А.К. Жарылқасынова,
Қарағанды мемлекеттік
техникалық университетінің
Кәсіпорын менеджменті
кафедрасының аға оқытушысы
е-mail: аriko.52@mail.ru
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ СТРАТЕГИЯСЫН ӘЗІРЛЕУ. ДСҰ ЕНУ КІРУ – ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКАҒА БІРІГУ
Әлемде болып жатқан өзгерістердің сипаты мен тереңдігі, жаһандық өзара тәуелділік тұрақты ұзақ мерзімді дамуды талап етеді. 2030 Стратегиясының әзірлемелерін ескере келе, 2050 жылға дейін ұлттың жаңа саяси бағытын құру керек. «Қазақстан – 2050» Стратегиясы – біздің еліміздің жаңа даму кезеңіндегі алғашқы ұзақ мерзімді 2030 Стратегиясының жалғасы. Қазақстан Республикасы азаматтарының өмір сүру сапасын арттыру, мемлекеттік аппаратты кәсіптендіру, ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және ұлттық экономканы диверсификациялау бойынша міндеттер маңызды болып қалады және жаһандық тұрақсыздық пен табиғи-ресурстық әлеуетті сарқу жағдайларында өз шешімдері үшін жаңа тәсілдер іздеуді талап етеді. Осының бәрі жаңа стратегиялық құжат – «Қазақстан – 2050»-ді әзірлеуге себеп болды. Біздің басты мақсатымыз – 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған мемлекеттерінің қатарына ену.
2050 жыл – бұл жай ғана символдық күн емес. БҰҰ-да 2050 жылға дейін өркениетті дамытудың Жаһандық болжамы әзірленді. 2050 жылға дейінгі болжамдық баяндаманы Бүкіләлемдік азық-түлік ұйымы жариялады. Қазір елдердің барған сайын көп саны осындай ұзақ мерзімді стратегияларды әзірлеп және қабылдап келеді.
Қазақстан мақсатты және шабытпен, біздің бірінші орындағы мақсаттарымызды естен шығармастан жұмыс істеуі керек:
- Мемлекеттілікті одан әрі дамыту және нығайту.
- Экономикалық саясаттың жаңа принциптеріне көшу.
- Жеке кәсіпкерлікті – ұлттық экономиканың жетекші күшін жан-жақты қолдау.
- Жаңа әлеуметтік модель қалыптастыру.
- Білім беру және денсаулық сақтауда қазіргі заманғы және тиімді жүйелер құру.
- Мемлекеттік аппарат жауапкершілігін, тиімділігін және функционалдығын арттыру.
- Жаңа күрестерге барабар халықаралық және қорғаныс саясатын орнату [1].
Жаңа бағыттың экономикалық саясатының мәні – жалпы қамтитын экономикалық прагматизм. Бұл дегеніміз:
Бірінші. Экономикалық мақсаттылық пен ұзақ мерзімді мүдделер тұрғысынан экономикалық және басқару шешімдерінің барлығын дерлік қабылдау.
Екінші. Жаңа нарық текшелерін анықтау, мұнда Қазақстан тең құқылы бизнес-серіктес ретінде қатыса алады. Экономикалық өрлеудің жаңа нүктелерін жасау.
Үшінші. Экономикалық әлеуетті арттыру мақсатында қолайлы инвестициялық климат жасау. Инвестицияларлдың пайдалылығы мен қайтарымы.
Төртінші. Экономиканың тиімді жеке секторын құру және мемлекеттік-жеке меншік серіктестікті дамыту. Экспортты мемлекеттік ынталандыру [1].
2050 жылға дейін мына мәселелердің кезең-кезеңмен шешілуін қамтамасыз ету өте маңызды болып табылады:
- мемлекеттің макроэкономикалық саясатын жаңғырту;
- бюджеттік саясаттың жаңа принципімен қарулану – тек өз мүмкіндіктері шегінде жұмсау және тапшылықты максимум ықтимал минимумға дейін қысқарту. Бюджеттік-қаржылық процеске деген қатынас жеке меншік қаражат бөлу сияқты ұқыпты әрі ойластырылған болу керек. Басқаша айтқанда, бюджеттен бірде бір теңге босқа жұмсалмауы керек. Мемлекет бюджеті ұзақ мерзімді перспектива тұрғысынан, экономиканы диверсификацияялау мен инфрақұрылымды дамыту сияқты жемісті жалпы ұлттық жобаларға тоғысады.
- өндіріс пен жаңа технологиялар саласында қолданылатын салық салу нысандары үшін қолайлы салық режимін енгізу қажет; салықтық басқаруды ырықтандыру мен кедендік басқаруды жүйелендіру саясатын жалғастыру керек; салықтық есеп беруді жеңілдетіп, минимумдау керек. Жақын бес жылда онлайн электрондық есеп беру режиміне көшу керек. 2020 жылы салықтық кредиттеу практикасын енгізу қажет. Басты міндет – кәсіпкерлердің инвестициялық белсенділігін ынталандыру.
Осылайша, болашақ салық саясаты бизнес-деңгейде ішкі өсімді және сыртқы нарыққа отандық экспортты ынталандыруы керек, ал азаматтар деңгейінде олардың жиналуын, сақталуын және салынуын ынталандыру керек.
Әлемдік экономикадағы қолайсыз жағдайды ескере отырып, Қазақстанның әрбір тұрғынының табысын қорғауды және экономикалық өсу үшін қолайлы инфляция деңгейін сақтауды қамтамасыз ету керек. Бұл жай ғана макроэкономикалық мәселе емес, бұл елдің әлеуметтік қауіпсіздік мәселесі. Қазақстан банктері өз кезегінде өзінің белгіленген ісін атқаруы және кредиттік ресурстарда экономиканың нақты секторының талаптарын қамтамасыз етуі тиіс. Осыған орай қаржы жүйесін бақылауды босаңдатуға болмайды, банктерді проблемалы кредиттерден босату керек және қорландыру мәселелерімен толық айналысу қажет.
Келесі міндет – инфрақұрылымды дамыту арқылы экономикалық өсу мүмкіндіктерін кеңейту. Инфрақұрылымды екі бағытта дамыту керек: ұлттық экономиканы жаһандық ортаға шоғырландыру, сонымен қатар ел ішіндегі аймақтарға жылжу. Қазақстан шекарасынан тыс өндірістік көліктік-логистикалық нысандар құру үшін ел шегінен шығарда, пайданы мұқият есептеп, ой жинақтау, біздің транзиттік әлеуетімізді дамыту маңызды болып табылады. Бүгінгі күні бірқатар ірі жалпы ұлттық инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылып келеді, олардың нәтижесі ретінде 2020 жылға қарай Қазақстан арқылы өтетін транзиттік тасымалдау екі есе ұлғаяды. 2050 жылға қарай транзиттік тасымалдаулар 10 есе артады. Қойылған мақсаттар басты міндет – біздің экспортымыздың тек қазақстандық өнім мен қызметтерге ұзақ мерзімді сұраныс болатын әлемдік нарыққа ғана өткізу міндетіне бағынышты болады. Инфрақұрылымды құру рентабельділік заңына бағынуы тиіс. Оны жаңа бизнестерді дамыту және жұмыс орындарын құру жолына қою керек.
Қазақстан экономикасын дамытудың одан арғы міндеті – оны тиімді басқару. Еліміз бір тұтас корпорация ретінде жұмыс істейді, ал мемлекет оның негізі болады. Корпоративтік ойлаудың күші барлық процестердің бір тұтас ретінде қарастырылатындығында жатыр. Барлық деңгейдегі мемлекеттік басқарушылар осындай бизнесті – ойлауды үйренеді. Тиімділіктің басты критерийі – мемлекет қаражаттан түсетін қайтарым деңгейі. Еліміздің өндірістік әлеуетін неғұрлым жылдам арттыра алатын болсақ, Қазақстан соғұрлым жылдамырақ халықаралық нарықтың шылауы емес, толыққанды өкіліне айналады. Мемлекет ақпараттық технологиялар саласында транзиттік әлеуетті дамытуға түрткі болуы тиіс. Біздің технологиялар сұранысқа ие болып, нарықты қажет болған жағдайда ғана еліміз нақты пайда көреді. Олай болмаған жағдайда инновация – бұл бос ақша жұмсау болып қалады.
Келесі міндет – экономикалық өсуді, масштабты сыртқы саяси және сыртқы экономикалық келісімдерді қамтамасыз ету үшін ресурстарды Қазақстанның маңызды стратегиялық басымдығы ретінде пайдалану.
Қазіргінің өзінде шикізатты халықаралық нарыққа шығаруды максимум жылдамдату керек, олар жаңа қаржылық күйреу жағдайында тұрақсызданады. Біздің негізгі импортерлеріміз шикізат сатып алуды айтарлықтай қысқарта алады, ал бағалар күрт түсуі мүмкін. Ал біздің алдын ораушы стратегиямыз нарықтың тұрақсыздануы басталғанға дейін қаражатты өте жылдам жинауға мүмкіндік береді, олар өз кезегінде еліміздің жаһандық ықтимал дағдарыстан өтуіне көмектеседі.
Технологиялық революция шикізатты тұтыну құрылымын өзгертеді. Мысалы, композиттер технологиясы мен бетонның жаңа түрлерін енгізу темір рудасы мен көмір қорын құнсыздандырады. Бұл қазіргі жоғары әлемдік сұранысты ел мүддесіне пайдалану үшін табиғи ресурстарды өндіру мен әлемдік рынокқа жеткізу қарқынын арттырудың тағы бір факторы.
Көмірсутекті шикізат нарығындағы ірі өкіл бола тұра, республика энергияның балама түрлерін өндіруді дамытуы, күн мен жел энергиясын пайдаланатын технологияларды белсенді енгізуі керек. Бұл үшін бізде барлық мүмкіндік бар. 2050 жылға қарай энергияның балама және жаңартылатын түрлеріне барлық энергия тұтыну жиынтығының кем дегенде жартысы тиесілі болады.
Аймақтардың инвестицияларды пайдалануға деген қызығушылығын арттыру үшін жер қойнауын пайдалану мораторийін алып тастау қажет. Шикізатты қарапайым жеткізуден энергия ресурстарын қайта өңдеу саласында ынтымақтастыққа және ең жаңа технологиялармен алмасуға көшу керек; 2025 жылға қарай өз нарығымызды экологияның жаңа стандарттарына сәйкес жанармай-майлау материалдарымен толығымен қамтамасыз ету керек; инвесторларды біздің елімізге ең жаңа заманауи өндіру мен қайта өңдеу технологияларын жеткізу жағдайларында ғана тарту емес, сондай-ақ, инвесторларға Қазақстан аумағында ең жаңа өндірістер жасаудың орнына қолдағы шикізатты өндіру мен пайдалануға рұқсат ету.
Қазақстан Республикасы Еуразиядағы технологиялар инвестициясы мен трансферті үшін тартымды жер болып табылады, бұл үшін бізде инвесторларға арналған барлық басымдықтар бар. Барлық өндіруші кәсіпорындар тек экологиялық зиянсыз өндірістерді ғана енгізеді.
Табысты экономикалық даму үшін 2050 жылға қарай Қазақстан ең жаңа технологиялық стандарттарға сәйкес өзінің өндірістік активтерін толығымен жаңартуы тиіс. Ең ірі бәсекеге қабілетті салаларда отандық өндірушілер үшін жаңа нарық текшелерін белсенді әзірлеу қажет. Бұл индустриясыздандырудың әлеуетті деструкциялық әсерлерін, әсіресе ДСҰ-ға кіру перспективасын ескергенде, болдырмауға мүмкіндік береді [2, 1-б.].
Отандық тауарлар бәсекеге қабілетті болуы керек. Осы мақсатта Қазақстан, Ресей және Беларусияның қатысуымен Еуропалық Экономикалық Кеңістік құрудың практикалық кезеңі басталды. Бұл 170 миллион тұтынушыны біріктіретін, суммалық ЖІӨ-і АҚШ-тың 2 триллион доллары болатын орасан нарық. Осы экономикалық-интегралдау процесінде Қазақстан соңғы роль атқармайды.
Қазақстан экспортқа бағытталған шикізаттық емес секторды ұлғайтуға баса назар аудара отырып, жаңа өндірістерді дамыту керек, Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын өнеркәсіптік күш импортына тоғыстырып, технологиялармен алмасуды және ортақ халықаралық компанияларды дамыту қажет. Алдыңғы қатарлы екі инновациялық кластерлер – Назарбаев Университеті мен Инновациялық технологиялар саябағының дамуын жалғастыру қажет. Біз төмен көміртекті экономикаға қарқынды көшуіміз керек.
Елбасының ұсынысы бойынша 2013 жылы «Жасыл көпір» халықаралық ұйымы құрылды, сондай-ақ Алматы жанындағы төрт серіктес қала негізінде Green4 жобасының жүзеге асырылуы басталды.
Елдің «жасыл» даму жолына көшуіне алдағы уақытта Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесі күшті түрткі болады. Еліміздің астанасында ғылым мен техниканың ең үздік дүниежүзілік жетістіктері көрсетіледі. Қазақстанның көптеген тұрғындары Қазақстан ұмтылып келе жатқан «болашақ энергиясын» өз көзімен көре алады. Ұлттық қор жаңа экономикалық саясатқа көшудің «қозғаушы күшіне» айналу керек. Бірінші кезекте Ұлттық қор қаражатын ұзақ мерзімді стратегиялық жобаларға бағыттаған жөн. Мемлекет ұлттық компаниялардың атынан Үшінші индустриялық революция нәтижесінде пайда болатын секторларды ескеретін болашақ экономикасын дамытуға ынталандыру керек. Отандық индустрия Қазақстанда өндірілуі жоспарланып отырған ең жаңа композитті материалдарды тұтынатын болады.
Н.Ә. Назарбаев өзінің Жолдауында елдің Үшінші Индустриялық революция дайындығына тәуелді болатын түбегейлі мәселелерге назар аударды.
Президент өз сөзінде ауыл шаруашылығын, әсіресе ауылшаруашылық өнімдеріне дүниежүзілік сұраныстың өсуі жағдайында, кең ауқымды жаңғырту қажеттілігін атап өтті.
2050 жылға қарай Қазақстан сумен қамтамасыз ету туралы проблеманы біржола шешуді жоспарлап отыр.
Отандық кәсіпкерлік жаңа экономикалық бағыттың қозғаушы күші болып табылады.
Мемлекет адамның бизнесте жұмыс істеп көруіне, елде өткізіліп жатқан экономикалық өзгерістерге толыққанды қатысуына жағдай жасау керек, ал әр адам өз кезегінде оның мәселелерін ол үшін мемлекет шешеді деп күтіп отырмау керек.
Жаңа реалияларды, оның ішінде біздің Еуропалық Экономикалық кеңістік жұмысына қатысуымызды, алдағы Дүниежүзілік Кедендік Қоғамға кіруімізді ескере отырып, отандық өндірушілерді қолдау механизмдерін жетілдіруіміз керек және олардың мүдделерін қорғау мен дамыту үшін барлық қажет шараларды қолдануымыз керек. Бүгінгі күннің тапсырмасы – шағын кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлердің орта бизнес өкілдерінің қатарына көшуі үшін қолайлы жағдай жаску және алғышарттар ұсыну.
Үкімет «Атамекен» одағымен бірлесе отырып, Ұлттық кәсіпкерлер палатасына міндетті түрде мүше болу туралы тұжырымдамалық модель әзірледі [3, 2-б.].
«Қазақстан жолы – 2050»: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында Н.Ә. Назарбаев мемлекеттің қарқынды прогрессивті дамуына негіз болатын Қазақстанның алдыңғы қатарлы, ерекше білім жүйесін қалыптастыру туралы стратегиялық мақсат қояды.
27.07.2015 жылы Женевада Қазақстанның ДСҰ-ға қосылуы туралы құжаттар пакеті ресми түрде қабылданды. Рсепубликамыздың әлемдік сауда жүйесіне бірігу кезеңдерін қарастыратын болсақ, шамамен 20 жылды құрайтын ұзын жолдан өткенімізді байқауға болады. Қазақстан тең құқылы, 162-ші болып, ДСҰ мүшесі болады.
Нарықтық өзгерістер мен элемдік экономикаға бірігуді жүзеге асрыа отырып, Қазақстан жаһандық процестерден тыс қалмас. ДСҰ-ға кіру әлемдік сауданың 97 %-ынан көбін қамтитын, осы ұйымның толыққанды мүшелері болып табылатын 150-ден астам мемлекеттің арасындағы құқықтық қатынастарды көп жақты негізде реттейді.
Кез келген мемлекет ДСҰ-ға кіре отырып, капиталының, мамандарының, тауарлары мен қызметтерінің жоғары дәрежеде еркін қолданылу мақсатында бұл қадамға өз еркімен және саналы түрде барады. Және белгілі бір артықшылықтарға қол жеткізу кез келген мемлекеттің ДСҰ-ға кіруіне мақсат болады. Қазақстан үшін бұл еліміздің ДСҰ-ның барлық мүшелерімен қарым-қатынас орнатқанда анағұрлым қолайлы жағдай қол жеткізу болып табылады [4]. Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі – тарихи оқиға. Қазақстан ДСҰ-ның 162-ші мүшесі болады. Әлемнің барлық экономиктері Қазақстанды сауда саясатын халықаралық құқық нормаларына сәйкес жүргізіп келе жатқан, инвестициялық климаты қолайлы мемлекет ретінде мойындады.
ДСҰ-ға кіру – бұл бүкіл Қазақстанның жеңісі, оның жаһандық экономикалық жүйенің ажырамас бөлігі ретінде мойындалуы. ДСҰ-да жұмыс істеу стандарттары Бес халықтық реформа рухына сәйкес келеді.
ДСҰ-ға кіру біздің әлемдік экономикаға бірігуімізге, әлемнің жетекші 30 мемлекетінің қатарына енуімізге және «100 нақты қажам» ұлт жоспарын орындауымызға ықпал етеді [5].
ДСҰ қатарына кіру белгілі бір шығындардың жұмсалуын қажет етеді. Алайда бұл шығындардың орны болашақта артықшылықтармен толады, олардың негізгілері – сыртқы нарыққа анағұрлым бәсекеге қабілетті жағдайда қол жеткізу, инновациялық технологияларды анағұрлым белсенді түрде транферлеу және тікелей әрі портфенльді инвестицияларды ынталандыру мүмкіндігі. Қазақстандағы барлық экономикалық реттеу құралдарының ДСҰ-ның халықаралық стандарттары мен нормаларына сәйкес келтірілетіндігін ескеретен болса, бұл біздің экономикамызды іштен өсу әлеуетімен қамтамасыз етеді, әрине, мұны әлі де жүзеге асыра алу қажет.
ДСҰ-ға кіру Қазақстанның жаһандық сауда-экономикалық қарым-қатынастар жүйесіне бірігу саясатын жүзеге асырудың басты кілті, еліміздің ЕЫҰ-ға кіруінің міндетті шарты, өндіріс пен ішкі нарықты өсіру, инновацияларды енгізуді қалыптастыру ынтасфы болап табылады. ДСҰ – әлемдегі ең дамыған 30 мемлекет қатарына кіру стартегиясының орындалу кепілі.
Әдебиеттер тізімі
1. Послание Главы государства Н.А. Назарбаева народу Казахстана «Казахстанский путь - 2050: Единая цель, Единые интересы, единое будущее» // Казахстанская правда, 2014, 18 января.
2. Есекина Б. «Задачи по интеграции Казахстана в мировую экономику решены успешно» // Деловой портал Kapital.kz
3. Заявление Президента Казахстана Нурсултана Назарбаева в поддержку предпринимателей страны // Казахстанская правда, 2014, 28 февраля.
4. Кошебаева Г.К. Новые задачи для нашей системы. //Казахстанская правда, 2015, 30 июня.
5. Обращение Главы государства к народу Казахстана в связи завершением переговоров о вступлении во всемирную торговую организацию // Казахстанская правда, 2015, 23 июня.
М.О. Төлеуова,
Қарағанды мемлекеттік
техникалық университетінің
әлеуметтік-гуманитарлық пәндер
кафедрасының аға оқытушысы
e-mail: marzhan-14-03@mail.ru
САЯСИ ЖҮЙЕНІ ЖАҢҒЫРТУ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ НЕГІЗДЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Жалпы анықтама бойынша, жаңғырту дегеніміз дәстүрлі қоғамнан (аграрлық, патриархалды мәдениеттен және қатаң бекітілген әлеуметтік иерархиядан) ірі машиналық өндіріс пен заңдарға тіренген қоғамдық үдерістерді оңтайлы басқаруға негізделген индустриалды қоғамға көшу үдерісі болып табылады. Әдетте бұл жағдайда қоғамның индустриалдық батыс моделімен жанасатын дамушы елдер кіреді. Теорияда жаңғырту түсінігімен индустрияландыру, секуляризациялау, урбанизациялау, жалпыға ортақ білім беру жүйесінің құрылуы, өкілеттілік саяси үкімет, кеңістіктік және әлеуметтік мобильділікті күшейту және т.б. «дәстүрлі жабық қоғамға» қарсы «қазіргі заманғы ашық қоғамды» қалыптастыруға тартатын үдерістер жиынтығы анықталады [1, 5 б.].
Қазіргі заманда көптеген елдер қоғамның көшу проблемасын саяси қарапайымнан саяси өмірдің күрделірек ұйымының формаларына көшу арқылы шешеді. Саяси ғылымда саяси жүйенің бір түрінен басқа түріне көшу «саяси даму» немесе «саяси жаңғырту» терминдерімен анықталады.
Саяси жаңғырту саяси өзгерістердің (қазіргі заманға икемдеу) белгілі бір бағыттылығын белгілейді. Саяси жаңғырту мақсаттарының арасында бірінші қатарға үкіметті рационализациялау тапсырмасы яғни бүкіл ұлттық мемлекет шеңберінде заңның ұлықтылығы қағидатының орындалуын қамтамасыз ету.
Сасяи жаңғырту үрдісі саяси институттардың сапалы өзгертілудің жүйелілігі мен ақырындап іске асуымен, оның атқарымымен сипатталады. Ал бастысы – мақсатқа бағытталған басқарылатын үрдіс, оның мазмұны саяси тәртіптердің, саяси мінез-құлықтың үлгілерін, идеологиялық құндылықтардың қандай да бір нормаларын, бағдарлау және саяси тілді құрайтын өзгерулерді құрайды.
Қазақстан Республикасының саяси жүйесі жаңғыртумен сипатталатын трансформациялық саяси жүйенің үлгісі болып табылады. Демократизация Қазақстанда КСРО кезінде 1980 жылдардың ортасында басталғанымен саяси жүйенің төлтума үрдісі туралы тек 1991 жылы 16 желтоқсан күні «Мемлекеттік тәуелсіздік туралы» ҚР Заңын қабылдағаннан кейін ғана айтуға болады.
Бұл күн тәуелсіздікті алу жолындағы қиын жолдың басталғанын білдірді. Біріншіден халықтың бірлігіне қол жеткізіп, оның еркін бүлдіруге емес, жасампаздыққа бағыттау болды; жаппай экономикалық, гуманистік дағдарысты еңсеруге, шұғыл түрде экономикалық және саяси жүйелердің жетілдірілуін жүргізуге, жаңа технологияларды игеруге, шетелдік инвестицияларды тартуға, әлемдік қоғаммен ынтымақтастықты жақсартуға, елдің қауіпсіздігі мен қорғанысын қамтамасыз етуге, әлеуметтік мәселелерді шешуге жұмылдыру [2].
Сыртқы экономикалық қызметтің либерализациялануы осы салада мемлекеттік монополияны жойды, кәсіпорындарға, фирмаларға және жеке тұлғаларға шетелдік серіктестермен байланыс орнатуға мүмкіндік берді, осы қызмет саласында бәсекелестік негіздер енгізді. Тәуелсіздікті жариялау салдарынан жаңа саяси институттарды, саяси партияларды, қоғамдық-саяси қозғалыстарды құруды және дамытуды қалыптастыру болды.
Қазақстандық мемлекеттіліктің қалыптасуының талдауы көрсеткендей, ұлт Басшысы дамудың ерекше, бірегей жолын таңдады. Қазақстандық мемлекеттің құрылуының басында шетелдік аналитиктер реформалардың корея, немесе түрік жолдарын болжады, алайда, біздің Елбасы жетілдірудің бірегей, қазақстандық жолын жария етті [2].
Қазақстанда өткізіліп жатқан саяси реформалар, ең басынан саяси жүйені жалпы жетілдіруге, сондай-ақ мемлекеттік басқаруды жетілдіруге, мемлекеттің іс-әрекетке қабілеттілігін нығайтуға, экономикалық құрылымдардың либерализациялауын және рационализациялауын қамтамасыз етуге, негізгі бостандықтарды сақтаған кезде әлеуметтік және саяси тәртіпті қорғауға, үкімет органдарының көлденең есеп беру міндеттілігін жетілдіруге, сыбайлас жемқорлықты болдыртпауға бағытталғанын атап өткен жөн.
Президенттік үкіметтің тарихи тағдыры, бастаулары және оның одан әрі дамуы 1990 жылғы 24 сәуірдегі «Президент лауазымын бекіту туралы және Қазақ ССР Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу» Қазақ ССР Заңымен тығыз байланысты. Қазақ ССР Президентінің лауазымын құру тәуелсіздік мемлекеттің саяси жүйесін қалыптастыруға шешуші ықпалын тигізді, КСРО құлдырағаннан кейін мемлекеттік үкіметтің сабақтастығын қамтамасыз етті. Қазақстандағы Президенттің лауазымын енгізу демократиялық дамудың жолын, өркениетті саяси жүйенің қалыптасудың талпынуын куәләндырды. Сонымен қатар Қазақстандағы президенттілік институтына ең басынан елдің даму ерекшеліктерімен, нақты саяси жағдайымен, саяси мүдделердің байланысымен себептескен өзгешелік ерекшеліктері тән болған.
Президент лауазымының өзгешелігін анықтайтын маңызы зор факторларға бұдан бұрынғы елдің саяси дамуы, бұрын болған мемлекеттік үкімет ұйымының өзгешелігі, саяси күштердің өзара қатынасы, саяси мәдениеттің деңгейін жатқызуға болады.
Қазақстан саяси жүйесінің нығаю ерекшелігі тек мемлекеттік үкімет емес, сонымен қоса зиялы қауымдар да Президент пен президенттік құрылымдар айналасында нығаюдан тұрады. Алдымен Президент тек ел басы болып құралғанмен, 1990 жылғы 24 сәуірдегі Заң Президенттің үкімет қалыптасуы мен қызметіне - Министрлер Кеңесіне ықпал тигізуіне негіз салды «Президент лауазымын құру және Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (Негізгі Заң). 1990 жылғы 24 сәуірдегі Қазақ ССР заңы. 1990 жылғы 25 қазандағы Қазақ ССР мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияны қабылдау Президент мәртебесінің лауазымын тек республика басшысы ғана емес, сонымен қоса жоғарғы атқарушы және өкім беруші үкіметтің басшысы ретінде анықтап, Президент лауазымын өзгертуге әкелді.
Атқарушы үкімет бірінші рет мемлекеттік үкіметтің дербес тармағы ретінде 1991 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заңында аталған. Атқарушы үкіметтің заңнамалық үкіметтен тәуелсіздік алу мен үкіметтің бөліну институтының құрылу жолындағы маңызды қадам 1991 жылдың соңында өткізілген барша халықтық президент сайлауы болды. Атқарушы үкіметтің нығаю мен күшею үрдісі қуат ала бастады [6, 15 б.].
Тәуелсіз Қазақстанның саяси жүйесіндегі дамудың жаңа кезеңі 1993 жылғы Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылдануымен байланысты. Республиканың негізгі Заңы ең алдымен Президентпен басқарылған атқарушы үкіметтің күшеюін көрсетті, ол өзінің бейнесін ең алдымен Үкіметтің Президент алдындағы жауапкершілік туралы ережесінде тапты. Сонымен қатар, заңдарды орындау мәселелері бойынша Үкіметтің жауапкершілігі Жоғарғы Кеңес алдында сақталды.
Жалпылай алғанда, қалыптаспаған демократия жағдайында орнатылған басқару жүйесінде үкіметтің заңнамалық органын босатуға әкелген үкіметтің саяси тармақтары арасындағы шиеленісте анықталған біршама түйінді мәселелер болды. Жаңғырту жағдайында Қазақстандағы парламенттік жүйенің тиімсіздігінде әділ негіз болды. Парламенттік жүйе тек дамыған көп партиялық жағдайда тиімді қызмет ете алады. Ал Қазақстанда көп партиялық саяси жүйенің құрылу үдерісі айтарлықтай күрделі және қарама-қайшы дамыды. Ол бастапқы деңгейде болып, өзгешелік мүдделері бар әлеуметтік қабаттар мен топтар толығымен қалыптаспаған қоғамның кішкене бөлігін жанады. Республиканың Жоғарғы Кеңесі сол мерзімде тиімді, кәсіби қызмет ете алмай, сабақтас экономикалық реформалардың өткізілуін қамтамасыз ете алмады. Әлеуметтік топтар өздеріне тән мүдделерімен соңына дейін қалыптасып үлгерген жоқ. Нәтижесінде республиканың Жоғарғы Кеңесі сол кезеңде тиімді, кәсіби деңгейде жұмыс істей алмады және кезекті экономикалық реформалардың жүргізілуін қамтамасыз ете алмады.
Бұл қарама-қайшылықтар 1995 жылдың 30 тамызында жалпы ұлттық референдумда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануымен жойылды, ол (Конституция) жоғары билік органдарының жүйесін және олардың қызметі мен өзара әрекетінің механизмін рәсімдеді, сонымен бірге Президенттің жоғары билік органдарының жүйесіндегі орнын анықтады.
1998 жылдың 7 қазанында және 2007 жылдың 21 мамырында ҚР Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу Қазақстан Республикасының саяси жүйесін демократияландырудың маңызды кезеңі болды, бұл өзгертулер мен толықтырулар саяси партиялардың билік жүргізуге қатысу мүмкіндіктерінің аясын кеңейтті.
Бұл оқиғалардың бәрі Қазақстан Республикасында демократиялық түрдегі сапалы жаңа саяси жүйенің қалыптасуына ықпал етті. Алайда бүгінгі күні бұл үрдісті аяқталды деп айта алмаймыз. Қазақстанның саяси жүйесін демократия жағына жаңғырту саяси партиялардың әрі қарай дамуын және нақты партиялар жүйесінің қалыптасуын, азаматтық қоғам институттарының дамуын талап етеді. Еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан – 2050 Стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында атап өткендей: «Біз саяси жүйемізді жаңғыртуды жоспарлы түрде жүзеге асыратын боламыз. Оның барлық негізгі элементтерін реформалауды жалғастырамыз –Пaрлaмeнттің, саяси партиялар мен жергілікті билік органдарының рөлін арттыру, сот жүйесінің тәуелсіздігін нығайту».
Демократияландыруға бағытталған, Егемен Қазақстанның саяси жүйесін жаңғырту мемлекеттік биліктің үш тармаққа: заң шығарушы, атқарушы және соттық болып бөлінуі кезіндегі бірлігін сақтап қалды, «ұстанымдар» мен «қарама-қайшылықтар» жүйесін қалыптастырды, мемлекет пен азаматтың өзара жауапкершілігіне қажет құқықтық негіздемелер жасады. Бұл Қазақстанда құқықтық мемлекеттің қалыптасуы үшін қажет маңызды шартқа айналды.
Құқықтық мемлекет идеясының негізінде азаматтарды билік тарапынан болатын үстемдік пен озбырлықтан қорғауға ұмтылу, жеке бас еркіндігін, негізгі тұлғалық құқықтарды, дәлірек айтқанда, өмір сүру, қауіпсіздік, меншік құқықтарын қамтамасыз ету жатыр. Бұл, біріншіден, мемлекет пен қоғамды бөлу жағдайында, ал екіншіден, мемлекеттің қызмет аясын құқықпен, бірінші кезекте, халық пен үкімет арасындағы қарым-қатынасты реттейтін негізгі заң – конституциямен шектеу кезінде мүмкін. Осылайша, құқықтық мемлекет – құқық басым болатын, заң үстем болатын, адам мен азаматтың құқығы мен еркіндігі мойындалатын демократиялық мемлекет.
ҚР Конституциясында былай жазылған: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары». Бұл сөзбен мемлекет құқықтық мемлекет идеалы жолын ұстайтындығы жайлы және оның негізгі принциптерін жүзеге асыруға ұмтылуы жайлы мәлімдейді.
Құқықтық мемлекеттің жалпыға танылған принциптері мыналар: халық егемендігі, Конституцияның ұлықтылығы, барлығының заң алдында тең болуы, мемлекеттік және жеке бас мүддесінің теңдігі, адам мен азамат құқығы мен еркіндігінің тұрақтығы. Құқықтық мемлекеттегі жоғары билік органдарының қызметі оны заң, атқарушы және сот деп бөлу принципінің негізінде жүзеге асырылады.
Халық еркіндігі дегеніміз халық билігінің үстем болуы дегенді білдіреді, мұны ҚР Конституциясының 3-бабынан көруге болады: «Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы — халық. Халық билікті тікелей республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді … Халық пен мемлекет атынан билік жүргізуге Республика Президентінің, сондай-ақ өзінің конституциялық өкілеттігі шегінде Парламенттің құқығы бар».
Конституцияның ұлықтылық принципі 4-бапта көрсетілген, онда былай делінген: «Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сәйкес заңдардың, … нормалары болып табылады. Конституцияның ең жоғары заңды күші бар және Республиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданылады».
Заң алдында барлығының тең болуы жайлы принципті ҚР Конституциясының 14-бабынан көруге болады: «Заң алдында жұрттың бәрі тең. Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды».
Мемлекеттік және жеке бас мүддесінің теңдігі принципін жүзеге асыру мемлекеттік және жеке меншікті қорғау кезіндегі теңдікті мойындау формасына ие болады (ҚР Конституциясының 6-бабы): «Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және ортақ қорғалады».
Адам мен азамат құқығы мен еркіндігінің тұрақтығы принципі 12-бапта: «Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі» және ҚР Конституциясының 39-бабында: «Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатына қажетті шамада ғана және тек заңмен шектелуі мүмкін» көрініс тапқан.
Яғни, Қазақстан Республикасының Конституциясында құқықтық мемлекетке тән негізгі принциптер көрініс тапты, бұл Қазақстанның шынайы құрылуға деген ұмтылысын дәлелдейді. Бұл үшін республикада объективті алғышарттар қажетінше қалыптасқан, олар мемлекет басшылығының, бірінші кезекте, оның Президентінің, яғни, Н.Ә. Назарбаевтың қазақстандық қоғамды әрі қарай демократияландыру мен саяси жаңғыртудағы саяси еркіндігінің болуымен толықтырылады.
Елбасы өз Жолдауында саяси жүйені жетілдірудің тарихи қысқа мерзімінде Қазақстан халықаралық қоғам тарапынан мойындауға ие болғанын бірнеше мәрте айтты.
Қазақстан халқының ынтымақтастығының және Елбасының маңызды бастамаларын қолдауының арқасында экономикалық дағдарысты жеңді, тұрғындардың өмір сүру деңгейі көтеріліп, жылдан жылға жаңа технологиялар игерілуде, жаңа жұмыс орындары ашылуда [2].
Қазақстан Республикасының өзгешелігі қазіргі заманғы қоғамға өтуге бағытталған жетілдірілген процестер қоғам тұрақтылығы мен жасалған түрлендірулер реттілігін қамтамасыз ететін эволюциялық жолмен орын алып жатқанындығында екенін атап өту керек. Н.Ә. Назарбаев өзінің Қазақстан Халқына «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында атап өткендей, барлық қабылданған шешімдердің нақ сындарлылығы мен эволюциялылығы «Қазақстан - 2050» Стратегиясын іске асыруды қамтамасыз ететін ең маңызды принциптерінің бірі болып табылады [7].
Қазіргі таңда Қазақстан қоғамның объективтік қажеттіліктері мен жалпы қазақстандық құндылықтардың жаңа жүйесінің қалыптасуынан туындаған елдің мемлекеттік, экономикалық және саяси құрылымындағын түбегейлі өзгерістермен шартталған демократиялық, құқықтық мемлекеттің нығаюының жаңғыртылған жолы бойынша нық жүріп келеді.
Әдебиеттер тізімі
1. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан – 2050 Cтрaтeгиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты». Интернет ресурсы: http://www.akorda.kz
2. Президент свободы // Казахстансая правда, 2015, 5 июля
3.Назарбаев Н.Ә. Бес G-Global принципі. V Астана экономикалық форумы. Интернет ресурсы: //www.bnews.kz
4. Джунусов А. М. Социально-политическая модернизация в Казахстане: состояние, перспективы. Интернет ресурс: // www.group-global.
5. ҚР Конституциясы (2007 жылғы өзгертулермен және толықтырулармен)
6. Бaишeв Ж.Н. Конcтитуционноe прaво Рecпублики Кaзaхcтaн: Учeбно-мeтодичecкоe поcобиe. – Aлматы: Жeтi жaргы, 2001.
7. Послание Президента РК Н.А. Назарбаева народу «Казахстанский путь-2050: Единая цель, единые интересы, единое будущее. //Казахстанская правда, 2014, 18 января.
Балшикеев С.Б.,
ф.ғ.к., доцент,
Қарағанды мемлекеттік
техникалық университетінің
«Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер»
кафедрасының меңгерушісі
e-mail: Balshikeev@mail.ru
АСТАНА – ПРЕЗИДЕНТТІҢ ОРЫНДАЛҒАН АРМАНЫ, ҮЙЛЕСІМДІЛІК ЖӘНЕ ЖАЙЛЫЛЫҚ МЕКЕНІ
Н.А. Назарбаев Қазақстан халқына «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында «Қазақстан тәуелсіздігі және Астана» Жаңа Қазақстандық Патриотизм негізінде жататын ең маңызды мемлекет құраушы, жалпы ұлттық құндылық екенін белгіледі. Тарих тұрғысынан алғанда өте қысқа мерзімде қаланған жаңа Астана Қазақстан жаңаруының шынайы нышаны болды [1].
Барлығы 1990 жылдардың ортасында басталды, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі елорданы Алматы қаласынан Ақмолаға көшіру туралы жас егеменді мемлекет үшін тағдыршешті шешім қабылдады. Астананың ресми түрде көшірілуі 10 желтоқсан 1997 жылы өтті. Қазақстан Республикасы Президентінің 6 мамыр 1998 жылғы Жарлығымен Ақмола Астана деген атқа ие болды, ал 10 маусым 1998 жылы Қазақстанның жаңа астанасының халықаралық таныстыру рәсімі өтті.
Қазақстанның жаңа замандас елордасын құру идеясы еліміздің Бірінші Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа жатады, ол елорданы Республиканың орталығына көшіруді экономикалық реформалармен қоса, егемен Қазақстанның дамуының, оның нарықтық экономика және демократияға нәтижелі өтуінің мақсаттарын шешу бойынща тағы бір стратегиялық механизм болатынын жобалады. Жаңа орасан зор еуразиялық ірі мемлекетке жаңа жалпы ұлттық нышан, жасампаздық рухын, жаңашылдықты және Қазақстанның рөлін Батыс пен Шығыс кездесетін орын ретінде бейнелейтін ХХІ ғасыр қаласы, Астана қажет болды.
Қазақстанның алдыңғы елордасы – Алматы – елдің оңтүстігінде орналасқан, тұрғындар саны миллионнан асқан болатын. Алматының тығыз құрылыс салынуы қаланың дамуына мүмкіншілік бермеді. Көлік санының шамадан тыс асып кетуі және ерекше табиғат жағдайлары, дәлірек айтқанда қаланың үш жақтан таулармен қоршалануы нәтижесінде «оңтүстік елорда» Қазақстанның экологиясы нашар қалаларының біріне айналды.
Әлемдік тәжірибе елдің жаңа сапалы даму деңгейіне көшуіне байланысты ұлттық мемлекеттердің жаңа даму кезеңін бейнелейтін елорданың көшірілуінің көптеген мысалдарын көрсетеді. Мұндай жағдайларда Қазақстан ТМД елдері арасында бұл жобаны жүзеге асыруға шамасы келген ел болып шықты. Астана құрылысы Қазақстан Республикасының және оның тұрғындарының экономикалық, саяси, әлеуметтік және рухани күш-қуатын көрсеткен кеңес одағынан кейінгі кезеңде ең жойқын мегажобалардың бірі болды.
Елорданың көшуіне 10 жыл болғанына арналған салтанатты жиналыста Н.А. Назарбаев еске алды: «Біреулер менің ойымды сөзсіз қолдаған, ал басқалары сол кездегі мардымсыз қаражатты құртуға уақыт емес деп, тымық қорғанысқа көшкен кездегі парламенттағы қызу пікірталас әлі есімде. Оған мен жауап берген едім: «Қайтымсыз шығындар болып тек қана елорданың көшірілуі табылады. Ал қалаға бөлінгендердің барлығы – болашаққа инвестиция» [2].
Тоқсаныншы жылдар ортасында бұл ойдың жүзеге асатынына көп адамдар сенбеген еді. Бірақ қазір елорданың көшірілуі туралы тарихи шешімнен он жылдан астам уақыт өткеннен кейін, елдің Бірінші Президентінің көрегендігі және алғырлығы айқын болды. Қысқа мерзімде салынған Астана Қазақстан Республикасының жалпылама динамизмінің, ызақорлығының және болашаққа ұмтылушылығының бейнесі болды.
Елорданың көшірілуі елдің ұлттық қауіпсіздігін нығайтты және тек Астана емес бүкіл Қазақстанның экономикалық дамуына маңызды себеп берді. Қаланың жоғарғы даму қарқыны көптеген инвесторларды тартты, оның нәтижесінде қаланың астана мәртебесін алудан кейін тартылған инвесторлар көлемі 30 есе, ал жалпы жергілікті өнім 90 есе өсті. Қазіргі таңда қаладағы ЖЖӨ мөлшері республикалық көлемде 8,5 пайызды құрайды.
Астана елорда мәртебесін алғаннан кейін, қалада 10 миллион шаршы тұрғын үйлер қаланды, бұл елорданы құрылыс көлемі бойынша елдегі көшбасшыға айналдырды. Астананың қалануында жүздеген отандық және шетел компаниялары қатысты: түрік, итальян, француз, швейцарлық. Сәулеттік тұжырымдаманы құрастыру кезінде Ұлт Көшбасшысы Н.А.Назарбаевтың елордада Шығыс пен Батыстың ұлттық мәдени салтын үйлесімді байланыстыратын ерекше еуразиялық стиль құру туралы идеясы негізге алынды. Елордалық бас жоспардың авторы болып атақты жапондық сәулетші Кисе Курокава тағайындалды.
Қазір Астана – механикалық бірігулермен емес, үндестік және Батыс пен Шығыс, Солтүстік пен Оңтүстік – дүние жақтары мәдениеттерінің бірігулерімен ерекшеленетін еуразиялық қала. Н.А.Назарбаев өте айқын және бейнелі түрде Қазақстанның жаңа елордасының философиясын анықтады: «Мұнда, Сарыарқаның көне жерінде, жай елорда ғана емес, ел болашағының бесігі пайда болды. Астана және қазақстандықтар тағдырының тарихы ажырамастай болып табылады. Елорда - күш-қуат, серпінді даму және тұрақтылықтың туындысы. Астана - айқын, қуатты, гүлденген, барлық қазақстандықтарды біріктіретін және алға ұмтылатын қала. Біздің елордамыз - Отанымыздың түп-негізі, халықтың өз күшіне және ұлы мақсатқа сенімінің нышаны» [3].
Еуразиялық континенттің дәл ортасында орналасуы Астананы экономикалық тұрғыдан көлік, байланыс және логистикалық орталық, Еуропа мен Азия арасындағы ерекше транзитті жол ретінде қарастырылуына мүмкіндік береді. Бұл оны кәсіпкерлік мәдениеті серпінді дамып келе жатқан Қазақстанда ең ірі бизнес орталығының бірі болуына жағдай туғызды. Қазір Астана әр түрлі деңгейдегі, жергілікті де халықаралық та бизнес-форумдарды өткізудің байтақ алаңы болып табылады. Қазіргі таңда Астанада 170 мыңға жуық қала тұрғындары жұмыс істейтін 50 мыңнан астам шағын және орташа кәсіпкерліктер қызмет атқарады. Бұл тек бастамасы екендігіне сенім етуге болады.
Астана халықаралық деңгейдегі әр түрлі форумдар, конгресстер және басқа да іс-шаралар өтетін Еуразиялық кеңістіктің шынайы орталығы болды. Соңғы бірнеше жылдар ішінде Қазақстан астанасы барлық мемлекеттік бірлестіктердің бірнеше рет назарына айналды. Осылай, 2003 жылдан бастап, елордада мемлекетіміздің конфессионалды саясаты арқасында мүмкін болған дүниежүзілік және ұлттық дін көшбасшыларының төрт съезі өтті. Дүниежүзілік және ұлттық дін көшбасшыларының Конгресін өткізу үшін елордада арнайы Бейбітшілік пен Ынтымақтастық Сарайы – жаңа жабдықтармен жабдықталған концерттік-опералық залы бар пирамида пішінді әмбебап ғимарат қаланды.
Астана халықаралық форумдар мен кездесулердің қатысушыларын жоғарғы деңгейде бірнеше рет қабылдады. Қазақстанның жас елордасы Астаналық экономикалық форум, Еуропа, Азия және Солтүстік Американың 56 елінің басшыларын біріктірген Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақсыздық бойынша Ұйым саммиті және тағы басқа халықаралық маңызы бар кездесулер өткізді.
Қазақстан 2010 жылы бір жыл ішінде ОБСЕ-да төрағалық ету құқығына ие болған кеңес одағынан кейінгі мемлекеттер арасындағы ең бірінші мемлекет болды. Осы жылы Астанада ОБСЕ тарихи саммиті, ШЫҰ және ИӘҰ мерейтойлық саммиттері өтті. 2011 жылдың басында елордамыз VII Қысқы Азия ойындарының қатысушылары мен қонақтарын қабылдады. Қазіргі таңда дүние жүзінде Астананы «Болашақ энергиясы» атты ұранмен өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің болашақ қожайыны ретінде таниды.
Қазақстанның елордасы дүние жүзінің жиырмадан астам қалаларымен тату және ағайындық қатынастарға ие. Өз пайда болуының таңында 1999 жылдың шілдесінде Астана ЮНЕСКО-ның «Бейбітшілік қаласы» атты сыйлық ақыға ие болды. 2000 жылдан бастап Қазақстанның бас қаласы Елордалар мен ірі қалалардың халықаралық ассамблеясының мүшесі болып табылады.
Қазақстанның дін мәселелерін және конфессия аралық бейбітшілік пен ынтымақтастықты қамтамасыз етуде шешімдер қабылдау үлесін жоғары бағалау көрсеткіші болып Астанаға 2001 жылы Рим Папасы Иоанн Павел II келуі саналады. Астана «ТМД және ЕуразЭБ ең таңдаулы қала» атты Халықаралық сынау байқауында жеңімпаз болып шықты, ал 2012 жылы Қазақстанның бас қаласы ТМД және түркі халықының мәдени елордасы міндетін табысты орындады.
Қазақстанның сыртқы саясаттағы жетістіктері елдің экономикалық нәтижелерінен қалмайтынын қазіргі таңда мойындауға болады. Қазақстан аз танымал елден жергілікті саясаттың көшбасшысы және дүниежүзілік үрдістердің белсенді де танымал қатысушысына айналды. Астана дүниежүзілік беделді саясаткерлер, дін басшылары және ірі бизнес жетекшілер қатысатын маңызды халықаралық іс-шаралар орнына айналды. Қазақстан Н.А.Назарбаевтың халықаралық деңгейде құрметке ие болуы арқасында танымал болды [4].
Қазір Астана тек таңдамалы сәулет қана емес, экологиялық таза мегополис үлгісі, қала-саябақ болып табылады. Елордалық «Жасыл белдеу» ұлғаюда, қала жазық дала ортасында жасыл алқапқа айналып барады. Мемлекет өз алдына Астанада «жасыл қалқан» қою арқылы желдің қаттылығын басу мақсатын қойды. Бұл мақсатта, елорданы көшіргеннен кейін бірден « жасыл қалқанның» ағаштары егізіле бастады, қазіргі таңда олар 10 метр биіктіктен асты. Астананың өзінде жаңа саябақтар мен гүл бақтар салынған, жасыл көгалаңдар ауданы миллион шаршы метрге дейін жетті. Жалпы Астана айналасындағы жасанды ағаштар көлемі - 65 мың гектар, оның ішінде 14 мың гектар қаланың шекарасында өседі. Бұл жұмыстар жалғасып келеді. 2020 жылға дейін жалпы 100 мың гектар қала ішілік және маңайдағы дала аймақтарын жасылдандыру жоспарлануда.
Президенттің бес институционалдық реформалары, баяндалған «Мәңгілік ел» атты концепциясы – Қазақстан әлеуметінің өнегелі және рухани кодексі. «Мәңгілік ел» жүйесінде қазақ этносының мәдени коды және қазақ біртұтастығының маңызды бөлігі жасырланған. Бұл идея елорданың сәулет бейнесінде қамтылған [5].
Жаңа елорданың бас нышаны, тұрғындар мен қонақтарды қызықтыратын өзіндік сыры бар Бәйтерек кешені болып табылады. Басқа әмбебап сәулет ғимараттары ішінде атауға болады: ағылшын сәулетшісі Норман Фостер жобалаған және пирамида секілді жасалынған «Бейбітшілік және ынтымақтастық сарайы» және ең биік шатыр тәрізді ғимарат болып табылатын ойын-сауық сауда орталығы «Хан Шатыр», теңізден алшақ океанариум «Думан», Манфреди Николетти жаратылысы орталық концерт залы «Қазақстан», тұрғын үй кешендері «Астана триумфы» және «Солтүстік шұғыла», «КазМұнайГаз» және «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компанияларының офистік ғимараттары.
Астана әрі дамиды, одан да таңдамалы болып жаңарады. Жаңа «Абу-Даби плаза» атты 80 қабатты үй құрылысы, «Ритц-Карлтон» қонақ үй құрылысы әлдеқашан басталды, «ЭКСПО-2017» ғимараттарын салу басталады.
Қазіргі таңда Астана бір уақытта фабрика және жаңа Қазақстанның жоғарғы руханиятын сақтаушы болып тұр. Өткен онжылдықтар экономикалық және әлеуметтік көрсеткіштермен ғана емес, мәдени құндылықтарды қалыптастырумен де таңдандырады.
Астанада 2009 жылы әмбебап концертті зал «Қазақстан» ашылды. Бұл ғимаратқа бүкіл Орталық Азия аймағында теңдесі жоқ және дүние жүзінің ең таңдамалы сәулет құрылысы қатарына жатады. Оның акустикалық мүмкіндіктерін көптеген атақты музыканттар мен опера орындаушылары сынады. 3500 көрермендерге есептелген зал тек Астанадан емес, барлық Қазақстаннан музыка өнеріне әуесқойлардың аншлагын жинайды.
Астананың 15 жылдығы қарсаңында елорданың орталығында «Астана Опера» атты жаңа опера және балет театры құрылыс жұмыстарын бітірді. Бұл жаңа әмбебап ғимаратты Еуразия және дүние жүзінде ең қызықтырушы көрмелік алаңның бірі ететіні – ол, ғимараттың сәулет бойынша классикалық және техникалық жабдықтау мен ішкі бейімделу бойынша тіпті инновациялық болуы. Оның сахнасында қазақ опера өнерінің классикасы – «Біржан және Сара» жаңа бейімдеушілікпен әлдеқашан қойылды.
Қысқа мерзім ішінде Астанада әмбебап рухани-діни ғимараттар салынған және іске қосылған, олар: «Нұр Астана» және «Хазрет Сұлтан» мешіттері, православты Успендік Кафедралды Собор, католиктік Құдай Ананың Тынбайтын Көмек Соборы, «Бейт Рахель – Хаббад Любавич» синагогасы. Президент бастамасы бойынша халқымыздың біртұтастығын сақтаушы Астанада барлық қазақстандықтар үшін нағыз сәулет өнерінің көрінісі болған Бейбітшілік және ынтымақтастық сарайы қаланды. Мұнда жыл сайын этника аралық және конфессия аралық қарым-қатынастағы толеранттықтың бас механизмі болған Қазақстан халқының Ассамблеясы сессиясы өткізіледі. Елордамыздың дерлік барлық қонақтары тұрғындардың толеранттығын, бейбітшілікті және тыныштықты аса белгілейді. Бұл қасиеттерді Қазақстанның барлық этностары мен конфессиялары достығын, бүкіл Қазақстан қоғамының бірлігін нығайтатын Астана жайнатады [3].
Астана Қазақстан қоғамы талпынатын әлеуметтік даму стандартын қалыптастырады, оған қоса сапаның жоғарғы шыңына және салауатты өмір салтына шақырады. Өткен жылдар ішінде елордада тез арада игеріліп жатқан және халықаралық спорттық ойындарға негіз болатын жаңа спорттық ғимараттар кешені тұрғызылды: «Қазақстан» және «Алатау» спорт кешені, «Алау» атты жаңа Мұз Сарайы, республикалық велотрек, «Астана-Арена» жабық стадионы, ондаған спорт алаңдары, клубтар және фитнес орталықтары [3].
Қысқа мерзім ішінде Қазақстанның Бірінші Президенті ерігімен туған жаңа елорда жалпы ұлттық идея мәртебесіне ие болды, жас мемлекеттің тәуелсіздігі мен ғаламдық жетістік нышаны болды. Астана қоғамдағы бейбітшілік пен ынтымақтастықтың түп-негізіне айналып қазақстандықтарды біріктірді. Н.А. Назарбаев айтқандай: «Астана – Отанымыздың түп-негізі, халықты тұтастырған ұлттық идея көрінісі, халықтың өз күшіне және ұлы мақсатқа сенімінің нышаны» [2].
Астана шексіз далада қаланған жаңа қала ғана емес, бұл елорданың әмбебап сәулетінде бейнеленген Батыстың кербездігі мен Шығыстың терең рухани салтын нық біріктіретін қазақстандықтардың дүниені қабылдауының тұтас жүйесі. Еліміздің Бірінші Президенті Н.А.Назарбаевтың «Тәуелсіздік Астананы тудырды, бірақ Астана біздің Тәуелсіздігімізді дәлелдеді және әрі қарай дамытады» атты сөздері елордамыздың Қазақстан тағдырындағы рөлін тағы да белгілейді [2].
Барлығы арманнан басталды. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қайшы ой-пікірлерге қарамастан өз арманын жүзеге асырды.
Әдебиет тізімі
1. Послание Президента Республики Казахстан Н.А. Назарбаева народу «Казахстанский путь-2050: Единая цель, единые интересы, единое будущее // Казахстанская правда, 2014, 18 января.
2. Официальный сайт Президента Республики Казахстан http://www.akorda.kz.
3. Назарбаев Н.А. Астана - великая эпоха и стратегический вектор Казахстана // Казахстанская правда, 2013, 6 июля.
4. Адырбеков И. Президентская дипломатия // Казахстанская правда, 2015, 20 июня.
5. Башмаков А. Астана – воплощенная мечта Президента // Казахстанская правда, 2015, 23 июня.
Н.Б. Давлетбаева,
Қарағанды мемлекеттік
техникалық университетінің
Инженерлік экономика және менеджмент
факультетінің деканы, э.ғ.к., доцент
е-mail: marat3011@mail.ru
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК индустриЯлЫҚ-инновациЯЛЫҚ ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫ
«Ұлт жоспары» бағдарламасы Қазақстан Республикасының жаңа тарихи жағдайында 30 дамыған елдің құрамына еніп, Орталық Азияның қаржы орталығы ғана болып қоймай, сондай-ақ инвесторлардың көңілін барынша аудартып, шикізат емес, өнеркәсіптік мемлекет мәртебесін алудың іргетасы болып табылады. Реформаны жүзеге асыру барысында, Қазақстанның өңдеуші секторында экспорттық тауарларды дайындау барысында кемінде 10 трансұлттық корпорацияларды тарту күтілуде [1].
Биылғы жыл отандық экономика үшін индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының (ҮИИДМБ-2) екінші «бесжылдығы-ның» басталуымен ерекшеленеді.
Қазақстан Республикасы жаңа технологиялардың маңыздылығын ескере отырып, экономиканың индустриялық-инновациялық дамыту қажеттілігі туралы мәлімдеген алғашқы елдердің бірі болды. ҮИИДМБ-2 әзірлеу және іске қосу экономикалық дағдарыс қалыптастырған қауіп-қатерлерге еліміздің жауабы. Бұл бағдарлама одан әрі өнеркәсіпті дамытуға негіз салды және өзіндік өнеркәсіптік базаны дамыту бойынша мемлекеттік жүйелі тәсілдер үлгілерінің бірі болып саналады.
ҮИИДМБ-2 мақсаты – экономиканы әртараптандыру және бәсекеге қабілеттігін арттыру арқылы оның тұрақты және теңгерімді өсімін қамтамасыз ету. ҮИИДМБ-2 әлемдік қаржы дағдарысы жағдайларында өнеркәсіпті қолдаудың дағдарысқа қарсы құралдардың бірі болды [2].
ҮИИД 2015-2019 жылға есептелген жаңа бағдарлама, бірінші «бесжылдықтың» қисынды жалғасы болып табылады және оның жүзеге асу тәжірибесін ескереді. Бірақ, басты ерекшелігі сол, екінші кезең кластерлік тәсілді қолданумен басым секторлардың шағын санында, аймақтық мамандандырылуында және тиімді салалық басқаруда күштер мен ресурстардың шоғырлануына сәйкес дәл осы өңдеу өнеркәсібін дамытуы бір нүктеге топталады.
Басқа мемлекеттердің классикалық және қазіргі заманғы әдістері қолданылған тәжірибесі талданды, сондықтан біз бұл еліміздің нақты анықталған және толықтырылған стратегиялық құжаттардың бірі деп санауға болады.
Бағдарламадағы жекелеген кестелерде 2012 жылдағы деңгеймен салыстырғанда 2019 жылда жетуге тиісті нақты экономикалық көрсеткіштері жазылған. Жағдайдың нақты көрінуі тұрғысынан қалай сапалы болса, солай мониторинг пен талдау үшін ыңғайлы бес базалық индикатор таңдап алынған. Егерде олардың ішіндегі маңыздысын айтар болсақ, мысалға, өңдеуші өнеркәсіптегі жалпы қосылған құнның өсімі шынайы мәнде 1,4 еседен кем өспеуі қажет. Өңделетін өнеркәсіптердің энергия сыйымдылығы 15 % кем болмауы тиіс.
2020 жылға дейінгі индустриялық саясатты қалыптастырған кезде ел индустриясының күшті және әлсіз жақтарын, сондай-ақ оны дамыту мүмкіндіктері мен оған төнетін қауіп-қатерлерді ескеру қажет.
Индустриялық даму саласындағы күшті және әлсіз жақтарын талдау.
Индустриялық дамудың күшті жақтарын қарастырайық:
1) табиғи ресурстармен жоғары қамтамасыз ету;
2) макроэкономикалық және саяси тұрақтылық;
3) даму институттары, мемлекеттік холдингтер және ұлттық компаниялар жүйесімен нығайтылған қолданыстағы индустриялық саясаттың болуы;
4) қолайлы іскерлік климат.
Қазақстан Республикасы әлемде табиғи пайдалы қазбалардың қоры бойынша 6-орынды алады, көмірсутектердің барланған қорларының деңгейі бойынша әлемде 10-орында және уранды ірі экспорттаушы болып табылады. Минералдық пайдалы қазбалардың бай қорлары елде өндіруші өнеркәсіпті белсенді дамыту үшін база құрады. Жер қойнауында химиялық элементтер кестесінің 117 компонентінің 99-ы анықталды, олардың ішінде 70 элемент барланды, оның ішінде 60-ы өндірілуде. Қазақстанның солтүстік бөлігінде жел энергетикасын дамыту үшін тартымды жел картасы бар. Қазақстанның оңтүстік бөлігінде күн белсенділігінің жеткілікті тығыздығы бар.
Қазақстан Республикасында жеткілікті алтын-валюта резервтері, Ұлттық қорда қаржының елеулі көлемі және макроэкономикалық және саяси тұрақтылықты қолдау үшін тұрақты саяси жүйе бар. Даму институттары жүйесі мен мемлекеттік қолдау шаралары қалыптасты, заңды түрде бекітілді және қолданыста. Ұлттық холдингтер белсенді мемлекеттік индустриялық саясат жүргізу үшін негіз салуда.
1-кестеде ҚР индустриялық-инновациялық дамуының екінші бесжылдығының негізгі ерекшеліктері көрсетілген [3].
ҚР индустриялық-инновациялық дамуының екінші бесжылдығының негізгі ерекшеліктері
1 кесте
|
2010-2014 жылдарға ҮИИДБ
|
2015-2019 жылдарға индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы
|
Мақсаты
|
Экономикалық әртараптандыру.
Өңдеуші өнеркәсіптің өсу үлесі
12 нысаналы индикаторлар
|
2012 жылмен салыстырғанда 2020 жылға қарай 1,6 есе өнімді өңдеу өнеркәсібінің өсімін ұсыну - ақылға қонымды әртараптандыру.
5 нысаналы индикаторлар
|
Қолдау нысаны
|
Экономиканың басты 16 саласы, а/ш, инфрақұрылымды, туризмді, сауданы, ШОБ қоса алғанда,
Компаниялар мен жобалардың қолдауы
|
Өңдеуші өнеркәсіптің 6 басты саласы
Басым саладаны 14 секторға бөлу
Үш қолдау нысаны: кәсіпорын, аумақ және сала
Кластерлік ыңғай
|
Қолдау жөніндегі шаралар
|
Барлық салалар үшін 10-нан аса қолдау құралдары
|
Айрықша қолданыстағы құралдардың бес түрі
ШОБ, ірі кәсіпорын, аумақтар үшін жекелеген қолдау құралдарының жинтығы .
|
Шаралар жоспары
|
23 салалық бағдарлама
Аумақтық дамудың 16 бағдарламасы
|
Салалық бағдарламаларды болдырмау /жою, өзгерту/
Шараның бірыңғай жоспары
Жеке шараларды талдап тексеру және анықтауға зейін қою
|
Өткізу механизмдері
|
Нақты нәтижелердің жетістіктері үшін ұжымдық жауапкершілік
|
Бағдарламаның нәтижелер жетістігіне дербес уәж және жауапкершілік
Әрекеттің нәтижелері туралы шарттарды енгізу.
|
Аймақтар мен бизнестің рөлі
|
Бағдарламаны орындаушы рөлінде Министрлік пен аймақтар
|
Бағдарламаны өңдеу және іске асыруда бизнестің, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен салалық ассоциацияның белсенді қатысуы.
Өнеркәсіптің дамуы бағдарламасын іске асыруда аймақтардың жауапкершілігі мен өкілеттілігі.
Аймақтық даму институты - әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы
Аймақтық мамандандыру
|
Қаржыландыру моделі
|
Бағдарламаның дағдарысқа қарсы бағыты
Бизнесті мемлекет тарапынан ауқымды қаржылай қолдау
|
Қаржыландыру моделін теңдестіру
Бағдарламаны жүзеге асыру үшін жекеменшік қаржыландыру табыс көзін белсенді жұмылдыру /тарту/.
|
Мемлекеттік функциялар мен рәсімдерді реформалау барысында Қазақстан Республикасы іскерлік климат сапасын көтеруде табыстарға қол жеткізді. ДЭФ елдерінің жаһандық бәсекеге қабілеттілігі рейтингінде (50-орын) және бизнес жүргізуге жағдай сапасы бойынша Дүниежүзілік банк рейтингінде (53-орын) позиция Кедендік одақ бойынша әріптестер мен макроөңір елдерінің көбінен басым тұр [4].
Индустриялық дамудың әлсіз жақтары мен кедергілер:
1) өңдеуші өнеркәсіптегі инвестициялық белсенділіктің жеткіліксіздігі;
2) біліктіліктің талап етілетін деңгейіндегі адами ресурстардың шектелген қолжетімділігі;
3) әлемдік нарыққа кіруге кедергілері ретінде инфрақұрылымдық шектеулер;
4) инфрақұрылымдағы тар орындардың болуы (көлік-логистикалық, энергетикалық, сумен жабдықтау);
5) мемлекеттік компаниялар басым болған кезде шағын және орта бизнес үлесінің жеткіліксіздігі;
6) ұлттық инновациялық жүйенің төмен бәсекеге қабілеттілігі;
7) өнеркәсіптегі төмен ресурстың тиімділігі;
8) жетілдірілмеген техникалық реттеу.
ҚР мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының екінші бесжылдық жобасын іске асыруда 2015-2020 жылдарда қажет жалпы инвестиция көлемі 52 млрд доллар деңгейінде, сонымен қоса ФИИРді қаржыландыруда жалпы қажеттілік 8 трлн тенгені құрайды.
Индустриализацияның екінші кезеңін дайындауда мыналар қажет:
– кәсіпкерлердің қолжетімді қаржымен қамтамасыз ету;
– өндірістік күштерді орналастырудың мәселесін пысықтау (қандай кластерлерді дамыту қажет және оларды қайда орналастыру керек);
– кәсіпкерлік саясатты қалыптастыру (бизнесті қолдау құралдарының анализін жасау);
– кадрмен қамтамасыз ету мәселесін шешу;
– инфраструктураны дамыту (транспорт, логистика, АЭА және ИЗ).
Қазақстан Республикасы үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту Мемлекеттік бағдарламасы аясында Қарағанды облысы бойынша өнеркәсіптік салаларды базалық дамыту, өнеркәсіпті қайта құру құрылымы, кешенді өнеркәсіптің бағдарламалы-мақсатты басқару әдістерін енгізу Тұжырымдамасы әзірленген. Тұжырымдаманы іске асыру еңбек өнімділігін арттыруды қамтамасыз етіп, ішкі және сыртқы нарықтағы негізгі салалардың өнімдер бәсекелестік позициясын күшейтіп, жоғары технологиялық деңгейге өтуге мүмкіндік береді. Тұжырымдаманы әзірлеуде кен өндіру, көмір өнеркәсібін, қара және түсті металлургияны, машина жасау мен металл өңдеу, химия және фармацевтикалық өнеркәсіпті, құрылыс материалдардын дамытуға ерекше көңіл аударған. Әр саланың дамуы бойынша толық схемасын көрсететін шеберлік жоспары әзірленген. ҮИИДБ аясында елді индустрияландыру картасына Қарағанды облысынан жалпы сомасы 238,3 млрд теңге көлемінде 24 инвестициялық жоба қосылған.
Индустрияның ұлттық экспорттан хабардар секторлары индустрияландыру локомотивтерінің рөлін кейінгі шекті өндіріс дамуы мен кең мультипликативтік нәтиже есебінен орындайды. Дәстүрлі экспорттан хабардар секторы индустрияда секторы үнемдеулерге кездесетіні олардың дамытуынан кең мультипликация жасау әсердің келесі қайта бөлісулердің және қамтамасыз етудің өндірістердің дамытулардың есептің артына индустрияландыруда локомотивтерге рөлге орындайды. Экономиканың басым салаларында ҒЗТКӘ нәтижелерін енгізу, энергия үнемдеу аясында нормативті заңдарға сүйенетін базаларын, инновациялық инфрақұрылымның даму есебінен, сапа инфоструктурасын құру, отандық өнеркәсіптік инновациялық әзірлемелерді игеру, стандарттық технологиялар трансферті үшін жүйелік шарттар жасалады.
Арнайы бюджеттік бағдарламалардан тұратын құралдар мен мемлекеттік шаралардың бірыңғай жүйесін құру, ол Бағдарламаның өз мақсатына жетуге және елді индустриализациялауда синергетикалық әсер беруге, мемлекет пен бизнесті шоғырландыруға, үйлестіруге мүмкіндік туғызады. Белсендірілген үдемелі индустриялық-инновациялық саясат қазақстандықтардың әл-ауқатын жоғарылатады.
Сонымен, жаңа бағдарлама өзінің өңдеуші өнеркәсіптерін дамытуға ғана емес, экономиканы толығымен дамытуға көмектеседі. Және ол білім саласын, әсіресе кәсіби - техникалық саланы айтарлықтай дамытуға мүмкіндік береді, халықты жұмыспен қамтуға және мемлекетіміздің дамуындағы өзге де мәселелерді шешуге мүмкіндік туғызады.
Әдебиеттер тізімі
1. Программа Президента РК Н.А. Назарбаева План нации – «100 шагов «Современное государство для всех», 2015г.
2. Государственная программа по формированному индустриально-инновационному развитию Республики Казахстан на 2015-2019 годы и о внесении дополнения в Указ Президента Республики Казахстан от 19 марта 2010 года № 957 «Об утверждении Перечня государственных программ».
3. Концепция индустриализации РК на 2015-2019 гг.
4. Послание Главы государства Н.А. Назарбаева народу Казахстана «Казахстанский путь - 2050: Единая цель, единые интересы, единое будущее» // Казахстанская правда, 2014 г.
Е.Н. Ивлева,
Қарағанды мемлекеттік
техникалық университеттің
әлеуметтік-гуманитарлық пәндер
кафедрасының оқытушысы
е-mail: Eivleva84@mail.ru
Достарыңызбен бөлісу: |