Раушан Абдикулова indd



Pdf көрінісі
бет7/82
Дата24.12.2022
өлшемі2,04 Mb.
#164264
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   82
Байланысты:
2016 Абдикулова Жанр

Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
23
Ә. Нұршайықов «Махаббат қызық мол жылдар» және 
мемуарлық шығармалар т.б. Баяндау тәсілдерінің әра-
луандығы – екінші жақ мысалында Ш. Құдайбердіұлы 
«Әділ-Мария» романы негізге алынады. 
Драма тегінің тарихын оқытуда драманың эпикалық 
сипаттарын: оқиғалар тізбегі, адамдар іс-әрекеті, олар-
дың қарым-қатынастарын айқындау қажет. Драмада ашық 
баяндау мен суреттеудің болмайтындығы ескертіледі.
Автор сөзінің көмекші және эпизодтық болуы, драма-
лық шығармада қосалқы (побочный текст) мәтін болуы 
түсіндіріледі. Драма тегінің ерекшеліктерін түсіндіруде 
әдістемелік материал ретінде нақты мәтін алынады. Мы-
салы: негізгі мәтін-монолог, репликалар мен кейіпкер 
сөздері. Драманың көркемдік мүмкіндігінің шектеулі 
болатындығы да нақты мәтінді пайдалану арқылы көз 
жеткізіледі. Драматургтың предметтік-бейнелеу құрал-
дарының бір бөлегін ғана пайдалана алатындығы, эпос-
қа қарағанда драмада характердің толымды еместігі, 
іс-әрекет уақыты драмада сахна уақытының шегіне 
сыйғызылатындығы, драмада бейнеленген сәт келесі 
шақпен тығыз байланысты болатындығы, оқиғаның
уақытының қысқармауы және ұзармауы, кейіпкерлер 
репликасының үздіксіздігі (К.С. Станиславский) театр 
теориясына қатысты еңбектерде тұжырымдалғанын 
айтпасақ та болады. Драма тегіне қатысты теориялық 
тұжырымдарды сахна өнерін бейнелейтін видео-ролик-
терді пайдалану арқылы теорияны практикамен ұштас-
тырудың әр алуан жолдарын қолдануымызға болады.
Лирика тегінің шығуы лира сөзімен байланысты екені 
белгілі. Лирикада жеке адамның сана-сезімінің бейне-
ленетіндігі, оқиғаның болмайтындығы анық. Лирика-
дағы жағдайдың тұтас емес екені де рас. Лирикалық 
көңіл-күй тек сөйлеушіге ғана тәуелді емес. Лирикада 
көркемдік құралдар жүйесі түгелдей адам жанының 
тұтастай қозғалысын ашуға жұмсалады. Лирикадағы 
жағдай ерекше қуатпен бейнеленеді. Зерттеуші В.Е.Ха-
лизев лирикалық эмоция адамның рухани құбылыс-
тарының жиынтығы, квинтэссенциясы екендігін па-
йымдайды. Шынында да лирикалық шығармадағы 
көңіл-күй ерекше бір рухани жаңару болып табылады. 
Лирика адамның шындық өмірде бастан кешкен жағ-
дайларының көркем нәтижесі екенін айғақтайды. 
Лирика туралы теориялық тұжырымдармен қоса ірі 
шығармашылық тұлғалардың дәйексөздерін интерак-
тивті тақтада көрсету амалдарын да пайдаланамыз. 
Сондай-ақ лирика тегінің шығу тарихына қатысты
философиялық, пейзаждық, азаматтық лирика мәсе-
лелерін де қарастырудың артықтығы жоқ. Лирикада 
бейнеленетін сезімнің өмір және табиғат фактілерімен, 
тарих және бүгінгі уақытпен, әлем өмірімен байланыс-
тылығын ұғындыру қажет. Діни мотивтердің қазіргі ли-
рикада көріну мәселесі өз алдына сөз болуы тиіс. Лири-
ка көбінесе жақсылықты, құндылықтарды жырлайды. 
Скептицизмге бой алдырмайды. 
Л. Гинзбургтің «О лирике» деген еңбегінде лирикада 
әсемдік жырланатындығын, ирония мен қарама-қайшы-
лықтың көрінетіндігін пайымдағаны белгілі. Мәселен, 
лирикалық поэма жанры көңіл-күйдің көпқырлылығын 
көрсетеді. 
Зерттеушілер кез-келген лирикалық шығармада ме-
дитативтік бастау болатындығын тұжырымдайды. Ме-
дитация латынша ой-толғаныс. Лирика суретке құрылса 
да оның астарында медитация болатындығы – көр-
кемдік қуаты болуы шарт. Медитативті подтекст құбы-


24
МС
Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
25
лысында түсіндіріп өту қажет. Эпикалық баяндаудағы 
бейтараптық, құштарлықсыздық лирикаға тән емес 
екені белгілі. Лирика тілі экспрессияға толы болатын-
дығы – негізгі доминант. Лирикалық экспрессия – сөз 
таңдау ерекшелігін синтаксистік құрылым, мәтіннің 
ырғақтық-фонетикалық құрылымын тану оңай емес. 
Бұлардың баршасы нақты мәтінді әдістемелік материал 
ретінде пайдалануды қажет етеді. Осы орайда Абай-
дың «Желсіз түнде жарық ай» лирикалық өлеңіне 
теориялық және текстологиялық байыптама жасаудың 
маңызы жоқ емес. Лирика жанрына қатысты ендігі бір 
мәселе – лириканың автопсихологиялығы. Бұл тұста А. 
Блок, А.С.Пушкин, М.Мақатаев, Ф.Оңғарсынова сияқ-
ты ақындардың мәтіндерінен нақты мысалдар келті-
рудің маңызы айрықша. Автор мен оқырман «бізі» ли-
риканың эпостан ерекшелігі болып табылады.
Қорыта айтқанда, әдеби тектердің шығу тарихын
түсіндіруді уақыт талабына сай әралуан ғылыми ин-
новациялық құралдарды қолдана отырып, теориялық 
аспектіде пайымдау әдістемесі әлі де жетілдіруді қа-
жет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет