Коммерциялық емес акционерлік қоғамы
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
«Электроника» кафедрасы
ЦИФРЛЫҚ ҚҰРЫЛҒЫЛАР ЖӘНЕ МИКРОПРОЦЕССОРЛАР
5B071900 – Радиотехника, электроника және телекоммуникация
мамандығының барлық оқу түрінің студенттерінің
зертханалық жұмыстарды орындауына арналған әдістемелік нұсқаулар
Алматы 2011
ҚҰРАСТЫРУШЫ: О.Т. Шанаев. Цифрлық құрылғылар және микропроцессорлар. 5B071900 – Радиотехника, электроника және телекоммуникация мамандығының барлық оқу түрінің студенттерінің сәйкесті пәні бойынша зертханалық жұмыстарды орындауына арналған әдістемелік нұсқаулар. – Алматы: АЭжБУ, 2011. – 48 б.
Әдістемелік нұсқауларда ұсынылып отырған жұмыстар 5B071900 – Радиотехника, электроника және телекоммуникация мамандығындағы “Цифрлық құрылғылар және микропроцессорлар” пәнінің оқу материалын мазмұны жағынан толық қамтыған зертханалық жұмыстар ұйымдастыруға арналған жұмыстар келтірілген.
Бастапқы үш жұмыс цифрлық жүйенің негізін қалаушы бөліктемелерін зерттеп, олардың іскерлік сипаттамаларымен танысуға және зерттеу жұмыстарын жүргізуге қажетті аспап-құралдарды пайдалану тәртібін игеруге арналған. Бұл топтамадағы жұмыстар зерттелуші құрылғыларды Electronics Workbench бағдарламасында моделдеу арқылы жүзеге асырылатын виртуалды тәжірибе түрінде және сәйкесті құрылғылардың жұмысын іс жүзінде (Degem Systems фирмасының PU-2000 зертханалық құралымында) тексеру арқылы орындалады.
Келесі үш жұмыс микропроцессорлық жүйенің ішкі құрама бөліктемелерінің (жады жүйесінің, енгізу құрылғыларының және микропроцессордың) құрылымы мен жұмысын зерттеуге арналған. Бұл топтамадағы жұмыстардың орындалуы сәйкесті құрылғылардың Electronics Workbench бағдарламасында құрылған сәйкесті виртуалды моделдерінің жұмыс сипатын зерттеу арқылы жүзеге асырылады.
Intel 8085 микропроцессорының негізінде құрылған бағдарламалық симуляторда және іс жүзіндегі сәйкесті зертханалық құралымда жүзеге асырылатын ақырғы екі жұмыста Ассемблер тілінде құрылған әртүрлі бағдарлама құрылымдарының орындалу тәртібі зерттеледі.
Без. 27, кест. 6, әдеб. көрсеткіші. – 9 атау.
Пікір беруші: физ-мат. ғыл. д-р., проф. С. Б. Бимурзаев
“Алматы энергетика және байланыс университеті” коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2011 ж. басылым жоспары бойынша басылады.
© “Алматы энергетика және байланыс университеті” КЕАҚ, 2011 ж.
Кіріспе
“Цифрлық құрылғылар және микропроцессорлар” пәні цифрлық жүйелердің құрылғыларының жұмыс негіздерін және олардың құрылым принциптерін оқуға арналған. Студенттердің оқылатын пәні бойынша теориялық білімінінің қалыптастырылуын қамтамасыз ету үшін және олардың әртүрлі қызметке бағытталған цифрлық жүйелерді құру жолдарын игеруі үшін пәннің негізін қалаушы тақырыптары бойынша зертханалық жұмыстардың орындалуы ұйымдастырылу керек.
Әдістемелік нұсқамадағы бастапқы үш жұмыс цифрлық жүйелердің негізін құрушы бөліктемелерінің (логикалық элементтердің, қиыстырма және тізбектеме құрылғылардың) іскерлік сипаттамаларымен танысуға және зерттеу жұмыстарын жүргізуге қажетті аспап-құралдарды пайдалану тәртібін игеруге арналған. Бұл топтамадағы жұмыстар зерттелуші құрылғыларды Electronics Workbench бағдарламасында моделдеу арқылы жүзеге асырылатын виртуалды тәжірибе түрінде және сәйкесті құрылғылардың жұмысын іс жүзінде (Degem Systems фирмасының PU-2000 зертханалық құралымында) тексеру арқылы орындалады.
Микропроцессорлық жүйелерді құру барысында өзара байланысты және өзара тәуелді екі фактор ескеріледі: қойылған мәселенің іс жүзінде жүзеге асырылуын қамтамасыз етуші жүйенің аппараттық бөлігін (hardware) құру және жүйенің іскерлік бөліктемелерінің қойылған мәселенің шешіліміне байланысты іс-әрекеттері мен өзара әрекеттесуінің бағдарламасын құруға мүмкіндік беруші командалар жүйесін (software) анықтау. Демек, микропроцессорлық жүйе жөнінде толық білім алу үшін оның аппараттық бөлігін де, бағдарламалық бөлігін де игеру керек. Әдістемелік нұсқамадағы келесі үш жұмыс микропроцессорлық жүйенің жеке құрама бөліктемелерінің (жады жүйесінің, енгізу құрылғыларының және микропроцессордың) ішкі құрылымын және олардың жұмыс принциптерін оқуға арналған. Бұл топтамадағы жұмыстардың орындалуы сәйкесті құрылғылардың Electronics Workbench бағдарламасында құрылған сәйкесті виртуалды моделдерінің жұмыс сипатын зерттеу арқылы жүзеге асырылады.
Intel 8085 микропроцессорының негізіндегі бағдарламалық симуляторда және іс жүзіндегі сәйкесті зертханалық құралым арқылы (разработка фирмы Degem Systems) жүзеге асырылатын ақырғы екі жұмыста Ассемблер тілінде құрылған әртүрлі бағдарлама құрылымдарының орындалу тәртібі зерттеледі.
Барлық жұмыста да студенттердің өздік жұмыстарына (СӨЖ) арналған тапсырмалар ұсынылған, олардың орындалуы студенттердің пәннен алған теориялық білімін нығайтуға және осы білімін сәйкесті аппараттық және бағарламалық құрылымдар құруға іс жүзінде қолдана білуіне икемділігін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
1 Зертханалық жұмыс. Қиыстырма құрылғылар
Жұмыс мақсаты:
логикалық элементтердің кіріс сигналдары мен шығыс сигналының деңгейлерінің өзара тәуелділігін анықтау;
қиыстырма құрылғылардың сұлбасын логикалық элементтер арқылы құру әдістемесін игеру;
цифрлық құрылғыларды құруға және олардың жұмысын зерттеуге қолданылатын аспап-құралдармен жұмыс істеу әдістемесін игеру.
Достарыңызбен бөлісу: |