168
МС
Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
169
ған» кезеңнің «жемісі» емес. Керісінше, Ж. Тілеповтің
ғылыми еңбектерінің
қайсысы да сондай ғылымдағы
жолсыздыққа өзінің шынайы таза ғылыми құндылы-
ғымен «қарағайға қарсы біткен бұтақтай» ширығып
қарсы тұра алатын шоқтығы биік, «қын түбінде жат-
пас алмас» сынды бүгінгі таңдағы саусақпен санарлық,
ғылыми әлеуеті жоғары еңбектердің бірі ғана емес,
бірегейлерінің қатарына жатады десек қателеспейміз.
Шынында да, ғылымның туын жықпайтын осындай ең-
бектер болмаса, асыл мен жасықты жыға танудың өзі
қиынға айналып бара жатқан жоқ па? Бұрынғы әр сөзі
мен
сөйлемінде терең пайым, сара ой жататын ғылы-
ми мақала жазудың өзі компьютерлік ойыншыққа ай-
налып барады емес пе? Асыл мен жасықты ажыратуға
келгенде «көзжұмбайлыққа» жол беруді ғылым әсте
кешіре алмайды. Ғылымға қосар титтей де үлесі жоқ,
ойы нәрсіз, сөзі әрсіз желбуаз кітаптар баспалардан әлі
де төпеп шығып жатыр. Ғылыми шені «шелтірейтіп»
барған соң, баспагерге не керек?..Мейлі, кезінде «жолы
болған» ғалымсымақтың дүбәра дүниелері «тоқпағы»
қанша мықты болса да, таңғы шықтай мөлдіреген ар
мен
адал еңбектен жаратылып, таза табиғи талантты
тұғыр еткен кірпияз да кінәз ғылым адамының-Абай
айтқан «шын ғалымның» алдына шыға алмасы анық.
Дегенмен, сол мәртебелі ғылымның арына шіркеу
түсіріп алған алмағайып кезеңнен бүгінде біршама
алыстадық және алыстауға тиіспіз. Қазақстан ғылымы
дамудың әлемдік бағыттарына аяқ басып отыр. Жоғары
оқу орындары магистранттар мен философия докторла-
рын дайындаудың әлемдік озық тәжірибелерін игеруге
және оны бағалай білуге күш салуда. Десек те, ғылым
жолы- ауыр жол, «қайыспас қара нар керек, біздің бүйт-
кен бұл іске» деп
Махамбет ақын айтқандай, қай жерде
еңбек етсе де, ғылымның жүгін қайыспай көтеріп, оған
барынша адалдық танытып келе жатқан абзал азамат,
ардақты ғалым Жұмат Жұмалыұлының ғылымға бер-
ген сан-салалы еңбегінің бірі- «Тарих пен әдебиет» де-
сек, оны қолға алғанда «теңіздің дәмін тамшысынан
танисың» дегендей, шын ұстаның қолынан шыңдалып
шыққан шыңболаттай саф таза ғылыми еңбек теңіздей
тереңіне тартып әкете берді..
Аталған еңбегінде ғалым көркем әдебиеттегі тари-
хилық проблемасының көне бастауларына үңіледі.
Оның
Аристотель, Г. Э. Лессинг еңбектерінен баста-
латын екі ғасырдан астам тарихын бағамдайды. Ал,
тарихилық мәселесінің біздің әдебиеттануда зерттеле
бастағанына небары жиырма жылдан астам ғана уақыт
өткені белгілі. Алайда, кеңестік дәуір кезеңінде қазақ
әдебиетінің тарихилығы мәселесін қозғауға тосқауыл
қойылғаны да рас. Сондықтан зерттеуші ғалым Ж. Ті-
лепов өзінің көрнекті ғалым Шәмшиябану Қанышқызы
Сәтбаеваның жетекшілігімен қорғаған «XVIII-XIX ға-
сырлардағы қазақ әдебиетінің тарихилық мәселелері»
деген тақырыптағы кандидаттық диссертациясының
және «XIV-XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің та-
рихилығы» атты докторлық диссертациясының көпте-
ген кедергілерге душар болғанын айтады. Зерттеушінің
қырағы жанары аталған мәселені өзіне дейін қазақ әде-
биеттанушыларының қалай зерттегенін шолады. Олар-
дың кеңес дәуірінде жазылған тарихи романдар ауқы-
мында қалып қоймай, орыс, славян тектес халықтардың
жәдігерліктеріндегі тарихи жайларды, сол жәдігерлік-
тер негізінде жазылған Н.М. Карамзиннің, М.Н. Загос-