Раушан Абдикулова indd



Pdf көрінісі
бет58/82
Дата24.12.2022
өлшемі2,04 Mb.
#164264
түріБағдарламасы
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   82
Байланысты:
2016 Абдикулова Жанр

Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
201
асау мінезін аңсады, ар-намысын жоқтады. Қатпар-
қатпар сұмдығы көп зымиян үстемдікке бар дауыспен 
қарсылық айтты. Сөз семсерін сермеді. Ту сыртыңнан 
келіп білдірмей басып, тыпыр еткізбей көгендеп тас-
таған опасыздықтың уын ішті. Жанталас шақтың жан 
айқайы болып, аспанға шапшыды. Уды умен қайтарып, 
ащы зар төкті. Шыр айналған опасыз жалған дүниенің 
ұстараның жүзіндей өткіріне жүзін тосты» (2,9),-дейді. 
Ғалымның осы байлам, түсіндірмесі Шортанбайдың 
неліктен «зар заман ақыны» аталғанын айғақтап қана 
тұрған жоқ. Шортанбай шындығын жанұшыра қорға-
ған ғалымның да қайраткерлік болмысын танытпай ма? 
Сондықтан да ол аталмыш жинаққа берген алғысөзін-
де: «Енді бізге «Зар заман ақындары» деген айдар төңі-
регінде тәжікелеп, бірдеңені ұғындырып, дәлелдеудің, 
сипақтаудың қажеті жоқ. Тарих бізді ол екіжүзділіктен 
құтқарды» (2,9), – деп тәуелсіздік тізгінін қолға алғаны-
мызға шын қуанышын сездіріп өтеді. Сөйтіп, танымал 
ғалым Қанипаш Мәдібай Шортанбай ақын хақындағы 
тың зерттеулерге қадам басады. Соның бірі – «Зар за-
ман ағымы» (1997) аталатын оқу құралы деуге бола-
ды. Бұл еңбекте де ғалым М. Әуезов еңбегіне сүйене 
отырып, «зар заман» деген бағыттың неден басталып, 
немен біткенін былай түйіндейді: «Әуезовтің алабөтен 
айырып айтуынша, зар заманның зары орыс отаршыла-
рының келе бастауынан басталған зар, мұң ғана емес, 
яғни Ресейге бодан бола салып зар еңіреу емес. Мұх-
тар Әуезов зар заман әдебиетін айқындап берген көп 
себеп үміттің үзіліп, «жолсыз жорықтың» жеңіліспен 
аяқталып, Кенесары мен Исатай–Махамбет өлтірілген-
нен кейінгі халді баса айтады»(3,7). Сондықтан, ғалым-
ның зар заман ақындарының көпшілігі XIX ғасырдың 
орта кезінен бері қарай сол көтерілістердің артынан 
шыққаны жайлы тұжырымы да орнықты деуге бола-
ды. Зерттеуші бұл еңбегінде де, түрлі саяси кезеңдерде 
«зар заман ағымына» қилы мән берілгенін, ұлттың та-
рихи даму шындығынан туған зор мұраға «сарыуайым, 
үмітсіз үзілген, жаңалықтан үріккен, діншіл әдебиет де-
ген мін тағылғанын, «зар заман ағымы» басқа мағына 
ала бастағанын айтады (3,10).
Шортанбай мұрасына көлеңке түсірген сипаттың бірі 
діншілдік делінсе, жалпы дін туралы Қ. Мәдібайдың: 
«Дін – аллатағалаға құлшылықпен, бірді-екілі шартты-
лықпен ғана түгесілетін дүние емес, бүкіл тіршілікпен, 
жаратылыс құпияларымен астасып жатқан құлашы кең, 
күрделі ұғым. Опасыз жалған дүниеден адамның іздеп 
тапқан таяныш тұғыры, рухани күші. Шортанбай осы-
ны білген, түсінген, насихаттаған»(2,6), – деп дін деген 
ұғымға өзіндік интерпретациясын беру арқылы Шор-
танбай өлеңдеріндегі «діни сипаттың» өзгеше құнды-
лықтарын ашады. 
Қ. Мәдібай «Зар заман ағымы» атты еңбегінде де 
Шортанбай Қанайұлының (1818-1881) шығармашы-
лығы жайлы қазақ әдебиеттануындағы барша тұжы-
рымдарды тұтастай жүйелейді. Шортанбай өмірінен 
мәлімет-деректер келтіреді. Сондай-ақ, Шортанбай 
өлеңдерінің XIX ғасыр соңына қарай түрлі жинақтарда 
жарық көріп, елге тарала бастағанын дәйектейді. В.В. 
Радлов, Лютшь, Ы. Алтынсарин басылымдарындағы 
Шортанбайдың «Зар заман» толғауын сөз етеді. «Шор-
танбай толғауларын қарастырғанда сөздік-мағыналық, 
негізгі ой жүйесіндегі, шығарма тұтастығындағы айыр-
ма-ауытқулар, өзгешеліктер, талас-пікірге сұранып тұр-
ған, ізденіс шақырып тұрған қисын-болжамдар аз емес» 
(3,77) деп өз мойнына мақсат-міндеттер жүктеген зерт-
теуші Шортанбай өлеңдеріне текстологиялық талдау-


202
МС
Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
203
лар жүргізудің бет-бағдарын белгілейді. Шортанбайдың 
«Зар заман», «Бала зары», «Алдаушы жалған» толғау-
ларының идеялық-құрылымдық ерекшеліктері нақ-
тыланады. Зерттеуші Шортанбай шығармаларын жыр 
үлгісі қатарында таниды. Шортанбайдың 14 түйдектен 
тұратын атақты «Зар заман» толғауының мазмұнына
құрылымдық талдау жасайды. Осы тұрғыда жыраудың 
«Алдаушы жалған» толғауының да мәні ашылады. Зерт-
теуші : «Бала зары» толғауында жалпы жаратылыстың 
түп негізін түсіндіруден бастап, өтірік, ұрлық, ғайбат, 
зорлықтан аулақ болсаң, залал көрмессің деген уағыз 
айтады» (3,100), – деп Шортанбай ғибраттарының фи-
лософиясына ой жүгіртеді. Шортанбай Қанайұлының 
«Шортанбайдың өлер алдында қатын-бала, ел-жұр-
тына араздасып айтқан насихат сөздері», «Пысықай», 
«Байды құдай атқаны», «Қожа, молда» өлеңдерінің, 
«Көз көрген қазақ батыры» толғауы, «Ақжолтай батыр» 
дастанының ұйқас, буын, бунақ, тармақ ерекшеліктері
қарастырылып, тың таным тұрғысынан жанрлық дең-
гейде пайымдалады. Профессор Қ. Мәдібай: «Шортан-
байда жыр толғаудан басқа қара өлең үлгісіндегі тарихи 
жыр да, оқиғалы (сюжетті) өлең де, айтыс та, Шортан-
бай айтыпты деген бірқақпайлар да бар» (3,107), – деп 
жазады. Бұл бағытта Шортанбай поэзиясындағы дәстүр 
сабақтастығы хақындағы пайымдаулар да ірге қалайды.
Зерттеуші Қ. Мәдібай Шортанбай шығармаларын-
дағы көркемдік тәсілдердің молдығына қанықтырады. 
Шортанбай тіліндегі аллитерация, ассонанс, метафора, 
кейіптеу сияқты көркемдік құралдарға зерттеу еңбек-
терінің қай-қайсысында да айқын мысалдар (3,106-107) 
келтіреді. Ғалымның: «Алайда Шортанбай өлеңінің 
сезім қуаты, көркемдік күші бейнелі көркем тіл ғана 
емес; Шортанбай өлеңіне поэзиялық сәуле түсіріп тұр-
ған – наразылық, жаттың ісінен іш жию, ұрпағын жа-
мандықтан сақтаудағы жанұшыру сезімі» (3,107), – де-
ген байламы ерекше қуатты деуге болады. Шынында, 
Шортанбай кейіптеуіндегі зар заман адамы: «... Қолын-
да тұрып ұрлығы, Мойныңда тұрып зорлығы, Ойында 
тұрып жалғаны, Көңілде тұрып арманы, Баласын беріп 
моллаға, Көңілін беріп аллаға, Дүнияға көңіл жұбат-
ты....Залым туған сұмырайлар Осылайша жеңіп тұр. 
Шолақ иттей діңкілдеп, Бір-біріне жетем деп, Аласұ-
рып өліп тұр. ...Бұл заманның адамы, Ұстасады көре 
алмай, Аз болса бөліп бере алмай Шындық кетті қазақ-
тан, Ант сөзіне сене алмай» (3,109), – деп суреттеледі. 
Кенеуі кеткен кемшілік қай заманда да табыларына 
бақсақ, Шортанбай өлеңдерінің өміршеңдігінің сырына 
тағы да қаныға түсеміз. Зерттеушінің байлам-пайымда-
рынан Шортанбай сынды зар заман ақындарының қас-
қабағын терең танығаны аңғарылады.
Әрине, зар заман әдебиеті негізінде XIX ғасыр әде-
биетіне тұтастай жүйелі талдау жүргізу жаңашыл ба-
ғыттағы зерттеушілік әлеуетті қажет еткені анық. Осы 
тұрғыдан келгенде, әдебиет тарихының білгірі Қани-
паш Мәдібайдың Шортанбай ақын шығармашылығы 
жөніндегі зерттеулері жаңашыл сипаттарымен ерекше-
ленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет