Раушан Абдикулова indd



Pdf көрінісі
бет57/82
Дата24.12.2022
өлшемі2,04 Mb.
#164264
түріБағдарламасы
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   82
Байланысты:
2016 Абдикулова Жанр

шортанбай ақын мұрасын
зерттеу мӘселелері
Ж
аңа 
уақытта XIX ғасыр әдебиеті жөнінде іргелі 
еңбектерімен танылған зерттеушілердің бірі – 
профессор Қанипаш Мәдібай. Ол өзінің «XIX ғасырда-
ғы қазақ әдебиеті» (2001) атты оқу құралында аталмыш 
тарихи дәуір әдебиетін зерттеп-зерделеудегі мақсатын 
айқын танытады. Еңбектің алғы сөзінде автор: «XIX 
ғасыр әдебиеті көп жанрлы, алуан үлгідегі әдебиет. М. 
Бахтин әдебиеттің тарихын дәуірлеуден гөрі, жанрлар-
дың туып-жасауы, көркемдік дәстүр эволюциясы көбі-
рек мәнді екендігін өткен ғасырдың 20-жылдарында-ақ 
айтқан еді»(1,14),-дей келіп, ұлттық әдебиетіміз жаңа 
сапада бой көрсеткен дәуірдің мол мұрасын тұтас жү-
йеде қарастырып, оның тарихнамасын жасауда жанр-
лық тұрғыдан терең жүйелеудің маңыздылығын көр-
сетеді. Осы тұрғыда автор оқу құралында XIX ғасыр 
әдебиетіндегі өлең үлгілерін: « I тарау. Қисса өлең. II 
тарау. Тарихи өлең. III тарау. Ән өлең. IV тарау. Айтыс 
өлең. V тарау. Зар заман өлең », -деп бөледі. 
Еңбекте зерттеуші XIX ғасыр әдебиетін зерттеу ісіне 
тоталитаризмнің кері ықпалдары болғанына қарамас-
тан, оның шынайы көркемдік сапасын бағалаған тұжы-
рымдарды алға тартады. Ол ең алдымен, Х. Досмұха-
медұлының, М. Әуезовтің, С. Мұқановтың XIX ғасырда 
жазба әдебиеттің тууы жайлы тұғырнамаларынан бас-
тау алғандығына көз жеткізеді. Х. Досмұхамедұлының 
авторлық әдебиетті XIX ғасырдың бірінші жартысынан 
басталады деп жобалап, оны халық поэзиясының діни 
және ғибраттық түрлерінен іздегендігіне, халық әде-
биетінің хатқа түсірілу, жинау мен аудару жайларына 
байланысты пайымдарына назар аудартады. М. Әуе-
зовтің жазба әдебиеттің зар заман ақындарынан бастау 
алғандығы жайлы тұжырымына айрықша тоқтала келіп: 
«М. Әуезов түрлі саяси күйдің әдебиетке жаңа сарын-
дар, әлеуметшілдік, азаматтық бағыт әкелгенін айтты» 
(1,6), – деп жазады. Сондай-ақ, зерттеуші Қ. Мәдібай 
С. Мұқановтың «Қазақтың XVIII-XIX ғасырлардағы 
әдебиеті тарихынан очерктер» еңбегінің құнды қырла-
рын аша түседі. С. Мұқановтың XIX ғасыр әдебиетін 
кезеңдерге жіктеп, айтыс үлгілеріне айрықша мән бер-
гендігін, Махамбет, Кенесары қозғалыстары өзек бол-
ған шығармаларды терең талдап, сол тарихи жағдайлар
шындығын батыл бағалағанын танытады. Рас, XIX ға-
сыр әдебиетінің көркемдік құбылыстары жоғарыда сөз 
болған айтулы үш тұлғаның ғана еңбектерінде тұжы-
рымдалып қоймай, бүгінгі күнге дейін жалғасып келеді.
Әдебиеттану ғылымының үздіксіз дамып отыруы 
жаңа бағытты зерттеулерді молайта берері анық. Біз 
сөз етіп отырған зерттеу еңбегін осы санатта қарасты-
руға болады. Алайда, автор өз зерттеуіне XIX ғасыр 
әдебиетінің болмыс-бітімін, бағыт-бағдарын, көркемдік 
құндылықтарын зерделеген еңбектерді әдіснамалық 
негіз етіп алады. Сөйте тұра, зерттеуші «XIX ғасыр әде-
биеті сол дәуірде жасаған әдеби жанрларды саралауға, 
көркемдік-саяси ағым, бағыттарды қарастыра, айқын-
дай түсуге әлі де зәру»(1,9), – деп жазады. Алайда, про-
фессор Ханғали Сүйіншәлиев жазған кейінгі оқулық-
тарда зәру мәселелердің ескерілгеніне ой тоқтатады. 
Әсіресе, белгілі ғалым Құлмат Өмірәлиевтің XIX ға-
сырдың орта тұсындағы қазақ поэзиясының көркемдік 


198
МС
Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
199
қырларын танытқан теориялық тұжырымдарын жоға-
ры бағалайды. Оны «XIX ғасыр поэзиясын жанрлық, 
стильдік тұрғыда мүлде жаңа сапада, таза теориялық 
талаптар тұрғысынан арнайы, алғаш қарастырушы» 
ретінде танытады (1, 12). Сондықтан, XIX ғасыр әде-
биеті жөніндегі зерттеулерде «зар заман» әдебиетінің 
айтулы өкілі Шортанбай Қанайұлының шығармашылы-
ғы ауызға алынатыны хақ. Қ. Мәдібай біз сөз етіп отыр-
ған «XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті» атты зерттеуінде 
сол еңбектердің ешқайсысын сырт қалдырмай, ғылыми 
зерде көзінен өткізіп, уақыт өткен сайын әдеби мұраға 
көзқарасымыздың тыңайып келе жатқанын пайымдай-
ды. Солай болғанмен де, әрідегі Әуезов секілді ғалым-
дар «зар заман» әдебиетінің айтулы өкілі деп таныған 
Шортанбай ақын мұрасының профессорлар Б. Кен-
жебаев пен Х. Сүйіншәлиев құрастырған 1990 жылғы 
«Қазақ әдебиеті тарихы» бағдарламасында «XIX ғасыр 
әдебиетіндегі халықтық шығыстық сарындар» атты 
бөлімде қарастырылғанын (1,11) атап көрсетеді. Деген-
мен, бұндай шарттылықтардың негізсіз еместігін әдеби 
үдерістің «шекара, шектің жөніне көне бермейтінімен» 
түсіндіреді. Демек, ғалым Қ. Мәдібай аталмыш дәуір 
әдебиеті өкілдерінің «репертуарында поэзияның бірне-
ше жанрына тән мұралар болды» деген Қ. Өмірәлиевтің 
жанрлық тұрғыдағы тұғырнамасына табан тірей оты-
рып, оны зар заман әдебиетіне де, Абайдан бергі әде-
биетке де қатысты айтуға болатынын межелейді (1,12). 
Қ. Мәдібай Құлмат Өмірәлиевтің аталмыш ғасыр ақын-
дарының бір тобын өлең үлгілеріне қарай жіктегенде, 
әрі суырып салып ауызша шығаратын, әрі жазып шыға-
ратын екі топқа қатар телігенін, «Дулаттың соңын ала 
шыққан» Шортанбайды зар заман жайлы толғаулар ту-
дырған «бөлек тұрпатты ақындар» санатына қосқанды-
ғына шүбә келтірмейді.
Зерттеу еңбегінде Қ. Мәдібай Шоқан, Радловтардан 
бастау алған XIX ғасыр әдебиетін өлең үлгісіне қарай 
жүйелеу үрдісінің А. Байтұрсынов зерттеулеріне қа-
зық болып, Х. Досмұхамедұлы, М.Әуезов, С. Мұқанов 
тұсындағы зерттеулерде дамып, Х. Сүйіншәлиев, Ә. Қо-
ңыратбаев еңбектерінде орнығып, З. Ахметов еңбегінде 
айрықша негіздемелермен ашылғанын, Қ. Өмірәлиев 
зерттеуінде жаңа бағытта өрістегенін кең ғылыми па-
йыммен танытады. Әйтсе де, бағалауды бағалаудың 
оңай болмасы анық, Қанипаш Мәдібайдың ғалымдық 
қарымы, сарапкер сыншылық қабілеті осы орайларда 
айқын төбе көрсетеді. 
Қ. Мәдібайдың аталмыш еңбегінің V тарауы «Зар 
заман өлең» деп аталатынын жоғарыда ескерткен едік. 
Осы тараудың бір бөлімін ғалым Шортанбай ақын шы-
ғармашылығына арнайды. Дегенмен, ғалымның осы-
ған дейінгі 1993 жылы Кәмел Жүністегімен бірге құ-
растырған «Шортанбай жырау» атты жинаққа жазған 
алғысөзіндегі салиқалы пікірлерін аттап өтуге болмас. 
Бұнда да, ол М. Әуезов «зар заман» деп атаған дәуірдің 
өкілі Шортанбай ақынның өлеңі сан мәрте уақыт тара-
зысына тартылып, «шын салмағы уақыт таразысының 
өлшем мөлшерінен ауыр түсіп» жатқанын бағамдайды 
(2,4). Шынында да, зерттеушілер дүниеден озғанына 
бір ғасырға жуық уақыт өткен Шортанбай мұрасы-
ның әр кезде-ақ саясат салқыны тигеніне қарамастан, 
көркемдік құндылықтарын жоғалтпағанын, керісінше 
әлеуметтік маңызының асқақтай түскенін айғақтайды. 
Қ. Мәдібай осы тұрғыда: «Шортанбай өз уақытының, 
қазақ қоғамындағы қасіреті мол дәуірдің қалың қара 
бояуын өлеңге көшірді. Халқының айдағанда көнбес 


200
МС


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет