Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
183
халықтың қабырғалы қаламгерлерінің қатары ұдайы
толығып, молығып отырды. Кезең-кезеңімен әдебиетке
тың ағыстар қосылды», – деп жазады. Қанипаш Қай-
сақызы өзі де осынау әдебиет айдынына қаламын ес-
кек етіп келе жатып, көзі шалған айқын ағыстардың
Серік Асылбекұлы шығармашылығы болатын... Енді ол
«Алам іздеген Бақыттың» кейіпкері десек болады..
Қ. Мәдібаева «Айтматов шолған қиырлар» мақала-
сында «адамзаттың Айтматовы» атанған ұлы тұлғаны
пір тұтатын қалың оқырманының бірі қатарында әңгі-
ме өрбітеді. Абайды, Айматовты оқудың азайғанды-
ғына қынжылады. Ш. Айтматовтың «Шыңғысханның
ақ бұлты» повесінің енді ғана қолына тигеніне кімді
кінәларын білмейді: «Іле-шала, әлгі өзім енді ғана оқып
шыққан «Шыңғысханның ақ бұлты» повесі кезеңінде
тұтас ағзадан қателескен оташыдай сылып алып таста-
ған «Боранды бекет» – «Ғасырдан да ұзақ күнді» қай-
та оқып шықтым. Жаным түледі, жадымда зу етіп өте
шыққан жас ғұмырымның дүниеден сыр аулаған балаң
болмысы жаңғырды... Шығарманы бұл оқуым бұрын-
ғыдан, әрине, бөлек.» Оқырманмен байланыс орнату
үшін бұндай пролог та қажет шығар.. Рас, Шыңғыс-
ты қайта оқып отырған қалың оқырманның бірі емес
екенін аңғарасың. Айтматов құдіретіне құр ынтығып,
тамсанып қоймайды. Қанипаш Қайсақызы сол ынты-
ғудың, сол тамсанудың сырын іздейді.. Ол мақаласын-
да: «Адам атты жан иесінің әкетіп бара жатқан артық-
шылық туралы осал ұғымдары бар. Артықшылықтың
асып-тасыған барлықпен, аспандатып еліктіретін атақ-
даңқпен, биіктен төмен астамси қарайтын билікпен өл-
шенетін өлшемдері болмаса керек. Артықшылық–Ал-
ладан, жаратылыстан дарыған адамдық ұстанымдарда.
Бұл–Шыңғыс Айтматовтың шығармашылығындағы
алдамайтын айқын, мөлдір ағыстардың бірі»,-деп жазу-
шы шығармашылығындағы адамгершілік ұстанымның
аса тегеуірінді көркемдік әлеуетін пайымдайды. Жазу-
шы ұлылығының бір құпиясын: «Боранды Едігенің ғана
емес, жаны сүйіп, қалап тапқан жандардың тіршілік
қаракетіне бір дәуірдің, қала берді жалпыадамзаттық
тағдырдың талайын ұлттық болмыстың ауқым-аясына
тұтастыра қамтып жазу шеберлігі, құпиясы Адамзат-
тың Айтматовын туғызды», – деп танытады. Әрине,
айтылмай жүрген толғам емес, алайда сыншы өзіндік
тоқтамға келеді. Бүгінгі «жүрегі байлаулы» емес оқыр-
манға бұрынғы тұжырымдарды жаңғырту, толықтыра
түсу аса қажеттігін сезінеді.
Қ. Мәдібаева: «Шығармаға кезінде алынып таста-
лып, енбей қалған «Шыңғысханның ақ бұлты» баяны
ұлы даланы бағындырам деген астамдықтың адамшы-
лықтан тайған соң ақыры немен тынарын аңғарту мін-
детін ұстанғаны аян...Түз түлкісі түнде бекерден бекер
байыз таппай жортар ма. Түйсігі бөлек тағы аң тер-
белген тіршіліктің тыныштығы шайқалғанынан секем
алып сергелдеңге түскен.», – деп жазушының адам ас-
тамшылығы түбінде оның өз басын жарып қоймай, та-
биғатқа зауал келтіріп жатқанын «жаңғыртуда жаңа бір
көркемдік кеңістік түзетінін» айтуымен өзінің сыншы-
лық қырын танытады. Сондай-ақ: «Шыңғыс Айтматов
«дүниенің қарапайым құбылыстарын әлемдік құрылым
заңдылықтарымен астасып жатқан мән аясында тани-
ды»,-деп өз танымының да көкжиегін аңғартады. Рас,
әлемге мәшһүр болған Айтматовтың қандай мәселені
де әлемдік көркемдік кеңістікке алып шығатыны бұ-
рын да сан мәрте айтылып-жазылғанмен, оны Қанипаш
184
МС
Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
185
Қайсақызының өзіндік көру нүктесінен танып, сыни
толғам-тоқтамдарын оқырманын ой орманына енгізетін
философиялық астары қалың тынысты тілімен тербете
алуы да сын өрісіндегі өзгеше беталысты байқатады.
Иә, мақала авторы кемеңгер жазушы Айтматов Еді-
генің Зәрипаға деген махаббатын да «адамзаттық шыр-
қау биіктен жан қосып, жан қозғап жырлайтынын» ай-
тады. Романдағы махаббат пен ғадауат, өлім мен өмір
мәселесін қозғай отырып, олардың тайталасып барып
табан тірер шегін сөз ете келіп, Қанипаш Қайсақызы:
«Дүниенің тоқтамы-дінде. Сапырылысқан, сандалған
ойдың тұсалып, тиянақ табар тұсы – осы», – деп Айт-
матовтай алыптың бұл тектес өмірлік ұлы ұстанымды
кейіпкері Едігенің ойы арқылы жеткізудегі шеберлігіне
ғана емес, даналық шешіміне оқырманды тәнті етеді..
Рас, Қанипаш Қайсақызының «Айтматовтың адам-
затпен бірге жасай беретін заңғар суреткер екендігін
айқындалған үстіне айғақтай» беретін дәлел-дәйектері
көп: жаңашыл бағыты, әлемдік мектебі, қазіргі қазақ
прозасындағы Айтматов дәстүрі, дәстүрлі баяндауға
жаңа сипаттар дарытқандығы, қазыналы тілі...
Әдеби сын саласында өзін-өзі шыңдаумен ешбір ты-
нымсыз оқып-тоқып, тоқтаусыз ізденіс үстінде жүрсе
де, өзі жастайынан ынтыға оқыған шетел әдебиетіне
тіс батыруға батылы да бара қоймады, ары да жол бере
қоймады. Десе де, «Мәдени мұра» бағдарламасы бо-
йынша Теодор Драйзердің «Сестра Керриін», ағылшын
классик жазушысы, Нобель сыйлығының лауреаты Р.
Киплингтің «Шағын ертегілерін» қазақшаға сәтті ау-
дарған еді.
Қазіргі ғалымдық-ұстаздық, сыншылық қарым-қабі-
леті толысқан шағында «Қазақ романының көркемдік
өрісі» аталатын компаративистік талдауға құрылған әде-
би сын мақаласын «жазбасқа шарасы қалмаған сәтінде»
ғана қолына қалам ұстаса керек. Өзі жастайынан бас
алмай оқыған Бальзагы екен.. Эмиль Фаге, Лансондар
«надан көрінетін Бальзак дегенге дейін» барса, ақын
Готье мен Ипполит Тэн «Адамзат әжуасында» «тосын,
батыл және жеке құбылыстардан жаңа әрі маңызды бай-
ламдар жасайтынын айтыпты». Дегенмен, отандастары
оны ұлы дарын деп танитыны мәлім. Мақала авторы
Оноре де Бальзак жайын бүге-шігесіне дейін білетін-
ге ұқсайды. Бальзакты зерттеген Пьер Барберистің де
еңбегімен таныс екенін аңғартады. Бальзакты ірі реа-
лист деп танитын әдебиеттанушы ғалым Қ. Мәдібаева:
«Бальзакты сіңіру үшін оның стиліне ден қою керек.
Бальзак құйылған қорғасындай зілді сөз қолданыстар-
ға бейім, ол сөздің сөлін сезініп отырып жазады. Оның
әсірелеулері мысықтабандаған мысқылмен суарылған,
оның сөз айшықтарының астарында адамның арғы сыр-
лары қылаң беріп тұрады, мығым, берік ұстанымдар
жоталанып жатады. Күрделі оралымдардың арқауында
адамдардың күрсінуі мен күңіренуі, тығырыққа тіреліп
таусылған сәттері ашылады. Ол сомдаған адам бей-
нелері мызғымайтын мүсіндей әлуетті. Оның қаламы
көбіне елеусіз ғұмыр кешіп жатқан кәдуілгі адамдарды
сомдауға бейім. Сонымен бірге, ол соншалықты нәзік
әрі берік кісілікті бейнелерді де шеберлікпен тұғырға
қондырды. Көше бойын, үй-жайды, бөлме ішін сурет-
теуінде адамның тіршілік тынысын дарыта жазады, кез
келген сәт, құбылыс, әрекет оқушыға айтарын айдан
анық жеткізіп береді»,-деп ұлы дарын хақында тұғырлы
тұжырым жасайды. Шынында, қазіргі қазақ әдебиет-
тануында есімі танымал Қанипаш Мәдібаеваның қай
186
МС
Достарыңызбен бөлісу: |