Раушан Абдикулова indd



Pdf көрінісі
бет69/82
Дата24.12.2022
өлшемі2,04 Mb.
#164264
түріБағдарламасы
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   82
Байланысты:
2016 Абдикулова Жанр

ұлы Жүректен туған 
«ұлПан» романы 
М
енің Ғ. Мүсіреповтің «Қазақ әйелі» (1982) деген 
кітабын Фурманов пен Абай көшесінің қиылы-
сында орналасқан кітап дүкенінен сатып алғаным есімде. 
Мен оған жиі баратынмын. Өйткені, бұрын Пушкин ата-
латын кітапханаға бара жатып, оған соқпай кетпейтінмін. 
Ал, аталған кітап авторын тұңғыш көруім – жазушының 
мерейтойы үстінде. Ол кезде мен төл университетімізді 
бітіріп, «Жазушы» баспасында жұмыс істейтінмін. Бас-
паның сол кездегі директоры Әбілмәжін Жұмабаев Жа-
зушылар Одағында өтетін мерейтойға арналған салтанат-
ты жиында өзімен бірге ере жүріп, жазушыға үп-үлкен 
себеттегі гүл шоғын сыйлауды маған тапсырды. Өйткені, 
мен баспаның ең жас қызметкері едім. Солайша, мен асыл 
адамға ілтипат білдірдім. (О-о, ол кезде жазушы, ақын-
дарды, кітап дегенді қалай қастерлеуші едік!..) Иә, Ғабит 
Мүсіреповтің «Қазақ әйелі» кітабының ішінен «Ұлпан» 
романын құмарта оқығаным да есімде..
Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан» романы патша отаршылары-
ның қазақ жеріне дендеп кіре бастаған кезеңіндегі жағ-
дайларды суреттеуден басталады. Жазушының сөзімен 
айтқанда, Кенесарыны хан сайлауға Аманқарағай дуаны-
на қарайтын елдердің көнбей жатқан кезі. Аманқарағай 
дуанының аға сұлтаны Шыңғыс Уәлиханов болса, роман-
ның бас кейіпкерінің бірі – Есеней сол билік кеңесінің ең 
беделді биі. Жазушы оқырманға тарихи-кезеңдік жағдай-
лардың тынысын кейіпкерлерінің іс-әрекетін, бір-бірімен 
қарым-қатынастарын сипаттау арқылы аңғартып отырады. 
Рулық қоғамға тән сурет келеді көз алдыңызға: жайылым, 


242
МС
Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
243
жер-суға талас көріністері..Атышулы Шыңғыс төренің өзі 
«тұра келіп амандасатын» Есеней би Артықбай батырдың 
қызы Ұлпанмен сондай бір «қақтығыста» – арызын айта 
келген тұста ұшырасқан еді. Қазақта ол кезде сөз сайыс-
тырудың күші қарулы қақтығыстан да зор болғаны белгілі. 
Қыр басында тұрған Есеней тобына жақындап келіп, үш 
ауыл кірме Күрлеуітті жайылымнан қыспауын сұрап, арыз 
айтқан «бала жігіт» Ұлпан еді ғой. Жазушының сурет-
теуінше, «бет аузына кісі тура қарай алмайтын қара шұ-
бар, батыр денелі, биік бойлы адам кеудесінен ғана келетін 
Есенейге «көз қиығын серпе тастап», асқақ сөйлеген Ұл-
пан қыз о баста өжеттігімен, шешендігімен көзге түседі.
Есенейдің ойына өзін өмірлік қарыздар санайтын досы 
Артықбайдың қызы Ұлпанның кіргендегі мазаң халін жа-
зушы нанымды детальдармен суреттейді. Романда жазу-
шы шеберлігі танылатын тұстар көп. Ұлпанды айттырып 
келуші оспадарлардан ажыратып алушы да – Есеней, жа-
сында адуын, озбыр болған би. Енді діндарлау. 
Ұлпан ат үстінде ойнап өскен қазақ қызы, аңшылық 
өнеріне де қанық. Жазушы Ұлпанның анасына ұқсаған 
түр-тұлғасын да, жан әлемінің пәктігін де келісті кесте-
леп, психологиялық портретін динамикалық тұрғыда да-
мыта кемелдендіреді. 
Ақыры, «алпысқа келгем жоқ» деген, «қатыным бол-
са да, сүр бойдақпын» деген Есеней Ұлпанды айттыруға 
досы «түрікпен» Мүсірепті аттандырады. Ұлпан Есенейге 
қарсыласқан жоқ. «Ұлпан арзанға түспейтін қыз». Бұны 
тура мағынасында ұғуға болмайды. «Ұлпанда бір жұмбақ 
жымиыс бар.» Есеней соны біле алмай дағдарады. «Есе-
нейдің малы жетер!» Бірақ Есеней Ұлпанға келгенде оз-
бырлық көрсетпек түгілі біртүрлі жұмсарып кетеді. Намаз 
оқып отырып, бір кездегі сәби Ұлпанды арқасына мінгізіп 
ойнатқаны да есіне түседі. Сонда баласы бар адамдар-
дың бақытын сезініп еді.. Ал...жұмбақ не? Енді Ұлпанды 
әйелдікке алмақшы. «Мен үлкен үйге кіремін де, төрінде 
отырамын» дейді Ұлпан. Есенейдің жұмбағын Ұлпан да 
түсінеді: Есеней тұсаулы да емес, тұсаусыз да емес. Есе-
ней алдыңғы әйелімен жеті жылдан бері бөлек тұрады. 
Есеней мен Ұлпанның арасы қырық жас. Ұлпан Есенейдің 
құрығынан құтылмасын білді. Бірақ бәйбіше боларына 
көзі жетеді. (Сол кез үшін аса шошырлық жағдай емес шы-
ғар. Жас айырмасы көп жұбайлар қазір де бар ғой.)
Бірақ, Ұлпан ел анасы Ақнар апа атанады. Елінің, 
жерінің қамын ойлайды, елдің ынтымағына, бірлігіне 
ұйытқы болады. Ұлпан – Есенейге айналады. Есеней-
ден Біжікен атты қыз туады. Біжікен қайтыс болғаннан 
кейін, күйеу баласы Торсан Ұлпанға мейірімсіздік көрсе-
теді. Торсан өз атына лайық ел ішін де бүлдіріп бағады. 
Бір кезде Ақнар атанған Ұлпан қайғының қара кемесінде 
жалғыз қалады. Қарапайым елге қамқорлық жасаумен күн 
кешкен, Сибан жорығы тұсында қаһармандық танытқан 
ел анасының жасампаз істеріне қарсы тұрған жауыздар 
оны аянышты тағдырға ұшыратады. Ұлпан у ішіп өледі. 
Феодалдық қоғамның тығырығынан шығу ол кезде қиын 
екенін жазушының өзі де аңдатады.
Ел есінде Есеней мен Ұлпанның жақсы істері мен ізгі 
қасиеттері қалады. Ұлпан – қырық құбылған қиын кезеңде 
ел ішінің ынтымағын сақтап, іргемізді жауға да, дауға да 
бермей, жапа шектіре келген заманның жауыздығымен де, 
ауыздығымен де алысып, жаңалығын ұрпағына үрдіс етіп 
қалуға жан аямаған, ел ырысын шайқалтпай, шалқытуды 
көздеген көреген, асқақ қазақ әйелінің образы. Ұлпан 
сияқты қазақ ханымдары көп болған. Публицист жазушы 
Сарбас Ақтаевтың «Қазақ ханымдары» деп аталатын кі-
табында олар жайлы көп деректер келтіріледі. Менің көз 
алдымда өз заманының қаһарманы, ұлы әйел Ұлпанның 
бейнесі тұрып қалды. Бұл – сөз зергері Мүсіреповтің ұлы 
жүрегінен туған теңдессіз, қайталанбас туынды.


244
МС
Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
245


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет