Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
233
ге, жалпы мәдениетімізге нұқсан кетіретін жайларды
ұлымыз да, кішіміз де баспасөз бетінде талқыға салып
жүрміз. Мәселен, өзі ауылда тұратын, ел ішіндегі жағ-
дайдарды бес саусақтай білетін белгілі жазушы Өмір
Кәріпұлы «Қазақ әдебиеті» газетінде жариялаған «1.
Ұлттық қайнар немесе қажетсіз дағдылар» (№20 (3392)
16.05. 2014) және «2. Ұлттық қайнар немесе қажетсіз
дағдылар» (№21 (3393) 23.05. 2014) деген көлемді ма-
қаласында Елбасы Жолдауындағы «Мәңгілік ел» идея-
сын жүзеге асыруда ұлттық құндылықтарымызды жаңа
заманға сай жаңғыртып, түлетіп мәңгілік ету мұратын
алға тартады, сондай-ақ халқымыздың осы күнгі той
өткізу, қонақ күту, кісі жерлеу сияқты салт-дәстүрін-
дегі әсіре мақтанқұмарлық, малшашпақ сияқты жат
қылықтарын сынға алған еді. Жазушының айтқаны ай-
на-қатесіз. Көкейімізге қона кетті. Шынында да, жазу-
шы айтқандай, XXI ғасырда өмір сүріп отырған біздің
ағайын әлі де өз отбасын, түптеп келгенде ел эконо-
микасын тұралататын кеңқолтық мінезден арылмай
отыр. Елімізде мал басының азаю қаупі төніп тұрғаны
бір бөлек әңгіме. Жазушы осы күнгі қонақ күту сал-
тындағы жөнсіз тыраштық пен тантыма мінезді сөгіп,
әркімнің «көрпесіне қарай қарай көсілгенін» қалайды.
Ел ағасы Өмір Кәріпұлының «Табақ тартуды жаппай
рәсімге айналдыру-нарық заңына сыйыспайды» және
«Ас ішіп, дәм жеу тәртібінің әлемдік стандартына сай
келмейтін дағдыдан бой тартқанның еш әбестігі жоқ»
деген ұлағаты, пайдасы зор кеңестер бере келіп, біздің
барша тірлігіміз «сырт ел назарында» екенін де жана-
шырлықпен ескертіп өтеді. Қарыз алсаң да той жаса,
табақ тарт деп тұрған ешкім жоқ. Дақпырт, мақтан ке-
рек. Бұндай мінездер қала қазақтарында да бар. Ауыл-
да «ел күлмей ме» деген жалған «намысқойлық» бар,
көршіңе мақтануың керек. Қорасындағы мүйізді ірі
қараның сүт-майын көшедегі алыпсатарға татымайтын
тиын-тебенге беріп, «щадринское молоко» ішудің бір
жағы баяғы кержалқаулық емес пе? Мақтаншылыққа
келгенде ұлт дәстүрін «ұстанғыш» ағайынның, діл мен
тіл жайын айтсаң «сен-ақ казақ бол» деп тайқып шыға
келетіні рас, Өмір аға!..Осындай жат мінез-құлықтар-
дан қашан арыламыз, неге өркениетті елдерден салт-
дәстүрлерімізді орындауда экономикалық мәдениетті
үйренбейміз депсіз.. Өмір аға, ағайынға жанашыр сөз
айта алатын Сіздей ел азаматтары көбейсе, көп нәрсеге
тоқтам болар ма еді? Көп ақсақалдарымыз ел ішін жегі-
дей жеп, бүлдіріп жатқан жат қылықтарды көріп оты-
рып міз бақпайтындары несі?! Сіздің ауылдағы асқын-
ған мал ұрлығын әшкерелеп, назалана жазған көлемді
мақалаңызды да оқығанмын. Әттең, «баяғы жартас бір
жартас» десек те, жылқы ұрылары мен оларлың сыбай-
ластары айылын жиған шығар-ау.. Иә, ұрлық-қарлық,
жемқорлық, парақорлық, дәнкеуде мақтаншылық, ас-
тамшылық, дақпыртқұмарлық, адаммен қарым-қаты-
настағы дөрекілікті, адамның сөзі мен ісінің бір жерден
шықпауы, өндірдей жастарымыздың жалған сөйлеуге
құмарлығы сияқты мәдениетсіздіктің шектен шыққан
түрлерін қоғамды жайлаған дерт деуге болады. Сөз мә-
дениеті, адами құндылықтар хақында БАҚ құралдарын-
да ғалымдар, жазушылар, қоғам қайраткерлері айтып-
жазып жатады. Мәселен, жазушы Несіпбек Дәутаевтың
шығармаларынан бүгінгі билік тізгінін ұстағандар мен
олардың маңындағы жалпаң-жәдігөйлердің сыйқын
жазбай танисың. Бұл-жазушы шығармаларының шын-
дықтан туғандығы. Мансапқұмарлар мен тоғышарлар,
234
МС
Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
235
олардың құйыршықтары – нағыз сыбайлас жемқорлар-
дың өзі. Олардың іс-әрекеттері зығырданыңды қайна-
тады. Әрине, телеарналар да ел ішін жайлаған кейбір
кесепаттардың жойылғанын, кейбір жемқорлардың
ауыздықталғанын халықтың көз алдында жайып салып
көрсетіп жатады. Дегенмен, шынайы көркем шығар-
маның қуат-күші уақытпен санаспайды, Дәутаев шы-
ғармаларындағы кейіпкерлер – заманауи кейіпкерлер,
жазушы таланты әділет пен әділетсіздік арасындағы
бітіспес күресті өзгеше бір қырынан танытады. Жалпы,
әдебиетте бүгінгі кейіпкер жоқ демейік, Дәутаев шы-
ғармалары киноға да сұранып тұр (оралған ойды айта
кетейін деп едім, кешірім етіңіз, оқырман).
Сөз мәдениеті жөнінде де аз айтылып жүрген жоқ.
Аудармашы Бекболат Әдетов «сұрқылтай», «құла-
ғыңа алтын сырға» т.б көптеген сөздердің мағынасын
мысалдармен терең ашып, көпшілік талқысына салып,
түсіндіріп, қолдану орнын айқындап, жалпы «сөз түзеу-
ге» бар күшін салып жүргенін білеміз. Жақында ғана
газетіміз бетінде «Желқазық» айдарымен жарық көрген
философия ғылымдарының докторы Бақытжан Сатер-
шиновтың «Қазақтың құны қандай, қазақта адамның
құны қандай?» атты («Қазақ әдебиеті», №1-2 (3427)
16.01. 2015) адамгершілік құндылықтар жөніндегі ма-
қаласы да көпшілікке ой салды деп ойлаймын. Ғалым
ғылым, өнер, әдебиеттегі арзанқолдылықты, даңға-
залықты мін етеді. Шынында, рухани мәдениетімізде
плагиат өрістеп өркештенсе, мәдениет өсе ме, шынайы
рухани құндылықтарсыз өркениетке қалай жетпекпіз?
Плагиатты әлемиленудің салдары деп сыныққа сылтау
іздемей, әлемиленудің жетістіктерін дұрыс, қажетіне
сай адамгершілікпен пайдалансақ озық елдерден қазақ-
тың несі кем? Осындай кем-кетігімізді айтып, тезге са-
лып отыратын, ел қамын, ел мәдениетін ойлайтын аза-
маттар мен игі жақсылар көп болса деймін. Көш сонда
түзелер.. Күнбе-күн экономикалық-мәдени өміріміз қа-
рыштап өсіп келеді. Тәуелсіздік алғанымызға да ширек
ғасырға жуық уақыт болды, 2030 бағдарламасын меже
етіп, өркениетті елдермен терезе теңестіруге де ұмты-
лудамыз. Ел тыныштығы-басты байлығымыз екенін
ұмытуға болмайды.
Рас, кіршіксіз ештеңе болмайды дегенмен, біз сөз
мәдениетіне келгенде, ылғи қаға беріс қала беретін бір
жайларды сөз етпекпіз. Қарапайым оқырманды айт-
пағанда, сөз мәдениетінен хабары бар деген ғалымда-
рымыз бен сыншыларымыз, жазушыларымыз, әсіресе
мерейтойлық мақалаларында, ғылыми еңбектерінде
кейіпкерінің аты-жөніне ғұлама, ұлы, қаған, көрнекті,
белгілі, танымал, атақты, сөз зергері т.б сияқты эпитет-
терді орынды-орынсыз тіркеп, асыра мақтауды, даңғаза
жағымпаздықты әдетке айналдырып барады. Әсіресе,
бұндай жағымсыз дағдылар жоғары оқу орындарында,
қоғамдық басқа да мекемелерде өтетін мерейтойлық
конференцияларда өріс алып келеді. Тіпті, қазіргі әдеби
сынның қазіргі салмақсыздығының бір шеті де осын-
дай құлықтармен шектесіп жатса керек (дегенмен, ол
басқа әңгіме!). Орынсыз атақ қосқанын бетке айтсаң,
атын атап жазсаң, біздің ағайын «жау көреді», орыс, еу-
ропа халықтары ашық айтқанды ұнатады, асыра мақтау
олар үшін масқаралық, бұл – асқан мәдениеттің белгісі.
Әлемдік мәдениеттен үйрену көптік етпес. Мәселен,
ағылшын жұрты сізбен танысқан сәтте есіміңізді құла-
ғы дұрыс шалмай қалса, біз сияқты «естімей қалдым,
кім дедіңіз» демейді, «кешіріңіз» деп қана қымсынады,
236
МС
Достарыңызбен бөлісу: |