Раушан Абдикулова indd



Pdf көрінісі
бет49/82
Дата24.12.2022
өлшемі2,04 Mb.
#164264
түріБағдарламасы
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   82
Байланысты:
2016 Абдикулова Жанр

Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
171
киннің, А.С. Пушкиннің шығармаларындағы тарихи-
лық мәселесін алға тартқанын байыптайды. 
Ғалым ең алдымен, көркем әдебиеттегі тарихилық-
тың ғылымдағы тарихилықтан сапалық ерекшелігін 
ажырата түсіндіріп: «Өйткені, ғылым белгілі бір 
дәуірдің тарихи даму заңдылықтарын тұжырымдармен 
өрнектесе, ал әдебиет сол тарихи құбылыстарға деген 
адам қатынасын-оның кісілік құлқы, әрекет-харакеті, 
таным дүниесіндегі өзгерістері арқылы көрсетеді» 
(1,5),-деп жазады. Зерттеуші Ж. Тілепов ғылыми мә-
селенің маңызды қырларына көңіл аударады. Әр елдің 
әдебиеттанушылары мен тарихшыларының «өз халқы-
ның әдебиетіндегі тарихилықтың қалыптасу кезеңін әр-
түрлі әдеби әдістің өкілдерінен бастайтынына» дәйек-
тер келтіреді (1,6). Сөйтіп, ғалым Ж.Тілепов мәселенің 
байыбына терең талдау жасай келіп: «Бірақ, бір нәрсе 
анық: белгілі бір автор ел тарихымен байланысты шы-
ғармасын қай машықта жазса да, ондағы көтерілген мә-
селе-болған шындықтан ауытқымаған шынайылықпен 
ерекшеленбек»(1,7),-деп өзіндік түйін түйеді.
Зерттеуші Ж.Тілепов еңбекте ежелден жазу өнері қа-
лыптасқан Европа халықтарының көркем әдебиетінде 
тарихилық мәселелерінің бастауы XVII-XIX ғасырлар-
дың межесі екенін айтады. Біздің қазақ әдебиетіндегі 
бұл құбылыстың өзгешелігіне жүйелі зерттеулер жасай 
келіп: «Өйткені, қазақ әдебиеті – көптеген халықтар-
да жоқ, ауызша дәстүрді ұстанған XIV ғасырдан бергі 
жеке авторлар мұрасы мен кейінгі XIX ғасырдан бас-
талар жазба әдебиеттің өкілдерінен тұратын ерекше 
құбылысқа ие әдебиет» (1,7),-деп өзіндік тұғырнама 
қалыптастырады. Автор қазақ әдебиетіндегі тарихилық 
концепциясының өзіне тән өзгешеліктерін пайымдай 
келіп, оны әлем әдебиеттануындағы тарихилық концеп-
циясымен ұштастыра қарастырып, Г. П. Макогоненко, 
П. Бейль, Вольтер сияқты зерттеушілер мен философ-
жазушылардың тарихилық концепциясының адамзат 
қоғамындағы маңызын айқындаған тұжырымдарын дә-
йек етеді. Ғалым еңбегіндегі жаңашылдықтың бір үздік 
қыры ауызша үрдістегі авторлы әдебиетіміздегі тари-
хилық проблемасын Атлант мұхитының солтүстігін-
де өмір сүретін исландықтардың IX-XIII ғасырлардан 
бастау алған ауызша үрдісті авторлы туындыларымен 
салыстыра қарастырғандығы болып табылады. Әрине, 
зерттеуші әлем әдебиетіндегі тарихилық концепциясын 
көптеген зерттеу нысандарына сүйене отырып қорыта-
ды. Әрине, біздің ауызша үрдістегі авторлы туындыла-
рымыз исландықтардың туындылары секілді ерте кез-
ден бастап хатқа түспегені белгілі жайт. Хатқа түсіріп, 
дендеп жинау XIX ғасырда Ш. Уәлиханов, В. Радлов-
тардан басталып, XX ғасыр басынан ( Мақаш Бекмұха-
медов, Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов, І. Жансүгі-
ров, Ғұмар Қарашев т.б.) күні бүгінге дейін жалғасып 
келе жатқанын зерттеуші орынды ескертеді. (1,12).
Көп уақыттар бойы тарихилық проблемасы «күйелі 
тақырып болып жүрді». Шортанбай, Дулат, Мұрат, Кү-
дері, Досқожа, Әбубәкір, Ғұмар Қарашев, Нарманбет 
Орманбетов сияқты XIX-XX ғасыр басындағы әдебиет 
өкілдеріне ұлтшылдық қамыты кигізілгені белгілі. Ға-
лым қазақ елінің тарихын «бажайлап батыл қадамдар 
жасау» қиын кезеңде сол кезде жас ғалым М. Ма-
ғауиннің XV-XVIII ғасырдағы бабалар жырынан дис-
сертация қорғауын азаматтық іс деп бағалайды (1,14-
15). Сондай-ақ, бұдан кейінгі жарық көрген зерттеулер 
мен ұжымдық жинақтардың, соңғы жиырма-отыз жыл-


172
МС
Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
173
да жарық көрген С. Қирабаев, Ш. Сәтбаева, М. Жол-
дасбеков, Н. Келімбетов, М. Қараев және тағы басқа 
да еңбектерде «бірнеше ғасырлық өмірі бар қазақ әде-
биеті өкілдерінің шығармаларын кейінгі жылдардың 
рухани мүмкіндігі тұрғысынан тану» және оларды 
елінің бостандығын көксегені үшін жазықсыз тағыл-
ған айыптан арашалау принципі көзге түсетінін айтады 
(1,16). Жалпы, көрнекті ғалым Жұмат Тілеповтің «Та-
рих және әдебиет (XIV-XX ғасыр басындағы әдебиет)» 
атты ғылыми еңбегінде XIV-XVII ғасырлардағы қазақ 
әдебиетінің тарихилығы мәселесі, XVIII-XIX ғасыр-
лардағы жыраулық мұра һәм ел тағдыры, жер тағдыры 
мен ақындық дәстүр және тарих жайы тарихилық кон-
цепциясы тұрғысынан тарихи-салыстырмалы, кешенді 
талдау әдіснамалары негізінде терең де кең ауқымда 
зерттеледі. Жоғарыда аталған зерттеу ерекшеліктері-
нен профессор Ж. Тілеповтің жаңашыл нысандағы 
зерттеушілік әлеуеті танылады. Ел тарихындағы аласа-
пыран, алмағайып кезеңдердің ақын-жыраулар шығар-
масында бейнеленуінің ауызша үрдіске тән сипаттары 
мен тарихи тамырлары ашылады. Мәселен, атақты «Ер 
Едіге» тарихи жырындағы деректілік пен көркемдіктің 
сипаттар оқырманын бейжай қалдыра алмайды. Асан-
қайғы, Сыпыра, Қазтуған жыр-толғаулардағы қазақтың 
арғы түбіне байланысты, хандар мен билердің, абыз-
дардың, батырларлардың тарихи тұлғаларына қатыс-
ты көркемдік деректердің тарихы шындығы толымды 
мәліметтер негізінде нақтыланады. Жалпы, профессор 
Жұмат Тілепов әдебиеттанудың іргелі проблемасына 
қатысты қандай мәселені де шеткері қалдырмай, қо-
рытқан ғылыми тұжырымдарын нақты деректермен 
немесе айқын мысалдармен дәйектейді. Өзі жастайы-
нан ізерлей,індете зерттеген тарихилық концепциясы 
мірдің оғындай дәлдікті, нақтылықты, айқындықты, 
деректілікті, автордан шыншылдықты талап етті және 
ғалымның өзіне тән туабітті табиғи болмысы тазалық 
пен кіршіксіз адамдық арды әспеттеді. Ғылыми ізденіс 
үстінде уақытты санамай күнді-түнге жалғап отыратын 
табандылығы жастайынан қалыптасқан ғалым күні 
бүгінге дейін үздіксіз, тынымсыз ізденістен мойыған 
емес. Ғылымдағы жанкештілігі-алдыңғы абыз ағалар 
дәстүрін пір тұтқандығы. Алдыңғы толқын ағалар жо-
лы-абыздар жолы. Сол жолмен жүріп келеді..Сол жолда 
бір шырақ жанғандай...Шын ғалымның ғылымда жақ-
қан шырағы...Сан-тарапқа...Ол аялаған отбасына нұрын 
шашқандай.. Бейнеттің де зейнеті бар деген.. Қашан-
нан-ақ қанағатшыл жүрегі.. «дүние де өзі, мал да өзі».. 
Немересі жұмыстан келсе атасын мойнынан құшақтай-
ды. Атасының жүзінде басқа ешкімде жоқ ерекше нұр 
бар..Университеттегі студент-шәкірттері де ұстаз-ға-
лымның жүріс-тұрысынан тәңірідей тазалықты, асқақ 
кісілік мінезді таниды. Дәрісін ұйып тыңдаған аудито-
рия қоңырау соғылғанда еріксіз ес жияды...Жұмат Жұ-
малыұлы сияқты шын ғалым болғысы келетіндер бар 
шығар кім білсін.. Шынында да... шын ғалымдар көп 
емес...Ұлы Абай: «Болмасаң да ұқсап бақ, шын ғалым-
ды көрсеңіз..» демеп пе еді? Шын ғалымды көрсеңіз..


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет