802,3х және 283,0у кДж жылу бөлінеді. Онда жалпы бөлінетін жылу мөлшері: 802,3х + 283,0у = 13,683 тең болады.
Сутекті қосқан сайын жылудың мөлшері ұлғайып отырады, онда бастапқы қоспаның ішінде артық мөлшерде оттек болғанын білдіреді. Реакция теңдеуі бойынша:
2H2 + O2 = 2H2O + 483?6 кДж
осыдан, бастапқы қоспадағы оттектің артық мөлшері мынаны құрайды:
9,672 : 483,6 = 0,02 (моль).
Онда 0,06 моль (0,08 – 0,02) стехиометриялық қоспаға 13,683 кДж сәйкес келеді, метан газын жаққан кезде: (CH4 + 2O2) – 3х моль, ал көміртек (ІІ) оксидін жаққан кезде: (CO + 1/2O2) – 1,5у моль болады.
Осыдан теңдеулер жүйесін аламыз:
3x +1,5y = 0,06
802,3x + 283y = 13,683
Осы жүйені шеше отырып, х = 0,01; у = 0,02 табамыз.
Осыған байланысты, қоспада: 0,01 моль CH4немесе 0,224 л; 0,02 моль COнемесе 0,448 л және 1,12 л O2 бар екенін анықтаймыз.
16-есеп. Колбада концентрленген күкірт қышқылының артық мөлшерімен өңделген 0,18 г жай жақты. Реакция нәтижесінде түзілген газ тәрізді заттарды ізбес суы арқылы өткізген кезде 5,1 г тұнба түзілді. Белгісіз А жай затын анықтаңдар. Жауаптарыңды сәйкес есептеулермен реакция теңдеулерімен дәлелдеңдер.
16 есептің шешімі:
Активтілігі төмен металдар және бейметалдар концентрленген күкірт қышқылымен әрекеттескен кезде бөлінген күкірттің (IV) оксиді, ізбес суымен тұнба түзе алады: Ca(OH)2 + SO2 = CaSO3 + H2O
Активті металдар концентрленген күкірт қышқылымен әрекеттескен кезде күкіртсутек түзіледі, бірақ кальций сульфиді суда ериді.
(CaSO3) = 5,1 : 120 = 0,0425 (моль).
Бір валентті металдар үшін реакция теңдеуі: 2A + 2H2SO4 = A2SO4 + SO2 + H2O
Осы реакция теңдеуінен металдың молярлық массасын таба аламыз:
0,18 : 0,04252 = 2,12 (г/моль).
2, 3, 4-валентті металдар үшін сәйкесінше 4,23; 6,36; 8,47 (г/моль) алынады. Бірақ моярлық массасы мұндай металл жоқ.
Яғни белгісіз А заты– бейметалл. Ол заттың концентрленген күкірт қышқылымен тотыққан кездегі өнімі газ болып табылады, ол газ ізбес суымен әрекеттесіп тұнба түзеді. А заты күкірт немесе көміртек болуы мүмкін.
Күкірт үшін: S + 2H2SO4 = 3SO2 + 2H2O
(S) = 0,18 : 32 = 0,0056 (моль)
(SO2) = 0,0056 3 = 0,0168 (моль)
m(CaSO3) = 0,0168 120 = 2,04 (г), массасы 5,1 г аз.
Көміртек үшін: C + 2H2SO4 = 2SO2 + CO2 + 2H2O
(CaCO3) = (C) = 0,18 : 12 = 0,015 (моль); m(CaCO3) = 0,015 100 = 1,5 (г).
(CaSO3) = (SO2) = 0,03 (моль); m(CaSO3) = 0,03 120 = 3,6 (г)
Тұнбаның жалпы массасы: 1,5 + 3,6 = 5,1 (г) тең, бұл есептің шартына сәйкес келеді.
Олай болса, А – заты көміртек.
17-есеп. Сілтілік металдың А г галогениді күміс нитратының артық мөлшерімен әрекеттескенде В г тұнба түзілді. Сол өлшеп алынған салмақ үлгісін концентрленген күкірт қышқылымен өңдеп, сонан соң, алынған өнімді қақтап қыздырғанда С г құрғақ қалдық алынды. Белгісіздің жалпы формуласын өрнектеңдер, осы негізге сүйене отырып қандай тұздың қолданылғанын анықтаңдар. Өздерің анықтаған формулаларда мына берілген мәліметтерді қолдана отырып: А = 2,38 г, В = 3,76 г,
С = 1,74 г сілтілік металл галогенидінің құрамын анықтаңдар.
17есептің шешуі:
Стехиометриялық реакция теңдеуінен
MeГ + AgNO3 = AgГ + MeNO3
2MeГ + H2SO4 = Me2SO4 + “2HГ”
осыдан: m(AgГ) + m(Me2SO4) – m(MeГ) = m(Ag2SO4) = B + С –A (г).
2.
(Ag2SO4) = (моль)
3. Күміс сульфатының моль саны сілтілік металдың моль санына тең болғандықтан, онда
= , бұдан
Mr(MeSO4) = .
Белгісізді “Э” деп өрнектеп сілтілік металдың молярлық массасын анықтаймыз,
2Э + 96 = , осыдан Э = -48.
AgГ =
Күміс галогенидінің моль саны күмістің сульфатының моль санынан екі еседей артық болады, онда , осыданMr(AgГ) = .
Галоген атомының молярлық массасын анықтаймыз (Г): 108 + Г =
Г = .
Есептеулер бойынша алынған сандық мәндерді есептің берілген шартына қойып, мынадай мәліметтерді аламыз: Э = 39 (калий); Г = 80 (бром). Сілтілік металдың галогениді – калий бромиді.
18-есеп. Белгісіз А затын қыздырған кезде массасы 0,6 г қатты Б заты және газ тәрізді В заты түзілді. Қатты Б өнімі ыдыраған кезде пайда болған заттарды суда еріткен кезде 0,96 г Г заты пайда болды. В заты ыдыраған кезде түзілген газ тәрізді затты Д ерітіндісінің артық мөлшеріне жіберілді, нәтижесінде 6,52 г Е заты түзілді. Ең соңғы алынған затты сулы ерітіндіде Г затымен әрекеттескенде А және Д заттары түзіледі. Белгісіз А, Б, В, Г, Д, Е қандай заттар болып табылады, сәйкес келетін реакция теңдеулерін жазыңдар.
18 есептің шешуі:
Есептің шартында берілген айналулар схемасы:
В Е
А А + Д
Б Г
Бастапқы А заты ыдыраған кезде тек қана газ тәрізді затпен бірге қатты зат түзе алады. Ол қатты зат сумен әрекеттеседі. Жалпы схемаға байланысты бұл тұз қыздырған кезде екі түрлі оксид түзеді: қатты күйде кездесетін (Б) негіздік оксид, газтәрізді күйде кезедесетін (В) қышқылдық оксид түзеді.
Б заты суда еритін болғандықтан, онда тұз сілтілік және сілтілікжер металдардан түзілуі мүмкін, себебі басқа металдар оксидтері суда ерімейді. Металдың молярлық массасын табамыз:
M(H2O) = 0,96 – 0,6 = 0,36 (г), (H2O) = 0,02 моль
Me2O + H2O = 2MeOH (1)
MeO + H2O = Me(OH)2 (2)
а) сілтілік металл үшін (1 теңдеу):
(Me2O) = 0,02 моль; Mr(Me2O) = 0,6 : 0,02 = 30 (г/моль)
Mr(Me) = (30 – 16) : 2 = 7 (г/моль). Ме – литий, онда Б – Li2O.
б) сілтілікжер металдар үшін (2 теңдеу):
(MeO) = 0,02 моль; Mr(MeO) = 30 г/моль; Mr(MeO) = 30 –16 = 14 (г/моль)
Молярлық массасы мұндай мәнге ие болатын металл жоқ.
Олай болса, А заты –литийдің карбонаты немесе сульфиті оның мөлшері 0,02 моль тең болады. Ол зат ыдыраған кезде 0,02 моль Li2Oжәне 0,02 моль CO2немесеSO2 түзіледі.
2. Д заты суда ерігіш гидроксид, карбонат, сульфит болуы мүмкін. Көміртектің (IV) оксидімен немесе күкірттің (IV) оксидімен әрекеттесіп мынадай: Me2CO3; Me2SO3; MeCO3; MeHCO3; MeHSO3 заттардың бірін түзуі мүмкін.
Түзілген заттардың моль сандарына байланысты (0,02 моль немесе 0,04 моль) және олардың массасы (6,52 г) олай болса, металдың молярлық массасын есептеуге болады:
2MeOH + CO2 = Me2CO3 + H2O
Mr(Me2CO3) = 6,52 : 0,02 = 326 (г/моль)
Mr(Me) = (326 – 60) : 2 = 133 (г/моль). Онда металл – цезий металы.
Басқа заттармен жүргізілген есептеулер мынадай металдың молярлық массаларының мәндерін береді: Me2SO3 Mr(Me) = 123 г/моль
MeCO3 Mr(Me) = 266 г/моль
MeSO3 Mr(Me) = 246 г/моль молярлық массасы мұндай металл
MeHCO3 Mr(Me) = 102 г/моль жоқ.
MeHSO3 Mr(Me) = 82 г/моль
Олай болса, A – Li2CO3; Б – Li2O; B – CO2; Г – LiOH; Д – CsOH; Е – Cs2CO3.
Реакция теңдеуі:
Li2CO3 = Li2O + CO2
Li2O + H2O = 2LiOH
2CsOH + CO2 = Cs2CO3
Cs2CO3 + 2LiOH= Li2CO3 + 2CsOH
19-есеп.Құрамы MeS2Ox, үш түрлі тұз берілген, Х–толық сандар, Ме – сілтілік металдар. Мына төменде берілген мәліметтерді пайдалана отырып әрбір тұздар үшін Х индексін анықтаңдар:
Анионда О – О байланысы бар.
Анионда S – Sбайланысы бар.
Анионда S – O – S байланысы бар.
Сәйкес келетін металл гидросульфатын ыдыратқан кезде тұз пайда болады.
Сәйкес келетін металл гидросульфаты анодтық тотыққан кезде де тұз пайда болады.
Cульфиттің сулы ерітіндісі күкіртпен әрекеттескен кезде де тұз түзіледі.
Тұздың сулы ерітіндісі күміс бромидін ерітеді.
Тұздың сулыерітіндісін МеОН бейтараптаған кездеMeSO4 түзілуіне әкеледі.
Сулы ерітіндідегі тұз (ІІ) маргенецті перманганатқа дейін тотықтырады.
Әрбір тұз үшін бекітілген (үштен кем емес) нөмірлерін көрсетіңдер, осының негізінде оның құрамын анықтауға болатындай болу қажет. Берілген тұжырымдарға байланысты тиісті реакция теңдеуін жазыңдар.
19есептің шешуі:
Х = 3, Me2S2O3 – тиосульфат (2,6,7); Х = 7, Me2S2O7 – пиросульфат (3, 4, 8); Х = 8, Me2S2O8 – персульфат (1, 5, 9).
Реакцияның теңдеуі:
4) 2MeHSO4 = Me2S2O7 + H2O
5) 2MeHSO4 –2e = Me2S2O8 + 2H+
6) Me2SO3 + S = Me2S2O3
7) AgBr + 2S2O3 = Me3[Ag(S2O3)2] + MeBr
8) Me2S2O7 + 2MeOH = 2MeSO4 + H2O
9) 2MnSO4 + 5Me2S2O8 + 8H2O = 2MeMnO4 + 4Me2SO4 + 8H2SO4
Me2S2O7 – дисульфат (пиросульфат)
Me2S2O8 – пероксодисульфат (персульфат).
20-есеп.Теллур металын өндіру технологиясында екі түрлі өндірістік әдіс белгілі. Бірінші әдіс бойынша құрамында теллур диоксиді бар шикізат (металлургиялық және күкірт қышқылдық зауыттардан шыққан өндірістік қалдықтар) қолданылады, ол шикізатты тұз қышқылымен өңдеп, алынған өнімге сулы ортада күкірттің диоксидімен әсер етеді. Екінші әдісте натрий гидроксидінің ерітіндісі арқылы (сілті артық мөлшерде алынуы қажет) теллурдың диоксидін шикізаттан бөліп алып, сонан соң, алынған өнімді электролиздейді (электродтар таттанбайтын болаттан жасалған). Теллур алудың екі әдісінде сипатта, теллурдың периодтық кестедегі орнына байланысты сәйкес келетін химиялық реакциялар теңдеулерін жаз. Екінші әдісте қандай қосымша электродты процестер жүруі мүмкін екенін сипатта.
20есептің шешуі:
Бірінші әдіс: TeO2 + 4HCl = TeCl4 + 2H2O/ Ерітіндіден теллурды бөліп алу.
2SO2 + TeCl4 + 4H2O = Te + 2H2SO4 + 4HCl. Теллурдың химиялық тотықсыздануы.
Топшада күкірт – теллур бойынша бейметалдық қасиеті кемиді, соған байланысты диоксидтердің де қышқылдық қасиеті азаяды.Осы жағдайда теллур диоксиді қышқылдық оксид ретінде әрекеттеседі. Сонымен қатар, +4 тотығу дәрежесіне байланысты топшада тотықтырғыш қабілеті артып, тотықсыздандырғыш қасиеті кемиді. Осыған байланысты теллурдың күкірт диоксиді тетрахлоридімен тотықсыздануы мүмкін. Екінші әдіс: TeO2 + 2NaOH = Na2TeO3 + H2O. Ерітіндіден теллурды бөліп алу. Берілген жағдайда теллур диоксиді қышқылдық қасиет көрсетеді.
Теллурдың электрохимиялық тотықсыздануы:
Катодты процестер:
Негізгі: TeO32- + 4e + 3H2O = Te + 6OH-.
Теллурдың тотықсыздануы өте жеңіл жүреді.
Қосымша: 2H2O + 2e = H2 + 2OH-.
Анодты процестер: (сілті артық мөлшерде).
Негізгі: 4OH- -4e = O2 + 2H2O
Қосымша: TeO32- + 2OH- -2e = TeO42- + H2O.
Теллурдың тотығуы қиын жүреді.
Негізгі электродты процестердің жиынтық теңдеуі:
Na2TeO3 + H2O = Te + 2NaOH + O2.
21-есеп.Бір химиялық зерттеу институтында мыс (ІІ) оксидінің ортофосфор қышқылымен және аммиакпен әрекеттесуі зерттелді. Зерттеу тәжірибелері келесі ретте жүргізілді: мыс (ІІ) оксидіне артық мөлшерде қышқыл ерітіндісі құйылды, сонан соң араластыра отырып аммиак газы белгілі бір қышқыл–негіздік орта түзілгенше жіберілді. Мынадай құбылысты байқауға болады: қышқылдықты азайтқан кезде ашық–көк түсті А тұнбасы түзіледі. Егер реакцияның ортасын бейтарап ортаға дейін келтірсек, онда қанық–көк түсті Б тұнбасы түзіледі. Әрбір тұнбаны қыздырған кезде солбір ғана В өнімінің түзілуіне әкелді.
А, Б және В заттарын атаңдар, мынадай мәндер белгілі болса:
Заттар
|
Массалық үлес бойынша элементтік құрамы (%)
|
мыс
|
фосфор
|
Азот
| А |
40.0
|
19,4
|
0
| Б |
32,8
|
15,9
|
7,2
|
Достарыңызбен бөлісу: |