Раушан Абдикулова indd



Pdf көрінісі
бет59/82
Дата24.12.2022
өлшемі2,04 Mb.
#164264
түріБағдарламасы
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   82
Байланысты:
2016 Абдикулова Жанр

Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.Мәдібай Қ.Қ. XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті: Оқу құра-
лы.-Алматы: Қазақ университеті, 2001.-196 бет.
2.Шортанбай: Толғаулар, айтыстар, дастан. Құрасты-
рушылар: Қ. Мәдібаева, К. Жүністегі – Алматы: «Айқап», 
1993. 76б. 
3.Мәдібай Қ. Қ. Зар заман ағымы: Оқу құралы. – Алматы: 
Қазақ университеті, 1997.-160бет.


204
МС
Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
205
ар ісін аялаған
С
онау 1951 жылдың қысында қазіргі Алматы облы-
сы Алакөл ауданының Жемді ауылында дүниеге 
келген Қанипаш кішкентайынан кітап-қағазға құмар 
болады. Ол кезде соғыстан бір аяғынан айрылып келген 
Кәрібай ата салт атқа мініп алып, әр үйге қос қоржыны-
нан алма-кезек хат-хабар үлестіруші еді. Оның қарасы 
алыстан көрінгеннен-ақ Қанипашөзі ынтыға күтетін 
«Балдырғанды» алуға асығады.Журналдағы Бердібек 
Соқпақпаевтың «Аяжан» повесінің жалғасын оқыған-
ша тағат таппайды. «Пионерге» өзі де мақала жібере 
бастады.. алғашында редакциядан «қаламыңды ұштай 
түс, мақалаңды бере алмадық» деп ақыл-кеңес айтқан 
хаттар келгенмен, кейіннен мақаласы жиі шығатын 
болды. Мақаласы шыққан күні төбесі көкке жеткен-
дей қуанады. Соңынан пионер достардан хаттар қардай 
жауады... Бұлардың бәрі де Қанипаштың әлдебір жұм-
бақ әлемге деген құштарлығын арттыра түсті.Тіпті өзі 
жаздырып алмайтын «Жұлдыз» атты журналды оқуға 
ынтықты. Өзіне жезде болып келетін Кәрібай ата үйіне 
барғанда «Жұлдызды» оқи тұруға беретін еді. Бұндайда 
Қанипаш Кәрібай атаның картобын түптеуге көмекте-
сетін. Өзі жаздырып алмайтын газет-журналдарды оқу 
үшін күнұзақ жездесі үйінде жүргені үшін анасы кейде 
ренжуші еді.Екінші-үшінші класта жүргенде Алматыға 
барып келген кейбір ұстаздары басқаға емес Қанипаш-
тың қолына енді ғана ақталған Сәкен, Бейімбеттердің 
шығармаларын ұстатып еді. Әсіресе, Бейімбеттің 
«Әжесі» мен «Күлпашы» өспірім қыздың есінде ерек-
ше сақталды. Алтыншы класта «Абай» романын қолы-
на алған Қанипаш қазақ деген ұлттың қасиетін алғаш 
танығандай болады. Не деген керемет кітаптар... кітап 
әлемі теңіздей тереңіне тарта берді...Өзі де, ойы да –
бәрі-бәрі біртүрлі өзгеріп келе жатқандай.. Енді орыс, 
шетел классиктерін аударма үлгісінде оқи бастайды. 
Толстой, Достоевский, Тургенев, Бальзак, Драйзер...
ұшы-қиыры жоқ әлем... Тіпті, қолына түскен кітапты 
талғаусыз оқыған кездері де болды. Ауыл кітапхана-
сын тауысып та бітті. Не деген құштарлық екенін өзі 
де білмейді. Әйтеуір алдынан жақсы күндер күтетініне 
бек сенімді сияқты. Әкесі Қайса аудан орталығына бар-
са Қанипашқа деп кітап сатып алмай қайтпайтын.Ба-
лаларының ішіндегі зейінді Қанипаштан әкесізор үміт 
күтті. Міне, сол кітапқұмар атанған қыз Қанипаш1968 
жылы Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік Педагогика-
лық Институтының филология факультетіне түсіп, оны 
1972 жылы үздік бітіреді. Алғашында біраз жылөзі тү-
леп ұщқан Алакөл ауданынақарасты М. Төлебаев атын-
дағы орта мектептемұғалім болып істейді. Бірақ, Серік 
Қирабаев сынды білімпаз ұстаздың дәрістерін тыңда-
ған Қанипаштыңәдебиет әлеміне деген құштарлығы 
арманына қанат байлап, Алматыға келеді. «Ғылым», 
«Қайнар», «Жазушы» баспаларында, «Жалын» жур-
налында редактор болып қызмет істейді. Қанипаштың 
әдеби сынға бет бұруы сол уақыттан басталады. Сол 
кезеңдеҚ. Мәдібайдыңең алғашқы сын мақалалары 
«Адамның кейбір сәттері» (1986),«Асыл арман арзан-
дамасын»(1988)«Жалын» журналында, «Қазақ әде-
биеті» сияқты басқа да айтулы басылымдарда жарық 


206
МС


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет