66
МС
Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
67
би-шешендердің де танымы да ұқсас болуын да интер-
текст құбылысымен түсіндіруге болады. Дәстүрлі ше-
шендік сөздерді есте сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу
мақсатымен қайталап айтып отыру ауызша дамыған
қазақ шешендік өнерінің шарты да, салты да болған.
Сол сияқты ақын-жыраулар да дәстүрлі қолданыстарды
тіркес оралымдарды қайталап отырған. «Біреудің айт-
қанын келесінің, одан үшінші бір жыраудың айнытпай
келтіріп отыруы – мін емес, біреудің меншігін еншілеу
емес. Оял жырау поэзиясының ерекшелігі, міндетті
шарты» [10, 52]. Десек те, жырау поэзиясындағы не-
месе шешендік сөздердегі бұндай дәстүр жалғастығы
принципін бүгінде интертекст поэтикасы мен ұштасты-
руға болады.
К.С. Бузаубагарова фольклор мен әдебиеттің өзара
ықпалдастығы проблемасын, фольклор дәстүрлерінің
жемістілігін қарастыра келіп: «Именно в соотношении
с литературой особенно ясно становится, что фольклор
– искусство слова. Близости к фольклору объязана ка-
захская литература своими лучшими художественными
ценностями» [8, 444].
К.С. Бузаубагарова интертекстуалдық теориясы тұр-
ғысынан қазақтың ұлы ақыны Шәкерім Құдайбердіұ-
лының «Қалқаман-Мамыр» поэмасын жазуда «қазақ
халқының
эстетикалық, тарихи және этикалық тәжі-
рибесіне сүйенгенін» сөз етеді. Демек Еңлік Кебектегі
поэмасындағы кейіпкерлердің тағдырлары, есімдері
«Қалқаман-Мамырдағы» кейіпкерлерге ауысады. Ав-
тор эпостық негізді сақтай отырып өз шығармасына
«өзгелік» сипаттар дарыта отырып, жаңа туындыны
жазып шығады. Фольклорлық сюжет-архетип Шәкерім
өңдеуінде әлеуметтік адамгершіл жаңа сипатты иеле-
неді. Шәкірім поэмасына
фольклорлық интертекст
айтарлықтай ықпал еткенмен автордың тек өзіне тән
қолтаңбасы да ерекше. Сондықтан Шәкәрім шығарма-
ларындағы фольклорлық дәстүрді зерттеуші: «В поэ-
мах Шакарима много недосказанного. Герои всю боль,
все муки уносят с собой. Но это уже сюжет для дру-
гого произведения. А физическая среда фольклора не
знает сопротивления. Этой особенностью фольклор-
ной поэтики интертекстуально характеризуются поэмы
Шакарима. Особенности фольклорного мира как цент-
ральной категории в поэтики жанрово-обусловленного
эпоса демонстрируют фундаментальную рольфольк-
лорного интертекста» [8, 448].
Белгілі қазақ ғалымы Ш.Елеукенов «Мағжан» атты
зерттеуінде мынадай бір жайтты аңғартады.
Қазақ
ақынының орыс символизімі өкілдерінің бірі Д.С.Ме-
режковскийдің бір шумақ өлеңін «Пайғамбар» атты
шығармасына эпиграф етіп алғанын жазады: Мұнда-
ғы мақсат – шығарма тақырыбына сілтеме жасау ғана
емес, Эпиграф Күншығыс идеясының әлемге кең тара-
ғанына айғақ есебінде де келтірілсе керек. Орыс ақын
Шығыстан Христосты, яки Айса пайғамбарды күтсе,
Мағжан Күннен туған Гун келеді, деп жар салады»
[11, 195]. Интертекст поэтикасының осыған ұқсас ерек-
шеліктері тек Мағжаннан табылады деп айту ағаттық
болар. Демек интертекстуальдық теориясы төңірегінде
дәстүр мен жаңашылдық, ұқсастық туралы да ой қоры-
туға мүмкіндік бар екенін пайымдаймыз.
Бұнымен қоса қазақ әдебиеттануы романдық поэти-
калық интертекст мәселесіне де назар аударғанын ай-
туға тиіспіз. Зерттеушілер (З.Ахметов, А.Жақсылықов,
Е.В.Лизунова) қазақтың алғашқы романдарындағы
68
МС
Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
69
(«Несчастная Жамал», «Печальная Мариям», «Смотри-
ны») халықтық поэтикалық дәстүрлерді көрсетеді [12,
132-138]. Бұл жаңа қалыптаса бастаған
қазақ прозасын-
дағы оқырманды роман мазмұнын эмоциональдық қа-
былдауға дайындайтын поэтикалық экспозициялардан
көрінеді. Сондықтан көптеген поэтикалық интекстер
қазақ романдарының көркемдік телімдерінің қатарында
саналады. Роман жүйесінде кездесетін өлеңдер кейіп-
керлердің сөздері мен ой сезімдеріне экспрессивтік мән
жүктейді. Сондай-ақ зерттеушілер З.Ахметов, Е.Лизу-
нова «Абай жолы» роман-эпопеясының авторы М.Әуе-
зовтың Абай өлеңдерін тура мәнінде де, келтірінді
мәнінде де пайдаланғанын көрсетеді. Демек фольклор-
лық поэтикалық интертекстер мен цитаттарды қолдана
отырып, қазақ жазушылары өз шығармаларына ұлттық
сипат береді, мотивтерді шығармашылықпен жаңғыр-
тады, оның мазмұнын көркемдікпен байытады.
Қорыта айтқанда, бүгінгі қазақ прозасы мен поэзия-
сына фольклордың бай қазынасы негіз болып, интер-
текст поэтикасының дамуына ықпал етті деуге болады.
Басқа елдердің
мәдениетінде сирек ұшырасатын,имп-
ровизацияға негізделген шешендік өнері мен жыраулық
поэзиядағы және авторлы ауызша әдебиеттің өзге үлгі-
леріндегі интертекстуалдық байланыстар ұқсастықтар,
үндестіктер, жаңғырулар, жаңашылдықтар туғыза оты-
рып, қайталанбас поэтикалық құндылықтарды құрай-
тынына көз жеткізуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: