Факультеті: «Заң» Кафедрасы: «Құқықтану»
Қазақстан Республикасы
білім және Ғылым
министрлігі Әл -
Фараби атындағы Қазақ Ұлттық
Университеті
СӨЖ
Тақырыбы:«Қазақстанның құқықтық,
демократиялық, әлеуметтік және зайырлы
мемлекет ретінде дамуы »
Тексерген: Іңкәрбаев Есенай
Орындаған: Ерсұлтан Разалия 105топ
халық өз билігін жүзеге асыру құқығын беретін жоғары мемлекеттік билік
туралы болып отыр.
Қазақстан республикасында мемлекеттік билікті ешкім халықтың еркінен тыс
өз бетімен иелене алмайды. Аталған ретте әңгіме жоғары мемлекеттік
биліктің барлық тармақтары: заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтары
жайлы болып отыр. Аталған қағиданың терең мәні мынада, тек халық ғана
Парламентті құруға, Президентті сайлауға құқылы. Конституция негізінде
халық сайлаған парламент депутаттары және Президент мемлекеттік билікті
халықтың атынан жүзеге асыруға құқылы. Жеке адамның және қайсыбір
ұйымның, қайсыбір қоғамдық бірлестіктің мемлекеттік билікті иеленуге
құқығы жоқ. Әңгіме республика көлеміндегі, сондай-ақ аймақ (облыстар,
аудандар ж.т.б.) көлеміндегі мемлекеттік егер кімде-кім билікті иемденуге
әрекет етсе, онда ол қылмыстық заңмен жауапқа
тартылады.
Конституция ҚР Президенті мен Парламентіне халық атынан сөйлеу
құқығын берді, өйткені оларға халық өзінің мемлекеттік билікті жүзеге
асыру құқығын берді. Президент және Парламент халық атынан сөйлейді.
Бұл олардың өз акциялары (нормативтік-құқықтық актілер, үндеулері
және басқа іс-әрекеттері) арқылы халықтың еркін білдіретіндігін
көрсетеді. Президенттің және Парламент депутаттарының кез-келген
акциясы халықтың еркі ретінде қабылданатындықтан, олар өз іс-
әрекеттеріне жоғары жауаптылық сезіммен қарау керек. Президент және
Парламент мемлекет атынан сөйлейді. Президент оның басшысы ретінде
мемлекет атынан сөйлейді. Президент билік тармақтарының бірде-біріне
жатпайды, бірақ олардың барлық мәселе бойынша қатысы бар. Бұл
Президенттің Конституция және басқа нормативті- құқықтық актілері,
мәртебесі шеңберінде жүзеге асырылатын әрекеті, акциялары төменнен
жоғарыға дейінгі барлық мемлекеттік органдар үшін міндетті екендігін
білдіреді. Парламентте мемлекет атынан сөйлейді. Егер
Президент
мемлекет атынан жоғары лауазымды тұлға ретінде әрекет етсе
Парламент мемлекет атынан халық ұсынған алқалы әрі өкілді орган
ретінде
әрекет етеді.
Конституцияда парламенттің халық пен мемлекет атынан өзінің
Конституциялық өкілеттігі шегінде сөйлейтіндігі айтылған. Бұл парламенттің
өкілеттігі Конституцияда түбегейлі көрсетілді деген сөз. Аталған қағида
парламенттің қызметін жүзеге асыру процесінде тежемелік және тепе-теңдік
тетігінің құқықтық негізгі ретінде қызмет етеді. Парламенттің мәртебесіне
және оның қызметінің рәсімдеріне әдейі арналған нормативтік-құқықтық
актілерде оның өкілеттігін кеңейтетін нормалары болмауы тиіс.
Конституцияға сәйкес Үкімет және өзге де мемлекеттік органдар мемлекет
атынан сөйлей алады. «Өзге де мемлекеттік органдар» деген ұғым орталық,
жергілікті мемлекеттік органдар ұғымын білдіреді. Үкімет және өзге де
мемлекеттік органдар оларға берілген өкілеттіктер шегінде мемлекет атынан
әрекет ете алады. Аталған ретте «берілген өкілеттіктер» деп Конституция мен
Үкіметтің және өзге де мемлекеттік органдардың мәртебесін айқындайтын
арнайы құқықтық актілермен және басқа
нормативтік-құқықтық
актілермен
орнықтырылатын
өкілеттіктер
ұғынылады[14].
Мемлекеттік биліктің бірегей жүйесі Қазақстан Республикасының
мемлекеттік және аумақтық тұтастығының шешуші шарты және егемендігінің
көрінісі болып табылады. Біртұтас Қазақстан Мемлкетінде мемлекеттік
биліктің бірлігі жоғары органдардың: Парламенттің, Жоғары Соттың,
Үкіметтің бірегей жүйесі бар екендігін білдіреді. Аталған органдар, Қазақстан
Республикасында мемлекеттік биліктің бірегей жүйесінің әр түрлі
тармақтарын көрсетет келе әр түрлі байланыстар мен қатынастарда бола
отырып, барлығы бірге біртұтас мемлекеттің қызметін жүзеге асырады.
Мемлекеттік билікті тік жоғары және орталық органдар ғана емес,
сонымен бірге бірегей жүйенің табиғи құрамдас бөлігін құра отырып,
жергілікті мемлекеттік органдарда жүзеге асырады.
Мемлекеттік биліктің бірлігі оны тік және көлбеу тармақтар ретінде
бөлу принципіне негізделген. Біртұтас Қазақстан мемлекетінде биліктің тік
бөлінуінің өкілеттікті шектеу саласында ерекшелігі бар. Заң шығару билігін-
Парламент, атқарушы билікті-Үкімет және
жергілікті атқарушы органда,
Сот билігін- Жоғарғы Сот және жергілікті соттар жүзеге асырады. Әрине,
билік тармақтарының бірде-біріне де кірмесе де,
мемлекеттік билікті
Президент те жүргізеді. Бірегей мемлекеттік билік жүйесінде Президент
ерекше орын алады.
Биліктің заң шығарушы,
атқарушы және сот
тармақтары өз өкілеттігін жүзеге асыру процесінде өзара қарым-қатынаста
болады. Мұндай өзара қарым-қатынас
бастамашылық емес, қатаң
құқықтық негізе атқарылады. Конституцияда
және басқа нормативтік-
құқықтық актілерде олардың өзара іс-әрекеті дәл белгіленген.
Өз өкілеттіктерін жүзеге асыру процесінде қайсыбір мемлекеттік тармақтың
биліктің Конституциялық және басқа да нормативтік –құқықтық
нормаларының шегінен шығып кетпеуі, басқа тармақтың өкілеттігін иеленбеуі
және айналып келгенде, биліктің өктемдік жүргізбеуі үшін
Конституцияда тежемелік және тепе-теңдік жүйесі белгіленген[17].