б. майтановтың
«Портрет Поэтикасы»
зерттеуіндегі Жаңашыл
нысандар
«
Портрет поэтикасы» – көрнекті әдебиеттанушы
Бақытжан Қауасқанұлы Майтановтың жаңашыл
бағытта жазған ғылыми зерттеуі. Оның жаңашыл-
дығы әдеби туындының тұтастық жүйесіндегі ежелгі
көркемдік құрылымның бірі – портрет жөніндегі тұ-
йықталған түсініктерімізді кеңейтуінде, портрет поэти-
касын қазіргі әдебиеттанудың әдіснамалық негіздеріне
сүйеніп пайымдауында.
Зерттеуші диахрондық принцип негізінде адам
кескінін суреттеудің арғы арналары халық ауыз әде-
биетінде жатқандығын А. И Белецкийдің «жорамал
портрет» жөніндегі тұжырымы арқылы жеткізеді. Де-
генмен, зерттеуші қазіргі күнде А. Белецкийдің жорамал
портретке қарама-қарсы қойған кейіпкердің даралық си-
паттары бар «живописьтік», «архитектуралық» портрет-
тер дегендердің айтылмайтындығын көрсетеді./ 1,4/
Баяндау құрылымындағы портрет телімдерінің мін-
деті хақында арнайы зерттеулер жазу орыс әдебиетінде
кешеуілдеп барып қолға алынғандығын ескерсек, зерт-
теуші Б.Қ. Майтановтың «Портрет поэтикасы» қазақ
әдебиеттануында әлгіндей олқылықтың орнын ғана
толтырып қоймай, көркемдік құрылымды әлемдік әде-
биеттанудың жаңашыл нысандары тұрғысынан зерде-
156
МС
Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
157
леудің айқын үлгісі болып табылады. Расында, портрет
баяндау телімдерінің бірі деген жалпы мәндегі ұғымға
ие болғанмен, оның жанр, стиль, сюжеттік-композиция-
лық жүйемен тұтастығын және көркемдік құрылымның
өзге бөліктерімен тұтастығын ескерсек, оған ерекше
көркемдік әлеует тән екенін аңғарамыз. Сондықтан да
автор: «Көркемдік ғимаратында елеусіз ешнәрсе жоқ-
тығын, жазушының әрбір деталь төңірегіндегі табан
аудармай ізденетін қажырлы еңбегін еске алсақ, сөздік
композиция бөлшектеріне айрықша мән берудің зор ма-
ңызын түсіну қиын емес»/1,5/,-деп жазады.
Зерттеуші Б. Майтанов Б. Галанов, И.В. Страхов,
А. Скафтымов сияқты сыншылардың А.П. Чехов, И.С.
Тургенов, Ф. М. Достоевский, Л.Н. Толстойдың мүсін-
деу өнеріндегі әлемге танылған тәжірибелері жайлы
пайымдарына қаныға келіп, өз байламдарын ұсынады.
Мәселен: «Чеховтың кейіпкер характерін бір реттен
сырттай бақылай келіп, әншейінде қажетсіз саналатын
сырттай суреттеулерге түбінде ерекше мағыналық қыз-
мет жүктейтін шеберлігі көпке мәлім. «Керексіз» де-
тальдар қаһарманның рухани болмысымен астарласып
жатады. Әрдайым жетілдіре дамытып отырған Чехов
прозасындағы бұл заңдылық қатал объективті түрде
жазу мәнерінің әдеттен тыс тартымды қағидасына ай-
нала бастағаны мәлім. Ал Л.Н. Толстой творчествосын-
да Ф.М. Достоевский субъективизмі мен А.П. Чехов
объективтілігі суреткердің жойқын психологизміндегі
басты парадигма – «жан диалектикасына» сәйкес то-
раптарда қатар өмір сүреді.»/1,7/,-деп олардың портрет
өнеріндегі шеберліктерінің сырын түйіндейді. Әрине,
портрет жасаудың үздік үлгілері әр дәуірдегі талант-
тар тәжірибесімен жаңғырып, молыға түсетіні анық.
Алайда, қазіргі прозада статикалық портрет характе-
рологиялық міндет атқармайды. Демек, портрет құ-
рылымында адамның қозғалыссыз сырт бейнесі емес,
аффективті-эмоционалдық жағдайдағы бет-жүз құбы-
лыстары көрініс табады. Бүгінгі прозаға тән осы ерек-
шелік хақында зерттеу авторы: «Қазіргі кезеңде қаһар-
ман пішіндемесі бұрынғыша зор психологиялық қуат,
өткір динамизммен суреттелсе де, неғұрлым ықшам
формаға лайық жылдам және түрлі үзілістер арқылы
кейде автор, кейіпкер қабылдау аяларының тоғысуы-
мен, немесе әншейін байқаусыз ғана көз жүгірткендей
реңмен бейнеленуі үстемдік танытады.»/1,8/-деген ба-
ғалы тұжырымы арқылы оның болашақ бағдарын да
межелейді.
Зерттеу «Портрет және жан әлемі» және «Портрет
және этномәдени дәстүр» деп аталатын екі тараудан
тұрады. Ғалымның жоғарыда сөз болған тұжырымда-
рының баршасы осы тарауларда терең таратылып, кең
сабақталады, дәлелдермен дәйектеледі.
Алғашқы тарауда мүсіндеу өнері 20-30 жылдардағы
проза негізінде зерделенеді. Бұл тұстағы С. Сейфул-
лин, С. Мұқанов шығармаларынан ауыз әдебиетіне тән
сипаттама портреттерден адамның ішкі жан әлемімен
астасып жататын психологиялық портреттерге ойысу
ерекшелігі танылады.
Зерттеуші «Тар жол, тайғақ кешу» романының ав-
торы толымды көркем образдар сомдау мақсатын қой-
мағандығын, шығарманың автобиографиялық таби-
ғатына сәйкес күрескер Сәкеннің тұлғасы дараланып
көрінетіндігін, өзге кейіпкерлер жанрлық-стильдік
талаптарға сай үзік-үзік сипатта елес беретіндігін ес-
кертеді /1,10/. Романда бойкүйез тіршілікке бой ал-
158
МС
Достарыңызбен бөлісу: |