Раушан Абдикулова indd



Pdf көрінісі
бет73/82
Дата24.12.2022
өлшемі2,04 Mb.
#164264
түріБағдарламасы
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   82
Байланысты:
2016 Абдикулова Жанр
Ахмет Байтұрсынұлы — Уикипедия (1), Ахмет Байтұрсынұлы — Уикипедия, Ашық сабақ, 11 сынып БЖБ, тест 11., 2 5228961217879482876
Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
255
Крук бұрынғысынша жайылған қанаттарына сүйеніп, 
қалғып отыр. Есіктің саңылауынан түскен сәуленің жа-
рығынан сығырайған көздері сәл-пәл жасқанғандай 
болды. Колька төккен дәнді де, ыдыстағы суды да қоз-
ғамапты. 
Джус жүресінен отырып, саусағымен круктын тұм-
сығын түртті, бірақ құс оған қарай қоймады. Тек қанат-
тарын ауырсына қозғады. 
– Қайдағы Крук бұл! – Джус ашулана айқайлап жі-
берді. – Бұл кәдімгі қарғаның өзі, оның үстіне ауру қар-
ға. 
– Жоға, Петь, сенбейсіңбе? Бұл крук, ол әлі балапан, 
сондықтан қарғаға да ұқсайды. 
– Өтірік соқпа!
– Әкем біледі емес пе, ол соғыстан болған. Шека-
радан ары қайдағы бір қиырда осындай құсты көргем 
дейді. 
– Желікпесін сендердің күшік күйеу. Бізге крук қай-
дан келуші еді?
– Олар – бір кезде бізде де көп болған. Тек қоныс ау-
дарып кеткен. 
– Ия, осы біреуі сендерді іздеп жүрген ғой. – Джус 
күлкі ге тұншығып, қиқылдай бастады. – Қайдағы бір 
ауру қарғаны тауып алып, алдағылары келеді. Желікпе-
лер! 
– Жоқ, Петь! Ана Микитенько атай көріп, ол да бұл – 
крук, – деді – бұл жерде колька расын да да аздап өтірік 
айтып жібереді. Себебі, бұның ешкандай да қарға емес 
екенін Джустың басына қалайда сіңіру керекқой. Ал 
атай құсты көрген жоқ болатын. – Ол әлі сарыауыз ба-
лапан ғой...
– Мүмкін, қарға емес, кішкентай лашын шығар, – деп 
Джус көнген болды.
– Қайдағы лашын! 
– Бала лашын деп тұрмынғой. 
Ол Джустың көзін сүзе, ашкөздікпен қарап тұрғанын 
сезді. Джус еңкейіп құстың кішкентай аяқтарын ұстап 
көрді. 
– Өзінің тынақтарын қарай гөр... сен білесің бе?.. Лы-
сянкода, аудан орталығында... Лашынның жыртқыш 
құс екенін білетін боларсың? Иә, солай, Лысянкода ла-
шынның аяқтарын қабылдайды...елу тиыннан...
– Сен не деп тұрсың, есің дұрыс па – Кольканың қат-
ты таң қалғаны сонша, крук қорыққаннан селк етіп, қа-
наттарымен сырғып кетті. 
– Мен саған болған істі айтып тұрған жоқпын ба?
– Ал бұл жерге лашынның қатысы қанша?
– Барлық жағдайда біле жүрсін дегенім ғой.
– Құс шошымасын, кетейік бұл жерден. 
– Ол адамның сөзін түсіне ме?
– Дауыстан қорқады, – деп Колька Джусты жайлап 
шығуға итермеледі.
– А-а-а... Жарайды, сен шайыр алуға кел. Аямай бе-
рем.
Үйіне сүйретіле басып келе жатқан Джус бұның крук 
екеніне сенген сияқты. Өйткені ақша туралы бір ауыз 
сөз айтпады.
Бұл кезде қолында қалбыры бар Колька әкесін қуанту 
үшін асығып келе жатып, босағада шешесіне соқтығы-
сып қалды. Ол ашулы екен. «Жоғал, көзіме көрінбей!» 
деп айқай салды. Сосын Кольканы байқамағандай бо-
лып, басын жоғары шалқайта үйден шыға берді. Коль-
ка босағаны аттай бере тұрып қалды. Әкесі сап-сары 


256
МС
Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
257
саусақтары дірілдеп скрипканы көнетоз қабына тығып 
жатыр. Ал тырнақтары нілге боялғандай. Колькаға қа-
рады, оның қолындағы шайыр салған қалбырды көріп 
аянышты күлімсіреді. Колька мелшиген қалпы әкесіне 
күлімсірей де алмады
Тек оған кірпік қақпай қарады. Жанарына жас тола 
берді, тола берді...Әкесі қасына келіп, басынан сипа-
ды. Жеп-жеңіл қолдары тұлымын самал желдей желпіп 
өтті. Ештеңе айтпады, тек күрсініп: «Сен жақсы бала 
боп өсесің. Жаксы бала...» деді. Сосын скрипка салған 
қапты алды да, үйден үнсіз шыға берді. Оны енді қай-
тып көрмейтінін жүрегі сезген, Колька ізінен ере табал-
дырықтан атып шықты: 
– Қайда барасыз, папа?
– Мизоновкаға.
– Бармаңызшы.
– Бару керек, ұлым.
– Мен біліп тұрмын! Сіз енді қайтып келмейсіз.
– Келем. 
– Алдамаңызшы папа! – колька кенет айғайлап жі-
берді де, жүгіріп барып көнетоз қаптан ұстай алды. – 
Онда скрипканы не үшін алдыңыз?
– Мен ұзақ уақыт болмаймын. Ал сен ақылды бала 
бол. Крукты жөндеп бақ, естимісің? Келгенімде бәрі 
орында болсын. 
– Мен сізді щығарып саламын, – деді Колька. 
Әкесі автобусқа бармай, жаяу дала жолына түсті. 
Кішкене жүреді де, қолын кеудесіне басып тоқтайды. 
Әрқашан бірдеңелерді айтатын ол, енді Колька екеуі 
көздерімен ғана үнсіз тілдеседі. Немесе тіпті басқа 
жаққа қарап, текке күрсінеді. Алдынан орман көрінген 
кезде, Колькаға уйге қайта бер деді. Өйткені, шешесі 
оның қайда кеткенін білмей, тағы ұрсады ғой. Колька-
ға бәрі бір, мейлі ұрыса берсін, неге десең әкесі олар-
дан ұзақ уақытқа кетіп барады. Қайтуын қайтып келеді 
ғой, бірақ оған әкесінің үнсіздігі ауыр тиді... «Ол жақ-
та ұзақ кідірмеңіз» деді, де үйге қарай жүгірді. Бірақ 
әкесін орман жасырғанша, артына қарайлай берді, қа-
райлай берді. Орман алыстан түн басқандай қарауытып 
көрінді. Аспанда күн жарқырап тұр еді. Колька оған қа-
рады да көзін жұмды: көз алды қып-қызыл, ып-ыстық 
болып кетті. Осылацша тағы біраз тұрды, сосын әл жию 
үшін өздерінің ауласында асқақтап тұрған терекке қа-
рай жүгірді. Крук болмағанда уйге асықпайтын да еді. 
Құс отырған жоқ, кеудесімен жәшік түбіне жабысып, 
қанаттарын жайып жіберіп жатыр екен. Суда, тары да 
қозғамаған күйінде қалыпты. Колька еңкейіп құстың 
сұр тұмсығына ақырын ғана саусағын тигізді. Бірақ 
крук көзінде ашпады, тек кіржиген қабақтарын әрең-
әрең қағып қойды. 
«Ақымағым менің, – деді Колька, – немене, сені кіш-
кентай бала секілді тамақтандыру керек пе? – Әлде, сен 
аштан қатқың келе ме?... «Ол крутын тұмсығын ашып, 
аузына бір шөкім тары салды. Бірақ крук тарыны жұт-
қан жоқ. Тіпті, Колька ыдыстан су тамызып еді, ол да 
құстың қызыл көмейінен өтпей, ұсақ дәндерімен бірге 
қайта төгілді. Сонда Колька бұл жер көңілдегідей бол-
май тұрғанын түсінді. Біреумен ақылдассапм не істеу 
керек екенін сол айтып берер. Мүмкін, бұл құсқа қан-
дай да, бір ерекше қорек беру керек шығар. Бірақ қарай 
гөр, суды да ішпейді, ал су барлық жәндікке бірдей ғой. 
Жоқ, Колька ертң барады да бәрін сұрайды. Ол кімге 
бару керек екенін де біледі, әрине, Кондрат Павлович-
ке, жоғары класстарға зоологиядан сабақ беретін мұ-


258
МС


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет