Құрастырушы: химия пәнінің мұғалімі: Уралбаева Қ. А. Тел: 87013120074



бет1/12
Дата18.11.2019
өлшемі313,24 Kb.
#51991
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
кызыкты химия











Құрастырушы: химия пәнінің мұғалімі: Уралбаева Қ.А.

Тел:87013120074

Жинаққа химия сабақтарында оқушылардың өзіндік жұмыстары кезінде пайдаланған қызықты логикалық есептер енгізілген. Оқушыларға базалық курстан таныс сұрақтар қолданылып, оларды толықтырып, тереңдету мақсатында құрастырылды. Жинақ оқушылармен, мұғалімдерге көмекші құрал ретінде ұсынылады.

Мазмұны

Алғы сөз..................................................................................................3

Есептер...................................................................................................4

Қолданылған әдебиеттер.....................................................................37

Алғы сөз
Қазіргі кезеңде елімізде қанатын жая бастаған, жаңа типті білім ордалары- Зияткерлік мектептердегі оқыту процесінің басты ерекшелігі оқушылардың дербестігін күшейтуге, білімдерін өздігінен толықтыру мәселесіне баса көңіл аудару болып табылады. Дербестіліктің дамуы жас зияткерлердің алған білімін іс жүзінде еркін қолдана білуінен байқалады. Ал дербестілікке қол жеткізу әрбір сабақта оқушылардың өзіндік жұмыстарын тиімді ұйымдастырумен, сол арқылы оқушылардың логикалық ойлау әркетін дамытумен тікелей байланысты. Оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру кезінде оларға күрделілігі жоғары есептер беру өте маңызды. Өйткені белгілі бір «өзіндік құпиясы» бар, «қызық» есептер шығару – химия ғылымын өмірмен байланыстыратын тамаша әдіс. Есептер шығару арқылы баланың ойлау, есте сақтау, ғылым тілінде сөйлей алу қабілеттері дамиды, химиялық заңдар мен құбылыстарды түсінуі қалыптасып, дүниетанымы артады. Химия сабақтарында өзіндік жұмыс кезінде есептер шығару

барысында оқушылар:

есептің шартын сауатты құра білу;

есепке талдау жасай білу, зерттеу жүргізе білу;

есептің типін анықтау;

есептің шығару тәсілін таңдай білу, шығару жолының жоспарын жасау;

масса мен көлем брліктерін Халықаралық жүйеге (СИ)- халықаралық жүйесіне келтіре білу;

алынған жауапқа талдау жасай білу;

қосымша әдебиетпен жұмыс жүргізе білу сияқты нақты біліктілікке ие болады.



Әрбір өзіндік жұмыста шәкірттер бойында белгілі бір икемділік, іскерлік дағды қалыптастыру сияқты мәселелерге ерекше назар аударылады. Оқушылардың білім мен білік, іс -әрекет дағдыларын тығыз қалыптастыра отырып, есте сақтау, тез ойлау, дұрыс жауап беру, өз пікірін айту, дәлелдей алу әрекеттері күшейіп, ой-өрісі шыңдала түседі.

Ұсынылып отырған «Қызықты химия есептері» жинағы түрлі деңгейдегі конкурстық және олимпиадалық «қызық», 8-9 сынып оқушыларына арналған күрделілігі жоғары есептерден және олардың шешу алгоритмінен құралады. Жинаққа химия сабақтарында оқушылардың өзіндік жұмыстары кезінде пайдаланған қызықты логикалық есептер енгізілген. Жинақта берілген алгоритмдерді жетік меңгеру химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектептері оқушыларының логикалық ойлау дағдысын қалыптастырып, химиялық білім деңгейін жоғарылатады, материалды саналы игеру барысында біліктілік дағдыларының қалыптасуына жағдай жасайды деп көзделеді.

Сондай-ақ аталған есептер жинағын орта мектептерде олимпиадаға дайындық арнаулы курстарында, тереңдетілген бағдарлама бойынша оқитын сыныптарда өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру барысында қолдануға болады.

1-есеп.Мынадай реактивтер берілген: H2SO4, NaOH, CaCO3, HCl, HBr және H2O, осы берілген реактивтерді пайдаланып, алюминий хлориді, натрий фториді, темір бромидінің ерітінділерін таза күйінде қалай алуға болады?


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет