Тасымалдаушы РНҚ (Т-РНҚ) молекуласының құрылысы
Рибосомалық РНҚ-лардың құрылысы.
Рибосомалық РНҚ-лар рибосома субъединицаларының (үлкен және кіші) құрамына кіреді. Олардың 4 түрі белгілі: 5S-р РНҚ, 5,8S-р РНҚ, 18S-р РНҚ, 28S-р РНҚ. Рибосоманың үлкен субъединицасы (бөлшегі)-3 әртүрлі рРНҚ молекулаларынан-5S-р РНҚ, 5,8S-р РНҚ, 28S-р РНҚ және 45 ақуыз молекулаларынан тұрады. Р-РНҚ молекуласының ерекшелігінің бірі-гуанин (Г) және цитозин (Ц) сияқты азоттық негіздерінің мөлшерінің басқаларына қарағанда әлде қайда көп болуы. Сонымен қатар минорлық нуклеотидтер де жиі кездеседі, мысалы рибоза бойынша метилденген нуклеозидтер.
Р-РНҚ-ның екінші реттік құрылымында қостізбекті учаскелер және ілмекшелер де көптеп кездеседі.
Бақылау сұрақтары: (кері байланыс) 18 мин (10%)
1. ДНҚ және РНҚ молекулаларының құрылысының жалпы жобасы;
2. ДНҚ және РНҚ орналасқан жерлері;
3. РНҚ түрлері – аРНҚ, тРНҚ, рРНҚ;
Жаңа тақырыпты бекіту 14 мин (10%)
Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы 31 мин (35%)
Нуклеи қышқылдарының ДНҚ молекуласының, РНҚ молекуласының құрылысымен танысып, альбом бетіне түсіру
Жаңа тақырыпты бекіту 9 мин (10%)
Сабақты қорытындылау 2 мин (2%)
Оқушылардың білім деңгейін бағалау. Келесі сабақтың тақырыбын хабарлау
Үйге тапсырма беру 2 мин (2%)
Нуклеин қышқылының құрылысы мен ақуыз биосинтезі
3. Сабақтың тақырыбы: Нуклеин қышқылының құрылысы мен ақуыз биосинтезі.
Сағат саны: 90 мин ( 100%)
Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың мақсаты:
Оқыту : Студенттерге нуклеин қышқылдарының бірінші, екінші, үшінші реттік құрылымын және ақуыз биосинтезінің негізгі қызметін үйрету.
тәрбиелік: білімділікке, тазалыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
дамыту: жаңа қосымша инновациялық ақпараттармен хабардар етіп түрлі оқу әдістерін қолдану.
Оқыту әдісі: Жаңа инновациялық әдістер арқылы тақырыппен таныстыру (презентация), мультимедиялық құрылғы бейнемагнитофон, CD, DVD дискілер,тест тапсырмаларына жауап беру, баяндау, сұрақ-жауап, ситуациялық есептер, бақылау жұмысы, тест тапсырмалары, үлестірмелі кеспелер
Материалды – техникалық жабдықталуы: Плакаттар жинағы, тесттік жұмыстар.
а) техникалық құралдар: Микроскоп, мультимедиялық құрылғы бейнемагнитофон, CD, DVD дискілер.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер,нұсқау карталар,кестелер.
сөзжұмбақтар, плакаттар жинағы.
б) оқыту орны : 413, 427б, 428 бөлме
Әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер:
1.С.А.Әбилаев «Молекулалық биология және генетика» - Оқулық.Шымкент – «АСҚАРАЛЫ» баспасы,2008ж.
1.Медицинская биология и генетика /Под. Редакцией Куандыкова Е.У. – Алматы,2004
2.Мушкамбаров Н.Н.Кузнецов С.Н.Молекулярная биология.Учебное пособие для студентов медицинских вузов – Москва: Наука,2003,544с.
3.Ньюссбаум Р.И.др.Медицинская генетика: учебное пособие / пер.с англ.под.ред.Бочкова Н.П – М.,2010. – 624с.
4.Притчарт Д.Дж.,Корф Б.Р.Наглядная медицинская генетика / пер.с англ.под.ред.Бочкова Н.П. – М.,2009 – 200с.
Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (15 %)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
1. Ақуыз түсінігі
2. Ақуыздың бірінші реттік құрылымы
3. Ақуыздың екінші реттік құрылымы
4. Ақуыздың үшінші реттік құрылымы
5. Ақуыз молекуласының фолдингі
6. Ақуыз биосинтезі
7. Генетикалық код және оның негізгі қасиеттері
Сабақтың мақсаты мен міндеті:
Нуклеин қышқылдары мен ақуыз молекуласының биосинтездерін, генетикалық код және оның қасиеттерін, ДНҚ молекуласындағы тұқым қуалаушылық ақпараттың экспрессиялануының кезеңдерін түсіндіру.
Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 14 мин (15%)
Оқущылардың білімін жан жақты тексеру
Сұрақтарды дұрыс және мазмұнды құрастыруға мән беру
1. Нуклеин қышқылдарының құрылысы (ДНҚ, РНҚ)
2. ДНҚ молекуласының үш реттік құрылымы
3. РНҚ молекуласының үш реттік құрылымы
4. АРНҚ молекуласының құрылысы
5. РРНҚ молекуласының құрылысы
6. ТРНҚ молекуласының құрылысы
Жаңа сабақ түсіндіру 27 мин (30%)
Тақырыпты жоспарымен таныстыру
Түсіндірілетін материалдық негізділігімен жеткізілуінің ғылымилығы
Жаңа сабақты сапалы игеру үшін түрлі оқу әдістерін қолдану.
ДНҚ молекуласының ең маңызды қасиеттерінің бірі – оның өздігінен екі еселенуі (репликациялануы) болып саналады. ДНҚ репликациялануы салдарынан тұқым қуалаушылық ақпарат ұрпақтан - ұрпаққа өзгеріссіз, тепе – тең мөлшерде беріліп, ұрпақтардың жалғасуы қамтамасыз етіледі. ДНҚ репликациясы жасуша циклінің S – синтетикалық кезеңінде жүзеге асады. ДНҚ молекуласының репликациялану қасиеті 1953ж. Дж. Уотсон және Ф.Криктің ДНҚ молекуласының құрылысының қос ширатпалы болатындығы ашылғаннан кейін белгілі болды. Теория күйінде ДНҚ репликациясының 3 түрлі әдісі болжамдалған: 1) консервативті (тұрақты); 2) жартылай консервативті; 3) дисперсті. Көптеген тәжірибелер нәтижесінде ДНҚ молекуласының репликациялануы жартылай консервативті жолмен жүретіндігі дәлелденді. Оны алғашқылардың бірі болып 1958ж. М.Мезельсон және Ф.Сталь Е.coli жасушасында байқаған.Кейбір прокариоттардың және барлық эукариоттардың ДНҚ молекуласы сызықша тәрізді болып келеді және олардың репликациялануы белгілі бір нүктеден, репликативтік ісінудің пайда болуынан басталып, хромосоманың қарама-қарсы жағына қарай бағытталады. Эукариоттардың ірі хромосомаларында бір мезгілде жүздеген репликациялық ісінулер пайда болады және олар бір – бірімен қосылып У- тәрізді аралық құрылым пайда етеді. Мұны У – тәрізді жартылай консервативті репликациялану деп атайды. ДНҚ репликациясының бірнеше ерекшеліктері белгілі:
а)ДНҚ молекуласының жаңа тізбегінің синтезделуіне қажет заттар – дезоксинуклеозидтрифосфаттар (дНТФ) болып табылады, ал ДНҚ құрамында дезоксинуклеозидмонофосфаттар (дНМФ) кездеседі. Сондықтанда ДНҚ тізбегіне жалғану алдында әрбір нуклеотидтен 2 фосфат қалдығы пирофосфат күйінде бөлініп шығады да тез арада фосфаттарға дейін гидролизденеді.
Еркін дНТФ → дНМФ қалдығы + пирофосфат
дНТФ-ды құрылыс материалдары ретінде пайдаланудың энергетикалық себептері де бар. Нуклеотидтер арасындағы байланыстардың (фосфодиэфирлік) түзілуі үшін энергия қажет, ал энергия фосфаттараралық байланыстардың үзілуі нәтижесінде бөлінеді.
б) ДНҚ репликациясы матрицалық (қалыптық) үдеріс яғни ДНҚ-ның жаңа тізбегі аналық ДНҚ молекуласының бір жіпшесі негізінде (матрица) комплиментарлық ұстаныммен (принциппен) синтезделінеді, яғни 4 нуклеотидтен (дАТФ, дГТФ, дЦТФ, дТТФ) жаңа тізбекке тек аналық жіпшедегі нуклеотидке комплиментарлы (А↔Т; Г↔Ц) нуклеотид қана қосылады.
в) ДНҚ синтезі (репликациясы) симметриялы болады, яғни матрица қызметін аналық ДНҚ молекуласының екі тізбегі де атқара береді. Сондықтан оны жартылай консервативті деп те атайды. Себебі, жаңадан синтезделген ДНҚ молекуласы жартылай жаңарған болады, яғни оның бір тізбегі ескі -аналық молекуладан алынған болса (матрица), екіншісі жаңадан синтезделген болады.
51 ____________31
- аналық ДНҚ молекуласы
31_____________51
↓
51 ____________31 -матрица (қалып)
31←----------------51
+ -жаңа тізбектер 51 ---------------→31
31_____________51 –матрица (қалып)
г) ДНҚ синтезі (жаңа тізбектің не оның бір бөлімінің синтезделуі) белгілі бір бағытта жүреді, яғни 51 ұшынан 31 ұшына қарай, жүреді.
д) ДНҚ репликациясы басталу, жүруі үшін, міндетті түрде аналық ДНҚ молекуласының қос ширатпасы бір бірінен ажырасуы қажет, тек осы жағдайда, яғни бір бірінен ажырасқан аналық молекуланың жіпшелері матрица (қалып)қызметін атқара алады.
Репликация тетіктері
а) Репликация үдерісі 15-20 ақуыздардан тұратын күрделі ферменттік жүйенің қатынасуымен жүзеге асады.
Эукариоттар хромосомаларында жоғарыда айтқанымыздай, бір мезгілде көптеген ферменттік кешендер қызмет етеді, яғни хромосомада ДНҚ репликациясының көптеген басталу (иницияция) нүктелері болады және ДНҚ синтезі хромосоманың бас жағынан ұшына қарай баяу жүрмей, көптеген жерлерінде бір мезгілде жүзеге асады. Бұл репликация ұзақтығын едәуір қысқартады.
б) репликацияның әр бір нүктесінде 2 ферменттік кешен жұмыс істейді: олар ДНҚ-ның инициация нүктесінен қарама-қарсы бағыттарға қарай жүреді.
в) ДНҚ молекуласының тізбектері бір-біріне антипаралель болғандықтан және ДНҚ синтезі тек 51 →31 бағытында жүретіндіктен, репликативтік ашада аналық ДНҚ-ның бір тізбегі негізінде жаңа ДНҚ тізбегі үзіліссіз синтезделсе, екіншісі негізінде үзіліп-үзіліп синтезделінеді. Біріншісін лидерлік тізбек, ал екіншісін артта қалушы (кешігуші) жіпше деп атайды. Лидерлік тізбек негізінде синтезделген өте ұзын, ұзындығы көршілес екі инициация нүктелерінің ұзындығының жартысына, яғни 1.600 000 нуклеотидке тең, тізбек синтезделсе, артта қалушы (кешігуші) тізбек негізінде қысқа 1500 нуклеотидтерден тұратын ДНҚ фрагменттері синтезделінеді. Оларды Оказаки фрагменттері деп атайды.
г) ДНҚ синтезі басталуы үшін міндетті түрде 10-15 нуклеотидтерден тұратын «РНҚ-ұйытқы»-праймер қажет, себебі ДНҚ синтезін жүргізетін фермент ДНҚ – полимераза өз бетінше ДНҚ синтезін бастай алмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |