5.3 Жұмыс тапсырмасы
5.3.1 Шифратор негізіндегі енгізу құрылғысының құрылым принциптерін игер:
Input Unit (addressable).ewb файлын ашып (5.1 суретті қара), сұлбадағы қосалқы сұлбалардың құрылымымен таныс;
алдымен S түймесі арқылы жады ұяшығының адресін қойып, сосын таңдалған жады ұяшығына сәйкесті түймені (0 … F) басу арқылы нақтылы информация жазып, құрылғы жұмысын тексер.
5.3.2 Әртүрлі информацияның кезектестіріліп жіберілу тәртібін игер:
адрес пен мен дерек жіберілімі кезектестірілген сұлба келтірілген, Input Unit (multiplexing).ewb файлын ашып (5.2 суретті қара), сұлбадағы қосалқы сұлбалардың құрылымымен таныс;
алдымен жады ұяшығының адресін қойып (G=1 кезінде), сосын таңдалған жады ұяшығына сәйкесті түймелер (0 … F) арқылы нақтылы информация жазып (G=0 кезінде), құрылғы жұмысын тексер.
5.3.3 Информация енгізілімінің тәртібі өзгертілмелі құрылғыны зертте:
алдыңғы екі құрылғы біріктірілген сұлба келтірілген, Input Unit (integration).ewb файлын ашып (5.3 суретті қара), сұлбадағы қосалқы сұлбалардың құрылымымен таныс;
құрылғының әртүрлі режимдердегі жұмысын зертте.
5.4 СӨЖ тапсырмалары
5.4.1 Түймелерді кезектеп тексеру принципімен (мультиплексорлар негізінде) информация енгізу құрылғысын құр.
5.5 Тексерім сұрақтары
1. CD блогындағы сұлбаның жұмысын түсіндір.
2. Қосалқы 3st сұлбасының қызметін және оның құрылым элементтерінің жұмысын түсіндір.
3. Зертханалық жұмыста қарастырылған құрылғылардың жұмыс принципін түсіндір.
6 Зертханалық жұмыс. MP4M моделі
Жұмыс мақсаты:
микропроцессорлық жүйе (МПЖ) моделінің құрылымымен танысу;
МПЖ моделімен жұмыс істеу тәртібін игеру;
әртүрлі командалардың іс-әрекетін түсіну;
МПЖ моделінде айналымды бағдарламалы құрылымдардың ұйымдастырылу принциптерін игеру;
деректер массивімен жұмыс істеу тәртібін игеру;
бірнеше санның қосындысын есептеу бағдарламасының құрылымын түсіну;
деректердің нақтылы разрядындағы бірлік битті іздеу бағдарламасының құрылымын түсіну.
Достарыңызбен бөлісу: |