Р.Әбіқұлова Жанр және шығарма Жанр және шығарма Р. Әбдіқұлова 219
тыратын амал-тәсілдерді ғылыми-инновациялық негізде
дамытуды көздейді. Оның әрдайым ізденіс үстінде жү-
руінің мәні де сонда болса керек. Профессор З. Күзеко-
ва өз тәжірибесі мен білім-білігін студенттерге ғана емес,
өз әріптестеріне және республиканың әртүрлі жоғары оқу
орындарының мамандарына үйретуден жалыққан емес.
Республиканың алыс аймақтарынан Астана мен Алматыға
келген оқытушылардың З.Күзекованы арнайы іздеп келіп,
тәжірибе алмасатынына да куәмыз десек болады. Өйткені,
Күзекованың оқулықтары қай кезде де сұранысқа ие бо-
лып келеді. «Күзекованы» іздеп жүргендерді кітап дүкен-
дерінен де кезіктіресіз.
Ғалым З. Күзекова қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесі,
қоғамдық қызметі және қазақ тілін оқытып-үйретудің
ғылыми-инновациялық негіздері, қазақ тілінің функцио-
налды грамматикасы, қазақ тілі оқулығы теориясының
мәселелері мен практикасының өзекті мәселелері жөнін-
де шетелдік және отандық халықаралық симпозиумдар
мен конференцияларда баяндамалар жасап, 80-нен астам
мақалалар жазғаны да ғалымның мұқалмас жігерінен ха-
бардар етеді. Әсіресе, ғалымның басшылығымен айрықша
қоғамдық сұраныс талабын қанағаттандыру мақсатында
жазылған «Қазақ тілі тест теориясының негіздері және
тестілеу практикасы» (көмекші құрал) (З.С. Күзекова, Г.С.
Пазылова, Е.Қ. Әбдірәсілов. Алматы, 2009) еңбегінің ма-
ңызы ерекше бағалы деуге болады. «Қазақстан Республи-
касында қазақ тілін білу деңгейін бағалау жүйесінің тұжы-
рымдамасына» сәйкес ҚАЗТЕСТ тестілеу жүйесін алғаш
жасаған бұл ғалымдар еңбектің алғысөзінде: «Ұсынылып
отырған әдістемелік көмекші құрал қазақ тілін халықара-
лық тәсілдер бойынша тестілеуге арналған. Бұл тестілеу
техникасы – коммуникативті, танымдық, қызықты тест
жасаудың жинақталған тәжірибесін және қазақ тілі мате-
риалдарын Х. Мэтсен, С.В. Аванесов сынды ғалымдардың
еңбектеріндегі теориялық ұстанымдармен байланыстыра
отырып тест тапсырмаларын әзірлеудің тиімді жүйелерін
ұсынады»-деп жазады. Шынында да, халықаралық деңгей-
де мойындалған ағылшын тілін білуді бағалауға арналған
TOEFL, IELTS жүйелерінің негізінде жасалған ҚАЗТЕСТ
дайындалды. Авторлар айтуынша, қазақ тілін білу – қол-
дану, меңгеру деңгейін анықтайтын, жетілдірілген тәсіл-
дер мен әдістер бойынша дайындалған шынайы бағалау
жүйесі осыған дейін болмағанын ескерсек, авторлардың
қаншама қиындықтарды жеңе білгенін сезінесіз.
Таңды таңға ұрып, көз майын тауысқан ғалым еңбегі
елеусіз емес. Филология ғылымдарының докторы, про-
фессор Зейнехан Сейітханқызы Күзекова Қазақстан жо-
ғары оқу орындары ассоциациясы жаңа талаптағы оқулық-
тары үшін ( 2003) А. Байтұрсынов атындағы медалінің,
«Сорос – Қазақстан қоры» (1997) грантының, Қазақстан
Республикасы «Үздік оқытушы» (2007) грантының, Қа-
зақстан республикасы Білім және ғылым министрлігінің
Құрмет грамотасының ( 2014) иегері.
Ғалымның қазақ тілін үйретуге арналған 20-дан аса оқу-
лықтары мен қосымша оқу құралдары, ғылыми еңбектері
ана тілімізді мемлекеттік тіл санатында дамытуға қосыл-
ған айрықша үлес болып табылады. Бүгінде Назарбаев
университетінің профессоры, ғалым-ұстаз Зейнехан Кү-
зекованың қазақ тілін ғылыми-инновациялық негізде өзге
ұлт өкілдеріне үйретудегі өрісті үлгі-өнегесі қалыптасқа-
ны анық. Елеулі іс тындырып жүрсе де, ұстамды мінезінен
айнымайтын Зейнехан Сейітханқызы ғылыми ортада абы-
ройлы, өнегелі ұстаз-ғалым ғана емес, асыл жар, ұл-қыз
өсірген аяулы ана, немере сүйген әже. Қадірлі әріптес дос,
асқар асулы мерейтойыңыз құтты болсын!
220
МС
Р.Әбіқұлова Жанр және шығарма Жанр және шығарма Р. Әбдіқұлова 221